БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37



бет22/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40

«Еңбек ер атандырады» әңгімесі


Бұл тақырыпқа егер мүмкіндік болса әңгіме, диспут емес, еңбегімен ел құрметіне бөленген ерлермен кездесу өткізген өте тиімді болар еді. Ондай адамдар біздің елімізде ерекше сый-құрметке бөленіп отыр: еліміздің қорғаныс ісінің ардагері, бұрынгы кеңес елінің, бүгінгі егемен тәуелсіз Қазақстанның Халық қахарманы Сағадат Нұрмағанбетов, ғарыш батырлары Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев, Қарағанды совхоз -институттың директоры Александр Христенко және тағы басқалары. Елдің бәрінің үкімет мадағына ұсыныла бермейтіндігі, ондай адамдардың өз арамызда да адал, үздіксіз қиын жұмыстарды атқарып жүргені бәрімізге мәлім, сондықтан кездесуге лайық адам іздеу қиынға түспейді.

Еңбекке шақыру мәселесі Абайдың ең көп айтқан саласы сияқтанады.

Қаруыңның барында қайрат қылмай,

Қаңғып өткен өмірдің бәрі де - жел.

Арамтамақтық, сұрамшақтық, тілемсектік - жексұрын психология. Абай мұны ашынып айтады. Қай заманда болсын еңбектен безу, біреугө масыл болу - жамандықтың жаманы екенін бүгін де көріп жүрміз.

Терін сатпай, телміріп, көзін сатып,

Теп-тегіс, жұрттың бәрі болды аларман...

Ұлы ақындар ешбір үзілмейтін ізгіліктермен қатар, итжанды оңбағандар жайында да өлмес өлеңдер тудырып кеткен.

«Арын сатып тіленген малы құрсын».

Сол әсерлі, пәрменді сөз сыпырғысымен жамандықты аластағалы шүйілгендер қандай ізгі жандар! «Жасөспірім замандас қапа қылды» атты өлеңінен:

Тұрлаусыздың қолынан не келеді?!

Ынтасыз қайтіп өнер үйренеді?

Еңбегі жоқ еппенен мал табам деп,

Сендіре алмай, сене алмай, сенделеді.

Ұшып-қонба, баянсыз-бағдарсыз, армансыз, табансыздық өндірер несі болсын?! Несімен жарылқасын...Өнер үйренуге ыждихат, ынта, құштарлық, шабыт керек! Қулықпен, еппен пайда табам деп, еңбектен бойын ала қашқаннан ешкім де пәтуа таппайды екен. Ел қамын ойлаған, түн үйқысын төрт бөлген Абай еңбекке үндегенде адал еңбекті меңзейді. Қулық - сұмдықпен тапқаныңның қайыры болмайды дегені.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.

Абай түгендеуінде ер-азамат сапасына адалдық, арлылық, ақ бейілділік жатады. Ар сатқаннан аулақ, еңбегіңді сату-бұл жарасымды үрдіс.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. («Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» атты өлеңнен). Құдайы жарылқағандардың қолынан келмейтіні бар ма?!

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

Абай диханшылық пен оқымыстылық жолын бөліп алып айтып отыр.

Бір ғылымнан басқаның,

Бәрі де кесел асқанға.

Асқақтап, омыраусоқтыққа салынып, кердеңдегендер қайсы еңбектің саласында да кері кетеді, қожырайды...Тек ғылыммен олқысын толтырып, біліміне білім қосқандар ғана озады, -дейді Абай.

«Адамдар және дүние – мүлік» әңгімесі





  1. Адамдардың талабы және тұтынушылық.

  2. Дүниеқоңыздық және оның біздің заманымызда байқалуы.

  1. Заттар және мода.

  2. Адамның өз еркін, пиғылын тәрбиелеу мүмкіндігі.

Кіріспе сөзде мына ойдың төңірегінде қысқаша мағлұмат беріледі. Адамдар жақсы өмір сүруге ұмтылады. Олар жақсы үй, оны дүние-мүлікпен толтыруды, әдемі киініп, сапалы тамақ ішуге тырысады. Мәдениеті жоғары адамдар білімді, мәдениетті, рухани байлықты, жан-жақты біліктілікті, ізгі өзара силастықты, адалдықты бағалайды. Қоғамның жетістігі мен негізгі қамқорлығы халықтың тұрмысын жақсартуға, тұтынуын қанағаттандыруға бағытталған болуы керек.

Қажеттіліктің екі түрі болады: біріншісі тіршілік иесінің бәріне ортақ - биологиялық қажеттілік (ішіп-жеу, суықтан қорғану,...), екіншісі тек адамға тән әлеуметтік немесе рухани қажеттілік.

Біздің замандастарымызга ең маңыздылары рухани қажеттілік (білім алу, мәдениетті игеру, шығармашылық еңбек, қоғамдық іскерлік, пікірлесу, әсемдікке ұмтылу) және эстетикалық талғамды қалыптастыру. Бұл қоғамның және әрбір жеке адамның ортақ мүддесі.

Материалдық қажеттілікті тек әр адамның еңбек кірісі мен қоғамның мүмкіндігін есепке алып қана қанағаттандыруға болады.

Дүниеқоңыздық - ақыл-ойдың тарлығы, қызығушылық өрісінің шектіліігі. Дүниеқоңыз - жаңалыққа, озық іске қарсы, эгоист, есепшіл, материалдық жетістік үшін ғана өмір сүруге тырысады жеке бақытты қысқа саяз түсінеді. Оған жоғары мақсат, ұмтылыс пен идеал адамдардан өзгеше бағытта болғаны ұнайды, басқаша ойлап, моральді өзінше ұғады. «Дүниеқоңыздық» ұғымы «тәтті өмір» тұрғызуга ұмтылуды, оған жету үшін кез келген айла-тәсілді қолдануды, жағдайга жылдам көндігу, жеке басының табысы мен гүлдеуіне жол табуды, басқа адамдардың арасында «керемет» заттарымен ерекшеленгенді ұнатуды білдіреді. Өкінішке орай, біздің жастарымыздың арасында да дүниеқоңыздық жиі кездеседі.

Адам дүние-мүліктің құлы болмауы керек, қайта олар адамға қызмет етіп, оның талабын қанағаттандырып, зстетикалық талғамын дамытуга тиісті. Адамдар әдемі киініп, әсем заттар пайдаланып, сұлу болып көрінгісі келеді. Бірақ, талғам үнемі өзгеріп отырады, тіптен қоғамның даму сатыларында ғана емес, бір ұрпақ үшін де түрленіп кетеді. Мысалға, киім-кешек пен аяқ киімге мода әрбір алты-сегіз жылда кенеттен жаңарып шыға келеді.

Мода - халықтың қалың тобын қамтитын, әсіресе жастар көп еліктейтін, көпшіліктік құбылыс. Ол басқа адамға ұқсауға, басқа адамдар сияқты болуға негізденген.

Модыға еліктегенде өзіңнің жеке ерекшеліктеріңе сәйкестендіруге тырысасың. Мысалға, киім-кешек таңдағанда өзіңнің жасыңа, бойыңа, сымбатыңа, шашыңның түсіне және тағы басқасын есепке аласың. Керісінше жағдайда модылы киінген адам әдеміліктен жұрдай, тіпті әлем-жәлем, нұсқасыз, ұсқыны адам шошытардай болып шығады.

Модыны дұрыс қабылдау адамның мәдениеті мен санасының деңгейіне, өзіндік бола алуында, адамдығы мен эстетикалық дамуына байланысты. Модыға тым берілу, сыртқы және дүниелік жағынан байып кету ішкі жан дүниесінен асып кетсе, онда ол адамдың жеке басының рухани дамуына кері әсерін тигізеді.

Уақыт өткен сайын өзіңе-өзің есеп беріп, білімің мен мәдениетіңді тексеріп, артық-кемін екшеп-текшеп отырмасаң орныңда саяздап отырып қаласың. Басқаның іс-әрекетін ой таразысына салып, салмақтап, нәрі, асылы болса алып, жаманынан бойды аулақ сал:

Көптің аузын күзетсең, күн көрмейсің,

Өзіңді - өзің күзет, кел шырағым!

Заманымның ағысы осылай бастап барады екен деп, елдің істегенін істеу ағаттық, оған шама-шарқың келе бермеуі мүмкін:

Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды,

Әдеті надан адамның.

Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады. Ел түгел заманы озған басқаға еліктеді екен деп, кім көрінгенге сырласпа, жетегінде кете барма:

Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманы оны илемек,

Заманға жаман күйлемек.

Әр нәрседе қажыр-қайрат көрсетіп, өзіңе еріктілігіңді сақта дейді:

Тоқтаулық, талапты, шыдамдылық

Бұл - қайраттан шығады, білсең керек.

Басқа елдің мәдениетін біл дегенде, тек жақсысын-уақыт сынынан өткен, тексеріске шыдаған игілікті ісін үйренуге бағыттай отырады. Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл - адамға нұр болады.

Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды, соңғыға кім азбайды.

Басқаның тілін, білімін, ғылымын игеруде тек белгілі бір мақсатты көздегендер, соған жетеді, басқасын ысырып жолда қалдырады. Арақ ішу, нашақорлық, жеткен жетістікке ластанудан болады.

Мастық бойдан ағаттық көп шығарып, ақылдың көзін байлайды. Әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшөуінен асса жарамайды. Өлшеуін білмек - бір үлкен іс. Әуелі ойланбақ жақсы, бірақ іске тіпті салынып кеткен кісінің ойын билей алмай, қияли болып кеткені де болады. Екінші - ішпек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық - бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асса - жарамайды.


«Уақыт бюджеті» әңгімесі


І. Бос уақытты қалай тиімді пайдалануга болады?

2. Біздің сынып оқушылары бос уақытын қалай өткізеді?

З. Бос уақыт және оқушылардың өздігінен оқуы мен тәрбиеленуі.
Бұл тақырыпқа әңгімені оқушылар оқу үрдісіне әбден көндіккен кезде сауалнама алумен бастау - әңгімені сауалнамаға талдау жасау кәтижесінде дұрыс тұжырымға жылдам әкелуге мүмкіндік туғызады. Көпшілікке жалпыламаланган пікірге сәйкес қорытынды жасалатын болғандықтан, сауалнаманы анонимді жүргізген дұрыс. Оның сұрақтары төмендегідей: І.Үйге берілген тапсырманы орындауға кететін уақыт (күніне орташа есеппен): 1,2,3 және одан көбірек (астын сызыңыз). 2.Үйірме және спортпен айналысуға кететін уақыт (күніне орташа) : 0,5;1,2 және одан да көбірек (астын сызыңыз). З.Қоғамдық жұмысқа кететін уақыт (күніне орташа):0,5; 1,2 және одан көбірек(астын сызыңыз).

4.Телеберіліс пен радиохабарды көруге кететін уақыт (орташа күніне): 0,5; 1,2,3 және одан көп уақыт (астын сызыңыз). Б. Оқылған кітаптар мен оқулықтар (тоқсандағы санын көрсет):

а/. ғылыми-көпшілік б/. мамандық бойынша

в/.көркем әдебиет г/. басқа кітаптар б.Мәдени орындарға бару /тоқсандағы санын көрсет/:

а/.театр қойылымы б/. концерттерге

в/. киноға г/. көрмеге

д/. дәріс, баяндама е/. мұражай және тағы басқасы. 7.Газеттер мен журналдар оқу: жүйелі, жүйесіз және кейде ғана, тіпгі оқымаймын ( астын сызу керек).

оқитын журналдарым ( атап шығу):

мамандықтарға байланысты журналдар:

дене шынықтыру мен спорт туралы журналдар:

Бос уақыт - бұл жұмыс істеуге, ұйықтауга, тамақ ішуге, өзіңе қызмет жасауға пайдаланбайтын уақыт. Осыны адам өз еркінше өткізе алады ма, және ерікті іс-қимыл жасау дегеніміз не?

Қазіргі заманда еркін іс-қимыл жасау - қоғам мен әрбір жеке тұлғаның болашағы үшін жүзеге асатын қоғамдық өмірді қайта құруга белсенді атсалысу деген сөз. Адамның ондай еркіндігі негізінен өндірістік және қоғамдық жұмысында, білім алуы мен өаін оқытуында, шығармашылық іс-әрекеті мен спортта және тағы басқа істерінде байқалады. Бос уақытты еркін, яғни ұтымды өткізуге оны қоғамды дамыту мен өзіңді жан-жақты дамытуга жұмсағандығың есептеледі.

Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуі деп оны қоғамдың пайдалы жұмысқа, қоғамдық істерге, шығармашылық іскерлікке, спортқа, өзіне қызмет етуге, мәдени ағартуға, ақыр соңында жеке тұлғаның танымдық және практикалық қабілеттілігін және қызығушылығын жан-жақты дамытуды айтамыз. Уақыттың біраз бөлігі демалысқа, достық пікір алмасуга жұмсалады. Бос уақытты пайдалы іске арнау өмірдің бай мазмұнды толығуына жағдай жасап, оны мәнді де қызықты ете алады.

Осы тұрғыдан оқу тобының оқушыларының бос уақытын жұмысқа, яғни өэінің білімін жоғарылату және өзін тәрбиелеуге жұмсауын қарастыра аламыз. Осы жұмыс негізінен кәсіподақ немесе әкімшіліктің қарауында болғандықтан кіріспені және қорытындыны сол ұйым белсендісінің жүргізгені дүрыс.

Қорытынды ретінде оқушылар ұсынған бос уақытты ұтымды пайдалануды жүзеге асыратын шаралардың қажеттілігіне аса мән береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет