Бағдарламасы 18. 09. 2013 Баспа №1 «Техникалық пайдалану ережелері» ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет8/9
Дата05.06.2017
өлшемі1,03 Mb.
#17915
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Маневр жұмыстарын жүргізу


Маневр қозғалысы дегеніміз стасадағы вагондарды өңдегендегі пойыздың көмегімен әртүрлі жылжытулар. Маневрлық қозғалыстарға вагондарды бір жолдан екінші жолға ауыстырып қою жатады, жүк аудандарына, жөндейтін жолдарға беру – жинау және т.б.

Барлық маневрлық қозғалыстар қабылдап-жөнелту жолдарында және пойыз локомотиві мен пойыздар жүретін маршруттарда жасалады, оған тек станса кезекшісі ғана рұқсат береді. Ірі станса аудандарында қабылдап-жөнелту жолдарынан және пойыздардың жүріс маршрутын ұйымдастырудан тысқарырақ маневр жұмыстарын жасайды, оны маневр диспетчері басқарады.

Үлкен жол құрылғылары бар стансалар мен маневр жұмыстары көп болғанда маневр аудандарына бөлінеді, оған маневр локомотивтері бекітіледі.

Локомотивтер мен құрам топтары белгілі бір маневр локомотивіне бекітіледі. Маневрдың дұрыс орындалуына пойыз құрастырушысы, ал сұрыптау дөңесінде – дөңес кезекшісі жауап береді.

Маневр жасағанда, локомотив жүргізушісі, маневр басшысынан радио байланысы, екі жақты парк байланыс құрылғыларымен немесе сигнал, қолмен берілетін сигнал құрылғылары арқылы бұйрық алмай локомотивті жүргізбейді. Маневр басқарушысы көрсеткіштер немесе сигналдардан басқа, жүргізуші маневр маршрутының орталықтандырылған бағыттамаларына шықпастан бұрын, маневр бағдаршамының рұқсат берген көрсеткішіне көз жеткізіп алу керек. Ал орталықтандырылған бағыттамада - бағыттама қосымының кезекшісінен сигнал алады немесе маневр қозғалысына бағыттамалардың дайын екендігі туралы хабар алады. Маневрды мынадай жылдамдықта жасайды:

60 км/сағ – бір локомотивтің бос жолмен және локомотивтің артына тіркелген тығыздалған ауамен қуаттандырылып, қосылған авто тежегішті вагонмен жүруі;

40 км/сағ – локомотивтің артында тіркелген вагонымен, бос жолда жүруі;

25 км/сағ – бос жолда вагонды алдына салып жүргенде;

15 км/сағ – адамдары бар вагондармен, сондай-ақ 3-ші және 4-ші дәрежедегі габаритті емес жүктермен жүргенде;

3 км/сағ – локомотивтің (вагонмен немесе вагонсыз) вагондарға жақындауында және жылжымалы құрамның вагон таразысымен жүргенде.

Маневр жүргізген уақытта авто тежегішті қоспайды. Сондай-ақ вагондарды алдына салып жүргенде, сигналдар дұрыс көрінбейді, сондықтан маневр құрамының жүріс жылдамдығын жолда шектейді. Вагондармен, адамдары бар вагондармен және разрядтты жүк тиелген вагондармен маневр жүргізгенде, соғылуын болдырмай, өте мұқият қадағалап, станса немесе парк кезекшісінің бақылауымен бірден тоқтату керек.

Мынадай маневрды итеруге және дөңестен жіберуге болмайды:

Адамдары бар вагонды, жүкке ие болып келе жатқан жолсеріктері бар вагонды;

Ұқыптылықты талап ететін, жеке категориядағы жүк вагондарын;

3-ші және 4-ші дәрежедегі габаритті емес, 2-ші дәрежедегі қапталды габаритті емес жүктер тиелген ашық және жайдақ вагондар, жүк тиелген транспортерлар;

істен шыққан локомотивтерді; моторвагонды жылжымалы құрам, рефрижератор пойыздарының құрамы, жолаушылар вагоны, темір жолда жүретін крандар;

арнайы жылжымалы құрам мен вагон трафареттері «Дөңестен жіберуге болмайды».

Станса жолдары еңісте орналаса маневр жүргізуге болмайды, онда вагондардың аралыққа кетіп қалу қауіпі туады, жіберген жағдайда жіберетін жаққа локомотивті қойып және қажетті жағдайда вагонның автотежегіші қосылу керек. Егер еңіс жақтан локомотивті қоя алмаса, онда маневр отырғызу арқылы жасалады, ал вагондардың автотежегіші тексеріліп, қосылады. Мұнда вагондардың аралыққа өздігінен кетіп қалмауына, талап қойылады. Пойыз құрастырушысы маневр жүргізер алдында, вагонның құрамға тіркелуін, маневр жүргізуге қатысатын, барлық жұмыскерлердің орнында тұруын, сондай-ақ тежегіш башмактарының жеткіліктігін тексереді. Тежегіш башмагын қойған соң, вагонды құрамнан ағытып алады. Маневр жасағанда, еңіске түсу үшін, құрамның ең үлкен салмағы стансаның ТРА көрсетіледі. Вагонның өздігінен аралыққа кетіп қалуында, оны тоқтатуға барлық шараларды қолданады, сондай-ақ олардың соғылысуын болдырмайды.

Локомотив жүрісін, маневр жүргізетін бір ғана адам басқарады – маневр басқарушысы (пойызды құрастырушы), оның дұрыс орындалуына жауап береді.

Дәріс №14. Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Маневр жұмыстарын жүргізу

  2. Маневрды жүргізу жылдамдықтары


Дәріс№15 Станцияда пойыздар қозғалысн ұйымдастыру

Пойыздарды қабылдау


Пойыздарды тек қана бос жолдарға қабылдайды – бұл стансадағы жүріс қауіпсіздігнің негізгі шартты. Бұл тәртіптің сақталуына станса кезекшісі, орталықтандырылған қосым операторы, бағыттама қосымының кезекшісі, ал диспетчерлік орталықпен жабдықталған телімде - пойыз диспетчері міндетті. Стансада бағыттамалар электірлі орталық құрылғыларымен немесе маршруттық-бақылау құрылғылары (МКУ) жолдары оқшауланған электірмен жабдықталған. Егер жылжымалы құрам жолда тұрса, шығатын сигналды ашуға болмайды. СОБ құрылғылары істен шыққанда, сондай-ақ стансадағы қабылдау жолдарының бос еместігі электірлі бақылаумен жабдықталмаса, олардың тәртібі станса ТРА көрсетіледі. Станса кезекшісі бағыттама қосымының кезекшісімен бірге жолдың бос екендігін және пойызды қабылдауға маршруттың дұрыс дайындалғандығын тексеріп, содан соң кіретін сигналды ашады.

Қабылдау паркінің жолдары пойыз ұзындығына сәйкес мамандандырылады, қабысатын станса телімдеріне қатысты, әр түрлі бағыттан пойыздарды бір уақытта қабылдау үшін және олардың жүргендегі қарсы маршрутын қысқартып, жолаушылар пойызы мен тез бұзылатын жүктері бар, тірі мал тасымалдайтын пойыздардың арнайы құрылғылар санын ескереді.

Телімдегі өткізу қабілетінің өсуі, ТПЕ қарастырылғандай моторовагонды пойыздарды жолға қабылдау, жол басқа да моторлы вагондармен бос болмағанда, аралықтан итеретін локомотивпен – жолдың бос телімдеріне және қажетті жағдайда стансадағы барлық жолдар бос болмағанда, қалпына келтіруші және өрт пойыздары, көмекші локомотивпен, вагонсыз локомотивтер, қар тазалаушы пойыздар, ағытылмайтын дрезиналар тұрғанда, сондай-ақ шаруашылық пойыздары мен жол машиналарының – бос жол телімдеріне тұруы, пойыздар жүрісі мен маневр жұмыстарының нұсқаларында бекітілген. Стансада жол бастығы моторлы вагонды пойыздарды жолға қабылдау тәртібін түсіндіреді, жолдар басқа моторлы вагонды пойыздармен бос болмағанда, жол телімдерін маршруттық бағдаршамдарға бөледі, ал кіретін (маршруттық) бағдаршамдардыарнайы сигналмен жабдықтайды.

Егер стансада бос жолдар болмаса, итеретін локомотивпен қалпына келтіруші және басқа пойыздарды кіретін бағдаршамның шақыру сигналымен қабылдайды, маневр бағдаршамының рұқсат беру көрсеткіші, станса кезекшсінің бұйрығымен, локомотив жүргізушісіне радио арқылы беріледі.

Стансадағы электірмен жабдықталған бағыттамалар мен сигналдар (ЭЦ), және телімде диспетчерлік орталықпен жабдықталған (ДЦ), пойыздарды қабылдауға маршруттарды дайындап және станса кезекшісінің, қосым операторының (ЭЦ) немесе пойыз диспетчерінің кіретін сигналдарды ашуы, егер маршрут дұрыс дайындалмаса және жол жылжымалы құраммен бос болмаса, ЭЦ және ДЦ құрылғылары сигналды ашпайды. Станса кезекшісі немесе пойыз диспетчері маршрут дайындар алдында, қабылдайтын маршрутқа шығатын маневр жұмыстарын тоқтатады. СОБ құрылғылар істен шыққанда, сондай-ақ стансадағы жолдың бос еместігін бақылайтын құрылғылары болмаса, маршруттың дұрыс дайындалғанын және жолдың бос екендігіне көз жеткізбей кіретін сигналды ашуға болмайды. Оларды жүргізу тәртібі станса ТРА көрсетілген. Станса маршруттық-бақылау құрылғысымен жабдықталған (МКУ), бағыттама қосымының кезекшісі жолдың бос екендігін тексеріп, маршрутты дайындайды, ал сигналды – станса кезекшісі бағыттама қосымының кезекшісінің баяндауынан кейін, жолдың бос болып, қабылдау маршрутын дұрыс дайындағанда ашады. Кіретін сигналды бағыттама қосымынан немесе сигнал беруші басқаратын болса, оны станса кезекшісінің рұқсатымен ашады. Кіретін сигнал ашық болса, оны жабу үшін, егер пойызды қандай да бір себептермен стансаға қабылдай алмай қалса, бағыттама қосымының кезекшісі немесе сигнал беруші станса кезекшісінің жаңа бұйрығын алмай, оны екінші рет ашуға болмайды. Кіретін сигнал аралықта автоблокировкамен жабдықталғанда, ЭЦ және ДЦ пойыздың алдыңғы дөңгелегі өткен соң, автоматты түрде жабылады, ал станса мұндай құрылғымен жабдықталмаса, - бағыттама қосымының кезекшісі мен сигнал беруші барлық құрам өткен соң, станса кезекшісінің бұйрығын күтпей-ақ, сигналды жабады.

Стансаға пойызды қабылдау кіретін сигнал ашық болған жағдайда қабылдайды. СОБ құрылғылар мен жолды жөндегенде, қайта өңдегенде, сондай-ақ істен шыққанда, аралықта пойызды ұзақ ұстамау үшін, рұқсат бермеу көрсеткішінде немесе кіретін сигналдың оты өшкенде қабылдай береді. Арнайы емес жолдарға кіретін сигналдардың рұқсат бермеуінде де пойызды қабылдай береді, мұндай жағдайда оларды ашу мүмкін емес.

Кіретін (маршруттық) бағдаршам рұқсат бермегенде, шақыру сигналын бекітеді, олардың ашық жағдайы – ай түсті-ақ жанып- сөнетін от, - олар бос жол мен қабылдау маршрутын дұрыс дайындауына байланысты емес – сондықтан станса кезекшісі мен бағыттама қосымының кезекшісі маршрутты дайындағанда тәртіпті қатал сақтап, қабылдау жолының бос болып және маршутты дұрыс дайындағанын анық айтуы керек. Шақыру сигналымен пойызды қабылдағанда жүріс жылдамдығы 20 км/сағ аспауы керек, және жүргізуші үлкен қырағылықпен жүргізуге міндетті және алдында қандайда бр кедергі кездесе, бірден тоқтауға дайын болу керек.

Пойызды шақыру сигнал істен шыққанда немесе болмаса, кіретін бағдаршам жабық болғанда, жолсерікпен немесе станса кезекшісінің бұйрығымен қабылдайды, ал телімде диспетчерлік орталықта – кіретін сигналда орнатылған радио немесе арнайы телефон байланысымен, пойыз диспетчерінің бұйрығымен беріледі. Кіретін бағдаршамның рұқсат бермеуінде пойызды қабылдау үшін, станса кезекшісі пойыздар жүрісінің журналына пойызды қабылдау бұйрығын, ал пойыз диспетчері диспетчерлік бұйрық журналына тіркейді. Телефон немесе радио байланысы арқылы бұйрық алған жүргізуші, бұйрықты қайталап, дұрыс түсінгенін айтып, пойызды стансаға кіргізеді.

Кіретін сигнал рұқсат бермегенде, стансаға пойыздың кіруіне жолсерікті бекітеді, ол кіретін бағдаршамнан қарсы алып, дұрыс емес жолмен – тұрақты сигнал белгісімен «Жолсерік (Проводник)» және пойыздың жүретін жағына күндіз- жазылған қызыл жалауша, ал түнде – қолмен көрсететін фонар сигналы- қызыл от көрсетеді. Жүргізуші тоқтау сигналын көріп және жылдамдықты азайтқан соң, жолсерік қызыл жалауды түсіріп немесе фонардың қызыл түсін ақ түске өзгертеді және жүріп келе жатқан локомотивтің жүргізушісіне жабық сигналда жүруге «Жолсерік -билетін» береді, онда стансаның аты жазылады.

Станса кезекшісі қабылдайтын пойыздың маршрутын өзгертуге құқы жоқ, егер кіретін сигнал ашық болса. Кейбір жағдайда, пойызды басқа жолға қабылдау керек болса, станса кезекшісі кіретін сигналды жауып, алдында берілген маршрутты өзгертіп, содан соң жаңа маршрут жасап, пойыз жүргізушісін радио байланысы арқылы ескертеді.

Станса кезекшісінің, бағыттама қосымының кезекшісінің және сигнал берушінің пойызды қабылдауға маршрут дайындау әрекеті әрбір стансаның ТРА және СОБ құрылғыларын пайдалану тәртібінің нұсқаларымен орындалады.

Стансаға екі бағыттан бір уақытта, байланысып жатқан телімдерден пойызды қабылдау, станса мен телімнің пішіні дұрыс орналасқанда, өткізу қабілетін толық пайдаланады, жолдан шығу қарсы келе жатқан бағыттағы пойызды қабылдау маршрутында оқшауланбаса, екі бағыттан бір уақытта пойызды қабылдау қауіпті және тежеуді есептемегенде немесе пойыз құрамының қабылдау жолының шектік бағанына дейін жүріп келгенде, тежеу жұмысының қанағаттандырмауы, екі пойыздың соғысуына алып келеді.


Пойызды жөнелту

Стансадан пойызды жөнелту тәртібі әр түрлі сигналдар мен байланыстарда бір, екі және көп жол желілерінде немесе аралықта басқа пойыздар тұрғанда бір-біріне қарсы жүруін болдырмайды. Бұл тәртіп станса кезекшісінің нақты әрекетімен қарастырылады және операцияларды орындауға аз уақыт жұмсайды. Екі тармақты жол теліміне дұрыс жол бір бағыттағы автоблокировкамен жабдықталады, сондай-ақ бір тармақты жол телімінде екі бағытты автоблокировкамен жабдықталғанда, бірінші блок-телімін алдында жөнелтілген пойыз босатқан соң, пойыздың келгенін хабарламай-ақ және көрші станса кезекшісінің рұқсатымен, станса кезекшісі пойызды жөнелтуге бұйрық береді, бір тармақты жол аралығына пойызды жөнелту үшін, станса кезекшісі алдымен пойыз диспетчерінен бұйрық алады.

Бір тармақты жол теліміне пойызды жөнелту үшін, автоматты блокировкамен жабдықталмағанда, сондай-ақ екі тармақты жолдың дұрыс емес жолымен жөнелткенде, станса кезекшісі көрші станса кезекшісінен рұқсат алуы керек. Екі тармақты жол аралығының дұрыс емес жолымен пойызды жіберер алдында, екі бағытты автоблокировкамен жабдықталғанда, станса кезекшісі пойыздың аралыққа тұруын пойыз диспетчерімен алдын-ала келіседі.

Станса кезекшісі, диспетчерлік орталықтағы телімде пойыз диспетчерінің пойызды жөнелтер алдындағы міндетті:

Аралықтың, ал автоматты блокировкада – бірінші блок-телімінің бос екендігіне көз жеткізу;

Пойызды жөнелтетін маршрутта маневрдың шығуын тоқтату;

Жөнелту маршрутын дайындау;

Шығатын сигналды ашу немесе жүргізушіге басқа аралыққа тұруына рұқсат беру.

Басқа пойыздар тұрған аралыққа, пойызды жөнелту, үлкен қауіп әкелуі мүмкін, сондықтан станса кезекшісі, диспетчерлік орталықпен жабдықталған телімде – пойыз диспетчері басқару аппаратарының бақылау құрылғыларының көрсеткіштерін тексеріп, телефон байланысына көшкенде пойыздың телефонограммалық журналына блок-телімінің немесе аралықтың пойыздан босағанын жазады. Пойызды стансадан шығу сигналы ашық болғанда, станса кезекшісінің бұйрығымен жөнелтеді, авто блокировкада және жартылай авто блокировкада – шығатын бағдаршамның рұқсат беру көрсеткішінде (семафора). Электіржезл жүйесінде пойызды жөнелтуге, сол аралыққа қатысты, жезлдің көмегімен рұқсат береді.

Станса жолдарында шығатын сигналдың пойызды жөнелтуге рұқсат бермегенде, сондай-ақ жолда шығатын сигнал болмағанда, алдыңғы локомоитвтің жүргізушісіне пойызбен аралыққа тұруға, станса кезекшісінің радио байланысы арқылы берілетін бұйрығынсыз немесе станса кезекшісінің, қосым, парк кезекшісінің, орталықтандырылған қосым операторының, бағыттама қосымының кезекшісінің, сигнал беруші немесе пойыз құрастырушысының жөнелту сигналы бергенінше пойызды жүргізуге болмайды. Жөнелту сигналын беру тәртібі, жол бөлімшесінің бастығымен бектіледі.

Пойызды жүргізер алдында алдыңғы локомотивтің жүргізушісі және оның көмекшісі, станса жұмыскерлерінен немесе пойыздан тоқтату сигналы берілгендігін тексеру қажет. Жолаушылар және жүк-пошта пойызының жүргізушісіне, жүріс кестесінде көрсетілген уақытан бұрын жүруіне рұқсат берілмейді. Шығатын сигналдары жоқ аралыққа тұру үшін, сондай-ақ шығатын сигналдың пойызды жөнелтерде рұқсат бермегенде, алдыңғы локомотивтің жүргізушісіне станса кезекшісі немесе сол пойыздың локомотив бригадасының бір жұмыскері арқылы, қосым, парк кезекшісі, оператор, бағыттама қосымының кезекшісі немесе пойыз құрастырушысы рұқсат қағазын береді.

Жүргізуші аралыққа тұруға рұқсат қағазын дұрыс алғандағын тексеру қажет.

Стансада, жол бөлімшесінің бастығы бекітетін құжаттар, станса кезекшісі пойыздың аралыққа тұруына рұқсат беруі, жөнелту операцияларының дайындауымен бірдей орындауына болады.

Локомотив жүргізушісіне аралыққа тұруына рұқсат беру тәртібі, жүріс қауіпсіздігін сақтау, стансаның техникалық-басқару актісінде көрсетілген.

Пойызды жөнелтуге жазбаша рұқсат беру, телімнің өткізкіштік қабілетін төмендетеді, сондықтан жүргізушіге рұқсат қағазын беру, тек қана станса кезекшісі ғана емес, басқа да белгілі бір жұмыскерлермен беріледі. Мұндай тәртіп әрбір стансаның жергілікті жағдайына байланысты ескеріліп және техникалық-басқару актісінде көрсетілген. Стансада, жазбаша рұқсат қағазын беру ұзақ уақыты алады, оны жөнелту маршрутын дайындап отырып жасайды. Локомотив жүргізушісіне аралыққа жүруге жөнелту маршрутын дайындап болмай, рұқсат қағазын беруге болмайды.

Станса жұмыскерлері пойызды жөнелтуі және құрастыруы жүріс кестесімен және кезекті жоспарға сай жасалады. Пойызға вагондарды құрастыру жоспарына сәйкес, ҚТЖ жасап және бекіткен жоспары бойынша қояды.

Пойызды жөнелткен және өткен уақытын тіркеп және көрші станса кезекшісі мен пойыз диспетчеріне хабарлайды, ол пойыздар жүрісін есептеп, стансаға қауіпсіз, әрі уақытында қабылдап және телімнің өткізу қабілетін есептейді. Стансалар арасындағы хабарласуларды азайту үшін, пойыздар жүрісі мен маневр жұмыстарының нұсқаларымен, екі тармақты жол аралығында бір бағытты автоблокировкада, станса кезекшісі дұрыс жолмен пойыздың келгенін жөнелткен стансаға хабарламайды.

Барлық жүк және жолаушылар-жүк пойызын құрастыру стансасында, пойызды жөнелтер алдында, алдыңғы локомотивтің жүргізушісіне ҚТЖ формасында бекіткен, мөр басылған, жүк құжатының анықтама қағазы беріледі. Пойызда, пойыз құрастырушысы болса, оған жүк құжаты мен анықтама қағазы беріледі.

Жолда жүргенде пойыз құрамдарының барлық өзгерістері, сондай-ақ құрастыру стансасынан жөнелтер алдында, анықтама қағазына белгіленеді. Пойыздан ағытылып алынған вагондардың нөмірі сызылып және оларға станса штампасы қойылады.

Дәріс №15.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Пойыздарды қабылдау

  2. Пойызды жөнелту

  3. Станция кезекшісінің міндеттері

  4. Станция жұмысын реттеу құжаттары


3. Практикалық сабақтар

Практикалық сабақ №1

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Сабақтын мақсаты: Темір жол көлігіндегі басқару құрылымдарын қарастыру.

Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:



  1. Темір жол көлігіндегі басқару негіздері

  2. Пойыздар қозғалысы мен маневрлық жұмыстардың қауіпсіздігін бұзатын себептер.

  3. ЖҚ бұзылудың классификациясы

  4. Темір жол көлігі жұмыскерлерінің міндетті

№1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:



  1. Темір жол көлігіндегі шаруашылықтар

  2. Темір жол көлігіндегі шаруашылықтарының өзара байланысы

  3. Темір жол көлігінің жұмысын реттеуші құжаттар

  4. Темір жол қызметкерлерінің техникалық қауіпсіздік нұсқаулығы


Практикалық сабақ №2

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2

Сабақтың мақсаты: Теміржол көлігінің жабдықтарын, құрылғыларын және жылжымалы құрамдарын техникалық пайдалану ережелері

Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:



  1. Габарит. Габарит түрлері. Габарит қақпасы.

  2. Темір жолдың негізгі элементтер: жолдың жер төсемі, жолдың жоғарғы беті, жасанды құрылыстар

№2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:



  1. Жүк габариті қалай тексеріледі?

  2. Габаритсіздік қалай анықталады?

  3. Жер төсемінің пішіні

  4. Жасанды құрылыстардың түрлері, айырмашылығы


Практикалық сабақ №3

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3

Сабақтың мақсаты: Жүріс барысында жіберілген қауіпсіздіктерді тексеру тәртібі, оларды талдау, профилактикалық жұмыс, оларды есепке алу мен есеп беру

Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:



  1. Жер төсемі.

  2. Темір жолдың жобасы.

  3. Темір жолдың жоспары.

№3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:



  1. Жер төсеміне қолданылатын материалдар

  2. Жер бедеріне байланысты темір жолдың жоспарлануы

  3. Темір жолдың салу жобасының тұрғызылу реті

  4. Қазақстан территориясында салынған алғашқы темір жол бағыты


Практикалық сабақ №4

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4

Сабақтың мақсаты: Темір жол көлігінде қозғалыстың байланыс жүйелері

Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:



  1. Жол өтпелері.

  2. Темір жолдың қиылысуы, басқа көліктермен түйісуі.

  3. Бағыттама бұрмалары.

  4. Бағыттама бұрмаларының айқаспа маркасы.

  5. Релістер.

  6. Жылжымалы құрамның габариті.

  7. Тиеу габариті.

  8. Автоматты блокировка локомотивтің автоматты сигналы.

  9. Жол қоршауының түрлері

№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:



  1. Темір жол көлігінде қолданылатын байланыс жүйелері

  2. Заманауи байланыс жүйелері

  3. Темір жол саласында спутникті байланыс құралдарын пайдалану мүмкіндіктері

  4. Қозғалыс кезінде пойыздарды бақылау құралдары


Практикалық сабақ №5

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5

Сабақтың мақсаты: Локомотив және вагон шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары

Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:



  1. Қауіпсіздік теориясының негіздері, теміржол жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігінің арасындағы ерешеліктер.

  2. Локомотив шаруашылығының құрылғылары мен ғимараттары.

  3. Локомотив депосы техникалық жабдықталуы.

  4. Локомотив депосы техникалық қызмет көрсету түрлері.

  5. Вагон депосының техникалық жабдықталуы

№5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:



  1. Техникалық қызмет көрсету түрлерінің айыршалықтары

  2. Тасымалдауды ұйымдастыруда локомотив шаруашылығы мен вагон шаруашылығының қызметі

  3. Локомотив шаруашылығының құрылғылары

  4. Вагон шаруашылығының құрылғылары


Практикалық сабақ №6

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6

Сабақтың мақсаты: Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары

Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:



  1. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйелік шешімі.

  2. Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары.

  3. Сигналдар.

  4. Сигналдардың түрлері.

  5. Сигналдардың негізгі көрсеткіштері

№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Тасымалдауды ұйымдастыруда станция шаруашылығының қызметі

  2. Сигналдардың негізгі қызметі

  3. Апат кезінде қолданылатын сигналдар түрі

  4. Станцияның техникалық құрылғылары мен жабдықтары


Практикалық сабақ №7

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7

Сабақтың мақсаты: Автоматтық және жартылай автоматтық жол блоктауы

Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:



  1. Жол қоршауының түрлері.

  2. Автоматтық жол блоктауы.

  3. Жартылай автоматтық жол блоктауы.

  4. Бағыттамалар мен сигналдарды орталықтандыру.

  5. Орталықтандырылған реленің жүйелері

№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:



  1. Автоматты блоктау мен жартылай автоматты блоктаудың айырмашылығы

  2. Бағыттамалар мен сигналдар қалай басқарылады және кім басқарады?


Практикалық сабақ №8

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8

Сабақтың мақсаты: Орталықтандырылған диспетчерлік басқару

Практикалық (семинар) сабақтың мазмұны:



  1. Орталықтандырылған диспетчерлік басқару негізі.

  2. Орталықтандырылған диспетчерлік басқару құрылғылары.

  3. Диспетчерлік орталық жүйелері.

  4. Диспетчерлік шеңбер.

  5. Автоматты локомотив сигналы және авто тежегіш

№ 8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:



  1. Пойыз диспетчерінің құқығы мен міндеттері

  2. Диспетчерлік шеңберлердің орналастырылу талабы

  3. Диспетчерлік құжаттамалар


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет