БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37



бет17/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40

Касымова Айгүл Қапанқызы


Алматы облысы, Балқаш ауданы

2 Жамбыл атындағы орта мектеп


«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС


(34 сағат)

Түсінік хат

«Ұлы Жібек жолы-бұл Батыс пен Шығыстың ежелгі өркениетін байланыстыратын даңғыл жол, сонымен қатар ол сауда –саттық байланысының халық арасында діннің, мәдиенеттің , ғылыми-техникалық жетістіктердің өзара алмасуына қызмет етті

Бұл ерекше жол ғажайып, инженерлік техника мен адамның керемет ойы арқылы жасалған. Сауда жолында көптеген қалалар мен керуен –сарайлар, қасапханалар, қарауыл мұнаралары, қосалқы ғимараттар мен басқа да оңтайлы жағдайлар болған. Әрқашан қозғалыста болатын әскерлермен сенімді қорғалған Жібек жолында орналасқан ежелгі қалалардың үлесінде соғыс, күйреу, өрт, аш-жалаңаштық аз болған жоқ. Ғасырлар бойы мұнда алуан тілді Шығыс базарлары шулап тұрды. Жүздеген жылдар бойы шаң басқан керуен жолымен еуропалықтарға сату үшін қымбат жібек маталар мен асыл тастар, дәмдеуіштер мен бояулар, алтын мен күміс, оңтүстіктегі экзотикалық құстар мен аңдар тасымалданды.

Бағдарлы курстың жүргізудің мақсаты: Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы түсіндіре отырып, Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.

Бағдарлы курсты жүргізудің міндеттері:


  • Жібек жолы бойындағы мемлекеттер арасындағы сауда дамуына бүгінгі кезеңмен салыстыра отырып баға беру.

  • Ұлы Жібек жолындағы сауда дамуының шаруашылыққа тигізген әсері.

  • Ұлы Жібек жолы және халықаралық мәдиниет.

  • Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы маңызы.

Бағдарламаның мазмұндық бөлімі:

1.Ұлы Жібек жолының географиясы.

Ұлы Жібек жолы-әлемдік өркениет тарихындағы елеулі құбылыс.Керуен жолдарының тармақталған жүйелері Еуропа мен Азияны Жерорта теңізінен бастап Қытайға дейін кесіп өтіп,ежелгі дүние мен ортағасырлар кезеңінде Батыс пен Шығыс арасындағы диологтың маңызды құрамы болған.

2.Ұлы Жібек жолының тарихы.

1887 жылы неміс тарихшысы К.Рихтгофеннің «Қытай» атты кітабы жарық көрген соң, 21-ғасрдың соңында «Ұлы Жібек жолы» термині тарих ғылымына енді.

3.Ұлы Жібек жолының тармақтарының бойындағы қалалары.

Ұлы Жібек жолы ортағасырлық шығыста сауда-саттық қалаларының дамуына ықпал етті.

4.Сауданың дамуы.

Ұлы Жібек жолындағы негізгі тауар Қытай жібегі мен жібек пілләсі болды.Оарды алыс жолдарға алып жүру өте ыңғайлы еді,жібек өте жеңіл және өте құнды тауар болатын. Еуропада алтыннан да қымбат бағаланатын Қытай Жібектің отаны ,жібектіен жасалған өнімдер монополиясын шамамен б.з.д 5-6 ғасырға дейін сақтады және осыдан кейін де Орта Азия аумағында жібек өндіру мен оны шетке шығарудың негізгі орталығы болып қала берді.Орта ғасырларда Қытайда форфор мен металл ыдыстар,сырлы аяқтар мен косметика ,күріш пен шай шетке шығарылды.

5.Жазба деректер.

Қазақстан аумағын басып өткен ұлы Жібек жолы туралы зерттеулерге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде.16-17 ғасыр жазба деректерге сүйенсек ,сол кезеңдерге Қазақстан арқылы сауда жолдары Қытай мен Үндістанда және Орта Азияны байланыстырды.

6.Туризм.

1998 жылғы 27 ақпанда Қ.Р Президенті Н:Назарбаев мемлекеттік бағдарламаны «Жібек жолындағы тарихи орталықтарды қайта түлетіп, түркі тілді халықтардың мәдени мұрасын дамытып, сақтап, туризм инфроқұрылымдарын құру» жөнінде жарлық қабылдады.

7.Діннің таралуы .

Ұлы Жібек жолының діни идеялардың тарлуындағы маңызы тұрақты еді.Оның даңғыл жолдарымен әр түрлі миссионерлер өз діндерін теңіздің ар жағындағы елдерге апарды.

8.Мәдиниет диалогы.



Орта ғасырлардың бас кезінде Азияда төрт «Әлем патшалығы » туралы ұғым тарады. Олар негізгі аумақтар мен елдердің символы ретінде қабылданды.Олар дүниенің төрт бұрышында орналасқан еді. Оңтүстікте –«тіл патшалығы» империясы, Батыста –«бағалы заттар патшалығы», Солтүстікте «жылқы патшалығы», Шығыста «адамдар патшалығы» болды.
Күнтізбелік жоспар



Тақырыбы

Сағат саны



Кіріспе .

1

1

бөлім

Ұлы Жібек жолының географиясы






Ұлы Жібек жолы әлемдік өркениет тарихындағы елеулі құбылыс.

1



Жібек жолы бойындағы тұңғыш қозғалыс.

1



Марко Поло сапары.

1



2 бөлім.Ұлы Жібек Жолының тарихы.






Жібек жолының пайда болуы.

1



Ұлы Жібек жолының шаруашылық дамуына тигізген әсері.

1



Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынаста дамуындағы тарихи маңызы.

1



ҰЖЖ даму факторы.

1



ҰЖЖ үстінен бақылау жасау үшін күрес,исламға дейінгі кезең.

1



Қайталау

1



8-15ғ исламдану кезеңінде ҰЖжолын бақылау үшін күрес

1



14 ғасырдың 2-ші жартысындағы ҰЖЖ

1



3 бөлім Қалалары.






Жетісу –ҰЖжолының Шығысқа шығатын басты қақпасы

1






Оңтүстік Қазақстан-ҰЖжолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі.

1






Оңтүстік –Батыс бағытындағы Испиджан,Шоли,(Ташкент)

Шымкент,Отырар,Түркістан,Сауран,Сығанақ



Хорезм,Жаркент бағыттары.

1



Қайталау.

1

4 бөлім

Сауданың дамуы.






Ұлы Жібек жолының әлеуметтік экономикалық маңызы.

1



Ақша есептер жүйесі.

1



Отырар көмбесі

1

5 бөлім

Жазба деректер.






Рузбихан,михман-наме-ий Гәухара

1



Хафиз Таныштық Шарап –наме-ий

1

6 бөлім

Туризм






Ұлы Жібек жолындағы тарихи орталықтарды ,қайта түлетіп, түркі тілді халықтардың мәдени мұрасын дамытып сақтап ,туризм инфроқұрылымдарын құру.

1



Алматы «Жібек жолы -2000»

1

7

бөлім

Діннің таралуы.






Будизм

1



Христион

1



Монихейлік

1



Заростризм

1



Ислам

1



Қайталау

1

8 бөлім

Мәдинет диалогы.

1



Рухани мәдениет ескерткіштері

1



Бағдат көркем жазулар

1



Қайталау.

1


Күтілетін нәтиже

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясында қоғам бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың білімді әрі ғылым негіздерін меңгерген ұрпақ болуын талап етеді. Білім саласын реформалау мен дамытудың ауқымды міндеттерінің ішінде оқушыларға тарихи білім беруді жетілдіру, жаңа сапалық деңгейге көтеру де бар. Соның ішінде Қазақстан тарихы пәнін оқыту саласында да шешімін күткен мәселелер баршылық. Қазіргі мектеп оқушылары Отан тарихын, оның халақаралық байланыстарын. Дүние жүзі елдерінің тарихын, әсіресе біздің елімізбен жан-жақты байланыстарды дамытып отырған елдер тарихын жақсы білулері керек.

Осы курстан оқушылар білуі тиіс:


  • Ұлы Жібек жолының пайда болуын.

  • Ұлы Жібек жолының шаруашылыққа әсері.

  • Ұлы Жібек жолының бойындағы сауданың дамуын.

  • Елдер арасындағы мәдениеттің дамуын.

  • Мемлекеттер арасындағы байланысқа ықпалын.

  • Діннің таралуын.

  • Ұлы Жібек жолының бағыттары.

  • Ұлы Жібек жолындағы қалалардың өркениеті.

  • Ұлы Жібек жолының әлеуметтік экономикалық маңызы.

Тарихи танымдылық деректерді тиімді пайдаланған жағдайда жан-жақты әрі терең оқып үйренуге мүмкіндік береді, оқушылардың білімі мен біліктілігін арттыруға лайықты үлес қосады. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген ұлттық рухани құндылықтарымызды тиімді пайдалансақ , жастарымыз білімді, саналы, ұлт-жанды азаматтар болып шығуына күмән жоқ. Отан тарихын, оның халықаралық байланыстарын жақсы білуі керек. Үйткені олар келешекте еліміздің тұғырын биік үстайтын Қазақстанды әлемнің көптеген елдеріне танымал етеді.
Пайдаланған әдебиеттер

  1. Марғұлан Ә. Ұлытау төңірегіндегі ттттас мүсіндер . Ежелгі мәдниет мұралары. Алматы-1966 .

  2. «Түркістан» халықаралық энциоклопедияс. Алматы-2000.

  3. Ақышев К.А,Курган Иссык. Искусство саков Казакстана ,М-1978.

  4. Гумилев Л.Н Хунну. Средняя Азия в древние времена . М-1960.

  5. Р. Құсаинова. Қазақстан тарихы дидактикалық материал . Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Алматы, «Мектеп» 2007.

  6. Қазақстан тарихы хрестоматия. Қ.Ж.Адамбосынов, Р.Б.Ахметова, Алматы, «Мектеп», 2007.

  7. ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Оқу пәні «Тарих»

  8. Н.Назарбаев: «Мәдени мұра» -Мемлекеттің стратегиялық ұстанымы (Ана тілі Ақпан 15-21 2007 ).

  9. Қазақстан тарихы Жоғарғы оқу орындарына тұсушілерге арналған оқулық. Алматы,2005.

  10. Тұрлығұл Т.Таймағанбетов, Б.Абдырбек. Ежелгі Қазақстан тарихы. «Атамұра», 2005.




Каталог: document library
document library -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет