Сауалнама сұрақтары.
1. Саған мектеп ұнайда ма немесе ұнамайды ма?
2. Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келеді ме?
3. Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен коррекция сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?
4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?
5. Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?
6. Сен сабақта үзілістің көп және үзақ болғанын қалайсың ба?
7. Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?
8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?
9. Сенің сыныпта достарың көп пе?
10. Сыныптастарың саған ұнайды ма?
Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы - оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.
«МЕНІҢ СЫНЫБЫМ» ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушылардың назарына сыныбтың суреті салынған парақ көрсетіледі.
Нұсқау: «Балалар! Суретте сендердің сыныптарың көрсетілген. Ортанғы орындықта апайың (мұғалім) отыр, апайдың айналасындағы оқушылар өздерінің жұмыстарымен шұғылдануда. Ал, қалған балалар ауланың сыртында ойын ойнауда. Осы суреттегі оқушылардың ішінен өзіңді тауып алып белгілеп, жанына өзіңнің аты-жөніңді жаз. Өзіңді белгілеп болған соң суреттен өзіңнің досыңды тап та жанына аты-жөнін жаз».
Талдау нәтежесі:
«Мұғалімнен алыста» позициясында тұрған болса – баланың сынып ұжымына бейімделуінде қиындықтардың бар екенін көрсетеді.
Өзге баллармен өзін теңестіру, жұп болып тұруы, ойыншылармен бірге – баланың бейімделуі жақсы деңгейде.
Мұғаліммен бірге: бала үшін мұғалімнің маңыздылығы ерекше екендігі.
Ойын позициясы: оқу позициясымен сәйкес келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |