Экскурсиялық қызмет – азаматтардың бір елде уақытша жүрген кезінде, туристік ресурстарды қолдана отырып, қызмет көрсетуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлғаның іс-әрекеті.
Оқу бағдарламасы
Кіріспе
Қазіргі Қазақстанда кәсіпкерлік кейбір қиындықтарға кездессе де, бұл болған нақты іс. Ол заң жүзінде қорғалады және даму үстінде. Таңдап алған бағыттың өзектілігі түсінікті, себебі кәсіпкерліксіз нарықтық экономика болмайды. Ол бізде бастапқы қалыпта болғанымен, бизнес қоғамдық өндірістің жетекші саласы болатынына күмән жоқ.
Бизнеске деген қызығушылық шынайы, әрі ақталған. Біздің көз алдымызда қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылуда, өзінің жеке ісін ұйымдастыруға ұмтылып жатқан адамдар пайда болуда, олар қазіргі жағдайларға байланысты бір орында тұрмай, қызығушылықтарын танытып, өздерін бос еңбектік қызметте көрсеуде. Бұған қоғамның егемендігі және шаруашылық қызметі көмектесуде.
Монополизмді жеңіп шығу мен бәсекелестікті дамытуға бағытталған нарықтық экономикаға көшу өндіріс құрылымының күрделі өзгеріске баруын талап етеді. Жеке меншіктің әртүрлі нысанында негізделген кәсіпкерліктің дамуынсыз, әлем экономикасы дәлелдегендей бұл шараларды шешу мүмкін емес.
Бүгінде көп адамдар өндірістің, экономиканың, жалпы қоғамның дамуын жылжытатын кәсіпкерлік екенін түсіне бастады. Еліміз кәсіпкерлік арқасында, ал кәсіпкерлер мемлекет қолдауының арқасында гүлденіп жатыр.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуына интенсивті түрде барлық жағдайлар жасалуда, әсіресе кәсіпкерлікті дамытуға жеке меншікті жекешелендіруге байланысты үлкен жұмыстар атқарылуда. Елімізде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауға кең ауқымды шаралар қолдануда.
Курсты оқыту экономикалық теория, экономикалық оқу тарихына, оқу әдістері мен қағидалар негізінде құралады.
Айтылған курс мақсаты – болашақ мамандарға Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызметінің саласында теориялық білім және тәжірибелі дағды беру.
Міндеттері:
кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру нысандарын, шарттарын, әдістерін және қағидаларын білу;
дұрыс қызметті қамтамассыз ететін барлық ресурстардың ең тиімді нұсқаларын жоспарлауды анықтау;
кәсіпкердің шаруашылық қызметіне талдау жасау;
шаруашылық қызметінің кәсіпкерлік тәуекелін бағалауды анықтау;
коммерциялық келісім бойынша ұйымның әдістемелерін қолдану және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |