Жер төсемі деп – темір жолдың негізін қалаушы элемент, оның сенімді бастамасы. Табиғат апатарының әсерінен қорғайтын тұрақты әрі мықты, дұрыс жолдың жағдайы. Жер төсемі мықты грунттардан тұрады және су жіберетін жүйелері болады, жоғарғы қабатарының қозғалып кетпеуін, грунтағы сулар болдырмайды. ТПЕ жер төсемінің негізгі ауданының еніне арнайы мөлшерлейді, яғни оған мықтылығы мен беріктігі тікелей қатысты болады, сондай-ақ, балласттық призманың және басқа да жол құрылғыларының дұрыс орналасуы көрсетіледі. Жер төсемінің ойықтағы ені 0,4 метрден кем болмайды, жолдың әрбір жағында жолаушылар жүретін жол мен жоғарғы қабаттың материалдары мен жолдарды жөндейтін механизімдері орналасады. Қос тармақты желіде негізгі ауданның ені дұрыс, әрі дөңесті және бір тармақта телімдегі жолдардың арасындағы енімен салыстырғанда пайдаланатын грунттар көбейеді, онда тік телімдегі жолдар 4,1 метрге тең болады. Үшінші жолдың арасындағы ені сол жер төсемінде 5 метрге тең болады.
Бір тармақты жолдың жер төсемінің негізгі ауданының көлденең пішіні – трапеция; екі тармақты – үшбұрышты болып келген. Бұл үстіңгі жағынан суды жіберуге және жер төсеміндегі балласта жол торларының дұрыс салуын көрсетеді. Дөңес грунттарының, тас қиыршықтары мен аса ірі және орташа уақ құмдармен негізгі аудандары тігінен жасалады. Стансадағы жолдар санына қатысты, жергілікті рельеф пен гидрогеологиялық жағдайлар жер төсемінің үстіңгі қабаттарын бір ылдилы, екі ылдилы, сондай-ақ, дренаж жүйесінде сынып көрсетілген және канализациялық құрылғылардың төмен орналасуы, барлық жолдардағы сулардың ағуын қамтамасыз етеді. Бағыттама бұрмаларының бойында суды ағызу өте жақсы болуы керек.
Жер төсемінің сенімді әрі мықты болуын, дөңес пен еңістің қисықтарын, сондай-ақ, су жіберетін құрылғыларды қорғау, грунттарды бекітіп, қалау. Грунттың түріне байланысты қоршаулар мен құрылысы, ауа-райына, тереңдігі, жылдамдығы, судың жиі ағуына байланысты болады.
1970 жылы рельс басынан доңғалақ арасының ішкі ені 1520 мм болып бекітілген. Ол жылжымалы құрамның беріктігін және пойыздар жүрген кезде оның қалқымауын, жолға динамикалық күшін азайтуға және доңғалақтар мен релістің желінбеуін, вагон парктары мен жолдарды жөндеуге шығынды азайтады.
Көпір түрлері жүк көтерімділігіне байланысты жүріс қауіпсіздігін сақтайды, сондай-ақ, пайдалану уақытын ұзартады. Көпірдің жүк көтерімділігін – түскен күшті өткізуге қабілеті жететін – белгіленген күшті анықтап, өлшем бірлігін анықтайды. Көпірге түскен күш белгілі бір ауырлықпен, көпірге нақты түсетін ең ауыр салмағы анықталынады, содан соң, оны қолдануға береді. Жүк көтеремділігін анықтағанда мынаны ескереді:
материалдың түрі мен механикалық қасиетін, тірек ұзындығының салынуын, оның құрылысын, заутта жасалған сапасы мен монтажын, сондай-ақ, бұзып алу немесе жөндеуі, физикалық жағдайын, күш түскендегі жағдайы;
мосттының орналасуы;
салыну ұзындығының габаритті.
Жүк көтерімділігін есептегенде міндетті түрде құрылғыларды зерттеп және барлық материалдарын анықтап, құрылысын оқып, беріктігі мен мықтылығын тексереді.
Релістер, бағыттама бұрмалары
Релістер – жолдың үстіңгі құрылысының негізгі элементтері, жылжымалы құрамның күшін тікелей қабылдайды. Реліс түрлерін жолдың үстіңгі құрылысы мен құрастыру түрлеріне қарай бекітіледі: реліс Р75 – өте ауыр; Р65 –ауыр және Р50 – қалыпты.
Релістің басы пайдалану кезінде тік және көлденеңнен қажалуы мүмкін. Ең көп қажалған түрі – тік және жарты жанынан қажалу.
Реліс түйіспелері тұрақты дұрыс жағдайда болуы керек.
Бағыттама бұрмалары жылжымалы құрамның бір жолдан екінші жолға өтуіне қажет. Оның басты бөліктері: бағыттама, екі раммалы релістен тұрады, бағыттама үшкірлігі және ауыстыру механизмі; қайшылама; бақылау релсьтері; бағыттама мен қайшыламаны біріктіретін ауыспалы қисық. Рамалық рельс деп – бағыттама бұрмаларында орналасқан рельс тізбегі.
Бағыттама бұрмалары мен тұйық айқаспа жолға салынған релсь түріне қарай, бекітілген сызбамен сәйкес келуі керек.
Бағыттама бұрмаларының айқаспа маркасы мынадай болады;
жолаушыларды қабылдап-жөнелтетін және басты жолдарда – 1/11 қисық емес, ал жалғыз және қиылысатын ауыстырулар, қиылысудың жалғасы – 1/9 қисық емес, жолаушылар пойызы тік жүргенде жолдарда ауысатын бағыттама бұрмаларының, айқаспа маркасы 1/9;
жүк пойыздары жүретін қабылдау-жөнелту жолдарында - 1/9 қисық емес, ал симметриялы болса – 1/6 қисық;
басқа жолдарда – 1/8 қисық емес, ал симметриялы болса – ¼ ,5 кем емес бағыттамалар пайдаланады.
Басты жолдардағы барлық бағыттама бұрмаларының үшкілігі пойыз жүрісінің бағытына қарсы жағдайда орналасуына байланысты, алдынан қарсыласатын брустар қою керек.
Пойыздарды тоқтаусыз жіберетін желілерде, стансаның басты жолдарына тұйық айқаспалар мен бағыттама бұрмаларының қиылысуын жаңадан салу керек, сондай–ақ, басты жолдардың қисық телімдерінде бағыттама бұрмаларын салу мынадай жағдайда босатылады, егер бекітілген пойыздар жүрісінің жылдамдығын шектемесе.
Оларды қарапайым типтік рельстерден жасайды және бағыттама башмактары арқылы қозғалмайтындай етіп бекітеді. Үшкіліг – бағыттама бұрмаларының жылжымалы бөлігі; оның көмегімен үшкірдің біреуі негізгі рельске тақалады, ал екіншісі негізгі рельстен доңғалақтың жалы еркін өтетіндей аралыққа ығысады. Бағыттама тартымдары өзара үшкілік пен жалғасқан, бұл үшкірдің біріншісі ауыстырмалы тартымды жалғастырады, бағыттаманың өзі екі негізгі рельстен, екі үшкірден және бұрма механизмдерінен тұрады, оны жұмыс істейтін деп атайды.
Ауыспалы қисық – жолдың ауыстыратын бөлігі, бір жағынан жүруі және бағыттаманы айқастырмамен бекітуі. Оны қарапайым релістерден қажетті ұзындықтарда салады. Ауыспалы қисықтың радиусы оның еңістігімен анықталынады, оның мөлшері айқаспаның маркасына байланысты. Бағыттама бұрмаларының айқаспа 1/18 маркасы 960 м болады, басқа бағыттама бұрмаларының айқаспа маркасы 1/11 – 295 – 300 м және 1/9 маркасы – 190 – 205 м.
Темір жолдың қиылысуы, басқа көліктермен түйісуі
Темір жолдың басқа темір жолмен, трамвай жолдарымен, троллейбус желілерімен, автомобиль жолдарымен және қала көшелерімен қиылысуын Құрылыс мөлшерінің тәртіптерімен келісіліп жасалады.
Трамвай және троллейбус жүретін жерлерден пойызды жіберуге рұқсат етілмейді. Автобустар жүретін жерлерден тек қана жол бастығының рұқсатымен ғана жіберіледі.
Темір жол өтпелері өте қауіпті зона болып саналады, автомобиль көліктері сияқты темір жолдада жүріс мөлшері көп болады, онда жылжымалы құрамдардың соғысуы да болады, әр қауіпті қауіпсіздікті қорғауды қажет етеді. Темір жолдағы жүрістің жиі өсуіне байланысты өтпелерде автомобильдердің ұзақ күтіп тұрып қалуы, көліктің техникалық құрылғыларын тиімді пайдаланбаудан, жүктерді жеткізуді кешіктіріп, көлік үрдістерінің тиімділігін азайтады, сондықтан, жаңадан салынатын темір жол желілерімен кірме жолдардың басқа темір жолдар мен кірме жолдарға, троллейбус желілерімен, жалпы қалалық мәндегі магистральды көшелермен қиылысқанда, қалалық авто көліктердің жылдамдығын арттырып, сондай-ақ, I-III категориядағы автомобиль жолдарын әр деңгейде жобалау. Темір жолдың автомобиль жолдарымен қиылысуы IV и V категорияда әр түрлі деңгейде қарастыру, егер: автомобиль жолдары басты және үш жолды кесіп өтетін болса; пойыздар жүрісінің жылдамдығы 120 км/сағ көп болғанда қиылысатын темір жол телімдері; ойда орналасқан темір жолдар мен жақсы көрінбейтін өтпелерде; автомобиль жолдарында, троллейбус жүрістері мен трамвай жолдарына қиылысуы қарастырылады.
Темір жолмен автомобиль жолдарының қиылысуы, стансада ғана емес үлкен маневр қозғалыстарында жолдың тік телімдерінде және тік бұрыштарында болуы мүмкін. Егер тік бұрыштарда қиылыспаса, онда қиылысу бұрышының үшкілігі 600 кем болмайды.
Жол өтпелері жүріс жиілігіне байланысты, пойыздар жүрісінің жылдамдығы және көлік құрылғылары, жол өтпелерінің жабдықталған сигнал құрылғылары, сондай-ақ, сигналдардың көрінуі шлагбауымен және шлагбауымсыз болуы мүмкін.
Кезекші жұмыскер жол өтпелерінде мынадай жұмыстар атқарады:
I және II категория, кіші темір жол телімдеріндегі сигналдардың көріну жағдайы қиын болғанда немесе кірме жолдарды автоматты бағдаршам сигналдарымен жабдықтағанда, сондай-ақ, кіші кірме жолдарда маневр қозғалыстарының болуы, тік – айналым шлгбаумдарымен жабдықталғанда, жақсылап жабылатын кірме жолдарда;
III және IV категория телімде жолаушылар пойызының жүріс жылдамдығы 100 км/сағ артық болғанда;
III категория сигналдардың анық көрінбеу жағдайында және бағдаршам сигналдарының автоматты жабдықталмауында, сондай-ақ, станса ішінде үлкен маневр жұмыстарының жасалуында;
IV категория сигналдардың анық көрінбеу жағдайында және бағдаршам сигналдарының автоматты жабдықталмауында.
I және II категориядағы жол өтпелері автоматты сигналдармен жабдықталады (бағдаршамды немесе ескертуші). III және IV категориядағы жол өтпелері пойыздың жүріс жылдамдығы мен жиілігіне байланысты, көлік құрылғылары мен көріну жағдайларына байланысты сигналдармен жабдықталады.
Кезекші жұмыскерлер қызмет атқаратын жол өтпелерінде, жақын стансалар мен қосымдарға (телімдердегі диспетчер орталықтарымен жабдықталған – пойыз диспетчерімен) тікелей телефон немесе радио байланысы болуы қажет.
I және II категориядағы барлық жол өтпелері электірмен жабдықталуы керек, сондай-ақ, III және IV категория жол өтпелері де. Телімдерде орналасқан тура бағыттағы желілерді электірмен қамтамасыз ету, автоблокировкамен немесе жақында орналасқан тұрақты электр тоғымен қамтамасыз етіледі. Жол өтпелеріне қажетті жағдайларда прожектор құрылғыларын орнатады.
Сигнал шамдары шлагбаумдарда түнде жағылады, сондай-ақ, күндіз де анық көрінбеген жағдайда қосылады (тұман, боран және т.б.).
Қалыпты жағдайда автоматты шлагбаумдар жол өтпелерінде ашық болады, ал автоматты еместері – жабық болады. Басқа жағдайларда жол өтпелеріндегі көлік құрылғыларының жүрісі жиі болғанда, қалыпты жағдайдағы автоматты емес шлагбаумдарды жол бөлімшелерінің бастықтары ашық қалдыруға рұқсат береді.
Жол өтпелерінің типтік жер төсемі мен кірме жолдары болуы керек, бағаналар мен сүйеніштен қоршалады. Жол өтпелеріне жақындағанда ескерту белгілері тұрады: пойыздар келетін жақтан – «С» ысқыру сигнальнал белгісін береді, автомобиль жолдары жағынан, көрсетілген нұсқалар бойынша береді. Кезекші жұмыскерлер тұрмайтын жол өтпелерінің алдынан, пойыздардың келетін жағынан анық көрінбеген жағдайда қосымша «С» сигнал белгісі бекітіледі.
Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Жер төсемі
Темір жолдың жобасы
Темір жолдың жоспары
Дәріс №4. Темір жол көлігінде қозғалыстың байланыс жүйелері
Жол қоршауының түрлері
Жолшыбай жүргендегі пойыздың интервалын шектейтін, жүрісті реттейтін, құрылғы жүйесі, өткізу қабілеті мен қауіпсіздігін сақтау, пойыздар тұрған жол аралықтарын немесе стана аралықтарын қоршауды, жол қоршауы деп атайды. Жол қоршауының түрлері
автоматты,
жартылай автоматты;
жол саны мен ондағы жүрісті ұйымдастыруға байланысты
бір тармақты,
екі тармақты.
Автоматты қоршау да бір аралыққа пойызды бірінен соң бірін жөнелтуге болады, олардың шектейтін бір уақыт интервылы анықталынады. Бұл үшін аралықтар қоршау-телімдеріне бөлінеді, оның әр қайсысын бағдаршаммен қорғайды, олар электрлі реліс тізбегімен байланысты. Бағдаршам сигналдары пойыздың алдында бір немесе бірнеше қоршау-телімдерінің бос немес бос еместігін көрсетеді. Кіретін немесе өткізетін бағдаршамдарды ашу үшін пойыздың қоршалған блок-телімін толық босатуына көз жеткізу керек. Бұл электір тізбектерінде рұқсат беретін бағдаршамдардың жануы (сары немесе жасыл), шығатын бағдаршам мен станса шекарасын аралығындағы телім реліс тізбегін жол релелерінің байланысымен қосады.
Автоматты қоршаудың екі негізгі жүйесі қолданылады:
телімдегі тепловоз тартымын импульстік тұрақты тоқта аралас жүйеде қоректендіреді;
телімдегі электр тартымы негізінен сандық кодта ауыспалы тоқ болады.
Жартылай автоматты қоршауда шығатын және өтетін бағдаршамның жағдайы аралыққа шығуына ашық болады. Сигналдар қолмен ашылса, автоматты түрде өздері жабылады, және қолмен жабылады. Автоматты қоршау құрылғылары қосым аралығын немесе станса аралығын пойыз босатпайынша және олардың келгенін белгілейтін арнайы құрылғы шығатын немесе өткізетін сигналдардың ашуына рұқсат бермейді, ал қабылдайтын станса жөнелткен стансаға хабарламайды.
Бір тармақта аралықта, автоматты немесе жартылай автоматты қоршаулармен жабдықталған, стансадағы шығатын бағдаршам ашылған соң, осы аралыққа жөнелтілетін қарама-қарсы бағытта, көрші стансаның шығатын және өткізетін бағдаршамдары ашылмауы керек.
Екі бағыттағы әрбір жолға автоблакировкамен және жартылай автоблакировкамен жабдықталғанда, мұндай байланыс екі тармақты жол аралығында бір-бірімен байланысты болу керек.
Бір тармақты (екі бағытты), екі тармақты екі бағытты және бір бағытты жолдар автоматты және жартылай автоматты қоршауда болады. Екі тармақты екі бағыттағы жолда пойыздар кез-келген жолмен екі бағытта жүре береді: екі жақты автоблакировка жүйесінде пойыздар жүрісінің бағытының ауысуы арнайы жобада қарастырылған. Бір бағытағы жұмыста барлық өткізу бағдаршамдары кері жағдайда сөнеді немесе қызыл түс жанады. Аралықты пойыз босатқанда ғана жүріс бағытын өзгерте алады. Аралықтың босағанын екі жақтағы стансада бақылай алады. Стансадан шығатын сигналды ашқанда аралық бос болмайды және басқа бағытқа ауыстыру мүмкін емес.
Жартылай автоблокировкада сигналды ашу үшін, пойыз жөнелтілетін көрші стансадан басқару аппараты арқылы алдын-ала сигналды босату туралы рұқсат алады. Пойызды жөнелткеннен кейін және ол көрші стансаға келгеннен кейін жүріс бағытын өзгерте алады. Яғни, екі бағыттағы қоршау пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін сақтайды, онда аралық бос болмағанда шығатын және барлық өткізетін сигналдар қарама-қарсы бағытта жабық және қойған жағдайында электрлі тұйықталып тұрады. Мұндай жағдай да бір тармақты жол аралығына, қарама-қарсы пойызды сигнал бойынша бір уақытта, немесе екі тармақты жол аралығындағы бір жолға жібере алмайды.
Автоматты блокировка локомотивтің автоматты сигналымен, ал телімде пойыздар жүрісінің жиілігі – диспетчердің бақылау құрылғыларымен толықтырылады.
Автоблакировканы толықтыруға қажетті, локомотивтің автоматты сигнал құрылғылары, автотежегішпен жүріс қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды түсіндіреді. Локомотивтің автоматты сигналы, бағдаршам анық көрсетпегенде, жүргізуші локомотив бағдаршамының көрсеткішімен жобалайды.
Желіде орналасқан стансада, автоматты және жартылай автоматты блокировкамен жабдықталған, құрылғылар мынадай болады:
Белгіленген жолға, маршруттағы кіретін бағдаршамның ашылмауы;
Басқару аппаратарында жолдар мен бағыттамалардың бос болмауын бақылау.
Егер дұрыс берілген маршрутта және бірінші блок –телімі (басқару құрылғыларының көрсетуімен) бос болғанда шығатын бағдаршам ашылмаса, екітармақты жол аралығының дұрыс жолымен пойыз жөнелтіледі:
Шығатын бағдаршамның шақыру сигналымен;
Станса кезекшісінің тіркелген бұйрығы, жөнелтілетін пойыздың жүргізушісіне радио байланысы арқылы беріледі;
Жасыл түсті рұқсат беру қағазының I-ші бөлімі толтырылады.
Бір тармақты жол аралығына немесе екі бағытты автоблокировкамен жабдықталған екі тармақты жол аралығының дұрыс емес жолымен пойызды жөнелткенде шығатын бағдаршамның көрсеткіші рұқсат бермесе:
Станса кезекшісінің тіркелген бұйрығы, жөнелтілетін пойыздың жүргізушісіне радио байланысы арқылы беріледі;
Жасыл түсті рұқсат беру қағазының I-ші бөлімі толтырылады.
Бір тармақты жол аралығына және екітармақты жол аралығының дұрыс емес жолымен пойызды жөнелткенде шақыру сигналы рұқсат бермейді.
Істен шыққанда автоблокировканың әрекетін тоқтату:
Аралықтағы екі және одан да көп бағдаршамдардың сигнал оттары өшкенде, бағдаршамдардың көрсеткішін ескермегенде;
Блок-теліміне тұруға шығатын немесе өткізетін бағдаршамдар оты рұқсат бергенде;
Бағытын өзгертуге мүмкіндік болмағанда, соның ішінде бір тармақты жол аралығында көмекші тұтқалардың көмегімен немесе бір тармақты жолдың жүріс тәртібімен, екі бағытты автоблокировкамен жабдықталған екі тармақты жол аралығына дұрыс емес жолмен пойызды жөнелту. Белгіленген бағытта автоблокировканы қолдану рұқсат етіледі.
Істен шыққанда жартылай автлблокировканың әрекетін тоқтату:
Шығатын немесе өткізетін бағдаршамдарды жаба алмаған жағдайда;
Шығатын немесе өткізетін бағдаршамдарды бос аралыққа аша алмаған жағдайда (соның ішінде шығатын бағдаршамдарға көмекші түймелермен оқшауланған телімдердің бос екендігін бақылауды ағыту);
Қорғалған сигналдардың өздігінен қосылуы;
Қорғалған сигналдарды беру немесе алу мүмкіндігінің болмауы;
блок-аппаратында плобының болмауы (аяқ басқыш пен көмекші түймелерінде плобының болмауын есептемегенде).
Барлық жағдайда автоблокировка мен жартылай автоблокировка істен шыққанда пойыздар жүрісі телефон байланысы арқылы жүргізіледі.
Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Темір жолдың қиылысуы, басқа көліктермен түйісуі
Автоматты блокировка локомотивтің автоматты сигналы
Жол қоршауының түрлері
Дәріс №5. Локомотив және вагон шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары
Қауіпсіздік теориясының негіздері, теміржол жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігінің арасындағы ерешеліктер.
Пойыздар ТПЕ мен жүріс кестесіне және пойыздарды құрастыру жоспарына сәйкес құрастырылады. Бағыт бойынша жүк пойыздарының ұзындығы мен салмақ мөлшері және әрбір телімге жүріс кестесі мен пойыздарды құрастыру жоспары бойынша бекітіледі және локомотив түрімен, пойыздар қатынайтын телімнің жол пішініне, сол телімдегі стансаның қабылдап-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығына сәйкес келуі қажет.
Ұзын құрамды пойызды телімнен жіберуді жол бастығы бекітеді.
Алыс және жергілікті жолаушылар пойызының салмақ мөлшері және вагондардың орналасу тәртібі пойыздар жүрісінің кестесінің кітабында көрсетіледі. Пойыз – бір немесе бірнеше локомотивке, моторлы вагондарға тіркелген және құрастырылған вагондар құрамы, олардың бекітілген сигналдары болады. Пойызт құрамына вагондардан басқа, жылжымалы құрамдарды да қосады (істен шыққан локомотив, әр түрлі крандар, қар тазалағыштар және т.б.).Аралыққа жөнелтетін вагонсыз локомотив, автомотрис және ағытылмайтын дрезина пойыз ретінде қарастырылады.
Құрастыру жоспарын анықтағанда берілген бағыттағы пойызға қандай вагондар тіркелетінін, сондай-ақ пойыздарды толық немесе жартылай құрастыру бекеттері қарастырылады. Жолаушылар және жолаушылар - жүк пойызының салмақ мөлшерін, жолаушылар ағымы мен жүретін жылдамдықтарына қатысты, жүріс графигін құрастырар алдында анықтайды. Жүк жүрісіндегі тиімді салмақ – ең үлкен салмақ, берілген жол пішіні локомотивке таныс болғанда жібереді. Транзитті жүк пойыздарына барлық бағытта бірыңғай салмақ мөлшері бекітіледі. Бұл стансадағы маневр жұмысын азайтады, пойыздардың жүрісін жылдамтатады, локомотивтерді тиімді қойып, пайдаланады. Бағыт аралығында ең жоғарғы салмақты сақтау үшін, жеке аралықтарды қысқы тартымдар немесе итерулерді қолданады. Оларды әр түрлі техникалық-экономикалық есептеулермен анықтайды. Телімдік және құрама пойыздарға өзіндік салмақ мөлшері бекітіледі. Олар бірыңғай үлкен немесе кіші болуы мүмкін.
Пойыздың салмағы немесе ұзындығы толмаса құрастыруға рұқсат етілмейді. Салмағы толық емес пойызды жөнелту, локомотив қуаттылығын толық пайдаланбайды, жүріс мөлшері көбейеді, тасымалдау құны өседі. Жүк пойызының салмағы, жүк салмағы (нетто) мен вагон салмағының (тары) қосындысынан тұрады. Әрбір вагонның жүк салмағы тасымалдау құжаттының анықтау қағазында жазылады, әр түрлі вагонның тарасы мен ұзындығын, арнайы кестені қолдана отырып анықтайды. Жүрісі көп бір тармақты және екі тармақты телімдерде, жалпы жүріс мөлшерін азайту үшін, алдымен ұзын құрамды пойыздарды жібереді. Олар телімдерде басып озғанда аялдаусыз және тоғысусыз өтеді. Мұндай пойыздарды техникалық стансаға қабылдау, жергілікті жағдайға байланысты болады. Ұзын құрамды жүк пойызы деп, ұзындығы мөлшерден асып кеткен (шартты вагондарда), жүріс графигінде бекітілген, телімдерде жүретін пойызды айтады.
Пойыздарға тежегіш құрылғылары істен шыққан вагондарды қоюға рұқсат етпейді. Вагондарды тиеу белгіленген тасымалдау мөлшерінің тәртібімен жүргізіледі. Вагоның барлық түрі барлық жол желісінде жүре бермейді.
Мұнай мен басқа тез тұтанғыш заттар ағып тұрған цистернаны пойызға тіркеуге болмайды. Жолда келе жатқан цистерна ағып тұрса, онда оның ағызатын құрылғысын жөндеу керек. Егер ағуын тоқтата алмаса, цистернаны пойыздан ағытып алып, қауіпсіз тұратын, жолға береді. Жанар-жағар май материалдарын темір жол ұйымдарының шаруашылығына жылдамырақ жеткізу үшін, цистернадан жартылай жолдан құйып алып, толтырыла құйылмаған цистерналарды пойызға тіркеуге рұқсат етеді.
Жолаушылар пойызына жүк вагонын бір топпен құрамның басына, немесе соңына қояды. Көбіне мұнда, жылдамырақ жеткізуді талап ететін жүк вагондарын тіркейді.
Кіші телімдердегі разрядтты жүк вагондарына, жеке локомотив жіберіп қорғауы қажет. Аралық стансада маневр жұмысын азайту үшін, құрама пойызға әр түрлі бағыттағы вагондарды бір топпен қояды. Айырым бекеттердің жағрапиялық орналасуымен, топтарды бірінен соң бірін қояды. Құрама-тарататын вагондарды құрама пойызға бір топпен қояды, олар құрама пойыздағы тарататын операцияларын жылдамдатып, жүру уақытын азайтады.
Локомотив пен ашық жылжымалы құрамнан адамдары бар вагондарды қорғау, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мұндай вагондардың қасына пойыздарда улы жүк тиелген вагондарды қоюға болмайды. Адамдарды шаруашылық, құрама және әкететін пойыздармен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Жөндеуге апаратын және жөндеуден шыққан жүк пойыздарына тұтас металды жолаушылар вагонын қоюға болмайды. Жеке құрамға 15-20 вагондар тобымен құрастырып, бос график тізбегімен жөнелтеді. Егер 15 вагонан аз болса, онда оларды бірден жібереді – екі жүк жолаушылар, жүк-пошта немесе жолаушылар пойызы. Адамдар пойызы – құрамында 10 және одан да көп вагоны бар, адамдар тиелген пойыз.
1-ші – 3-ші дәрежедегі габаритті емес жүк вагондарын пойыздың басынан және соңынан бір габаритті жүк вагонымен немесе бос вагонмен бекітеді. 4-ші дәрежедегі габаритті емес жүк пойызы, сондай-ақ жоғарғы габаритті емес вагондарға бақылау рамасын қояды, жол шеберінен мамандығы төмен емес жол қызметіндегі тәжіребиелі жұмыскер алып жүреді, ол жасанды құрылғылардан өткенде бақылайды. Вагонның бақылау рамасы локомотивтен кейін орналасады, ал габаритті емес вагондар немесе жоғарғы габаритті емес жүк вагондары құрамның ортасында орналасады, локомотивтен 5 вагон жақын болмауы керек және пойыз соңында 1 вагоннан кем болмауы қажет. Ұзын құрамды пойызда габаритті емес жүктердің барлық дәрежелерін бірдей қоюға болмайды, нөлден басқасын. Пойызға тіркеліп жүретін бос транспортерлар салмағы 3000 т. үлкен болғанда, құрамның соңғы 1/4 бөлігіне, ал аз болғанда – кез-келген бөлігіне қоюға болады.
Локомотив шаруашылығының құрылғылары мен ғимараттары
Локомотив шаруашылығының құрылғылары мен ғимараттары кәсіпорындағы тұрмыстық ғимараттары, типтік жобаларға сәйкес технологиялық құрылғылармен жабдықталған кешен.
«Локомотив» терминін жинақтау мәнінде қолданады. Ол барлық тартым бірліктерін білдіреді – электровоз, тепловоз, газотрубовоз және паровоз, сондай-ақ моторовагонды жылжымалы құрам – электро- және дизель-пойыз. Егер тартым бірліктерінің ерекшеліктерін көрсетсек, олардың түрлері көрсетіледі.
Локомотив шаруашылығының құрылғылары мен ғимараттарына локомотив депосы жатады; техникалық қызмет көрсету бекеті, жабдықтау, локомотив айналымы; локомотивтің артық қоры: айналмалы құрылғы: локомотив бригадасының дем алатын үйі. Локомотив депосы – локомотив шаруашылығының негізгі бөлімі. Тартым түріне қарай, жұмыс көлемі мен сипаты негізгі және айналмалы болып бөлінеді: жолаушылар, жүк және аралас; электровозды, тепловозды, паровозбен аралас; пайдаланатын, жөндейтін және жөндеп-пайдаланатын: классыз, бірінші, екінші және үшінші класты.
Негізгі депо есептегіш немесе, локомотив паркінің инвентары деп атайды, оған локомотивтер кіреді, берілген депоның есептеуінде тұрады. Тәртіп бойынша, негізгі депода жөндеу позициясы орналасқан және барлық технологиялық жабдықтарының орындалуы немесе барлық бөлікте техникалық қызмет көрсету мен локомотивтерді жөндейді. Пайдаланып-жөндеу депосында пайдалану цехы және жөндеу бөлімшелері бар. Пайдалану цехы локомотив бригадасын, машинист-инструкторды, депо кезекшісін, міндет орындаушы топпен, жылдамдықты өлшейтін есептегішті, шұғыл-статистикалық есептеу тобының жұмыскерлері мен техникалық қызмет көрсету бекеттерін біріктіреді.
Айналым депосында локомотив паркін есептемейді, онда жөндеу базасында техникалық қызмет көрсету түрлері орналасқан, сондай-ақ жөндеулер жүргізеді. Айналым депосында пайдалану цехы және техникалық қызмет көсету бекеті бар.
Локомотив бригадасының жұмысы ауыспалы кезекте орындалады, локомотивтің айналым телімі локомотив бригадасының жұмыс телімдерінен бірнеше есе ұзын.
Локомотив бригадасын жолда ұзақ болдырмау үшін және пойыздар жүрісін жақсылап ұйымдастыру үшін, локомотив бригадасын жағрапиялық жағдайда орналасуын ескере отырып, деполар арасында жұмыстың таратылуын және пайдалану цехының орналасуы тұрақты жетілдіріліп тұрады. Негізгі және айналым деполарының болуы, айналым локомотив бекеттерінің болуы осыны көрсетеді.
Техникалық қызмет көрсету бекеттері, жабдықтау және локомотив айналымы кәсіпорын бөлімшелерімен біріктірілген, олар негізгі локомотив депосына бағынады немесе жол бөлімшелерінің локомотив бөліміне қарайды. Олар регламенттік жұмыстарды (міндетті) жасайды: тексеру, тораптардың жағдайын тексереді және локомотив күйін, қажет жағдайында жөндеу жұмыстарын да жүргізеді, сондай-ақ құммен, сумен, отынмен және маймен (жабдықтауда) қамтамасыз етеді. Мұнда локомотивті пойыз келгенше жұмыс күйінде ұстап тұрады, оның ішінде қыстыңгүні. Басқа жағдай да әр түрлі операцияларды әр қалай жерлерде жасауы мүмкін, бұл бекеттерді жеке дайындайды.
Вагон шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары
Вагон депосының техникалық жабдықталуымен орналасуы, вагондарды тасымалдауға дайындау бекеті, булап-жуатын станса, вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті және белгіленген пойыздардың жүріс тәртібімен вагон шаруашылығының басқа да құрылғылары мен жабдықтары қамтамасыз етіледі, техникалық қызмет көрсетудің жоғарғы сапасы және вагон жөндеуде еңбек өнімділігінң жоғарлауы қарастырылады.
Вагон шаруашылығы негізгі шаруаны есептейтін кәсіпорын – вагон депосы. Оның өзіндік теңдігі бар және жол бөлімшелерне тікелей бағынады (жол басқармасының рефрижератор депосы). Деполардың түрлері мен пайдалану қасиетіне қарай вагондарды тасымалдауға дайындау бекеттерінде болады, вагондарға техникалық қызмет көрсету, контейнелерге қызмет көрсету және жөндеу, автотежегіштер мен автотіркеудібақылау бекеті, булап-жуатын стансалар және доңғалақ шеберханасының бекеттері және т.б.
Вагон депосы жолаушылар, жүк, контейнер, аралас және рефрижераторлы болып бөлінеді. Жүк депосы, бір түрлі вагондарды жөндеуге кәсіпорында маманданады (ашық вагон, жабық вагон, цистерна, жайдақ вагон және т.б.). Депо, жүк және жолаушылар вагонын жөндейтін, депоны аралас депо деп атайды. Олардың желідегі саны өте көп. Жолаушылар вагон депосы жолаушылар құрамын құрастыратын бекетте орналасқан, онда 400-ден көп вагондар есептелінген; жүк депосы – өте көп тиеп-түсіру стансаларында, тәулігіне 500-ден көп вагон өңделеді: рефрижератор вагон депосы, тез бұзылатын жүктерді тиеп-түсіру жолдарында болады.
Тиеуге немесе түсірілуге берілетін вагондар және реттейтін тапсырмалармен бағытталған вагондар, тасымалдауға дайындайтын бекеттерде өңделеді (ВТДБ).
Жүктерді көп тиеп-түсіру стансаларында вагондарды тасымалдауға дайындайды және бос вагондарды бағытқа құрастырады, сондай-ақ, реттелген тапсырма бойынша бос вагондар жүретін бағытта стансалар орналасады.
Темір жол желілерінде вагондарды техникалық жөнделген жағдайда ұстау үшін, тасымалдауға дайындау бекетіндегі вагондардан басқа, былай ұйымдастырады:
- вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті (ТҚКБ), құрастырылған вагондар мен транзиттік пойыздардың бұзылғандарын жөндеуге және тексеруге арналған. Олар сұрыптау және ірі телімдік стансаларда орналасқан;
- телімдік стансалардағы техникалық қызмет көрсетіп, бақылау бекеті (ТҚКББ). Пойыздардың жүрісіне қауіп төндірмеуін, техникалық істен шығуын болдырмау және тексеруге арналған;
- бақылау қосымдары (БҚ) пойыздар жүргенде вагондардың буксаларының қызуы, сырғақтары мен басқа да істен шығулары пойыздар жүрісіне қауіп төндіреді;
- стансадағы тежегіштерді тексеретін қосым (ТТҚ), ТҚКБ болмағанда, бірақ локомотив бригадасы ауысқанда;
- вагондарды техникалық беру бекеті (ТББ) өнеркәсіп орындарымен, өзен, теңіз портарына және басқа да жүк алатын-жөнелтетін ұйымдардың кірме жолдарына беруі. Тиеп –түсіру операциялары және маневр жұмыстарында вагондардың бүлінуін тексеру үшін арналған.
Тоқтаусыз жүретін телімнің қашықтығы 200-300 км, пойыздағы вагонның подшипнигінің тербелуі 500-700 км. Техникалық қызмет көрсету бекетінің технологиялық жұмысы станса жұмысының жағдайымен анықталынады (пойыздар санымен, олардың келу аралығы, құрамның ұзындығы мен салмағы, парктің жағдайы және т.б.). Барлық ТҚКБ сұрыптау стансасында қабылдау паркінде құрамды тексеру уақыты 15 мин. көп емес, ал паркте 30 мин. Станса паркін майланған сымдар мен әуе магистральдарымен, тежегіштерді тексеретін орталықтандырылған құрылғымен, екі жақты хабарлаушы байланыспен жабдықтайды, тоннелдермен немесе эстакадамен артық бөлшектер мен материалдарды тасу, өздігінен жүретін құрылғылар РУ-4 түрінде орталықтандырылған жүйеде пойыздарды қорғайды.
Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Қауіпсіздік теориясының негіздері, теміржол жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігінің арасындағы ерешеліктер
Локомотив шаруашылығының құрылғылары мен ғимараттары
Локомотив депосы техникалық жабдықталуы
Локомотив депосы техникалық қызмет көрсету түрлері
Вагон депосының техникалық жабдықталуы
Дәріс №6. Станса шаруашылығының құрылғылары мен жабдықтары
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйелік шешімі
Тасымалдау үрдісінің үздікссіз жұмыс істеуі, қызметтік-техникалық ғимараттарды және құрылғылар мен жабдықтардың жағдайын тұрақты тексеріп тұруын қажет етеді. Жұмысты тексеру уақыты мен тәртібі, бірнеше жылғы тәжірибені пайдаланып жасаған. Тексергенде құрылғы немесе жабдықтың жалпы жағдайын анықтайды, жеке құрылысын, тораптарға сай келетін мөлшерін және жіберуге болатындығын, бөлшектермен қозғағыштарының бір-бірімен әрекеттесуін, сапасын анықтайды.
Жабдықтар мен құрылғыларды, қызметтік – техникалық ғимараттарды соларға қызмет көрсететін жұмыскерлермен, сондай-ақ станса, депо, дистанция немесе телім бастықтарымен тексереді, енгізілген құрылғылар мен жабдықтардың пайдалану уақытын, бекітілген жағдайлар мен нұсқауларға қарайды.
Басты және қабылдап-жөнелтетін жолдардың бағыттама бұрмаларын, станса бастығы жол шеберімен және СОБ электрмеханигімен бірге айына бір рет тексеріп отыруы қажет.
Тексеру нәтижесі мен іс-шаралары, істен шыққандарды байқағанда, қалпына келтіру қажет, арнайы журналға жөндеген уақытын және жоспарлаған іс-шаралардың орындалғанын жазады.
Бағыттаманы ауыстыруда – ауыстыру механизімі мен жылжымалы бөлшек құрылғысы күрделі – жылжымалы құрамнан үлкен күш әсер етеді. Пойыздардың жоғарғы жылдамдықпен жүруі, бағыттама бұрмаларының тұрақты дұрыс қалпында тұруын қажет етеді, әйтпесе пойыздар жүрісіне тікелей қауіп әкеледі. Стансадағы электрлі орталықтағы бағыттамалар мен си гналдарды жол дистанциясының және дистанция сигналдары мен байланыс жұмыскерлері тексеріп тұрады. Міндетті түрде айына бір рет стансадағы бағыттама шаруашылығының жалпы жағдайын тексеріп, істен шыққандарды ескертіп тұру қажет. Бағыттама бұрмаларының мөлшерін тексеріп және онымен жібергенде тораптар мен бөлшектердің нақты бекітілуін, қажалу мөлшерін, желі жұмысын, жүріс жағдайындағы бағыттама үшкілігінің толық бекітілуін, қисық пен ойықтардың болмауы, жоспардағы бұрыштар және т.б.
Жолды, бағыттама бұрмаларын, СОБ құрылғыларын, байланыс желілерін тексеретін журнал барлық стансаларда, разъездерде, басып озу бекеттерінде және жол қосымдарында болады. Бұл құжат станса шаруашылығындағы құрылғылар мен жабдықтардың жағдайын көрсетеді. Журналдағы барлық жазуларды тексерген және жөндеген адам жазып, қол қояды. Станса бастығы жазуларды жиі тексеріп және қателіктерді болдырмау үшін шара қолданады.
Жол бастығының жиі тексеруі, қызмет пен бөлімше шаруашылығының жағдайын, кәсіпорындардың техникалық жабдықталуын, станса мен тораптарды дамыту, құрылғылар мен жабдықтарды қайта өңдеу, жолдағы өткізу және тасымалдау қабілетін арттыруды қарастыру, ал пән бойынша –мамандарға тәрбиелік жұмысты күшейтіп, өмірге қолдануға, білімдерін жетілдіріп, тұрмыстық жағдайларын жасау. Осы сұрақтарды шешіп, оларға шара қолданып, техникалық құрылғыларды дұрыстап қолданып, жұмысты алдыңғы деңгейге жеткізіп, жүрістің қауіпсіздігін үлкен дәрежеге көтеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |