Курстың тақырыптық жоспары
Барлығы (кредиттер): 2
№
|
Тақырып атауы
|
Лекция
|
Тәжірибелік сабақ
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Кәсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушлық нысандары
|
2
|
2
|
2
|
6
|
2
|
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
|
2
|
2
|
2
|
6
|
3
|
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
|
2
|
2
|
2
|
6
|
4
|
Кәсіпкерлік ұйымдарды кадрлық қамтамасыз ету
|
1
|
1
|
1
|
3
|
5
|
Кәсіпкерлердің шаруашылық серікітестіктерімен келісімдік қатынастары
|
1
|
1
|
1
|
3
|
6
|
Кәсіпкерлік мәдениеті
|
1
|
1
|
1
|
3
|
7
|
Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау әдістері
|
1
|
1
|
1
|
3
|
8
|
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
|
1
|
1
|
1
|
3
|
9
|
Кәсіпкерлік қызметінің инфрақұрылымы
|
1
|
1
|
1
|
3
|
10
|
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі
|
1
|
1
|
1
|
3
|
11
|
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау
|
1
|
1
|
1
|
3
|
12
|
Кәсіпкерлік қызметті тоқтату
|
1
|
1
|
1
|
3
|
|
Барлығы
|
15
|
15
|
15
|
45
|
Дәрістердің қысқаша мазмұны
Тақырыптар бойынша дәрістер және дәрістерді оқып үйренудің әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып: Кәсіпкерлік түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушлық нысандары
Мақсаты: Кәсіпкерлік іс-әрекеттер объектерін анықтай отырып, кәсіпкерліктің типін (түрін) анықтау. Кәсіпкерліктің заңдылығын, өсу қарқынын, соңғы нәтижесін, ұсынылған жаңалықтарды анықтау.
Сұрақтар:
Кәсіпкерліктің мәні, мақсаты мен міндеттері
Кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен салалары
Кәсіпкерліктің негізгі нысандары
Кәсіпкерлікті жіктеу белгілері
Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: кәсіпкерлік, кәсіпкер, кәсіпкерлік пайда, жаңашылдық, кәсіпкерлік орта, тәуекелділік, батылдық, ынталалақ, өскелеңдікке ұмтылу, кәсіпкерліктің жалпы экономикалық қызметі, ресурстық қызметі, кәсіпкерліктің ізденіс – шығармашылық қызметі, әлеуметтік қызметі, кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық қызметі, толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестік, тұтынушылар кооперативі, одақ (құрылтай).
Батыс елдерінде кәсіпкерлік аса ерекше ізденімпаздықты білдіріп, шаруашылықты жүргізудегі бюрократизмге қарсы іс-әрекеттерді білдіреді, бұл жағдайда барлық жаңа мүмкіндіктерді іздестіру жаңа ойларға сүйену, міндеттерді орындау жолында барлық мүмкіндіктер көзін пайдалану қажет.
Осындай көзқарастардың біздің елімізде де кәсіпкерлікті дамытуда маңызы өте зор.
Америка ғалымы Р.С. Ронстадтық пікірінше кәсіпкерлік байлықты көбейту жолындағы өскелең даму үстіндегі процесс. Соеымен бірге Р. Хизрич және М. Питерс өздерінің «Кәсіпкерлік немесе өз ісін бастап табысқа жету» кітабында кәсіпкерлік іс - әрекеттерді жан – жақты талдап, ауқымы кең анықтама берді: кәсіпкерлік – айтарлықтай күш, уақыт талап ететін қаржылық, рухани жауапкершілік жүктейтін, зор табыс желетін сол арқылы ризашылыққа бөлейтін аса бағалы жаңа іс-әрекеттер.
Кәсіпкерліктің мәнін ең қысқа, нақты анықтама арқылы түсіндірген Р. Хизрич: – «Бұл – белгілі бір құны бар жаңаны, жаңалықты туғызатын іс-әрекет». – деді. Америка ғалымы А. Шапиро кәсіпкер мен кәсіпкерлік ұғымы іс жүзінде жаңалыққа ынталылықты, әлеуметтік – экономикалық механизмді қайта құру процесін, сәтсіздік жағдайдағы жауапкершілікті, тәуекел етуге дайын болу жағдайларын атап көрсетті. Ресейлік ғалым – экономист А.В. Бусыгинның көзқарасының да маңызы зор. оның пікірінше кәсіпкерлік белгілі бір бастамада іскерлік белсенділікті, нақты іскерлік идеягы (ойды) жүзеге асыруға ұмтылыс деп түсіндіреді.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы үшін кез келген жаңа істер кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлікті ең алдымен өндіріс факторын жеке азаматтар мен бүкіл қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру жолындағы экономиканың өсу - өркендеу үшін пайдалану деп түсіну қажет. Қазақстанда кәсіпкерліктің негізгі қызметі – сапалы өнім өндіріп (немесе қызмет көрсету), оы қажет етуші тұтынушыларға дейін жеткізіп, соған сай материалдық және моральдық қайтарымын алу.
В.И. Дальдың жазғанындай, кәсіп ету – яғни, бір істі бастау, жаңа іс-әрекетті орындау, үлкен мағынасы бар істі бастап, орындауға кірісу. Өз бизнесін бастау үшін әрбір азамат немесе ұйым міндетті түрде кәсіпкерлік істерді реттеуші азаматтық заңдылықтарды білуі тиіс.
Кәсіпкерлік белгілі бір тауар өндіріп (қызмет көрсетіп), нәтижесінде пайда алу үшін кәсіпкерлердің экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық т.б. қарым – қатынастарының жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге тұтынушылар мен жеткізушілер, банк қызметкерлері, түрлі нарықтық субъектілер, мемлекет пен жергілікті биліктегі адамдармен қаржылық, экономикалық қарым – қатынастар орнату кәсіпкерлік іс-әрекеттердің негізі.
Кәсіпкерлікте нарықтық экономиканың әртүрлі заңдылықтарын, тауар өндірісі мен тауар қатынастарына байланысты экономикалық механизмдерді дамытып отыру қажет. Кәсіпкерлік кәсіпкердің жаңа идеясының пайда болғанынан бастап, нақты іскерлік жоба дайын болғанша жалғасатын күрделі мақсаткерлік тізбекті құрайды.
Кәсіпкерлік – барлық ресурстарды тиімді пайдалано отырып, тұтынушылар үшін аса құнды, олардың қажеттілігінен шығатын жаңа тауар өндіру немесе жаңа жұмыстар орындап, қызмет көрсету арқылы ең жоғары нәтижеге жету.
Кәсіпкерлік іс-әрекет тұрақты, үзіліссіз жалғасып отыруы тиіс, себебі тұтынушылардың талабы үнемі өсіп және өзгеріп отырады.
Өркендеген нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік іс, осы іспен шұғылданатын фирмалар мен компаниялардың, жеке кәсіпкерлер мен күрделі кәсіпкерлік құрылымдардың жиынтығынан құралады. Бұл жағдайда жалпыэкономикалық, ресурстық, ізденістік – шығармашылық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық функциялар орындалуы тиіс. Кейбір ғалымдардың пікірінше, кәсіпкерлік ісінде кәсіпекрлер ассоцияциясын (одағын) құратын саяси қызмет те орындалуы тиіс дегенді айтады.
Типтерге бөлу дегеніміз – кәсіпкерлік іс-әрекеттерді негізгі белгілері бойынша – нақты экономикалық (шаруашылық) істері бойынша ажырата білу.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: меншіктік түрі бойынша, заңдылық ерекшеліктері бойынша, орналасқан жерінің аумағына қарай, әртүрлі жерлерде орналасқаныны қарай, құрылтайшылардың құрамына байланысты персоналдар саны мен айналым көлемі бойынша, өсу қарқыны мен пайданың деңгейіне қарай, жаңа ұсыныстарды пайдалану дәрежесіне байланысты, т.б.
Меншік түріне тоқталатын болсақ, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік, жеке меншік және мемлекеттік меншік түрінде дамиды.
Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік заңды, заңсыз және жалған кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Іс- әрекеттердің аймақтарға бөлінуіне байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық және дүниежүзілік болып бөлінеді.
Құрылтайшылардың құрамына байланысты әйелдер кәсіпкерлігі, жастар кәсіпкерлігі болып бөлінеді.
Өсу қарқыны мен пайданың, табыстың мөлшеріне байланысты кәсіпкерлік ұйымдар – жедел дамушы, даму қарқыны төмен компаниялар, жоғары пайдалы және төмен рентабельді ұйымдар, өте жоғары тәекелді бизнес түрі және төменгі тәуекелді бизнес түрімен шұғылданатын ұйымдар болып бөлінеді.
Өз істерінде жаңа ұсыныстар мен жаңалықтарды, жаңа технологияларды пайдалануына, өндірісте бұрын белгісіз болған мүмкіндіктерді ашуына, инновациялық менеджментті, маркетингті кеңінен қолдануына байланысты кәсіпкерлік – ізденістік, өнімдік, ескі технологияның орнына жаңа ұлғаймалы өндірісті дамытушы деп бөлінеді.
Құрылтайшылар санына байланысты кәсіпкерлік жеке және ұжымдық болып бөлінеді.
Персоналдық санына және жарғылық қордың мөлшеріне байланысты түрі шағын кәсіпкерлік болып саналады.
Егер кәсіпкерлікті ұйымдастыруда қазақсьандық қатысушылардан басқа шетел азаматтары болса, онда ол біріккен кәсіпкерлік деп аталады, сонымен бірге шетел инвестициясымен құрылған кәсіпкерлік түрі де болады.
Ұйымдастыру механизміне байланысты, басқарушылар санына байланысты жай және күрделі кәсіпкерлік ұйымдардың түрлері болады.
Ұйымдастырушылардың жауапкершілігіне байланысты толық жауапкершілікті және субсидиорлық жауапкершіліктегі кәсіпкерліктегі ұйымдар болып бөлінеді.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттердің бағытына, нақты нәтижесіне байланысты кәсіпкерліктің мынадай түрлері бар:
Өндірістік кәсіпкерлік тұтынушыларға нақты тауар түрін өндіру немесе қызмет көрсету, өткізу мәселелері бойынша жұмыстарды орындау болып табылады. Өндірістік кәсіпкерлік материалдық сферада жүзеге асатындықтан, мынадай түрлерге бөлінеді:
өнеркәсіптік, құрылыстық, ауылшаруашылық және т.б. сонымен бірге кәсіпкерлік өндіріс салалары бойынша әртүрлі болады, мысалы өнеркәсіптік – машинақұрастыру, станокқұрастыру және т.б.
Коммерциялық – сауда кәсіпкерлігі, мұнда кәсіпкерлер нарықты зерттеп, сұраныс жағдайын баға деңгейін білуі, соның нәтижесінде шығынды азайтып, пайданың көп болуын қарастырады.
Қаржылық – несиелік кәсіпкерлікте құнды қағаздармен жұмыс істеу, ұлттық ақша мен валюта курсының байланысын зерттеп білу қажет. Мұндай кәсіпкерлікпен шұғылданатындар коммерциялық банктер, қаржы – несиелік компаниялар, қор биржасы, валюттік биржалар, басқа да мамандандырылған мекемелер.
Кеңес беру (консалтинг) кәсіпкерлігі әртүрлі бағыттарда кеңес беру, үйрету, оқыту курстар ашу арқылы жүзеге асады. Туристік қызмет кәсіпкерлігі де кеңес беру ісіне қатысты.
Ұжымдық кәсіпкерлік мекеме (фирма) құруда негізделеді немесе заң тілімен айтқанда заңды тұлғаны құрайды. Қ.Р. азаматтық кодексі заңды тұлғалардың төмендегідей ұйымдық – құқықтық түрлерін қарастырады:
коммерциялық мекеме; толық серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын,
коммерциялық емес мекеме; қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестік, тұтынушылар кооперативі, одақ (құрылтай).
Табыс табатын іске келетін болсақ онда заңды тұлғаның коммерциялық түрін айтқан жөн. Заңды тұлғаның негізі – шағын кәсіпкерлік нысандары. (ШКН)
Толық серіктестікті құру және ашу үшін кем дегенде екі азаматтың қатысуы керек және оның саны заңнамамен шектелмеген. Сондықтан қатысушылар саны құрушылардың өз еркінде және оның саны іскерлікке бөгет болмай, істің оңтайлы жүруіне байланысты болуы керек; Құрылтай құжаты болып мекеменің жарғысы мен құрылтай шарты жатады.
Командиттік серіктестік (КС) ; Ону құру және ашу кем дегенде екі азаматтың қатысуы керек, және оның санында заңнамаларда шектеу жоқ, сондықтан қатысушылар (құрылтайшылар) саны құрушылардың өз еркінде. Бірақ толық серіктестікке қарағанда КС айырмашылығы бар ( ол командиттік деп аталғанына қарай немесе сенімділікке негізделген ) КС екі түрлі құрушы болады: толық серіктестіктер және салымшылар. Құру рәсіміне екі құжат керек: Жарғы және құрылтай шарты. Ол құжаттарға толық серіктестіктер мен салымшылар қол қояды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)Ғ құру үшін бір және одан көп құрылтайшылар бола алады және оның саны шектелмейді;
ЖШС келесі бір құрылтайшысы бір адамнан тұратыншаруашылық серіктестік құра алмайды;
Құрылтай құжаты бір адамнан құрылтайшысы бар серіктестікке жарғы болып табылады , ал екі немесе бірнеше адамнан құрылтайшы құрайтын серіктестікте жарғы және құрылтай шарты болып табылады.
Құрылтайшылар серіктестік міндеттеріне тек қана қосқан салымдары шеңберінде ғана жауап береді; серіктестік құрылтайшысының үлесі басқа адамға берілуі құрылтай құжаттарында көрсетілсе ғана жүзеге асады. Ол үлесті бірінші кезекте осы серіктестіктің басқа құрылтайшысы иемденеді. Серіктестіктің ең аз жарғылық қоры 100 ең аз есептік көрсеткішке тең.
Қосымша жауапкершілікті серіктестік (ҚШС), пен ЖШС бірітейлік жақтары көп және олардың құқықтық жағдайы бір заң актісімен анықталады.
Серіктестік құрылтайшылары серіктестіктерінің міндеттемелері бойынша өздері жарғыға қосқан салымдарымен жауапты, немесе ол сома жетпегенде өздерінің дүние мүлкімен есебінен төлейді, сондықтан да ол қосымша жауапкершілікті серіктестік деп аталады.
Есесі жөнінде заңды есе мүшелері анықталмаған, сондықтан есе мөлшерін серіктестік құрылтайшылары құрылтай жарғысында көрсетіледі (мысалы 2-есе жауапкершілік, 3-есе жауапкершілік т.т.)
Құрылтайшылардың біреуі банкроттыққа ұшыраса щның серіктестік алдындағы жауапкершілігін қалған құрылтайшылар өздерінің салымдары пропорциясында жауапталады, және де басқадай жауаптану жағдайы мүмкін, және де олар қрылтай құжаттарында көрсетілуі керек, ал басқа жағдайларда ҚЖС-ке ЖШС ережелері қолданылады.
Өндірістік кооператив (ӨК): бұл азаматтардың бірігіп кәсіппен айналысуы үшін құрылған ерікті ұйым; ӨК мүшелері өз еңбек үлестерімен және мүліктік үлестерін біріктіру арқылы қызмет атқарады; кооператив мүшелері екі адамнанкем болмауы керек , бірақ одан көп санына шектеме жоқ; мүліктік үлесі 3 мың теңгеден кем болмауы шарт, ал жарғы капиталының ең аз мөлшері көрсетілмеген, сондықтан жарғы мөлшерін көрсетпеседе болады, ал жарғы мөлшері кооператив мүшелерінің мүліктік үлесінің жиынтығы боып табылады, кооператив мүшелері оның міндеттемелері үшін қосқан мүліктік үлесі мөлшерінде ғана жауапты, не керек кезінде қосымша барлық дүние мүлкімен жауапты.
азамат кооператив өз жеке еңбек үлестерімен біріккендіктен қатарынан басқа кооперативке мүше бола алмайды.
Кооперативтің басшылық құрылымы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады, одан басқа басқару тетіктері: басқарма, төраға, бақылау кеңесі болуы мүмкі, кооператив мүшесі мүліктік үлесін басқа адамға беруіне болады, бұл шараны аралық есеп қорынындысы бойынша бекітілген қаржылық есептің негізінде жүзеге асыра алады. Кооператив мүшелері мүшелердің санының көптігіне және ноариалды бекітудің қиындығына байланысты құрылтай шарттын жасамай-ақ , жарғы бойынша оған қосымша ретінде тіркелген мүшелердің тізіміне сәйкес жұмыс істей алады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларында шағын бизнес жүргізу үлгілері анықталғандықтан болашақ кәсіпкер қай тәсілмен жұмыс жасауын өзі таңдайды. Заңды тұлғаларды тіркеудің жеңілдетілген түрлері: кез-келген заңды тұлға мемлекеттік тіркеуінен өткеннен кейін ғана құрылған болып есептеледі. Мұндай тіркеу ҚР құқығын қорғау министірлігінде не оның аумақтық құрылымы, облыстық құқық қорғау басқармасында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тіркеу шаралары заңды тұлғалардың құрылтай мүшелерінің санына, істейтін кәсібіне, мүліктік иелігіне қарамай бәріне бір тәтіппен жүзеге асады. Мемлекеттік тіркеу тәртібі екі түрден тұрады:
а) барлық заңды тұлғаларға бекітілгенжалпы тәртіп бойынша;
б) шағын кәсіпкерлік үшін бекітілген жеңілдетілген мемлекеттік тіркеу. (1-кесте)
1 кесте
Достарыңызбен бөлісу: |