1.3 «Мемлекет және бизнес» курсын оқу мақсаты «Мемлекет және бизнес» курсы, университет бітіруші түлектің бизнес пен мемлекеттің өзара байланыс проблемалары бойынша жеткілікті білім деңгейін иеленуі және осы негізде қатынастарды жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешудың тиімді әдістері мен құралдарын таңдау үшін қажет. Осы міндеттердің сипаты мен күрдеілігі қандай да бір кезеңдердегі мемлекеттің экономикалық саясатының экономикалық бағытталушылығына және экономиканың көп жақтылығы жағдайында оны жүзеге асыру әдістерін анықтауға көбінесе қатысты болады.
«Мемлекет және бизнес» пәнін оқып үйрену процесінде, студент орта бағыты қалыптастыру және экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастарды дамыту және жақсартудың ғылыми-әдістемелік, ұйымдық-экономикалық және әкімшілік-құқықтық негіздеріне ерекше назар аударуға міндетті.
Курс бағдарламасы стандарттар мен баяндау логикасына сәйкес, оқу курсының базалық проблемалары қарастырылатын өзара байланысты тақырыптарға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |