Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет67/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Мал азығы шөптерінің тұқымын топыраққа егудің тиімді тереңдігі (см)

Шөптер

Салмақты

Орташа

Жеңіл

Еркекшөп

1,0

2,0

3,0

Қызылот арпабас

1,5

2,0

3,0

Тамырсабақсыз бидайық

2,0

3,0

4,0

Қызыл бетеге

0,5

1,0

1,5

Су бетеге

1,0

2,0

3,0

Шалғын қоңырбас

0,5

1,0

1,5

Қарабас шалғын

0,5

1,0

2,0

Ақ, қызғылт беде

0,5

0,5

1,0

Жоңышқа, түйе жоңышқа

2,0

3,0

4,0

эспарцет

3,0

4,0

5,0

Шөлді жайылым өсімдіктерінің (күйреуік сораң, құмаршық, қараматау, теріскен, жусан, құм изені) тұқымдары олардың сусымалылығының нашарлығынан итеріп шығару әрекетін жасайтын роторлы тұқым сепкіш аппараты бар сепкішпен егеді.


Жабайы өсетін шөптердің тұқымын әзірлеу. Егілген шабындықтар мен жайылымдарды құрғанда пайдаланылатын көпжылдық мал азығы өсімдіктерінің түрлік жиынтығы, шектеулі: далалық және жартылай шөл аймақтарда, негізінен үлкен масақты еркек шөп себіледі, құм және сібір еркекшөбінің, тарлау қияқтың, аралық бидайықтың,сары жоңышқаның, баданалы қоңырбастың, қабарған мысыққұйрықтың, ақмамықтың және басқа көпжылдық шөптердің тұқымы қажет болғанмен, одан кемірек екпе жоңышқа,, құм эспарцет, түйе жоңышқа, қызылот арпабас пен тамырсабақсыз бидайық себіледі.
Шөлейт аймақта себу үшін изен мен тарлау қияқпен қатар шөл еркекшөбінің және теріскен, күйреуік сораң, сексеуіл, жүзгін, қараматау, жусан мен эфемер – қос гүлді пожитник, қарпаржемісті таспашөп, мортық, түскістан айқайың шөбі, гүлді арпабас, вайда, құмаршық және басқалар сияқты жабайы өсетін мал азығы өсімдіктерінің тұқымдары кеңінен пайдаланылады. Көлтабан учаскелер мен өзен аңғары учаскелеріне себу үшін мүйізді лядвинец, ақбаттауық, батпақты учаскелерде қамыс және басқа көпжылдық шөптерді қолданған жөн. Ол үшін аттары аталған жабайы өсетін мал азығы өсімдіктерінің тұқымын жинау қажет, олар жергілікті экологиялық жағдайға жақсы бейімделген.
Республикамыздың табиғи шабындықтары мен жайылымдарында құнды азықтық шөптердің көп түрлері өседі, олардың тұқымын жинаудан қысқа мерзім ішінде селдіреп қалған жероты жерлеріне үстеп себу, табиғи мал азықтық жерлерді түпкілік және үстіртін жақсарту кезінде шалғындандыру үшін қор жинап алуға мүмкіндік береді. Шөптердің алуан түрлілігі бойынша өзен аңғары шалғындары мен көлтабан учаскелер ерекше бай, онда сары жоңышқа, қабарға мысыққұйрық, ақмамық, түйежоңышқа және басқалар өседі. Жартылай шөлді және шөлейт жерлердің солтүстігінде шөл еркекшөбін, тарлау қияқ, жүзгін, баданалы қоңырбас және эфемердің тұқымдарын көптеп әзірлеуге болады, сұр топырақты жартылай шөлді жерлерде – алабұталар тұқымдасты бұташықтар мен жусандар және т.б. өседі. (Н.И.Можаев, И.П.Копытин, 1986)
Көпжылдық жабайы өсетін астық тұқымдас шөптерді тұқымға жинаудың ең жақсы мерзімі көптеген өнім беретін сабақтарда тұқымның гүлі мен масағының басындағы бөліктері піскен кез деп саналады. Осы кезеңде әдетінше, олар соққанда (бастырғанда) тез бөлініп түседі.
Бұршақ тұқымдастарды жинауға көптеген сабақтардың негізгі бұтақтарындағы тұқымдар гүлшоғының төменгі бөліктері піскен және бұршақтары 50 пайызынан астамы қоңырланған кезде кіріседі, бұл кезде тұқым саусақпен уқалағанда оңай үгітіледі және салмағы тығыз болады.
Жабайы өсетін мал азығы өсімдіктерінің тұқымы учаскенің ауқымына және жеротының құрамына байланысты машинамен немесе қолмен жиналады. Алаңы 0,25 га және одан үлкен учаскеден қайтадан жабдықталған астық жинайтын комбайндармен, пішен шабатын машиналармен және б. жинайды.
Биік астық тұқымдас шөптерді жинағанда комбайнды толық жинауды және барлық гүлшоқтарын бастыруға мүмкіндік беретін жоғары қиыққа (срез) қондырады, ал қалған жеротын пішен шапқышпен пішенге жинайды, шағын учаскедегі азықтық шөптерді шалғымен шабады немесе орақпен орады.
Жероты сирек болғанда тұқымын гүл шоқтарын «ысқылау» («отшмыгимания») жолымен жинайды. Бұл әдіс өте көп еңбекті талап етеді, оны тек төтенше жағдайларда ғана қолданады. Қолмен не болмаса комбайнмен жиналған шөптің тұқымдарын ауамен кептіру үшін сол күні 5-6 см қалыңдықта күркенің астына, күн ашық күні ашық ауада брезентке, қаптарға немесе қырманда кептірген жөн.
Орақпен, шалғымен немесе шөп машинасымен жиналған шөпті диаметрі 10-15 см баулап күркенің астына кептіру үшін орналастырады, сонан соң астық басатын машинамен немесе комбайнмен бастырады, ал бұршақ тұқымдас шөптердің тұқымдарын (пыжина) қосымша беде үккішпен өңдейді.
Бастырып, кептіргеннен кейін 13-15 пайызға дейін ылғалды тұқымдарды сорттайды (іріктейді) және қаптарда не болмаса құрғақ, жақсы желдетілетін қойма жайларының қамбаларында үйілген күйде сақтайды.
Жабайы азықтық шөптер табиғи шабындықтар мен жайылымдарда ұзақ уақыт бойы өсіп-өнетіндіктен біртіндеп жергілікті жағдайға бейімделген түрлерін қалыптастырады, бұл оларды өндіріске жеделдете ендірудің тиімді тәсілі болып табылады. Дәл осындай жолмен көптеген азықтық шөптер дақылға ендірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет