БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37



бет19/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40

Абдықалықов Қожанасыриден


Қарағанды облыстық МББҚБА және ҚДИ,

аға ғылыми қызметкер

ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ



Кіріспе

Тәрбие жұмыстарының міндеттеріне тәрбиенің мазмұнын, тәрбиелік іс-шараларды орындау құралдары мен тәсілдерін, сонымен бірге жоспарды жасақтау мен іске асыруды, тексеру мен бағалауды алдын ала анықтайтын бағдарлар алынды.

Жоспарға кіргізілетін жұмыстардың түрі мен сипатына қарай олар ұйымдастыру және идеялық-тәрбие бағыттарына біріктірілген:

Негізгі тәрбие формаларына сынып жиналысы мен сынып сағаты жатады. Тәрбие жұмысының жүйесі негізгі формаларды қолдану арқылы әр ай сайын төмендегідей ретпен өткізіледі:

-бірінші аптадағы сынып жиналысы осы айдағы ұжымдық іс-әрекетті жоспарлайды,

-екінші аптадағы ситуациялық сынып сағаты қандай да бір мінез-құлық тәртібіне қатысты жағдайды талқылайды;

-үшінші аптадағы тақырыптық сынып сағаты оқушыларға қажетті және қызықтыратын саладағы сананы кеңейтеді;

-төртінші аптадағы сынып жиналысы оқушылардың қызметін қорытындылайды және талдау жасайды.

Тақырыптық сынып сағаты ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталады. Қазақ халқының адамгершілік - рухани байлығын әңгіме өзегіне айналдырғанда оны ұлттың негізгі тұлғалары бойынан іздейтініміз белгілі. Сондай ерекше тұлғ ретінде кемеңгер Абайды таңдап алып, оның бет- бейнесінде ұлттың жан дүниесіне бойлауды жөн көрдік. Ұлт ұлылығын жоғары ұстап, халқының қамын жеген жастарымыздың болашағын ойлап, Абайдың педагогикалық мұраларын тәрбие көзіне айналдыру заманның талабы деп санадық. Абай мұрасымен берілетін қазақтың тілі мен салт- дәстүрі, ділі мен діні адамзат тіршілігіне, тәрбие мәселесіне қатысты зор рухани байлығымыз болғандықтан, адамдықтың жасампаз үлгі - өнегесіне, мұратына айналуға тиісті.

Жеке тұлғалық рефлексивті тәрбиелеу технологиясы мен әдістемесі бойынша мына тақырыптарға ситуациялық сынып сағаттары өткізіледі: оқу жылының (тоқсанның) қорытындысы; сыныптағы қарым- қатынастар; ішімдік пен темекі; тәні саудың жаны сау; кітап - рухани азық, мектеп пен қоғамдық мүлікке жанашырлық, сабаққа қатыспау мен кешігіп келу; мектеп асханасында, үзілісте, Би кешіінде өзімізді қалай ұстаймыз; оқушының сыртқы кескін – келбеті, мәдениетсіз сөйлеу, бос уақытты тиімді өткізу.

Бұлардан басқа апта сайынғы тазалық сағаттарында (сенбілік, жексенбілік) оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу, оқушыларды қоғамдық жұмысқа белсенді қатыстыру, оқу үлгерімін, сабаққа қатысуын тексеріп тұру, мектеп пен интернатта өзін - өзі ұстау шаралары ұйымдастырылады және өткізіледі.
Тәрбие жұмыстарының міндеттері

Тәрбие жұмыстарының міндеттеріне тәрбиенің мазмұнын, тәрбиелік іс-шараларды орындау құралдары мен тәсілдерін, сонымен бірге жоспарды жасақтау мен іске асыруды, тексеру мен бағалауды алдын ала анықтайтын бағдарлар алынады. Ақыр соңында олар тәрбие процесінің дұрыс бағытталуына, оның бір жүйеде басқарылуына, нәтижелі болуына мүмкіндік береді. Осыдан-ақ осыныптағы тәрбие жұмысында міндет қоюдың маңыздылығы арта түседі.

Қарастырылмақшы мәселеге дұрыс бағыт-бағдар жасау-қазіргі қоғамның шындығына, оның адамдарға, жеке адамның қадір-қасиетіне оң ниетгі бетбұрысында. Жастарды қоғамдық өмірге, әсіресе қоғам рыноктық экономикаға қадам жасаған кезде, дайындау, оларды саналылық пен белсенділікке тәрбиелеуді талап етеді. Ендеше, тәрбиелеудің жалпы міндеті, оның ішінде сынып оқушылары арасындағы тәрбие жұмысының да міндеті осы екі негізгі фактор.

Саналылық-терең де жан-жақты ұғым. Оның сан-салалы түрлеріне дүниетанымдық, саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық жане дінге қатысты саналылық жатады. Сынып жетекшілері мен қоғамдық ұйымдар оқушылар саналылығының барлық осы жақтарын қалыптастыруга күш-жігерлерін салуға тиіс.

Саяси саналылыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінетіндігі, саясаттың біздің барлық қоғамдық өміріміздің анықтаушы факторы болғандығында және оқушы-болашақ маман-саяси сауатты болуга тиіс.

Саяси саналылыққа қойылатын талаптар адамның барлық іс-әрекетін, қарым-қатынасын реттей алмайды. Осындай функцияны мораль атқарады. Моральдық саналылық негізіне қоғамдық борышты сезіну, оған жауапкершілікпен қарау жатады. Ендеше, сыныптағы тәрбие жұмысының ең бірінші де, негізгі міндеті оқушылардың іс-әрекетінде байқалатын саяси саналылыққа, моральдық жауапкершілік пен ізгілікке тәрбиелеу болып табылады. Бұл барлық тәрбие жұмыстарының мақсаты.

Белсенділікті (іскерлікті) тәрбиелеу-жалпы тәрбие жұмысы міндетінің құрамдас бөлігі. Белсенділік ең алдымен оқуда, қоғамдық пайдалы жұмыс пен қоғамдық-саяси практикада байқалады. Оқушылар белсенді оқуымен таңдаған мамандығын табысты игеріп, кәсіптік қызметке дайындалады. Еңбектегі белсенділік қоғамдық байлықты көбейтуге бағытталып, еңбек дағдысына қалыптастырады. Қоғамдық-саяси практикаға іскерлікпен атсалысудан оқушы қоғамдық өмірге дайындалып, ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметке біліктілікті игереді. Сондықтан, оқуды, еңбекті және қоғамдық-саяси практиканы ұйымдастыру, оған белсенді, әрі шығармашылық көзқарасты дамыту, жоғары нәтижелерге жету сыныптағы тәрбие жұмысының маңызды міндеттері. Қоғамдық шаралардың басқа да түрлерін: спорт, мәдени-көпшілік және тағы басқаларды оқушылар назарынан тыс қалдыруға болмайды.

Сынып жетекшілері мен қоғамдық ұйымдардың ең негізгі міндеті- оқушылар ұжымын жасақтау және дамыту, оны өздігінен басқарту. Ұжым оқушылардың ортақ іс-әрекеттері негізінде ұйымдастырылғандықтан, ұжымның дамуы үшін оқушылардың іс-әрекеттерінің бәрі де дамуы керек. Осындай түрлі сипаттағы жұмыстардан басқа, ұжымда оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге себі тиетін жеке тұлғалар аралық қатынастар туындап, жетілдіріліп отырылады. Ұжымды өздігінен басқарылуға бейімдеу нәтижесінде оқушылардың бір-бірімен өз ара қатынастары мен ұжымдық іс-әрекеттері белсендірек дамиды да, ұжымның тәрбиелік мүмкіндігі едәуір артады.

Тәрбие міндеттерін негіздеген кезде есептеспеуге болмайтын мына жагдайға көңіл аударайық. Адам-тек тәрбие обьектісі ғана емес, сонымен бірге ұжымда қалыптасқан жағдайдың, көңіл-күйдің, қоршаған ортасының нәтижесі. Абайша айтсақ, адам баласын заман өсіреді, кімде кім жаман болса, замандасының бәрі кінәлі, демек әрбір оқушылардың жүріс-тұрысына ұжымның ниеті болса, салмақ сала алатындығын көрсетеді. Әрбір оқушыны санасы мен еркін басқара алатын белсенді адам ретінде қарастырсақ, ол өз күш-жігерін тек сыртқа ғана бағыттамай, өзіне де жұмсайтындығы, өзімен жұмыс жүргізіп, мәдениетін, мінез-дағдысын жетілдіруге тиіс екенін шамалаймыз. «Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады», - деген ұлы ойшылдың сөзіне ой жугіртсек, қанша дегенмен де сыныптағы тәрбие жұмысында жалпы мәдениеттің дамуын міндет етіп қоймайынша, жекелеген адамдардың өздігінен жұмыс істеуі, өзін-өзі оқытуы мен тәрбиелеуінде ұзаққа кете алмайтындығына көз жеткіземіз.

Әрбір адам-қайталанбас тұлға, оның мінезі мен психикалық жан-дүниесінің өзгешелігін тәрбие жұмысында есепке алып, оқушымен ара қатынаста, ұжым мен оның әрбір мүшесіне тиімді мүмкіндіктерді қолданып, дамытып отыру қажет. Бұл шара әсіресе, өз міндетін білмейтін мораль талабын орындамайтын оқушыға қатысты жекелей жұмыстарда маңызды. Ендеше, тәрбие жұмысының міндеттерінің бірі - оқушылармен жекелей жұмыс істеу.

Оқушыларды тәрбиелеуде ең керекті бағыттардың біріне идеологиялық әсер ету жатады. Оның атқаратын міндеті-оқушылардың санасына әсер етіп, олардың белсенділігін идеологиялық қамтамасыз ету. Бұл міндеттің ерекшелігі, тәрбие міндеттері ретінде кез келген мәселені шешуге қолданылатындығында.

Осылайша, тәрбие жұмыстарының міндеттерін екі түрлі сипаттауға болады. Біріншісі, соңғы нәтижеге бағдарланған басты міндет (мақсатты міндет), екіншісі басты міндетті шешуші тәрбие жұмыстарының жолдарына, аспектілеріне қатысты міндет (жетекші міндет).

Сынып жетекшісінің барлық міндеттерін қорытындылай келіп, бүкіл оқу мерзіміне арналған негізгі міндеттерге тоқталайық:


  • оқушыларды саяси саналылыққа, моральдық жауапкершілікке, ізгі-
    лікке тәрбиелеу;

  • оқушылардың сабақ үлгерімінің сапасьн арттыру;.

  • оқушыларды жүйелі қоғамдық пайдалы еңбекке жұмылдыру;

  • оқушылардың қоғамдық-саяси практиканы. ұйымдастыруына және дамытуына мүмкіндік тугызу;

  • оқушылар ұжымын және оның өзін басқаруын ұйымдастыру

  • оқушылардың жалпы мәдениетін дамыту, оларды өзін-өэі оқытуға, тәрбиелеуге кірістіру;

  • жекелей жұмыс жасау үрдісінде белсенділерге, үлгермеушілерге,
    тәртіп бұзушыларга, идеялық дұрыс тәрбиеленбегендерге, іскерлігі төмендерге ерекше көңіл бөлу керек;

  • сыныпта жоғарыда аталган міндеттерді шешуді идеологиялық
    қамтамасыз ете отырып, идеялық тәрбие жұмысын мақсат қуалай
    жүргізу қажет;

Осы міндеттерді қойған кезде сыныптың ерекшелігі мен оқу орнының жұмыс істеу шарттарын есепке алу тиімділікті арттыратын мынадай көрсеткіштерді ескеру керек: оқушылардың тәрбиелену деңгейі, көпшілік қолдайтын негізгі көзқарастар, бағаланатыи ой-пікірлер мен бағдарлар, ұжым мүшелерінің өз міндеттеріне қатынасы, үлгерім, тәртіп, оқушылардың ерекше көзге ұрарлықтай іс-әрекеттері; ұжымның даму деңгейі, өзіндік дәрежесі, әсіресе өзін-өзі басқаруы, қоғамдық жұмыстың күйі, өткен оқу жылында ескерілмеген тәрбие кемшіліктері, қолданылмаған мүмкіндіктер.

Міндет қою кезінде жергілікті әлеуметтік орта мен оқу орнының моральдық-психологиялық хал-ахуалын ескерген жөн. Мысалға, оқу орны орналасқан өлкеге, қалаға байланысты арнайы интернационалдық, құқықтық және діни көзқарасқа байланысты міндеттермен қоса, оқушылардың қай сыныпта және тоқсанда екендігі де маңызды. Оқушылармен жекелей жұмыс жасаған кезде педагогикалық тұргыдан тәрбиесі төмен, жора-жолдастарының жаман іс-әрекетінің әсерінен кете алмай жүрген оқушыларды жоспарда нақты атау қажет.Дұрыс қойылған міндеттер тек тәрбие жұмысына ғана емес, сонымен бірге оның жекелеген аспектілері мен түрлеріне де бағыт бағдар бола алады. Ол сынып жетекшісінің, қоғамдық ұйымның және өзін өзі басқару органдарының жұмысын бағыттай отырыл, тәрбие жұмысын педагогикалық негізделген жоспармен жүргізуге қажетті мүмкіндікті туғызады.


Тәрбие жұмысын жоспарлау

Оқушыларды тәрбиелеу жұмысының нәтижесі көбінесе жоспардың дұрыс жасалуына байланысты. Жоспардың оқушылардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетін, сынып жетекшісі мен өэін өзі басқару органдарының барлық жұмыстарын дәл басып алдын ала анықтауға, тәрбие үрдісінің барлық қарама-қайшылықтары мен жағдайларын есепке алуга қабілетті еместігі белгілі. Дегенмен, ол белгілі мөлшерде осындай үрдістерді болжап, тәрбие шараларының сипаты мен бағытын, негізгі жолдары мен тәсілдерін, сынып жетекшісі мен қоғамдық ұйьмдардың ұстанған қағидасын бағдарлауга мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау мына бағыттарда жүргізіледі: идеялық-саяси, еңбекке, адамгершілікке, құқықтық, эстетикалық және дене тәрбиесі. Осылайша, бағыт бойынша іс-шараларды таңдап өткізу, талғамсыз жұтаң жұмыстардың педагогикалық негізделгеніне көз жеткізу қиын:

1.Ондай жоспар тәрбие жұмысының жіктеліп, тәрбие түрлерінің бір-бірімен өз ара байланысын жоққа шығарады. Мысалға, оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмысқа араласуын ескермей, оның идеялық-саяси тәрбиеленуі мүмкін емес.

2.Тәрбие жұмысының мазмұны осындай жеке бағыттардан сапасынан айрылады, өйткені оқушылармен істелетін жұмыстың түрі тек сөйлеу сипатындағы шаралардан құралатын болады.

З. Жоспарлаудан және тәрбие үрдісінен тәрбиенің негізгі құралы-ұжым, оқу орнындағы ұжымның жасақталу негізі - оқушылардың оқу үрдісі назардан тыс қалады.

Сондықтан, жоспарға қойылатын негізгі талап-жоспардың мазмұнын сынып жетекшісі мен оқушылардың мәселені шешуге бағдарлау, яғни мазмұнның мақсатты бағытталуы.

Жоспарда басқа да жекелеген талаптарды көрсету қажет:



  • оқушылардың іс-әрекетін, ең алдымен сабақты, еңбекті, қоғамдық-саяси практиканы ұйымдастыру;

  • оқушылардың ұжымын, өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру, дамыту;

  • ұжым алдындағы меселені шешуді идеологиялық қамтамасыз ететін
    идеялың тәрбие жұмыстарын жүргізу;

  • оқушылардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына тексеру жүргізу және
    оны бағалау.

Жоспарға кіргізілетін жүмыстардың түрі мен сипатына қарай оларды негізгі екі бағытқа біріктіруге болады: ұйымдастыру және идеялық-тәрбие бағыттары.

I. Жоспардың ұйымдастырылу бағытына оқушылардың іс-әрекетін жетілдіру, ұжымды қалыптастыру мен дамыту шаралары кіреді. Ол оқушылар ұжымы мен оның өзін-өэі басқаруын – сынып жетекшісі мен қоғамдық ұйымдарды педагогикалық басқару функциясының жүйесін құрайды.

Жоспарда әуел бастан оқушыларды танып білу жолдары қарастырылды: олардың жеке қағазымен танысу, әңгімелесу, сыртынан бақылау, сауалнама алу және т.б. Одан кейін өзін-өзі басқару органдарын, оқу тобы ішіндегі міндеттерді сайлау жоспарланады. Басқарудың негізгі функциясы іс-әрекеттер мен өз ара қатынастарды ұйымдастыру болғандықтан, жоспарға алдымен оқушылардың оқуына қатысты шаралар жазылуы керек: интернат мен оқу залында дайындалу, өз ара үлгермеушілерге көмек, ақыл-кеңес өткізу, мектеп үйірмелеріне тарту, пән бойынша олнмпиадалар мен әртүрлі конкурстар. Осылардан басқа тағы да мына мәселелер осы бағытқа жатады:


  • оқушылардың мамандыққа және еңбекке тәрбиеленуі;

  • әскери-патриоттық, дене шынықтыру-спорт жәнө мәдени-ағарту жұмыстарына, табиғат және мәдениет ескерткіштерін қорғау, азаматтың қорғаныс салаларына араласуы.

  • интернаттағы тәрбие жұмысы, оқушыларды орналастыру, тұрмысын жақсарту, қоғамдық жұмысқа тарту;

  • оқушылардың іс-әрекетінің негізгі түрлеріне-сабақ үлгеріміне, сабақ кезіндегі, интернаттағы, практикадағы тәртібіне-тексеру жүргізу және оны бағалау.

2. Жоспардың идеялық тәрбие бағытына ұжымның күнделікті маселелерін шешуді идеологиялық қамтамасыз ететін және оқушының жеке басының идеялық негізделуін қалыптастыру алынады,

Идеялық-тәрбие жұмыстарының негізіне оқушылардың Қазақстан Республикасының Конотитуциясын, Парламенттің қабылдаған заңдары мен Президент Жарлықтары, министрлер кабинетінің, салалас министрліктің, кәсіподақтардың жоғарыдан жергілікті жерге дейінгі барлық сатыларының шешімдерін терең түсініп, оқып үйрену жатады. Қазақстандық патриотизм мен интернационализм идеяларына, құқықтық, діни көзқарасқа байланысты және эстетикалық тәрбиелер де жоспарлануы керек.

Күнделікті және болашақта болатын шараларды идеологиялық қамтамасыз етуге экономикалық, психоло-педагогикалық, санитарлық-гигиеналық және наркологиялық және мәдени-ағарту жұмыстары қолқабысын тигізеді.Тәрбие жұмыстарын жоспарлаған кезде алға қойылған міндеттер кезек-кезек бірінен соң бірі емес, өз ара байланыста кешенді шешілуге тиіс. Бұл мақсатты бағытталған кешенді жоспардың ерекшелігі жоспарды бағыт бойынша емес, күнтізбелік тәртіпте, ай және апта бойынша құраудың қажеттілігін туғызады. Ондай жоспар тәрбие жұмысында өтетін үрдісті, оның көпжақтылыгы мен бүтіндігін көрсетеді. Осындай жұмыс істеуге ыңғайлы күнтізбелік ретпен берілген тәрбие жұмысының жоспары қосымшада үлгі ретінде беріледі.

Идеялық-тәрбие жұмысының мән-мағынасы оқушыларды қоғамдың өмірдің саяси, құқықтық, этикалық, зстетикалық және тағы басқа сан салалы мәселелерімен хабардар етуінде. Бірақ, бұл ең басты мақсат емес, саяси саналылық пен моральдық жауапкершілікті тәрбиелеу ұшін алдымен оқушыларды санасына әсер ету керек; олардың іс-әрекетіне қоғамдық бағыт беріп, шығармашылық бастама мен белсенділікті көтеріп дамыту қажет.

Сана идеялық-тәрбие жұмысының әсерінен практикалың қарым-қатынаста жасақталады. Ендеше, студенттердің санасын керек бағытта қалыптастыру ұшін олардың практикалық іс-әрекетіне қоғамдық бағыттау қажет.
Идеялық - тәрбие жұмыстарын жүргізудің әдістері

1. Ақпараттау (хабардар ету) тәсілі.

Қоғамдық өмірдегі рыноктық экономикаға өтудің барысы жәйлі мемлекеттік органдардың шешімдері туралы мағлұматтар береді. Оқушыларды Президенттен бастап жергілікті әкімшіліктерге дейінгі барлық сатыларда қабылданған материалдарды, жастар одағы мен кәсіподақтардың қоғамдық ұйымдардың, салалық министрліктің, сол сияқты оқу орнының өздеріне қатысты мәселелерін, барлығын естіп, біліп отыруы міндетті. Халықаралық саяси оқиғалар, жастар қозғалысы туралы саяси хабарламаларда, баспасөзде, теледидарда, радиохабарларда, әртүрлі кездесулерде, кештерде, хабарландыру мен құжаттарды оқу кезінде көп мағлұмат алуға болады. Бұл өкімет пен басқару органдарының жұмысының жариялығына жол ашып, оқушылардың қоғамдық пікірін қалыптастырады, олардың санасы мен көңіл күйіне әсер етеді. Бірақ, іс жүзінде көбінесе хабардар ету тек деректерді жалаң абстрактілі жеткізумен шектеледі. Осы және басқа да тәсілдер оқушылардың ақыл ойына, сезіміне әсер етіп, қоғамдық өмірдің осы мәселесіне олардың қарым-қатынасын жасақтап, идеялық ұстанымын нақтылауға, соған сәйкес іс-әрекет, қимыл жасауды туғызуға тиісті.

2. Түсіндіру (ұғындыру) тәсілі.

Сынып жетекшісі мен белсенді-оқушылар түсіндіруді саясат пен экономика, құқық пен мораль, дінге, эстетикаға, психология мен педагогикаға және тағы басқа мәселелерге қатысты сұрақтарды қарастырғанда қолданады. Көбінесе саяси хабарламада ішкі және сыртқы саясатты оқушыларға сұрақтың маңызын, себебін, оның пайда болу шарты мен дамуын, оның шешілу жолы мен тәсілін түсіндіргенде, оқушыларға олардың құқылары меи міндеттерін, қоғамның ұйымдардағы және сыныптағы мәселелер шешкенде дұрыс шешімді негіздеуге, көзқарастар мен ұстанымдарды қалыптастыруға оң әсерін тигізеді, ойлауға үйретеді, зерделікке тәрбиелеуге көмектеседі.

3. Талдау тәсілі.

Сыныптағы екі түрлі сұрақтар тобы талданады: біріншіден, саяси хабарламада, конференцияда, әңгімелесуде және диспутта еліміздің қоғамдық өмірі, саясат, экономика, мораль және тағы басқалар, екіншіден, оқушылардың өмірі мен оқуы, тұрмысы, ұжымның дамуы және оны басқару.

4. Сендіру тәсілі.

Бұл тәсілдің мақсаты - оқушылардың сана-сезімінде болашаққа сенім туғызу, белсенді қоғамдық пайдалы іс-әрекетке идеялық-психологиялық дайындықты қалыптастыру. Қоғамдық дамудың теориялық сұрақтарын, біздің қоғамның таяу арадагы мақсаты мен міндетін және оған қол жеткізудің жолдары сөз етіледі. Сендіру үрдісінде осы және басқа қағидаларды оқушыларға таныс, нақтылау сұрақтармен көбірек байланыстыру қажет, оқушылардың мамандығының саласында, білім министрлігінде оң күрделі өзгерістер, алға басушылық, мамандарга соған сәйкес жаңа талаптар қойылатыны айтылады.
Идеялық- тәрбие бағытындағы негізгі жұмыстар
Қазақстан Республикасы – демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет

(Егемендіктің 5 жылдығындағы мәлімет қазіргі көрсеткіштермен салыстыру үшін, әлемдік деңгейде өскен бедел-абырой мен экономикалық-саяси жетістіктерімізді бағалау үшін берілген)

Қазақстан - әлемдік деңгейдегі субьект, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше, Халықаралық валюта қорына, Әлемдік және Еуропалық қайта жасақтау және даму банкісіне, тағы басқа да халықаралық ұйымдарға қабылданған. Шетел мемлекеттерінің басшылары, жекелеген фирмалар мен коммерциялық банкілер және меншік иелерімен келісімдер жасалады.

Республика территориясы жөнінен әлемде алтыншы орында (Ресей Федерациясы, Қытай, АҚШ, Австралия, Индия ), Жер шарының 2, Азияның 6,1 және бұрынғы Кеңес Одағының 12,1 пайызын алып жатыр.

Қазақстан халқының саны жағынан әлемде 51 орында, жүзден аса ұлттар мен ұлыстар мекендеген көп ұлтты мемлекет.Үш миллионнан аса қазақ шетелде тұрады. Әрбір төртінші жанұя аралас некелі: қазақ -4, өзбек -14, орыс -24, татар -69, украин ЗІ пайыз.

Қазақстанның құрғақтағы шекарасы - І2342 шақырым (Ресеймен-6023, Өзбекстан-2153, Қытай-1538, Қырғызстан-1053, Түркіменстан-345), судағы шекарасы - 1730 шақырым (Иран, Ресей, Азербайжан).

Мұнай қоры бүгінгі деңгеймен өндірілсе 81 жылға жетеді. Вольфрам қорынан әлемдік деңгейде бірінші, хромнан мен фосфордан екінші, марганецтен үшінші, қорғасын мен молибденнен төртінші, темір рудасынан сегізінші орында. Республика қойнауынан Менделеев кестесіндегі әлементтердің 105 табылып, барланғаны 70, өндірілгені 60.

Өзінің экономикасы шеңберінде ішкі өнім өндіруі бойынша Қазақстан әлемде 53 орында. Өндірістік бұйымдармен қамтамасыз етілуі: мың адамға шаққанда - теледидар 269, радиоқабылдағыш 258, телефон 3.

Астық жақсы шыққан жылдары қазақ елі адам басына 1700 кг шамасында өнім алғанмен бұл көрсеткіш Дания мен Канададан көп төмен.

Мүйізді ірі қара санынан әлемде 20 орында (8,76 млн.), қой саны бойынша 6 орында (35 млн.).

Ет өндіру сойылу салмағы бойынша 1990 жылдарга дейін 93 кг шамасында қанағаттандырылғанмен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнсыздануынан жалпай сойып сату өріс алынган қазіргі кезде біздің еліміз 12 орыннан алғашқы үштікке жетіп тоқтады.

Астықтың өнімділігі өте төмен (гектарынан 12,2 центнер) Мали, Гренландия, Камор аралы сияқты елдер деңгейінде 142 орында. Мал өнімділігі де көп төмен: сүт сауу жылына 2368 литр. Ауыл шаруашылығы өнімін дайындаудың деңгейі дамушы мемлекеттерден 3 есе төман.

Қазақстанда орта білімді жастардың 20 пайызы жоғарғы білімге ұштастыра алады (Жапонияда-80, Францияда-60, Австралияда-40).

Студенттің саны бойынша II орында (АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея, Перу, Италия, Ресей, Исландия, Беларусь, Египет, Литва) жүз адамға шаққанда 1,7. Мұғалімдердің тек қана 68,5 пайызы жоғары білімді. дәрігермен қамтамасыз етілуі 10 мың адамға 40 (Кеңес Одағы кезіндегі орташа деңгей 44, АҚШ - 25) дәрігер.

Қазақстанда рыноктық жағдайға кадр дайындау жақсы деңгейде жүріп жатыр. Соңғы бес жылда рыноктық экономикаға 150 мың адам оқытылды, жекешеленген шаруашылыққа бейімделген оқуға 5 мың адам қамтылып, Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша жылына 700 адам шетелге жіберілуде. Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты, Қазақ мемлекеттік экономикалық басқару рыногы институты құрылды.

Қазақстанда ұлттық кірістің бір пайызынан аздауы ғылымға, денсаулық сақтауға 2,2 пайызы ғана бөлініп отыр.

Адам жасының ұзақтығы Қазақстанда 68,6 жас, АҚШ-та 75,5, Францияда 76, Швейцарияда 77, Жапонияда 78.

Еңбекке жарамды 1000 адамға шаққанда 812 зейнеткер мен 16 жасқа дейінгі балалар бар. Рынокқа өту жағдайында халықты әлеуметтік қорғау мақсатында және жаңа құрылымдар мен экономиканы тұрақтандыру үшін республикада 24 бюджеттен тыс әртүрлі қорлар құрылған.


Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерін талдау

1.Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы, 1992 ж.

2.Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде, 1993 ж.

3. Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы -жаңарған Қазақстанға, 1994 ж.

Қоғамдық-экономикалық құрылысы өзгерген мемлекетте қазіргі кезде өтіп жатқан қайтымсыз түрлендірулер адамдардың да санасына сезімдеріне күрделі әсерін тигізіп, алдағы көлемді де, ұзақ өтпелі кезең қиындықтарына мемлекеттің парасатты саясат жүргізгеніне қарамастан, идеологияда рухани кеңістік туғызып отыр. Идеологияның керектігінде ешқандай күмән болмауға тиіс. Кез келген мемлекетте, оның ішінде Қазақстан Республикасы сияқты жаңа дамып келе жатқан елде адамгершіліктің бағдарын дұрыс негіздеуге: ғылымды, мәдениетті, білімді дамытуға, ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруға қажетті идеялар мен көзқарастардың жиынтығын жүйесіз-идеологиясыз қоғамның дамуы мүмкін емес.Әлемнің озық елдері өз ішінде, сол сияқты басқа елдермен қарым-қатынастарында айқын саяси, экономикалық және саяси-идеялық бағытты ұстанып отыруға тырысады. Өйткені, мемлекет саясатты бұл салаларда жүргізбесе, оларды басқа бағыттағы, дамуға кереғар дүниетанымдық әрекеттер кеулеп әкетеді.

Идеология - уақыт сынынан өткен, халықты алға қойылған мақсатқа жеткізетін біріктірудің, ортақ іске жұмылдырудың айнасы, әлеуметтік тәртіпті жасақтаудың механизмі. Бұл ешқандай күштеусіз мемлекет пен онымен пікірлес партиялар, қоғамдық ұйымдар тарапынан адамдар санасына жасалатын озық шара. Бірақ, мұндай іс-әрекет басқа қоғамдық пікір, көзқарасты тоқтата алмайды, әзірше қоғам мен мемлекет өмір сүріп тұрғанда әртүрлі идеялар бола беретіні сөзсіз.

Қазақстандағы қазіргі қоғамдық-саяси жағдай реформаның ешбір тоқтаусыэ жүргізілуімен шартталып отыр. Болашағы - адамның игілігі болуға тиісті қоғам өзгертулері адамның құқы мен бостандығын, барлық ұлыстар мен ұлттардың теңдігін, ұлтаралық келісімді, ізгіліктің бірігуін қамтамасыз етуге бағытталған:


  • социалистік бағдардың біздің өзгерістерге негіз бола алмайтынын өткен өмірдің өзі көрсетіп берді.

  • экономикалық күйзеліс орталықтандырған жоспарлы экономикадан рыноктыққа - тиімді экономикаға өтуге мәжбүр етті.

  • саяси күйзеліс демократия атын жамылған жасанды саяси құрылымдарға телініп, шындығында барлық шешімдерді жергілікті және орталық деңгейдегі партия басшыларының айтуымен орындаған жалған халық билігінің толық күйреуіне әкелді.

  • ұлттық күйзеліске ұлттың еркін дамуын тежеген социалистік қоғамның «социализмі» мен «интернационализмі» алып келді. Күштеп коллективтендірудің ақыры, экономикалық құлдырауға әкелсе, отарлау саясаты арқылы орталық барлық салада бір-біріне тәуелді, шикізаттық, жарым-жандық сипатқа әкелді.

  • экологиялық күйзелісті әскери басымдылықтың жетегінде жасалынған
    Семей ядролық алаңы, тек пайда табу жолында табиғатты күтімсіз қарау - Арал теңізінің құруын жеделдетті.

  • адамгершіліктік күйзеліске идеологиялық; рәсімдер мен адамдықтың
    шын асыл қасиеттері арасындағы сәйкессіздік әкелді. Социалистік қоғамға тән традициялық идеяны әрбір халықтық өміріндегі қазынаға бай,
    шексіз мұра рухани байлық пен адамгершіліктің мұраттарына негізделген дәстүрге алмастыру қажет. Бірақ, қоғамдық құрылыстың ескі сарқыншықтарынан, рулық мінез-құлықтан, құқылардан аулақ болған жөн.

Шын тәуелсіздікке ие болу ушін құқылы қоғам орнатып, жаңа технологиялық, құқылық құрылымдар, институттық негіздегі толыққанды ұлттық рыноктың аяғынан қаз тұруын қамтамасыз етіп, мемлекет негізін бекіту керек.

Идеялық бірлікті қамтамасыз ететін басты міндет - ұлтаралық келісімді ұлт ішіндегі бірлікпен бекіту қажет. Әрбір азаматтың өз орнын анықтауын қалыптастыруға қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің маңызы зор.

Қоғамда сонымен бірге тіл мәдениетінің жоғары дамуына мүмкіндік жасау керек. Туған тілдің қолданылу аясын күннен күнге кеңейте түсу мәселесін басқа тілдердің де әлеуетінің тұрақты байытылуымен қосарластыра жүргізу уақыт талабына айналады.

Қоғамдағы діннің маңызы оның әлеуметтік және рухани өмірмен бітісе қалыптасуымен, денсаулық сақтау, білім мен мәдениетке қайырымдылықтың кеңейе түсуімен арта бермек.

Тұрақтылыққа, азаматтық келісімге келу мемлекеттің жаңа саяси институттармен - саяси партиялармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуіне байланысты. Күнделікті көп сатылы құбылыстан тұратын модернизация идеологиясы дамыған азаматтық қоғамды турғызуға негіэделеді. Ондай қоғамның құрылуы төңкерістік секіріспен емес, тізбекті түрде жаңартылыып отыратын эволюциялық түрдегі механизмді талап етеді. Экономикалық жоспарда оның рөлі жеке бастамамен құрылган ерікті азаматтардың шаруашылық бірлестігі.

Әлеуметтік жоспарда жанұяны және саясаттан тыс мақсатта құрылған мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдарды қарастыруға болады.

Идеялық жосаардағы - идеялық пікір таластығы, бас және сөз бостандығы, елдегі әр азаматтың еркіндігі мен жалпы қоғамның тұрақтылығыньші шарты ретінде азаматтық қоғамды тұрғызумен бірге жасалады. Жаңа идеялық платформаны кез келген демократиялық мемлекеттердегі сияқты қажетті саяеи әлеуметтік озық білімді тарататын жаңа жүйе жүзеге асьыруға тиіс. Ондай құрылмақшы жүйеге саясатты, әлеуметтануды, поихологияны жетік білетін қажыр-қайраты мол, болашағына сенімді,терең жалпылау мен өэдігінен бағалауға қабілетті, рыноктық экономикаға жетік адамдар іріктелуі керек.

Қоғамның саяси мәдениетін қалыптастыруга білім беру, ғылым, мәдениет, шығармашылық ұйымдар, ақпарат құралдары түгелдей жұмылдырылса, олар жергілікті жерде саяси және экономикалық стратегияны, тактиканы кең таратып отырады.


Қазақстан Республикасының президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен маңызды құжаттар

  1. Қазақстан Республикасы әлеуметтік - мәдени дамуының тұжырымдамасы.

  1. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік - экономикалық мінез - құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы.

Жалпы ұлттық мәдениеттер және атап айтқанда қазақ мәдениеті қиын кезді бастан кешіруде. «Кеңес мәдениеті - мазмұны социалистік, түрі - ұлттық, рухы - интернационалдық мәдениет» деген жалған қағидаға жармасу олардың тек сыртқы белгісін ғана қалдырды. Енді қазақстандықтарға өз мәдениетінің келбетіне қайтадан толық көлемінде ие болуға тура келеді, ал бұл арада қазақ мәдениетіне, яғни мемлекетке тарихи атауын берген халықтың мәдениетіне даусыз басымдық берілуге тиіс, өйткені ол Қазақстаннан басқа еш жерде шын мәнінде түлеп, гүлдей алмайды.

Республикада тұратын барлық халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінеді, өйткені кез келген мәдениет - қайталанбас, теңдесі жоқ қазына және белгілі бір халық өзін дүние жүзінде сонысымен танытады.

Мемлекет мәдениетті демократияландыру үшін қажетті шаралардың бәрін қолданады. Мәдениеттің өзі де, оның игіліктерін пайдалану да ешкімге артықшылық бермейді және беруі мұмкін емес. Барлық халықтардың және солардың әрбір өкілінің мәдениетке қол жеткізу мүмкіндіктері тең болады.

Кез келген халық мәдинетінің негізі және іргетасы тіл болып табылады. Елімізде Тіл туралы Заң қабылданып, Қазақ тілі мен басқа ұлт тілдерін дамытудың мөмлекеттік бағдарламасы бекітіліп, республаканың Министрлер кабинетінде Тіл жөнінде комитет қкрылды. Басты міндеттердің бірі - қазақ тілін түлету, оның әлеуметтік маңызын арттыру, мемлекеттік тілді саяси, мемлекеттік, ғылыми, мәдени және басқа өмір салаларында лайықты қолдану жөніндегі мемлекеттік - қоғамдық сипаттағы кешенді шараларды дәйекті түрде жүзеге асыру.

Қазақстан халықтарының тарихи - мәдени мұрасын сақтау мен тәрбие мақсатында пайдалану мемлекеттік қамқорлыққа алынады. Өзінің мәдени мұрасын қоргау, сақтау, зерделеу, еселей түсу - әрбір халықтың құқығы және борышы. Өз тарапынан мемлекет те халықтың сан ғасырлық шығармашылығын көрсететін материалдық туындылар мен материалдық емес туындыларды қорғауга барынша жәрдемдесіп, тарихи қазыналарды урбанизациялау, индустрияландыру, технократизациялау салдарынаи бүлдіру мен жоюдан қорғап отырады.

Қазақстан Республикасы зияткерлік шығармашылық пен өнер арқылы көркемдікке тәрбиелеу ісіне ерекше мән беріп, әдебиетті, кітап басу ісін, баспасөз бен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын, өнердің театр, сазгерлік, бейнелеу, экрандық және басқа түрлерін, халық шыіармашылығын, кітапхана, мұражай және мұрағат істерін, туризмді, дене тәрбиесі мен спортты, шыгармашылық одақтардың, Қазақ мәдениет қорының, мәдениеттану саласындағы басқа да қорлар мен қауымдастықтың жемісті қызметін одан әрі дамытуга барынша жәрдемдеседі. Көркем және интеллектілік шығармашылықты саяси, идеологиялық, экономикалық және әлеуметтік сипатын шектеместен жеңілдету, ынталандыру үшін қажетті жағдайлар жасалады.

2. Мемлекет пен қоғам алдында республика зиялылық әлеуетін сақтап қана қоймай, оны еселей түсу, гуманитарлық даярлық барысында жүзеге асатын демократизм, кәсіптік шеберлік, имандылық, отаншылдық сияқты қасиеттерді бойына сіңірген ұлттық зияткерлер мен барша азаматтарды даярлауды қамтамасыэ ету міндеті тұр.

Білім беруді гуманитарландырудың басты міндеті-бүкіл тәрбие, білім беру, оқу ағарту, мәдениет кешенін ізгіліктік бағдардағы адам тәрбиелеуге жұмылдыруға саяды. Ал бұл міндетті шешу үшін гуманитарлық білім саласындағы мемлекеттік саясат қажет.

Өзінің мәртебесі жөнінен гуманитарлық пәндер жетекші пәндерге теңестіріліп, мамандарды жан-жақты білімдар етіп даярлауда өзінің лайықты орнын алуга тиіс. Шәкірттердің тіл, көркемдік-әстетика, философия, әлеуметтану, құқық, саясаттану, экономика, тарих, психология мен педагогика жөніндегі даярлығына басым жағдай туғызылуын қамтамасыз ету қажет. Сайып келгенде бәрі де педагог кадрларды гуманитарлық қайта даярлықтан өткізуді тиісінше ұйымдастыруға, бүгінгі оқушы-ертеңгі мамандарды оқытуды уақтылы қайта құруға байланысты болады.

Баланың жеке басының қалыптасуындағы мектепке дейінгі кезең баланың қоғамға кірігуінің алғашқы қадамдары жасалатын, этникалық мәдениет пен ана тіліне, басқа тілдерге ден қоюы бастау алатын, сауаттылығының бастауы арна тартатын, өзіне етене жақын ортада адамгершілік бағдар, мінез-құлқының гуманистік қырлары қалыптасатын ана мектебі аталатын отбасындағы және мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие беру кезеңін қамтиды.

Орта білім беру жүйесінде (бастауыш, орта, арнаулы болып жіктеледі) гуманитарлық даярлыққа қойылатын жалпы талаптар мектептегі оқыту мен тәрбиелеу мақсатын жүзеге асырады. Бастауыш мектептің өзінде баланың барлық танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнбе-күнгі өмірінде білім алудың қандай келешегі болатынына оның көзін жеткізу қажет. Бұл кезеңде гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндерді кеңінен енгізу қажет. Өйткені осы жастағы балалар әсершіл әрі ұғымтал келеді.

Орта буында гуманитарлық білімге қойылатын басты талаптар: тарихи оқиғаларды, жекелеген адамдардың қызметін, мемлекеттегі басқару нысандарын түсіне білу және оларды нақтылы бағамдай білу, демократиялық және экономикалық кеңістікте.өмір сүру нормаларын үйрену, әлемдік және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағдарлай білу, ұлттық сана-сезімге ие болу, адамзаттың өркениетті дамуының негізгі кезеңдеріи білу. Осы мақсатта әдебиетке, тілдерге, тарихқа, қоғамтануға, өнерге, дене мәдениетіне ерекше көңіл бөле отырып, орта білім беретін мектептерге арналған мемлекеттік базалық оқу жоспарының түрлі нұсқалылықты көздейтін бөлігіне гуманитарлық пәндердің кең жиынтығын енгізу керек.

Орта арнаулы оқу орындарында гуманитарлық және әлеуметтік-саяси ғылымдарды оқытуды ұйымдастыру медициналық, техникалық, ауьш шаруашшық, ағарту саласындағы орта арнаулы оқу орындарында мамандарды толық даярлауға жұмсалатын жалпы оқу мерзімінің кемінде 25 пайызы аталған пәндерге бөлінуін көздейді.

Жоғары мектептегі гуманитарландыру қоғам дамуының алғышарттарын қалыптастыруға, жастардың нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеуіне даярлағандықтан, қоғамда болып жатқан өзгерістерді алдын ала анықтап, оларды бейнелеп отыруға тиіс.

Жоғары оқу орнында оқытылатын міндетті пәндердің қатарына гуманитарлық пәндердің мынадай тізбесі кіреді: тілдер, философия, тарих, мадениеттану, әлеуметтану, саясаттану, құқық, экономикалық теория, педагогика. мен психология және жоғары оқу орындарының ерекшелігіне байланысты пәндер. Техникалық, технологиялық және басқа гуманитарлық емес жоғары оқу орындарында олардың үлесі жалпы теориялық оқыту көлемінің 30 пайызынан кем болмауға тиіс. Мұның өзі әлемдік практикадағы орташа деңгейге сәйкес келеді. Бұл талаптар аспиранттар мен докторанттар даярлау, сонымен бірге практиктердің /педагогтердің, басшылардың және т.б. / біліктілігін көтеру үшін де керек.

Бастапқы кезеңде гуманитарлық білім беру тұжырымдамасын іске асыру-тұтас алғанда қоғам үшін білімділіктің беделін көтеру. Келесі кезеңнің мазмұны гуманитарлық бағыттағы оқу орындарын ашудың, жабудың немесе өзгертудің тиімділігін анықтау ушін аттестация жүргізуге және қолданылып жүрген заңдарга сәйкес мұқият сараптамалық тексеріс жасауға шоғырландырылуга тиіс.

Түбірімен жаңа білім беру мен тәрбие беру білім беру ұйымдары жұмысының нәтижелілігін тиянақтаушы кезеңнің мазмұнын анықтайтын болады.

З. Орнығуға тиіс қоғамның бітім-болмысы мынадай:



  • негізі жеке меншік болатын, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағдарланған нарықтық экономика;

  • азаматтық қоғам;

  • құқықтық мемлекет.

Әлеуметтіктің мұндай түрінің қоғамдық мұратын былай тұжырымдауға болады: «Әркімнің дәулетті болуы баршаның дәулетті болуының даусыз шарты, әркімнің дәулетсіздігі - баршаның дәулетсіздігі». Нарықтық қатынастар жүйесінің ұйтқысы - жеке адам, ал оның мінез-құлқы, біріншіден, өзінің дербестігі мен жауапкершілігін ұғынуы, екінші жағынан-ынтымақтастық қисыны, жеке басының мүддесін басқалардың жеке мүддесімен сәйкестендіре білуі арқылы көрінеді. Мұндай адамның мінез-құлқының тіректерін аңғартатын щндьшық бағдарлары мыналардан құралады: саяси салада-центризмді, қоғамның ауыз бірлігі мен тұрақтылығын қолдау, құндылық қатынастар саласында - топтасу мен ұлтаралық татулықты жақтау;

Өндіріс саласында - табыс табу мақсаты мен қаржы жинап, оны жұмсап, іскерлік және кәсіптік әдепті бұзбау қажеттігін жақтау;

Кәсіптік қызмет саласында- мүмкіндігінше неғұрлым дербес болуын өзінің кәсіптік біліктілігі мен қабілет қарымының барынша жүзеге асырылуын көздеу;

тұтыну саласында-дәулетті болуды; тұрмыстық игіліктердің техникамен жарақтанған, қазіргі заманға лайық деңгейін көздеу.

Жаhандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай құндылық бағдарының жаршысы-ортаңғы тап, ал оның елеулі белгісі - еңбек пен мүлік дербестігі.

Ортаңғы тап тұтас алғанда қоғамның қалыпты толысуында іргелі міндеттер атқарады. Бұл өзара байланысты мындай үш міндет:

1. Экономикалық және техникалық технологиялық прогресті қамтамасыз ету. Бұл міндетті орындаушы ортаңғы тап жігіне мыналар жатады:

а). Ұсақ меншік иелері мен кәсіпкерлер (фермерлер, қолөнершілер, кәсіпкерлер және т.б.)

ә). Осы салада істейтін жоғары білікті мамандар (қолданбалы мамандықтардағы ғылыми қызметкерлер, инженер-техниктер құрамы, кәсіпқой менеджерлер, жоғары білікті жұмысшьшар).


  1. Басқару жөне әлеуметтік тұрақтылықты сақтау. Бұл міндетті биліктің барлық тармақтарындағы жоғары және орта буындағы басқарушы құрам, тәуелсіз кәсіподақтардың, қоғамдық қозғалыстардың басшылары және т.б. атқарады.

  1. Адам қарымын сақтап, дамыта беру, мұны : физиологиялық (денсаулық жағдайы), зиялылық-кәсіптік (білімі мен біліктілік деңгейі), рухани (адамгершілік қағидаларын қалыптастыру) өлшемдермен бағалауға болады. Бұл міндетті орындаушылар денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет салалары шұғылданады, ал бұл салалардың өкілдері өзінше бизнеспен айналысатындарға, сондай-ақ жалданып жұмыс істейтіндерге жатқызыла алады. Ал тәуелсіз жоғары білікті сарапшы -кеңесшілер ерекше топқа жатқызылады.

Сөйтіп, ортаңғы тап осылайша қоғамның өмірлік маңызы бар, әрі оның қалыпты өмір сүруі үшін аса маңызды да мәнді міндеттерді атқарады.

Қазақстанның ортаңгы табын қалыптастыру үшін мемлекеттің және жеке меншік капиталдың қоғамның базалық салаларын жеделдете дамытуға көңіл бөлуі ерекше маңызды. Және бұл жерде экономикалық реформаның барлық үш деңгейін:



  1. Экономикалық тұрғыдан алғанда ортаңғы таптың мәртебесі мен жағдайын анықтайтын аса маңызды құқықтық шешімдердің – «экономикалық конституцияның» деңгейін;

  1. Қоғамның жоғарыда аталган базалық салаларында қаржы-кредит жұмсау мәселесін айқындайтын ауқымды деңгейін;

  1. Денсаулық сақтаудың, білім берудің, ғылымның, әлеуметтік сақтандырудың, мәдениеттің кенже қалған, әрі қасаң жүйесін туүбегейлі реформалауға; кәсіпорындарды жаңгғыртудың және шаруашылық құрылымын өзгертудің мүқтаждарын ескере отырып, жаңа мамандық берудің кең көлемді жүйесін дамытуға байланысты мәселелердің негіздемелік және ұйымдастырушылық жиынтығын - шағын деңгейін іске қосу қажет.

Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік саясаттың аса маңызды мақсаты - жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлықтың жаршысы бола алатын ортаңғы тапты қалыптастыру. Әлеуметтік саясаттың функциялары:

а). әлеуметтік тұрақтьшықты сақтау;

ә). экономикалық белсенділікті ынталандыру;

б). адамдық күш-қарымды (адамдарды) толықтырып отыру үшін қажетті жағдайлар туғызылуын қамтамасыз ету.

Ғылыми базаның болмауы әлеуметтік саясатты жағдайдың ығымен жүргізілетін берекесіз іс-шаралар науқанына айналдырып жіберді. Нарыққа қарай жылжи алмай булдіру мен сындырудан аса алмай, тұрақтап қалуымыз да - осындай саясаттың салдары.

Әлеуметтік саясаттың ұтымды моделі стратегияның үш түрі: әлеуметтік ынталандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, бейімдеумен жасалады.



Каталог: document library
document library -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет