Мазмұны
Сарсенбаева Аян Қыдырқожақызы 3
Жақыпбекова Назира Алмаханқызы 3
«ЖЕТІ ЖЕТЕКШІ» БАҒДАРЛАМАСЫ 3
Сүгірбаева А.С 37
10-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ШЕШЕНДІК ӨНЕР» КУРСЫ 37
Шхан Нұрлан Елемесұлы 45
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 45
Ризагүл Байғанатқызы 85
«ТАҒЫЛЫМ» 85
1-11 сыныптарға арналған тәрбие жүйесінің бағдарламасы 85
Қодар Әшенбек Күләшбекұлы 106
«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ АТТЫ ЕЛГЕ САЯХАТ» ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ 106
Касымова Айгүл Қапанқызы 110
«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС 110
Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлы 114
«АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ 114
Абдықалықов Қожанасыриден 119
ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ 119
«Махабббат, неке және жанұя» диспуты 134
«Атым адам болған соң» диспуты 137
«Ұжым және ұжымшылдық» әңгімесі (диспуты) 141
Саналы тәртіп – заман жауапкершілігі 143
«Достықтық төлеуі – достық» диспуты 144
«Еңбек ер атандырады» әңгімесі 146
«Адамдар және дүние – мүлік» әңгімесі 147
«Уақыт бюджеті» әңгімесі 149
«Ғылым таппай мақтанба» әңгімесі 150
Оқушы мінездемесінің мазмұны 153
Б.С. Бекжігіт 154
ПЕРНЕ САЗЫ 155
Рамазанова Ағуза Далабайқызы 176
«ТАҒЛЫМ» ТӘРБИЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 176
Рамазанова Ағуза Далабайқызы, 180
Әбішева Зәуре Сүндетқызы 180
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН - ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 180
Игілікова Рыскүл Әлмішқызы 183
“ШАҢЫРАҚ” ТӘРБИЕЛІК ЖҮЙЕСІ 183
Ғалиева Ботагөз Жағыпарқызы 190
ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ - ТЕКТІ ҰРПАҚ 190
Оқушылардың ғылыми қоғамы 198
Этномәдениет секциясы 198
Сокоренко Владислав, 9 класс. 219
Сокоренко Галина Николаевна, 219
«ИСТОРИЯ СОЗДАНИЯ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СИМВОЛОВ И ГЕРАЛЬДИЧЕСКИХ ЗНАКОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» РЕФЕРАТ 219
Маканова Т.В. 240
ГРАЖДАНИН СВОЕЙ СТРАНЫ 240
Рекомендации по организации патриотического клуба «Отан» 246
Тема: Государственные символы Республики Казахстан 259
Тема: Дерево жизни в центре Евразии. Байтерек 262
Тема: «Я - житель большого города» 266
Тест «Что такое патриотизм?» 269
Тема: “В потоке истории” 271
Тема: «Конституция – основной закон государства» 274
Тема: «Казахстан вчера, сегодня, завтра» 278
Рефлексия (подведение итогов, выводы) 281
Тема: Основной закон государства» 285
Тема: Общественные объединения 287
Тема: «Счастье жить» 292
Тема: "Вспомним всех поименно" 298
Григорович Н.В. 302
«Я – ГРАЖДАНИН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 302
ПРОГРАММА ВОСПИТАНИЯ 305
Чикишева Л.В. 316
«Я- ГРАЖДАНИН СВОЕЙ РОДИНЫ» 316
Сарсенбаева Аян Қыдырқожақызы Жақыпбекова Назира Алмаханқызы
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты
«ЖЕТІ ЖЕТЕКШІ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Түсінік хат
Халық педагогикасы – кез-келген халықтың сан ғасырдан бергі ата-бабадан қалған, ұрпақтан-ұрпаққа өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан, баланы тәрбиелеп, бағып-қағып, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – өздерінен бұрынғы аға буын өкілдерінің тәрбие жөніндегі жинақталған бай тәжірибелеріне сүйене отырып, келер ұрпақты адал еңбекке, өнер-білімге баулу, өмірге бейімдеу, отбасының, ауыл-аймақтың, туған Отанының ар-намысын қорғау сияқты ізгі адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып:
«Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара,
Он бес жасына дейін қосшыңдай сана,
Он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала»,-деп жүргізуді талап еткен. «Баланы өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деп айтқан халқымыздың дана сөздері де бағдарламаның алтын діңгегі болып саналады.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан–2030» стратегиялық бағдарламасында мемлекеттің мерейін өсіріп, іргесін бекітерлік ұзақ мерзімді басымдықтар қатарында білім де аталған. Себебі, адамзат тарихы, тағылымы осыны қажет етіп отыр. Осыған орай бағдарламада егемен еліміздің келешегі үшін дені сау, рухы күшті жеке тұлғаны қатарға қосуды басты міндет етіп алдық.
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі – талап,
Жолаушысы – ой,
Қорғаушысы – мінез,
Қорғаны – сабыр,
Сынаушысы – халық,
Жолдасы – кәсіп,-деп айтқан Саққұлақ бидің сөзін негізге ала отырып, мектеп-интернаттағы тәрбие жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының негіздерін басшылыққа алдық. Олар:
Халық педагогикасының негіздері:
Бағдарламада көрсетілген халық педагогикасының негіздеріндегі адамның жан дүниесіндегі жеті танымдық әрекеттерге сүйене отырып, халықтың, ең негізгі үштаған қасиеттерін басшылыққа алдық. Мұны сабақ үрдісінде, сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарында, сыныптан тыс түрлі іс-шараларда әр сыныптың жас ерекшеліктеріне қарай (педагогикалық технологиялар арқылы) өтетін жетекші тақырыптарға топтадық.
8-сыныптар – салт-дәстүр, ақыл тәрбиесі;
9-сыныптар – білім мен логика. Тіл, ойлау, зердесін ояту;
10-сыныптар – түйсік пен ішкі сезім, жүрек тәрбиесі. Адамгершілік;
11-сыныптар – азаматтық. Орта білім, кәсіп.
Яғни:
халықтың ең оқшау ерекшеліктерін байқататын дәстүр- салты;
халықтың өзі қалыптастырған сөз саптаулары немесе сөз өнері;
терең тұжырымдардан тұратын ой өрнектері мен шеберлікпен жасаған қолөнері.
Бағдарлама – халық педагогикасының ұлттық ерекшеліктерін оқытудың төл технологиясы «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша талданған, жас ұрпақты ұлтжандылаққа, отансүйгіштікке, өнер-білімге, адамгершілік қабілеттерге баулитын, өмірге бейімдейтін құрал.
Мұнда бұрынғы аға буын өкілдері мен жас ұрпақты жалғастырушы салт-дәстүр, ұлттық мұралар сатылай жүйелі талдай берілген.
Бағдарлама міндеттері:
Ұлттымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қасиетін оқушы бойына сіңіру;
оқушы бойында ұлттық сана, ұлттық болмысты қалыптастыру;
адамгершілікке баулу;
еңбек мәдениетін дамытуға ықпал жасау;
ұлттық сезімді эстетикалық талғаммен ұштастыру;
бабалардан қалған мол мұраны, ғибрат аларлық асыл сөздерді ұғындыру, өнеге алу, танымдық дүниелерін қалыптастыру.
Бағдарламаның ерекшелігі:
оқу материалының жүйелілігі, бірізділігі;
табиғилығы;
дағдыға басым бағыт беруі;
оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
«Жеті жетекші» бағдарламасының құрылымы мен мазмұны
Эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика: Ұлттық мәдениет, қазақ халқының көшпелі тұрмыс-өмір салты, эстетикалық талғам деңгейі. Эстетикалық тәлім-тәрбие. (3-сағат)
Ұлағатты ұлттық ұғымдар. (1-сағат)
Бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрлер. Бесіктің тәрбиелік мәні. Бесіктің құрылысы. Қазақ халқының бесікке салу дәстүрін сатылай кешенді талдау. Бесік жырына байланысты өлең-жырлар. Бесікке қатысты жұмбақтар мен бата-тілектер. Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар. (7-сағат)
Тұсау кесу. Тұсау кесу – алғашқы қадам басу. Қазақ халқының тұсау кесу дәстүрін сатылай кешенді талдау. Тұсау кесу рәсіміне байланысты туған өлең-жырлар. (3-сағат)
Тілашар тойы. Қазақ халқының тілашар дәстүрін сатылай кешенді талдау.
Тілашар тойының өлең-жырлары, бата-тілектері. Өсиет сөздер.(3-сағат)
Қазақы тыйымдар мен ырымдарын сатылай кешенді талдау. Адамның іс-әрекетіне қатысты тыйымдар мен ырымдар. Балаға қатысты тыйымдар мен ырымдар. (3-сағат)
Еңбек тәрбиесі. Қазақ халқының мал шаруашылығындағы тәрбиеге қатысты ұғымдарын сатылай кешенді талдау. Түйенің пірі – Ойсылқара. Түйе қасиеті. Түйе малына байланысты мақал-мәтелдер. (4-сағат)
Достарыңызбен бөлісу: |