Бағдарламасы (10,11сынып, 34 сағат саны) 2020 2023 жыл Құрастырған: Кервенов Қабылғазы Ережепұлы Кайыркенов Медет Кайырбекович



бет3/11
Дата16.05.2020
өлшемі302,5 Kb.
#68896
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қолданбалы есептерді математикалық модельдеуі

Пікір жазушылар:

Аты-жөні, мекеменің атауы, ондағы лауазымы, ғылыми дәрежесі,

ғылыми атағы (егер болса)

Аты-жөні, мекеменің атауы, ондағы лауазымы, ғылыми дәрежесі,

ғылыми атағы (егер болса)

Білім беру ұйымының Әдістемелік кеңесімен ұсынылады

Хаттама № _______ «____»___________ 201__жыл



Хатшы:

Лауазымы ________________ аты-жөні



қолы

Аудандық(қалалық) білім бөлімдерінің Әдістемелік кеңесімен ұсынылады

Хаттама № _______ «____»___________ 201__жыл



Хатшы:

Лауазымы ________________ аты-жөні



қолы

Облыстық Эксперттік Кеңеспен ұсынылады

Хаттама № _______ «____»___________ 201__жыл



Хатшы:

Лауазымы ________________ аты-жөні



қолы

Авторы: Кервенев Қабылғазы Ержепұлы  жаратылыстану ғылымдарының магистрі, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика және ақпараттық факультетінің математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы.


Сараптаушылар:

Сыздыкова Назым Қосарбековна  физика-математика ғылымдарының кандидаты, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, доцент.


Ахманова Д.М.  физика-математика ғылымдарының кандидаты, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетінің математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының доценті.

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Берілген курс мектеп оқушыларына математика бойынша фундаментальді білім алуына арналған. Сонымен қатар күнделікті практикалық есептерді шешу үшін математикалық ақпаратты қолдану дағдысын дамытуға жағдай жасайды. Курс математиканың келесі бөлімдерін қамтиды: дифференциалдық теңдеулер, ықтималдық теориясының және математикалық статистиканың элементтері

Оқушылар берілген курсты оқудағы негізгі мәселелері: көрсетілген бөлімдер бойынша математиканың фундаментальды аппаратын игеру; практикалық және қолданбалы есептерді шеше білу; математика бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды кеңейту және тереңдету; алынған білімді математикалық модельдеу есептерін шешу үшін қолдана білу; математикалық мәдениетті үйрену.

Оқу барысында келесі талаптар қойылады: оқушылардың берілген курс бойынша нақты білім жүйесін және дағдыларын қалыптастыру, математикалық мәдениеттің жалпы деңгейін көтеру; практикалық және қолданбалы есептерді шешуге үйрету; болашақ мамандардың қолданбалы есептерді шешу үшін творчестволық ізденістерін қалыптастыру; мектеп оқушыларыні оқулық және ғылыми әдебиетпен өздік жұмыс жасауға үйрету.

Өзектілігі :

Курсты игерту оқушыларға күнделікті практикалық есептерді шешу үшін математикалық ақпаратты қолдану дағдысын дамытуға жағдай жасайды.

Бағдарлама оқушыға жауапкершілікті сезінуге, білімді азамат болуға, алған білімі мен дағдыларын қолдана білуге көмектеседі. Оқушылардың таным қабілеті мен эрудициясын кеңіту үшін бағдарламада әртүрлі тапсырмалар: пішін құрастыру, өзгерте білу, шешу жолдарын табу, ойын құралдары, ойын әрекеттері арқылы ойлау қабілеттерін арттыру мүмкіндігі қарастырылған. Тапқырлық, ептілік, зеректік бастамалары белсенді іс-әрекет негізінде байқалады. Математикалық материалдардың қызықтылығы әр тапсырмада ойын элементтері, логикалық жаттығулар, басқатырғыштар, ребустармен толықтырылған. Кесте, диаграммалармен жұмыс жасауда сараптау біліктілігі артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет