Бағдарламасы №2 басылым 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»


Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат



бет2/10
Дата23.10.2020
өлшемі52,65 Kb.
#73216
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат

Оқытушының фамилиясы, аты, жөні – доктор PhD, Абылкасимова Ж.А.

Кафедра – «Экономика»;

Байланыс ақпараты – тел: 530316, №8 оқу ғимараты, №208 кабинет;

Сабақ өткізілетін орын – сабақ кестесі бойынша;

Пән аты - «Мемлекет және бизнес»;

Кредит саны – 3


    1. Пәннің қысқаша мазмұны

«Мемлекет және бизнес» пәні ел экономикасының қалыптасуы, бәсекеге қабілетті, сапалы, заманауи экономикалық жүйені құру мәселелерін қарастыратын, экономика, қаржы және экономикалық бағалау салаларына біліктілігі жоғары мамандарды дайындауды қарастыратын экономикалық пәндер жүйесінде маңызды орын алады.

Берілген курс мемлекетпен жүзеге асырылатын экономикалық мәселелерді қарастыруға бағытталған. Сонымен қатар пәнді оқыту барысында мемлекеттің қызметтері мен елдегі кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Курсты оқытудағы негізгі объект болып мемлекет пен жеке кәсіпкерлік арасындағы өзара қарым-қатынастар табылады.

Курсты игеру барысында студенттердің экономикалық көрсеткіштерді талдау әдістерін меңгеруге, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыру жолдарын анықтай білуге үйрету басты назар аударылады. Мемлекетпен дайындалатын кәсіпкерлікті, бизнесті дамытуға байланысты бағдарламалар бизнес үшін өте маңызды орын алады, өйткені бизнестің даму стратегиясын және тактикасын анықтау үшін негіз болады.

Осыған байланысты өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқаруды жете білу барлық болашақ қызметкерлерге өте маңызды міндетке айналды, әсіресе экономика мамандықтарында оқитын студенттерге.

Жұмыс бағдарламасында негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, Қазақстан Республикасының Заңдары, мемлекет Басшысының Жарлықтары, нормативтік актілер және т.б. берілген.

«Мемлекет және бизнес» пәні экономика мамандығында оқитын студенттер үшін маңызды пәндердің бірі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет