БАҒдарламасы 3 Сүгірбаева А. С 37 10-11 сынып оқушыларына арналған «шешендік өнер» курсы 37



бет24/40
Дата27.12.2016
өлшемі6,58 Mb.
#5524
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40

Б.С. Бекжігіт


Қарағанды қаласы Балалар

мен жеткіншектер сарайы

ПЕРНЕ САЗЫ


Балалар мен жеткіншектерге қосымша білім және тәрбие беру бағытында жасалған авторлық бағдарлама
«Қазақ халқы әнімен асқақ, күйімен құдіретті»
Кіріспе

Көне заманнан бері қазақ халқы кең далада ат үстінде жүріп- ақ, асқақтата ән салып, күмбірлете күйін тартқан. Төрт түлік малдың соңында көшіп-қонып жүріп төл өнеріміздің негізін қалаған. Қазақ халқының дала тарихы, ауыз әдебиеті, қол өнері, әншілік, күйшілік өнері атадан балаға мирас болып келеді. Онының ішіндегі күйшілік өнер саф алтындай сақталып біздерге жетті. Ұлы даламыздың Қорқыт, Кетбұғы, Құрманғазы, Дәлеткерей, Тәттімбет, Түркеш, Сайдалы-Сарытоқа, Қазанғап, Сүгір, Ықылас сынды ұлы күйшілерінің салып кеткен сара жолын Дина, Науаша, Т. Момбеков тағы да басқа толып жатқан өнер саңлақтары жалғастырды. Осы төл өнерімізді келер ұрпаққа қаз қалпында жеткізу біздің міндетіміз. Қазіргі таңда ұлттық өнерімізді дамытуда ерен еңбектер жасалып жатыр. Елбасы Н. Назарбаев, Үкімет басы үлкен мән беріп жан-жақты қолдау көрсетуде. Төл өнеріміз қайта жаңғырып, өркендеп келеді. Оған ұлан байтақ еліміздің түпкір-түпкірінде жұмыс жасалып жатқан өнер ошақтары куә. Қазақстан Республикасының 2015 - жылға дейінгі Концепциясында мектептен тыс оқу мекемелері де орта білім беру жүйесіне кіреді делінген. Бала тәрбиесінде қосымша білім беру мекемелерінің орны бөлек. Бұл жайында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында былай деп көрсетілген: «Қосымша білім беру процесі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде іске асырылады және азаматтың, көпшіліктің, мемлекеттің қажеттілігінен туындайды». Қосымша білім беру процесін жүйелі түрде қаламыздағы «Балалар мен жеткіншектер сарайы» іс-жүзіне асырып отыр. Аталмыш ұжымда қосымша білім беру бағыты ғылыми тұрғыда жан-жақты қамтылған. Көптеген үйірмелер бала тәрбиесіне үлкен мән беріп, қызмет етуде.



«Перне сазы» домбыра үйірмесі өз жұмысын қазақ халқының ұлттық аспаптарын үйретіп оқушы толық меңгеріп шығуына ықпал етеді. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп ұлы Абай айтқандай бала тәрбиесі біздің басты міндетіміз. «Бала ойын ойнау арқылы өзін-өзі қалыптастырады, есейгенде бала күніңде қалыптасқан әдеттерді қолданады» дейді А.С. Макаренко. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - деп халық даналары текке айтпаса керек. «Перне сазы» домбыра үйірмесі осы үш-төрт жыл аралығында балаларға ұлттық аспаптарды үйрету барысында едәуір жетістіктерге жетті. Домбыра үйірмесі ұстаздарының көп жылғы еңбек нәтижесінің арқасында тұрақты оқыту методикасы қалыптасқан. Қазіргі таңда қсымша білім беру саласына өзіміздің авторлық бағдарламамызды ұсынғанды жөн көріп, «Перне сазы» атты авторлық бағдарламамызды дайындадық. Бұл бағдарлама бала тәрбиесінде өз орнын табады деген сенімдеміз.
Түсініктеме хат

«Перне сазы» ұлт аспаптар үйірмесінің бағдарламасы: Балалар мен жас жеткіншектерді ұлттық тәрбиеге бейімдеу арқылы халқымыздың этно-мәдениетін бойына сіңіріп өсуін қамтамасыз ету басты міндет. Қазіргі таңдағы ұлттық сана қалыптастырудағы үлкен проблемалардың бірі осы. Қазақ жастарының батыстың өрескел әдеті мен музыкасына деген құлдық санасының дамуына салғырт қарауға болмайды. Қазақ күйлері мен әндерін үйрету арқылы баланың санасына ұлттық өнерімізді қалыптастырған абзал. Оқу процессі барысындағы негізгі проблемалардың бірі - «Балалар мен жеткіншектер сарайында» белгіленген жоспар бойынша бір топта 12, 15 бала болуы мүмкін еместігі белгілі болып отыр. Сондықтан бір топта 6-8 бала болу керектігіне көз жеткізідік. «Балалар мен жеткіншектер сарайында» Қарағанды обылысының білім беру департаменті Мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін артыру және қайта даярлау институтының білікті мамандарымен кеңесе отырып, Республикалық баспалардан шыққан методикалық оқулықтарды пайдаланып үш жылдық мерзімге арналған «Перне сазы» атты арнайы авторлық бағдарлама жасалды. Бұл жобаның музыкалық мектептердің бағдарламасынан айырмашылығы, «Балалар мен жеткіншектер сарайында» оқыту әдісі күйлер мен әуендерді есту арқылы үйретемен қатар баланың музыкалық сауаты да ашылады. Үйренемін деп келген балалардың бірде бірі назардан тыс қалмайды, қабілеті нашарлау балалар жеке топтарға бөлініп оқытылады. Қабілеті жоғары балалар бөлек топқа бөлініп «Перне сазы» ұлт аспаптар оркестріне мүше болып өз шеберлігін ұштай түседі. Оркестр мен бірге Республикалық, обылыстық, халықаралық конкурстарға қатысып, жеке орындаушылық мүмкіншіліктерін дамытуға жаңа жолдар ашылады.

Өзектілігі: «Перне сазы» авторлық бағдарламасын іске асыру арқылы балалар мен жас өспірімдерді едәуір көп қамту. Музыка мектептерінде бір сағатта бір бала қамтылса, бізде бір сағатта 6-8 бала қамтылады. Басты міндеті - атадан балаға мирас болып келе жатқан музыканы есту арқылы үйрену әдісін дамыту. Осындай бағдарлама Абдухамит Райымбергеновтың басшылығымен Алматы қаласындағы «Көкіл» деген дарын мектебінде жүзеге асырылуда. Райымбергеновтың әдістемесін еліміздің біраз мектептері негізге алып сәтті пайдаланылып жүр. Ал біздің ұсынып отырған бағдарламамыздың өзектілігі - ұлттық төл өнеріміздің дамуына және домбырада, қобызда тағы да басқа ұлттық аспаптарда тез арада ойнап үйреніп, оны толық меңгеріп шығуына мүмкіндік жасайды.

Мақсаты:

  • Үйірмеге қатысушы әрбір оқушы өз қабілетіне қарай үйретілген аспапта ойнап үйренуін қамтамасыз ету.

  • Ұлтымыздың салт-дәстүрін, мәдени мұрамызды оқушының бойына сіңіру.

  • Оқушыға күй құдіретін сезінуіне ықпал ету.

  • Батыс музыкасына еліктеген құлдық санадан аластату.

  • Қазақ халқының этно-мәдениетін, фольклорын бойына сіңіру.

Міндеті:

  • Қазақ халқының музыкалық аспаптарын жете меңгеріп, «Перне сазы» ұлт аспаптар оркестрын құру.

  • Халықаралық, Республикалық, облыстық өнер сайыстарына оқушыларды дайындау.

  • Оқушыны Отан сүйгіш париот етіп тәрбиелеу.

  • Мәдениетті, ұстамды, дарынды, өнерлі тұлға етіп тәрбиелеу.

  • Шебер орындаушы, әнші, күйші, «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат тәрбиелеу.

  • Домбыра үйірмесі, ұлт аспаптар оркестрімен жұмыс жасайтын ұстаздарға пікірлік әдістемесін ұсыну.


Оқу барысында балалардың өсу қабілеттілігін бақылау және бағалау




Аты-жөні

Алғашқы кезең

Дамушылық

кезеңі

Күйшілік өнерінің қалыптасуы

Күйші

Өнерлі тұлға

1

Сериков Нұрасыл

0

3

5

4

5

5

5

5

5

2

Әділов Дәурен

0

3

5

4

5

5

5

5

5

3

Ғали Махинұр

0

3

5

4

5

5

5

5

5

4

Кулушова Жадра

0

3

5

4

5

5

5

5

5

5

Пирманов Рауан

0

2

4

3

4

4

4

5

5

6

Әуелбеков Мадияр

0

3

4

4

4

4

5

5

5

7

Туғанбаев Жангелді

0

3

4

3

4

4

4

4

4

8

Рахымбеков Ілияс

0

2

3

3

3

4

4

4

4

9

Әсетғали Нұрсұлтан

0

2

4

4

4

4

5

4

5

10

Азбаева Айнұр

0

2

4

4

5

5

5

5

5

2 - алғашқы даму деңгейі

3 - орташа даму деңгейі

4 - жоғары даму деңгейі

5 - өте жоғары даму деңгейі
Күтілетін нәтиже

Домбыра үйірмесі және ұлт аспаптар оркестріне арнайы жазылған «Перне сазы» атты қосымша білім беру бағдарламасымен білім алған оқушылардың, оқу барысындаға нәтижесі қандай болмақ.



Білімділігі:

  • Ойы ұшқыр интеллектісі жоғары білімді болуы.

  • Музыкалық шығармаларды өз бетімен сараптай алуы.

  • Күйшілік өнері шебер қалыптасқан болуы.

  • Музыкалық сауаты жақсы дамыған болуы.

Қабілеттілігі:

  • Эстетикалық тәлім тәрбие алған талғамы жоғары болуы.

  • Сезімтал әсерленгіш, кішіпейіл, медениетті болуы.

  • Сегіз қырлы бір сырлы өнерлі бала болуы.

  • Өзінің қалыптасқан пікірі болуы.

  • Өзінің қалаған аспапбында еркін ойнай білуі.

  • Есте сақтау қабілеті жоғары дамыған болуы.

Біліктілігі:

  • Өмірде жеке тұлға ретінде қалыптасып, белгілі бір маман иесі болуы.

  • Халқымыздың ұлттық музыкалық тарихын жетік білуі.

  • Күй құдіретін бойына сіңіріп, қазақтың қара домбырасының қасиетін біліп өсуі.

  • Танымал өнер туындыларының бейнелерін (өз халқының, басқа халықтардың, классиктер) бағалау, сәйкестендіру, қарапайым талдау жасай білу.

  • Өнер түрлерін көрсететін туындыларды бағалай білу: сурет, мүсін, негізгі көркемдік материалдар мен аспаптарды қолдана білуі тиіс.

Болашақта оқушының музыкалық кәсіби білім алу мүмкіншілігі жоғары деп толық айтуға болады. Біздің бағдарламамызбен оқыған әр бала қазақ халқының күйшілік өнерін толық меңгеріп шығады. Сонымен бірге, бізідің үйірмемізге тек қазақтың балалары ғана емес, басқа ұлттың балалары да домбыра үйренуге қызығушылық танытуда. Бұл дегеніміз қазақ өнері, тілі өз дәрежесінде дамып келе жатыр деген сөз. Осындай ізгілікіті іс атқара білсек, еңбегіміздің еш кетпегені деп білеміз.
Оқыту әдістемесі

  • Интерактивтік әдістеме

  • Проблемалық ізденіс әдістемесі

  • Академиялық концерт әдістемесі

  • Жобалық әдістеме

  • Презентациялық әдістеме

Іс-әрекеттердің ұйымдастыру түрлері

  • Жеке оқыту

  • Қосалқы оқыту

  • Топпен оқыту

  • Ұжымдық оқыту

Сабақты жүргізу түрлері

  • Концерттер

  • Семинарлар

  • Практикумдар

  • Әңгіме

  • Лекция

  • Видео-аудио технологиялармен

  • Өз бетімен жұмыс істеу, тапсырма беру

  • Тәлім-тәрбиелік ойындар

Бағдарламаның мазмұны

Бірінші оқу жылында бір топқа сегіз баладан екі немесе бес топтан тұратын мектеп оқушыларын жиып, Балалар мен жеткіншектер сарайының белгіленген тәртіп бойынша әр сабақ 45 минуттан 2 академиялық сағат жүргізіледі. Сабақ беру барысында есту арқылы және мұғалімнің қолына қарау арқылы үйренеді. Мұғалім үйрететін күйін немесе әнінің нотасын дауыстап әндетіп айтып отыруы тиіс. Сонда, бала әннің немесе күйдің әуеннін тез үйреніп жаттап алады. Музыкалық мектептерде міндетті түрде нотаны оқу арқылы үйретілсе, біздің әдістемемізде есту, көру арқылы үйренуге бағытталған. Алғашқы сабақтан бастап баланы дұрыс отырғызып, қолдарын дұрыс қойып домбыраны қалай ұстау керектігін үнемі қадағалап айтып отыру керек. Алғашқы күндерден-ақ балалардың үйрену қабілеттері айқындала бастайды осы себептен балаларды қабілетіне қарай реттеп, бөліп отыруға тура келеді. Сондықтан ұлт аспаптар оркестрін құру үшін екі мұғалім болуы керек бірі - домбырашы болса, екіншісі - қобызшы болғаны дұрыс.Қабілеті жоғары балаларды бөліп, реттеп бір мұғалім әрі қарай дамытып әкетсе, екінші мұғалім қабілеті төмендеу балалар мен жұмыс істеуі тиіс.Үйренуі қиын балаларды назардан тыс қалдыруға болмайды. Бірінші оқу жылында балардың бәріне бірдей домбыра тартып үйретеді. Базистік жоспар бойынша бір жыл оқу мерзімінде 144 академиялық сағат өтіледі. Екінші оқу жылында бір топқа бір сабақта белгіленген уақыты үш академиялық сағат бір жыл оқу мерзімінде 216 сағат. Екінші жылдан бастап балаларды сараптау арқылы қобыз, бас домбыра, прима домбыра, шертер, секілді тағыда басқа ұлттық аспаптарды үйретуге болады, негізгі үйренетін аспабы домбыра болып қала береді. Сондықтан ең қабілетті деген балалар таңдалып үйретіледі. Екінші оқу жылында бір топта алты оқушы болуы керек, одан көп болса үйрену сапасы төмендеп кетеді. Бұл жерде тек қана домбыра үйретіліп қоймай басқада ұлтық аспаптарды қосуға тура келгендіктен топта балалардың алтаудан аспауы керек. Қобыз, бас домбыра шертер, прима домбыра секілді аспаптарды қосымша жеке үйретіп алып әуелі ансамбільмен содан кейін оркестрмен қосылып ойнату қажет. Осы ең қиын кезеңде балалар әр түрлі деңгейде ойнайды. Сондықтан үйірме сабағы бөлек, оркестрмен бөлек жұмыс жасалады. Балалар оркестрмен қосылып дайындық жүргізгенде барлығы бірдей игеріп кететін музыкалық шығарма таңдалып үйретілу қажет. Екінші оқу жылының бағдарламасы біртіндеп күрделене береді. Ойнау техникалық деңгейі де ылғи артып отырады. Үш сағаттың бір сағаты жеке баламен өтілсе, екіші сағаты қосылып ансамбльмен, үшінші сағаты бірнеше топты біріктіріп оркестр жасалуы абзал. Үшінші оқу жылында да бір сабақ үш академиялық сағаттан болып, бір жылда 216 академиялық сағаттан тұруы керек. Аптасына үш рет, үш сағаттан оркестр дайындығы болуы абзал. Бір аптада 9 сағат, бір айда 36 сағат бір жылдық оқу мерзімінде яғни 10 айда 360 сағат болуы қажет. Домбырада немесе басқа ұлттық аспаптарда жақсы ойнай білетін балаларды жеке концерт беруге, әр түрлі деңгейдегі өнер сайыстарына қатыстыру үшін жеке сабақтар өтіліп дайындалады. Осы кезеңде оқушы жан жақты болуына күш салынады сахна мәдениеті, аспапта ойнау мәдениеті қалыптасады. Жүріс тұрысы барлығы назардан тыс қалмай үйретіледі. Әр баланың өнерлі тұлға болып қалыптасуы қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау

  1. Білім беру ұйымындағы оқыту сапсының ішкі бағасы оқу пәні бойынша оқыту сапасын диогностикалауды қамтиды және тікелей білім беру ұйымы жүргізеді.

  2. «Балалар мен жеткіншектер» сарайының домбыра үйірмесінің оқушыларына қосымша білім беру траекториясының іске асырылуын оқудағы ілгерілеудің байқалуының, тұлғаның дамуы мен оқушының әлеуметтік белсенділігінің деңгейі жалпы мәдениетінің, оқушы ой-өрісінің жеке қырларының ерекшеліктері, рефлексия қабілеттілігі белгілі оқу кезеңі, оқу жылы бойындағы оқу жетістіктерінің мақсатты, жүйелі, үздіксіз бағалаумен өзіндік бағалау нысаны, оқушының аспапта ойнау шеберлігімен көрсетіледі.

  3. Оқушы тұлғасының дамуын диогностикалау және тузету енгізу мақсатында оқу іс-әрекетін психалогиялық қолдау жүзеге асырылады. Яғни оқушы алғаш аспапта ойнап үйренгенде, оған психологиялық қолдау көрсетіліп отырады. Мақтау, мадақтау арқылы оқушының тез үйреніп кетуіне септігін тигізіп отыру керек.

  4. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау кезіндегі өлшеу академиялық концерттер, ойнау қабілеттілігін артыру сынақтары арқылы алғашқы кезеңде бағаланады.

  5. Екінші кезеңде әрбір оқушы «Перне сазы» ұлт аспаптар оркестріне мүшелікке алынып қабілеттілігі артырылады. Оркестрге қосылып ойнау шеберлігі арқылы оқушының ойнау деңгейі бағаланып отырады.

  6. Музыкалық сауаты: нотаны оқи білу, жүргізіп оқи білуі, нотаны тез оқи білуі, нотаны мүдірмей оқу.

  7. Жеке тұлға болып қалыптасуын бағалау үшін «Таланттар шеруі» өнер сайысында оқушының жан-жақты екендігін көрсетеді. «Таланттар шеруінде» ең мықты деген балалар ғана қамтылады, оқушы өзін-өзі тек осында ғана сынай алады.

  8. Оқушының білім жетістіктері одан әрі обылыстық «Күй қайнары» жеке домбырашылар байқауында сыналады, әр деңгейдегі өнер додаларына ең үздік оқушы қатысады.

  9. Обылыстық байқаудан үздік аталған оқушылар Республикалық байқауларға дайындалып сынақтан өтіледі.

  10. Оқушы өнерінің шыңрау шегі халықаралық өнер байқауларына қатысу болмақ.






«Перне сазы» домбыра үйірмелеріне және ұлт аспаптар

оркестріне арналған авторлық тақырыптық бағдарлама

Оқытудың І-ші жылы





Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны

Мақсаты мен міндеттері


Теория


Практика




1

Білім күні

2


Білекті бірді, білімді мыңды жығады демекші білім өзектілігін түсіндіру білімге деген қызығушылык тудыру

Алғашқы білім күні -танысу. бір-біріне жақсы сөз, тілек айтуға тарту Балалар арасында достық ытымақтастықты артыру

Күй тыңдау, ән айту ұлтық аспаптар танысу






2

3


Домбырының құрылысымен танысу, домбыраны тартып үйрену. Біріншісабақ,

екінші сабақ,

үшінші сабақ.




4

Алғашқы күннен бастап баланың дұрыс отруын, саусақтарын дұрыс қойып қағысты дұрыс қағып ұйрету

Бала домбыра ойнауға отырғанда кеудесі тік түзу болу керектігін, оң қолы мен сол қолыныың дұрыс қойылуын

түсіндіру



Күй тыңдау домбыраны дұрыс ұстап үйрену



4


Оң қолына арналған жаттығулар тартып үйрену төртінші сабақ, бесінші сабақ,



2

Қағыстың түрлерін түсіндіру, домбыра тартуда оң қолының маңыздылығын тусіндіру

Домбырада ойнау тәсілім алғашқы күндерден жетік білу керек екенін түсіндіру. Нота сауаты

Күй тыңдау, қағыс түрлерімен танысу



5


Сол қолға арналған жаттығулар. Алтыншы жетінші сабақтар.



2

Домбыра пернесіндегі ноталарды дөп басып ойнап үйрену керектігін түсіндіру

Домбыра пернесідегі бірінші позиция ноталарымен танысу ойнап үйрену

Күй тыңдау сол қол саусақтарын әр пернеге дұрыс басып үйрену.



6

7




Ән, күй, шежіре соль мажор гаммасын ойнап үйрену Бірінші Этюдты үйрену. Бірінші бөлігін.Үйрену

Екінші бөлігін үйрену




4

Музыканың динамикалық және қарқындық өзгерістерін сезініп,салыстырып сәйкес қимыл жасауға, әнді көңілді ынталы орындауға үйрету

Ән, күймен шежіре ерекшеліктері жайлы түсінік беру. Нота сауаты нота оқып үйрену

Ән, күй, терме, шежре. Тыңдау техникалық жаттығулар ойнау



8
9
10



Күй атасы Құрманғазы өмірі, шығармашылығы әңгімелеу, Халық күйі «Жастар» үш бөліп үйрету Біріншібөлім.

Екінші бөлім

Үшінші бөлім


6

Музыкаға әсерлену, ырғақтық, динамиқалық есту қабілеттерін дамыту Күйді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу

Ұлттық салт – дәстүр, рәсімдер, киіз үй оның құрылымы, түрлері, ерекшелңктері, неден жасалатынына түсініктер беру, Қағаздан киіз үй макетін жасап әкелу

Киіз үй макеті қрылымын суреттеу К үй тыңдау туған жер, отан жайлы ән айту




11


Балаларға арналған «Балақан»әнін ойнап үйрену және домбырамен қосылып айтып үйрену



2

Достықты білдіріп мейірімді әнді тыңдап сезіне білуге,әнді ширақ орындауға үйрету.силастыққа қайрымдылыққа баулу

Балалық жайлы достық жайлы суреттер салу көрмесін ұйымдастыру нота сауаты

Балаларға арналған әндер тыңдау, балалық жайлы фота албомь жасау




12

Отбасы

«Бесік жыры»



2

Ата ана деген баланың сүйіспеншілігін арттыру Туған тустарына деген сезімін ойяту

Отбасы туралы әңгімелеу отбасы мүшелері қалай туысатындары жайлы ұғым қалыптастыру

От басы жайлы әр баланың әгімесін тыңдау




13

14

15



16

17


Дәулеткерей өмірі шығармашылығы

Дәлеткерейдің күйі «Қосалқа»

бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім

Бесінші бөлім


10

«Қос алқа» күйі әсем сұлу қыздың жүрісін, алқасымен сырғасын сыңғырынан суреттеген кербез күй. Балаларды әсемдік сұлулыққа ынтығуын артыру

Дәулеткерейдің өмірі жайлы әңгімелеу «Қос алқа»күйінің шығу тарихын түсіндіру. Нота сауаты

Дәулеткерйдің күйлерін тыңдау




18

Қазақ халқының салт - дәстүрі.
Баланы

«Бесіке бөлеу»


«Қырқынан шығару»
«Тұсау кесу»



2

Түрлі аспаптарда орындалған сабырлы әуенді,күйді сезіну, білуге талпындыру, Музыкаға ұлттық салт дәстүрге деген тұрақты ынта-сезімін тәрбиелеу

Ұлттық салт-дәстүр, рәсімдер туралы алғашқы қарапайымәнмен, сюжетті рольдік ойын арқылы қалаптастыру «Бесікке бөлеу» «Қырқынан шығару» «Түсау кесу» Рәсімдерін рольді ойнау арқылы таныстыру.

Салт - дәстүрлер жайлы видио фильмдер көрсету



19

0

21



22


Тәтімбетің өмірі шығармашылығы Тәтімбеттің күйі «Қосбасар»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім


8

Лирикалық күйлердің мән мағынасын түсіедіру бала бойына сезімталдықты ұялату

Шерпе күй өнерінің ерекшелігін түсіндіру шертіп ойнап үйрету

Нота сауаты



Шертпе күй тыңдау оның қалай ойналатынынзерттеу




23

Табиғатты суреттейтін күйлер Төрт түлік малды, жан-жануарларды суреттейтін күйлерге түсінік беру үйренген күйлерді қайталау


2

Табиғатқа, жан –жануарларға,деген жаупкершілікті сезіндіру

Шертпе күйді тарту әдісін дамыту

Нота сауаты



Төрт малдың бейнесін ермексаздан мүсіндеу сурет салу мақал – мәтелдер жұмбақтар




24

Республика күніне мерекелік ашық сабақ ұйымдастыру



2

Балалардың еліне жеріне деген сүйішпеншілігін арттыру отанын қорғауға деген потриоттық сезімін қалыптастыру

Туған жер туралы отан жайында өлеңдер айтылып күйлер тартылып

Концертік бағдарлама дайындау



Республика күніне мерекелік дастарқан ұйымдастыру




25
27

28


Халық аңыз күйлері жайлы мағлұмат беру халық кұйі «Келіншек»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім



8

Қазақ халқының аңыз ән, күйлерін сезініп тындай білуін үлттық фольклерді үйренуіне ықпал ету

Тарихи күйлерді зерттеу реферат жасау халық күлері жайлы әңгіме жазу нота сауаты

Халық күйлерін тыңдау қосылып ойнап үйрену




29


Көңілді күз

«Алтын күз»

таңертеңгілік өткізу




2

Балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасын арттыру

Достық сезімін ояту



«Күз аруы»өнер сайысын ұйымдастыру

Би кеші





30

31

32



Глинканың «Полькасы»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім




6

Музыкаға әсерлену дыбыс жоғарылығын

ажырату қабілетін дамыту Аспапта күйді ойнау шеберлігін арттыру



Музыкадағы дыбыс жоғарылығын,ырғақтық мәрлігін түсіндіру Нота сауаты

Жоғарғы ноталарды таза дұрыс алып үйрену




34

35


Тәуелсіздік күніне байланысты мерекелік ашық сабақ өткізу Б.Бекжігіттің «Желтоқсан құрбандары»Әнін айтып үйрену

4

Балаларға 1986 жылғы оқиғаны

түсіндіріп одан сабақ алып еліне тіліне деген сезімін ояту



Желтоқсан құрбандарын еске алу Поезиялық сәт ұйымдастыру

Күй тындау ән айтып үйрену




36

Жаңа жыл мерекесі


2

Жаңа жыл мерекесінің дүние жүзілік маңыздылығын түсіндіру

Шырша маңында тәңертеңгілік ересек балаларға мерекелік Би кеші ұйымдастыру

Жаңа жыл мерекесінің корнавалдық киімдерін бағалау




37

38

39




Халық күйі «Сал күрең»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшіншібөлім

Төртінші бөлім



6

Күйдің динамикалық реңін жеткізе орындауға қимыл қозғалысын жеткізе білуге,баулу

Шығармашылық сипатын тануға дыбысты таза алып үйрету. Нота сауаты

Күй тыңдау нота оқып ойнап үйрену




41
42

Бірінші жарты жылдықта өтілген күйлерді ансамбльмен қосылып ойнау



4

Өтілген тақырыпты қайталудың маңыздылығын түсіндіру

Ансамбльмен қосылып ойнап, бір-бірін тыңдап ойнауды үйрету, Нота сауаты

Музыканың динамикасын түсініп ойнауды түсіндіру




43

44

45




Халық күй «Кеңес»

Күйдің бірінші бөлімі

Екінші бөлім

Үшінші бөлім





8

Музыканы мұқият тыңдап отырып ести білуге шығарманы соңына дейін тындауға үйрету

Күйді анық ойнауға, мәнін түсініп ойнауға дадыландыру. Нота сауаты

Үйретілген күйлерді қайталап ойнау. Динамикасын жеткізе ойнау




46

47


Беларус әні «Янка» Бірінші бөлімі

Екінші бөлім Үшінші бөлім





4

Бір-бірін тыңдап ансамбільмен ойнау қабілетін артыру күйдің құдіреттілігін сезіну

Әуеннің жоғары-төмен өзгеріп отыруын сезіну

Нота сауаты



Үйретілген күйлерді қайталап отыру Ансамбльмен қосылып ойнау




48

Дина Нүрпейісова өмірі шығар машылығы


2

Динаның шығармашылығын жете түсіну.Күйдің шығуы қаншалықты терең ұғым екеніне көз жеткізіп ұғындыру

Дина күйлерінің ерекшелігін қарастыру.Нота сауаты

Үйретілген күйлерді қайталау Динамикасын қарастырып ойнау




49

50

51



52

Динаның күйі

«Той бастар»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшнші бөлім

Төртінші бөлім




8

Музыканы шаттана қабылдап, көңіл-күй сезімін ояту.Күйді мәнерлі,

жеңіл орындауға дағдыландыру



Күйді жүргізіп қосылып ойнау,

Нота сауаты.



Динаның «8Март» күйін тыңдау




53

Халық аралық әйелдер күні мерекессі


2

Адам өміріндегі ең ұлы ең жақын адам Ана. Ананың мейрімін сезініп, анаға деген махббаттын ояту




Аналар мерекесіне арналған, мерекелік таң ертеңгілік.ересектерге Би кеші




54
55

56


Тойбастар күйінің Бесінші бөлімі

Алтыншы бөлім

Жетінші бөлім




6

Тойбастар сөзінің ұғымын түсіну арқылы,салт-дәстүрімізді құрметтеуге үйрету

Күйді толық ойнап үйрену,Динамикасын қарастырып тарта білу

Өтілген күйлерді қайталау қосылып ойнау




57

Қош келдің наурыз

«Наурыз» мерекесіне байланысты Ашық сабақ даярлау



2

Наурыз мерекесінің шығыс халықтары үшін маңыздылығын түсіндіру

Жыл аттаулары қалай аталғалы жайлы әнгімелеу

Наурыз көже

Наурыз мерекесін тойлау






58

59

60



61

Аққыз(Мүгілсін)

Аққыздың күйі

«Мұңды қыз»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртіңші бөлім



8

Музыканың сезімдік мазмұнын ажырата білуге үйрету.

Аққыздың өмірі жайлы әңгімелеп беру Нота сауаты

Қүйлерді нашығына келтіріп ойнап үйрену




62

63

64



65

Халық күйі

«Арынғазы»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім





8

Музыкаға деген ұлттық салт-дәстүрге деген тұрақты ынта-сезімін тәрбиелеу

Халық күйлерінің ерекшеліктерімен танысу Нота сауаты

Үйретілген күйлерді қосылып тартып үйрену




66

67

68



69

«Бақтыбайдың әуені»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім




8

Төкпе күймен шертпе күйдің ерекшеліктерін сезіну талдай білуге үйрету

Төкпе күйлерді қалй ойнау керектігін түсіндіру

Өтілген күйлерді ансамбльмен қосылып ойнау




70

«Бақтыбайдың әуені» Жүргізіп тартып үйрену


2

Қазақ халқының әнімен асқақ күйімен құдіретті екенін мақтан ете білуін сезіндіру

Күйді тартып үйрену

Күй тыңдау




71

Өткен тақырып тарды қайталау

2

Қайталау

Қайталау

Қайталау




72

Қайталау

2

Қайталау

Қайталау

Қайталау





Екінші оқу жылына арналған тақырыптық бағдарлама



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мақсаты мен міндеттері


Теория



Практика

1

Білім күні.

Өткен жылғы күйлерді еске түсіру



3

Білім күнінің маңыздылығын түсіндіру

Білім күніне арналған лекция сабақ

Балалардың ойын ортаға салу

2

«Бақтыбайдың әуені» Динамикалық

белгілерін нашығына келтіріп ойнау



3


Музыканы терең ұғынып сезіммен ойнауды бала санасына сіңіру

Күйдің техникасын мүмкіндігінше өсіре айнап үйрену

Күй тыңдау. Өтілген күйлерді қайталау

3

4

5

6

Асылбековтың күйі «Әке арманы»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім Төртінші бөлім



12


Ата-ананың бала өміріндегі алатын ролін түсіндіру, әкені құрмет тұту

Күйді ойнағанда дыбысты таза алып үйренуін қадағалау. Музыка сауаты

Күйдің динамикасын сезіну, нашығына келтіріп ойнау

7

8

9

10

11

Қүй атасы Құрманғазы

«Қызыл қайың серпер»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім

Бесінші бөлім


15


Балаларға ұлттық аспаптарда ойнап үйрету арқылы музыкалық-эстетикалық тәбиелеудің мазмұнын анықтау

Балаларды халық аспаптар музыкасына қызығушылығын арттыру. Нота сауаты. Күйді төрт бөлікке бөліп үйрету, үнемі дыбыстарды таза алып ойнауын қадағалау

Қазақтың аспаптық музыкасы арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру

12

«Алтын күз»

Күз аруы өнер сынағын өткізу


3


Табиғаттың әсемдігін сезінуге.Қоршаған ортаны аялай білуге үйрету

Күз туралы әңгіме, шығарма, реферат жазу. Музыка сауаты

Күз туралы фото альбом жасау сурет көрмесін ұйымдастыру

13


14
15
16

Құсайыновтың күйі «Мереке»

Бірінші бөлім


Екінші бөлім
Үшінші бөлім
Төртінші бөлім

12


Музыкалық дыбыстардың жоғарлығы мен ұзақтығын ажырата білу.Дыбыстың табиғи таза шығуына күйдің мәнерлі орындау шеберлігін дамыту

Күйді төрт бөлімге бөліп үйрету.

Күйді үйренгенде саусақтарын әр нотаны дұрыс алуын қадағалау. Нота сауаты оң қолының қағыты бір төмен, екі жоғары алып қағуын қадағалау



Өтілген күйлерді қайталау, музыка тыңдау.Музыканы мұқият тыңдатып үйрету ансамбльмен қосылып күй тарту

17

Республика күні
Мерекелік таңертеңгілік

Би кеші


3

Республика күнінің мерекелік мәнін терең ұғындыру, Қазақстан көп ұлтты мемлекет екенін,ұлттар арасындағы ынтымақтастықты нығайту керектігін түсіндіру

Республика күніне байланысты мерекелік концертке қатысу. Сабақта Республика қалаларымен таныстыру. Туған жер, ауыл ерекшеліктерін әңгімелеу

Қаламыздың мәдени іс– шараларына белсене араласу Сабақта Казақстан рәміздері; Отан Астана, Алматы, өзіміздің қаламыз, ауыл туралы фото сурет

18

19

20

Б.Бекжігітің күйі

«Аңсау»


Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім


9


Музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Шерпе күй ойнау шеберлігін шыңдай түсу, күйді әсерлі нашығына келтіріп ойнау тәсілін қарастыру

Шертпе күйді шебер орындаушыларды тыңдау

21

22

23

24


Ә.Желдібаев.Күй

«Ерке сылқым»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім


12


Музыканың әсерлі мазмұны мен сипаты арқылы елге деген сүйішпеншілік сезімін ояту

Күйдің қағыстары екі төмен, екі жоғары қағылатынын қадағалап күйді үйрету. Музыка сауаты.

Күй тыңдау, өткен күйлерді қайталап күйлердің динамикасымен жұмыс жасау

25

Тәуелсіздік күні

Мерекелік іс шаралар ұйымдастыру


3


Отанға, елге, туған жерге деген потриоттық сезмін шыңдау

Желтоқсан құрбандарын еске алып,

ашық сабақ өткізу



Б.Бекжігіттің «Жел тоқсан құрбандары» әнін орындау. Тарихи күйлер тыңдау

26


27

Б.Бекжігітің «Туған жер» әні

Окестірге түсіру

Бірінші бөлім

Екінші бөлім



6


«Туған жердің қадірін жырақта жүрген біледі»

Әр бала туған жерінің қадір, қасиетін сезінуі тиіс



Әнді үйрену мәтінің жаттау, оркестрдің сүйемелдеуімен жеке әнші дайындау

Әншіге қосылып оркестрмен орындау

28

«Қош келдің жаңа жыл!» Жаңа мерекесін тойлау

3


Балалардың мерекелік көңіл күйін жоғарылату,

қуаныш пен шаттықты сезінуін қамтамасыз ету



Жаңа жыл мерекесі туралы ертегі, әңгімелер айтып беру.

Қыс ерекшеліктерін пайдаланып коньки, шаңғы, шанамен сырғанақ тебу



Жаңа жыл мерекесіне арналған таңертенгілік ересек балаларға мерекелік

Би кеші


29

Бірінші жарты жылдықта өтілген күйлерді қайталау

3


Күй әуенің жоғары-төмен өзгеріп отыруын сезінуге ,күйлерді ойнақы көңілді орындауға машықтандыру

Күйлерді қайталау кезінде динамикасын қадағалап нашығына келтіріп ойнау. Музыка сауаты

Күй тыңдау оркестрмен қосылып ойнау

30


31

32

33

С. Тұрысбековтың күйі «Көңіл толқыны»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім

12


Адам көңілінің асқақтығын эмоция арқылы адам өмірінде үлкен өзгерістер болатынын сезіндіру

Күйді төрт бөліп үйрету, шертіп ойнау шеберлігін арттыру

Күй тыңдау шертпе, күйдің ойнау тәсілін жетілдіру

34


35

36

37

Н. Тілендиев өмірі, шығармашылығы

«Әлқиса» күйі

Бірінші бөлім екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім

12


Қазақ фольклерына балалардың қызығушылығын арттыру

«Отырар»сазы фольклерлық оркестрі туралы меліметтер жинау. Музыка сауаты фольклерлық аспаптар туралы мағлұмат беру

Фольклорлық ансамбльдердің орындауында музыка тыңдау

38

8-Наурыз. «Халық аралық әйелдер күні» Аналар мерекесі

3


Ананың аялы алақанының сезінуге, ананы құрмет тұту керектігін ұғындыру

Ескендір Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әнін үйрену

Мерекелік таңертеңгілік Би кеші ұйымдастыру


39

Халық әндері

3

Ән айту арқылы халық әндеріне деген сүйіспеншілігін арттыру


Қазақ халқының жерінің кендігіне байланысты, әр жерде ән айту мектептері қалыптасқандығы туралы мәлімет беру

Халық әні «Әпитөкті»айтып үйрену

40

Халық әні «Қоғалы-айды» оркестрге түсіріп ойнау

3


Әнді оркестрмен сүйемелдеу арқылы музыканың құдіретін түсіндіру

Әнді оркестрге түсіру тәсілін үйрену. Музыка сауаты

«Біржан сал» операсынан Сараның ариясын тындау, талдау.

41

Орыс халық оркестрі және орыс фольклерін талдау

3


Орыс халық музыкасы арқылы басқа ұлт музыкасы құрметтеуді үйрету

Орыс халқының ұлттық аспаптарымен танысу

Орыс халық компазиторларының музыкасын тыңдау

42

Симфониялық оркестр туралы түсінік

3


Симфониялық музыка арқылы баланың музыкалық ой өрісін дамыту классикалық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру

Симфония, соната, полифония туралы түсінік классикалық музыкаға талдау жасау

Бетховеннің «Лунная сонатасын» тындау


43

«Қош келдің, Нуарыз!» мерекелік іс шара ұйымдастыру

3


Шығыс халықтарының жаңа жылдық мерекесінің мән-мағынасын тусіндіру

Наурыз мерекесінің ерекшелілтерін түсіндіру

Мерекелік таңертеңгілік Би кеші ұйымдастыру

44

45

46

47

Дулеткерейдің күйі

«Құдаша»


Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім



12


Музыкаға зейін салып үйренуге баулу.

Динамикалық есту қабілетін арттыру



Музыканың ырғақтық қозғалысын түсіндіру, күйді асықпай дұрыс үйренуін қадағалау

Өткен күйлерді оркестрмен қосылып ойнап динамикасын сақтап ойнауды үйрету

48

49

50

Дәулеткерейдің күйі «Құдаша»

Бесінші бөлім

Алтыншы бөлім

Жетінші бөлім



9


Музыканың сипатын ажырату, сезіне біліп орындау шеберлігін арттыру

Дәлеткерейдің өмірімен шығармашылығыжайында әңгімелеу

Ұлттық аспаптармен танысу, аспаптарды сипаттау, әуенінен тануды ажырату

51

52

53

54

Қазанғап өмірі мен шығармашылығы күй «Көкіл»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төтінші бөлім

12


Лирикалық күйлерді үйрену арқылы баланың эстетикалық талғамын арттыру

Қазанғаптың өмірімен шығармашылығы мен танысу. Музыка сауаты

Қазанғаптың күйлерін тыңдау,сүйікті музыкалық аспап туралы балаларды әнгімеге тарту

55

56

57

Қазанғаптың күйі «Көкіл»

Бесінші бөлім

Алтыншы бөлім

Жетінші бөлім



9


Музыканы мәнерлеу құралдарын қабылдап, ажырата білуге үйрету. Түрлі сипаттағы

музыканы тани білу ынтасын дамыту



Динамикалық есту қабілетін арттыру күйдің орындау ерекшеліктерін үйрету. Музыка сауаты

Музыканы есте сақтау қабілетін арттыру, күй тындау

58

Жеңіс күні

3

Соғыс ардагерлерін құрметтеу, отанды қорғауға дайын тұруға баулу

Марш сипатын қимылмен, әнді мерекелік көңіл-күймен жеткізе орындауға талпындыру.

Соғыс ардагерлерімен кездесу. Суреттер арқылы әңгіме құрып, «Мәңгі алау» кімдерге арналған, түсінік беріп, гүл шоқтарын қою. Көркем сөз қолдану

59

60

61

Халық күйі «Салкүрең»

Қайталау


«Бақтыбайдың әуені»

«Ерке сылқым»


9


Өткен жылғы күйлерді қайталау арқылы баланың есте сақтау қабілетін арттыру

Өткен күйлерді қайталап оркестрмен орындау. Музыка сауаты

Күй тыңдау, өткен күйлерді кім есте сақтап қалды, баларды жарыстыру

62

63

64

65

Дәулеткерейдің күйі

«Көрғұлы»

Бірінші бөлімі

Екінші бөлім

Үшінші бәлім

Төртінші бөлім



12


Музыканы тыңдау,қабылдау,есте сақтау дағдыларын қалыптастыру

Төкпе күй ерекшегін талдау, ойнап үйрену, музыкалық сауат

Күй тындау, техникалық жаттығулар ойнау

66
67

68

Н.Тілендиевтің күйі «Көш керуен»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім


9


Музыканың әсерлі мазмұны мен сипаты арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру

Күйдің техникалық еркшелгін үйрену жоғарғы темппен ойнап үйрену

Күйдің динамикалық реңкін жеткізіп орындау

69
70

71

«Көш керуен»

Төртінші бөлім

Бесінші бөлім

Алтыншы бөлім


6


Күй қүдіретін сезіндіру арқылы өмірде жақсы мен жаманды ажырата біліуін қамтамасыз ету

Техникалық жаттығуларды ойнау, өткенді қайталау

Күй тыңдау, оркестрмен қосылып орындау

72

Қайталау

3

Қайталау

Қайталау

Қайталау


Екінші оқу жылына арналған тақырыптық бағдарлама




Сабақтың тақырыбы

Са

ғат

са

ны

Мақсаты мен міндеттері


Теория


Практика

1

Білім күні

2


«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» демекші білім өзектілігін түсіндіру, білімге деген қызығушылык тудыру

Алғашқы білім күні – танысу сабағы, бір-біріне жақсы сөз,тілек айтуға тартып, балалар арасында достық ытымақтастықты арттыру.

Күй тыңдау, ән айту, ұлттық аспаптармен танысу



2

3


Домбырының құрылысымен танысу, домбыраны тартып үйрену.

Бірінші сабақ,екінші сабақ,үшінші сабақ.



4


Алғашқы күннен бастап баланың отыруын, саусақтарын дұрыс қойып қағысты дұрыс үйрету.

Бала домбыра ойнауға отырғанда кеудесі тіп-түзу болу керектігін, оң қолы мен сол қолының дұрыс қойылуын

түсіндіру.



Күй тыңдау, домбыраны дұрыс ұстап үйрену

4


Оң қолына арналған жаттығулар тартып үйрену. Төртінші сабақ, бесінші сабақ,

2


Қағыстың түрлерін түсіндіру, домбыра тартуда оң қолының маңыздылығын тусіндіру

Домбырада ойнау тәсілі алғашқы күннен жетік білу керек екенің түсіндіру. Нота сауаты

Күй тыңдау, қағыс түрлерімен танысу

5


Сол қолға арналған жаттығулар. Алтыншы жетінші сабақтар.

2


Домбыра пернесіндегі ноталарды дөп басып ойнап үйрену керектігін түсіндіру

Домбыра пернесідегі бірінші позиция ноталарымен танысу ойнап үйрену

Күй тыңдау сол қол саусақтарын әр пернеге дұрыс басып үйрету.

6

7


Ән, күй, шежіре соль мажор гаммасын ойнап үйрену Бірінші Этюдты үйрену. Бірінші бөлімін үйрену

Екінші бөлігін үйрену


4


Музыканың динамикалық және қарқындық өзгерістерін сезініп,салыстырып сәйкес қимыл жасауға, әнді көңілді ынталы орындауға үйрету

Ән, күймен шежіре ерекшеліктері жайлы түсінік беру. Нота сауаты, нота оқып үйрену

Ән, күй, терме, шежіре. Тыңдау техникалық жаттығуларды ойнау.

8

9
10




Күй атасы Құрманғазы өмірі, шығармашылығын әңгімелеу, халық күйі «Жастар» үш бөліп үйрету Біріншібөлім.

Екінші бөлім


Үшінші бөлім

6

Музыкаға әсерлену, ырғақтық, динамиқалық есту қабілеттерін дамыту. Күйді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Ұлттық салт- дәстүр, рәсімдер, киіз үй оның құрылымы, түрлері, ерекшеліктері, неден жасалатынына түсініктер беру, қағаздан киіз үй макетін жасап әкелу.

Киіз үй макеті құрылымын суреттеу, күй тыңдау, туған жер ,отан жайлы ән айту.

11


Балаларға арналған «Балақан» әнін үйрену және айтып үйрену

2


Достықты білдіретін мейірімді әнді тыңдап сезіне білуге, әнді ширақ орындауға үйрету.

Балалық, достық жайлы суреттер салу көрмесін ұйымдастыру, нота сауаты.

Балаларға арналған әндер тыңдау, балалық жайлы фото альбом жасау.


Үшінші оқу жылына арналған тақырыптық бағдарлама



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мақсаты мен міндеттері

Теория

Практика

1

Білім күні

Өткен жылғы күйлерді еске түсіру



3

Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік, Ғылымға сенген заманда тасада қалып жүрмелік.

Білім туралы лекция концерт ұйымдастыру

Білім күніне арналған фото альбом жасау білімін ұштай түсетін суреттер салғызу

2

Қазанғаптың күйі «Көкіл»

Динамикалық

белгілерін нашығына келтіріп ойнау


3


Баланың күші ретінде шеберлігін артыру өнерлі түлға ретінде қалыптастыру

Кұрделі күй тартып үйренуі үшін кұрделі техникалық жаттығулар ойнату

Казанғап күйлерінің ойналу ерекшелігі тусіндіру

3

4

5

6

Тәтімбеттің күйі «Сарыжайлау»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім Төртінші бөлім



12


Күй өнерінің шыңрау шегіне жетуге талпындыру

Күйді ойнағанда дыбысты таза алып үйренуін қадағалау. Музыка сауаты

Шертпе күйдің шеберлерімен танысу кұйлерін тыңдау

7


8

9

10

11

Толеген. Момбековтың күйі «Салтанат»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшіншібөлім

Төртінші бөлім

Бесінші бөлім



15


Балаларды халық ұлт аспаптар музыкасына қызығушылығын арттыру. Музыкаға деген талғамын жоғарылату

Музыка сауаты. Күйді төрт бөлімге бөліп үйрету, үнемі дыбыстарды таза алып ойнауын қадағалау

Қазақтың аспаптық музыкасын талдау.

12

«Алтын күз»

Күз аруы өнер сынағын өткізу


3


Табиғаттың әсемдігін сезінуге. Қоршаған ортаны аялай білуге үйрету

Күз туралы әңгіме, шығарма, реферат жазу. Музыка сауаты

Күз туралы фото альбом жасау, сурет көрмесін ұйымдастыру

13

14
15
16

Күй атасы Құрманғазы

Күй «Адай»

Бірінші бөлім
Екінші бөлім
Үшінші бөлім
Төртінші бөлім


12


Төкпе күйлердің техникалық мүмкүндігін

талғау қабілеттілігін арттыру Дыбыстың табиғи таза шығуын, күйдің мәнерлі орындау шеберлігін дамыту



Күйді үйренгенде саусақтарын әр нотаны дұрыс алуын қадағалау. Нота сауаты оң қолының қағыты бір төмен, екі жоғары алып қағуын қадағалау

Музыканы мұқият тыңдатып үйрету ансамбльмен қосылып күй тарту

17

Республика күні
Мерекелік таңертеңгілік

Би кеші


3

Республика күнінің мерекелік мәнін терең ұғындыру. Қазақстан көп ұлтты мемлекет екенін,ұлттар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуын айту керек

Республика күніне байланысты мерекелік концертке қатысу. Сабақта Республика қалаларымен таныстыру. Туған жер, ауыл ерекшеліктерін әңгімелеу

Қаламыздың мәдени іс–шараларына белсене араласу. Сабақта Казақстан рәміздері; Отан Астана, Алматы.өзіміздің қаламыз, аула туралы фото сурет

18

19

20

Құрманғазының күйі «Балбырауын»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім



9


Бал толық қанды қүй тартып шебер орындаушы бола алатынын сезіндіру

Төкпе күй ойнау шеберлігін шыңдай түсу, күйді әсерлі нашығына келтіріп ойнау тәсілін қарастыру

Музыканың әсерлі мазмұны мен сипатын түсіндіру

21
22

23

24

25

Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы. Күй «Жұмыр қылыш»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім

Бесінші бөлім


15


Тарихы күйлерді үйрену арқылы еліміздің тарихын білу өткенге есте сақтап атамекенге деген құрметін артыру

Күйдің қағыстары екі төмен, екі жоғары қағылатынын қадағалап күйді үйрету. Музыка сауаты

Күй тыңдау, өткен күйлерді қайталап күйлердің динамикасымен жұмыс жасау

26

Тәуелсіздік күні.

Мерекелік іс- шаралар ұйымдастыру


3


Отанға, елге, туған жерге деген потриоттық сезмін шыңдау

Желтоқсан құрбандарын еске алып, ашық сабақ өткізу

Б.Бекжігіттің «Жел тоқсан құрбандары»

әнін орындау.

Тарихи күйлер тыңдау


27


28

Б.Бекжігітің «Туған жер» әні

оркестірге түсіру

Бірінші бөлім

Екінші бөлім



6


«Туған жердің қадірін жырақта жүрген біледі»

Әр бала туған жерінің қадір, қасиетін сезінуіне ықпал ету



Әнді үйрену мәтінін жаттау, оркестрдің сүйемелдеуімен жеке әнші дайындау

Әншіге қосылып оркестрмен орындау

29

«Қош келдің жаңа жыл» жаңа жыл мерекесін тойлау

3


Балалардың мерекелік көңіл күйін жоғарылату,

қуаныш пен шаттықты сезіндіру қажет



Жаңа жыл мерекесі туралы ертегі, әңгімелер айтып беру.

Қыс ерекшеліктерін пайдаланып коньки, шаңғы, шанамен сырғанақ тебу



Жаңа жыл мерекесіне арналған таңертенгілік ересек балаларға мерекелік

Би кеші


30

Бірінші жарты жылдықта өтілген күйлерді қайталау

3


Күй әуенің жоғары-төмен өзгеріп отыруын сезінуге, күйлерді ойнақы, көңілді орындауға машықтандыру

Күйлерді қайталау кезінде динамикасын қадағалап нашығына келтіріп ойнау. Музыка сауаты

Күй тыңдау оркестрмен қосылып ойнау

31

32

33

34

Құрманғазының күйі «Сарыарқа»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім

12


Адам көңілінің асқақтығын эмоция арқылы адам өмірінде үлкен өзгерістер болатынын сезіндіру

Күйді өте шапшаң ойнатып үйрету техникалық жаттығулар үрену

Күй тыңдау, Төкпе күйдің ойнау тәсілін жетілдіру

35

36

37

38

Қазанғаптың күйі «Құс қайтару»

Бірінші бөлім екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім


12


Қазақ фольклерына балалардың қызығушылығын арттыру

«Отырар»сазы фольклерлық оркестрі туралы меліметтер жинау. Музыка сауаты фольклерлық аспаптар туралы мағлұмат беру

Фольклерлық ансамбльдердің орындауында музыка тыңдау

39

8 Наурыз «Халықаралық әйелдер күні» Аналар мерекесі

3


Ананың аялы алақанының сезінуге, ананы құрмет тұту керектігін ұғындыру

Ескендір Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әнін үйрену

Мерекелік таңертеңгілік Би кеші ұйымдастыру


40

«Ән айтамыз» атты ашық сабақ

3

Ән айту арқылы халық әндеріне деген сүйіспеншілігін ояту


Қазақ халқының жерінің кендігіне байланысты әр жерде ән айту мектептері қалыптасқандығы туралы мәлімет беру

А.Есмұханов. «Туған жер» әнін айтып үйрену

41

«Домбырасыз ән қайда» әнің үйрену

3


Әнді оркестрмен сүйемелдеу арқылы музыканың құдіретін түсіндіру

Әнді оркестрге түсіру тәсілін үйрену. Музыка сауаты

«Біржан сал» операсынан Сараның ариясын тындау, талдау.

42

Орыс халық оркестрі жене орыс фольклерін талдау

3


Орыс халық музыкасы арқылы басқа ұлт музыкасын құрметтеуді үйрету

Орыс халқының ұлттық аспаптарымен танысу

Орыс халық компазиторларының музыкасын тыңдау

43
44

45

46

Моцарт «Ронда»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім

12


Симфониялық музыка арқылы баланың музыкалық ой өрісін дамыту классикалық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру

Симфония, соната, полифония туралы түсінік, классикалық музыкаға талдау жасау

Бетховеннің «Лунная сонатасын» тындау


47

«Қош келдің, Наурыз!» мерекелік іс-шара ұйымдастыру

3


Жыл басы күн мен түннің теңесетін күні 22нарыздан басталатынын бұл күн мұсұлман қауымы үшін қасиетті күн екенін түсіндіру

Наурыз мерексін тойлау концертік бағдарламалар ұйымдастыру

Мерекелік таңертеңгілік Би кеші ұйымдастыру.

48

49

50

51

«Қызыл жебе»

Бірінші бөлім


Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім


12


Балаларды оркестрмен халық аралық, Республикалық, обылыстық өнер сайыстарына шыңдау.

Музыканың ырғақтық қозғалысын түсіндіру, күйді асықпай дұрыс үйренуін назарда ұстау

Өткен күйлерді оркестрмен қосылып ойнап динамикасын сақтап ойнауды үйрету

52

53

54

«Қызыл жебе»
Бесінші бөлім

Алтыншы бөлім

Жетінші бөлім


9


Музыканың сипатын ажырату, сезіне біліп орындау шеберлігін арттыру

Техникалық жаттығулар, оң қол мен сол қолға арналған жаттығу

Ұлттық аспаптармен танысу, аспаптарды сипаттау, әуенінен тануды ажырату

55

56

57

58

Құрманғазының күйі «Кішкентай»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төтінші бөлім

12


Лирикалық күйлерді үйрену арқылы баланың эстетикалық талғамын қалыптастыру

Құрманғазының өмірінен үзінді әңгімелер айтып беру. Музыка сауаты

Құрманғазының күйлерін тыңдау,сүйікті музыкалық аспап туралы балаларды әңгімеге тарту

59

60

61

62

Дайрабайдың күйі

«Дайрабай»

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Төртінші бөлім



12


Музыканы мәнерлеу құралдарын қабылдап, ажырата білуге үйрету. Түрлі сипаттағы

музыканы тани білу, ынтасын дамыту



Динамикалық есту қабілетін арттыру, күйдің орындау ерекшеліктерін үйрету. Музыка сауаты

Музыканы есте сақтау қабілетін арттыру, күй тындау

63

Жеңіс күні

3

Соғыс ардагерлерін құрметтеу, отанды қорғауға дайын тұруға баулу

Соғыс ардагерлерімен кездесу.Лекция концерт ұйымдастыру

Соғыс жылдарының кино фильдер көру

64

65



Әбдімомын Желдібаевтың күйі «Еркесылқым»

Қайталау


«Бақтыбайдың әуені»

6


Өткен жылғы күйлерді қайталау арқылы баланың есте сақтау қабілетін арттыру

Өткен күйлерді қайталап оркестрмен орындау. Музыка сауаты

Күй тыңдау, өткен күйлерді есте сақтап қалу қабілетін тексеріп, баларды жарыстыру

66

67

68

69

Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі.

Бірінші бөлімі

Екінші бөлім

Үшінші бәлім

Төртінші бөлім


12


Музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау дағдыларын қалыптастыру

Төкпе күй ерекшелігін талдау, ойнап үрену, музыкалық сауат

Күй тындау, техникалық жаттығулар ойнау

70

71


Н.Тілендиевтің күйі «Ата толғауы»

Бесінші бөлім

Алтыншы бөлім

6


Музыканың әсерлі мазмұны мен сипаты арқылы елге, тілге деген сүйіспеншілік сезімін ояту

Күйдің техникалық еркшелгін үйрету, жоғарғы темппен ойнап үйрену

Күйдің динамикалық реңкін жеткізіп орындау

72

Қайталау

3

Қайталау

Қайталау

Қайталау


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Халық аспаптар оркестрі», С.Байжұманов, Алматы, «Өнер» баспасы, 1993.ж.;

  2. «Домбыра үйрену мектебі», Л Хамиди, Б.Ғизатов, Алматы, «Өнер» баспасы, 1983.ж.;

  3. Бес томдық «Қазақ музыка антологиясы», « Мәдени мұра»;

  4. «Домбыра дастан», Қ.Сахарбайқызы, Алматы, «Мектеп», 2002 ж.;

  5. «Ән күй әдістемелік нұсқау», С.Бәттібаева, Ф.Қоңратбай, Алматы, «Кітап», 2003. ж.;

  6. «Домбыра үйренейік», Ысқақов, Алматы, «Өнер»;

  7. «Қобыз үйрену мектебі», Қ.Ахметов, Алматы, «Өнер», 2007 ж.;

  8. «Домбыра сазы», Т.Мерғалиев, Қазақ ССР «Ғалым» баспасы, Алматы, 1972.ж.;

  9. «Көш керуен», Н.Тлендиев, Алматы, «Өнер» баспасы, 2005 ж.;

  10. «Ата толғауы», Н.Тлендиев, Алматы, «Өнер» баспасы», 2005. ж;

  11. «Көкейкесті», А.Мырзабеков, Алматы, «Өнер» баспасы, 1988 ж.;

  12. «Құрманғазы», «Сарыарқа», Қ.Ахмедияров, Алматы, «Өнер» баспасы, 1995 ж.;

  13. «Қазақтың халық әндері», Л.Хамиди, Қаз.Мем.Көркем әдебиет баспасы, 1958. ж.;

  14. Балалар бақшасында «Музыкалық тәрбие беру методикасы», Н.А.Ветлухина, Дзержинская И.Л. Камисарова А.И. издательство «Просвещения», 1976. ж.

  15. «Кең жайлау», М.Елемесов, Алматы, «Өнер» баспасы, 1993 ж.

  16. «Шынар», Қ.Ахмедияров, Алматы, «Дайк Пресс», 1999. ж;

  17. «Байсерке күйші», М. Ысқақбай, Алматы, «Өнер» баспасы, 2003 ж.;

  18. «Асыл мұра», Б.Қарақұлов, Алматы, «Өнер», 1998 ж.;

  19. «Күй толқыны», Э.Мухамбетова, Алматы, «Өнер» баспасы, 1985 ж.;

  20. «Құрманғазы», А.Жұбанов, Қаз.Мем.«Көркем әдебиет» баспасы, 1961ж.

  21. «Күйлердің тарихы», Т.Мерғалиев; С.Бүркіт, О.Дүйсен, Алматы, «Комплекс» 2000. ж.;

  22. «Күй шежіре», А.Сейдімбеков, Алматы, «Өнер», 1997 ж.;

  23. «Серпер», Ш.С.Қажығалиев, Алматы, «Кітап», 1987 ж.;

  24. «Казахская тродиционная музыка и ХХ век», Алматы, «Дайк Пресс», 2000 ж.;

  25. «Күй қайнары», С.Ахметова, Алматы, «Өнер», 1983 ж.;

  26. «Қазақ халық күйлері», О.Дүйсенов, Алматы, «Өнер», 2000 ж.;




Каталог: document library
document library -> Оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
document library -> Оқу жылы бойынша №29 Александр Герцен атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран»ұйымының жылдық есебі. Мақсаты
document library -> Новоишим қазақ орта мектебінің аналитикалық талдауы 2011-2012 оқу жылы
document library -> «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм бойынша Ұбт-ға дайындық жұмысының жайы
document library -> Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын- өнер Жүсіпбек Аймауытов Алғы сөз
document library -> Сабақтың түрі: кіріктіру сабағы. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, бейнеролик,суреттер,сергіту сәті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет