Бағдарламасы 6 Силлабус (пәннің жұмыс оқу бағдарламасы)



бет2/80
Дата06.02.2022
өлшемі315,79 Kb.
#72438
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
умкд кормо,точное
Инженерлі технологиялы институты
Барлығы:

15

30


    1. Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ)

5 кесте

Тапсырма №

Тапсырма

Көлемі

Сағат саны

күндізгі

сырттай

1

«Солтүстік Қазақстандағы малазықтық жерлерді жіктеу, сыныптау және паспорттандыруы»
тақырып бойынша реферат жасау

3-4 б.

3

9

2

«Солтүстік Қазақстан жағдайындағы топырақты минерализациялау» тақырып бойынша реферат жасау тақырып бойынша реферат жасау

3-4 б.

3

9

3

«Органикалық тыңайтқыштар (құстардың қиы, торф, сабан)» тақырып бойынша реферат жасау

3-4 б.

3

9

4

«Жазғы маусымға жемшөп сәйкестілігін жоспарлау» тақырып бойынша реферат жасау

3-4 б.

3

9

5

«Отырғызылған біржылдық азықтық шөптер (бұршақ және қоңырбас)» тақырып бойынша реферат жасау

3-4 б.

3

9

6

«Отырғызылған көпжылдық азықтық шөптер (бұршақ және қоңырбас), олардың өндіру технологиясы» тақырып бойынша реферат жасау

3-4 б.

3

9

7

«Жасыл малазықтарының дәстүрсіз негіздері» тақырып бойынша реферат жасау

3-4 б.

3

9

8

«Малазықтарының консервілеу әдістері» тақырып бойынша реферат жасау

3-4 б.

3

9

9

«Көлемді малазығының сапалық бағасы және сандық есебі» тақырып бойынша реферат жасау

3-4 б.

3

9

10

«Мал шаруашылық жиынтықтарындағы малазығын өндірісін ұйымдастыруы» тақырып бойынша реферат жасау

3-4 б.

3

9




Барлығы:




30

90



3. Білім алушылардың білімін модульдік-рейтингілік тексерудің кестесі (пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі)
6 кесте

Бақылау өткізілетін аптаның №

Сабақ-тың түрі

Тапсырма-ның №

Ұпайлық-рейтингілік жүйе бойынша студенттер білімін бағалаудың түрі мен формалары

күндізгі

сырттай

1

1СОӨЖ

1 СӨЖ
1-2 ЗЖ

Реферат қорғауы

Зертханалық жұмыстың есебі

2

2 СОӨЖ

2 СӨЖ,
3-4 ЗЖ

Реферат қорғауы

Зертханалық жұмыстың есебі

3

3 СОӨЖ

5-6 ЗЖ

Зертханалық жұмыстың есебі

4

4 СОӨЖ

3 СӨЖ,
7-8 ЗЖ

Реферат қорғауы

Зертханалық жұмыстың есебі

5

5 СОӨЖ

4 СӨЖ
9-10 ЗЖ

Реферат қорғауы

Зертханалық жұмыстың есебі

6

6 СОӨЖ

11-12 ЗЖ

Зертханалық жұмыстың есебі

7

7 СОӨЖ

5 СӨЖ
13-14 ЗЖ

Реферат қорғауы

Зертханалық жұмыстың есебі

1-ші аралық бақылау

8

8 СОӨЖ

6 СӨЖ
15-16 ЗЖ

Реферат қорғауы

Зертханалық жұмыстың есебі

9

9 СОӨЖ

17-18 ЗЖ

Зертханалық жұмыстың есебі

10

10 СОӨЖ

7 СӨЖ
19-20 ЗЖ

Реферат қорғауы

Зертханалық жұмыстың есебі

11

11 СОӨЖ

8 СӨЖ
21-22 ЗЖ

Реферат қорғауы

Зертханалық жұмыстың есебі

12

12 СОӨЖ

23-24 ЗЖ

Зертханалық жұмыстың есебі

13

13 СОӨЖ

9 СӨЖ
25-26 ЗЖ

Реферат қорғауы

Зертханалық жұмыстың есебі

14

14 СОӨЖ

10 СӨЖ,
27-28 ЗЖ

Реферат қорғауы

Зертханалық жұмыстың есебі

15

15 СОӨЖ

29-30 ЗЖ

Зертханалық жұмыстың есебі

2-ші аралық бақылау.




-

-

Емтихан




  1. Оқытушының талаптары: сабаққа кешікпей; сабаққа дайындалып келу; сабақ үстінде сөйлеспеу; сабақта ұялы телефонды сөндіріп қою; сабақта белсенді жұмыс істеу; сабаққа күнделікті қатысып отыру; үй тапсырмасын күнділікті орындап келу; сабақты босатпа.




  1. Ұпайларды қою критерийлері мен ережелері

1. Зертхалалық сабақта әр студент 100 балға дейін алады, әр балдың ондық және жүздік бөліміне дейін есептеледі, ол тапсырманың жеңіл және қиындығына байланысты. Бұндай жағдайда:
а) өздік жұмысты орындаудағы белсенділігі, ауызша білім тексерудегі дұрыс жауабына 75 % негізі жоғарғы балдан қойылады;
б) қалған балдарды – жұмыс дәптерінде дұрыс және сауатты толтырғаны үшін қояды;
в) бақылау сабақтарыда балдармен есептеледі, ол дұрыс жауаптардың пайыздың құрамына сәйкес болады;
2. СОӨЖ-на балдар қойылады. Балды қоюда ескеріледі студенттің сабаққа дайындығы (ауызша жауабы, өздік жұмысы, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу білуі) дұрыс жауаптары (пайызбен) жазбаша сұрақтар мен тапсырмаларды орындауы.
3. СӨЖ график бойынша тексеріліп отырылады мерзімінен кеш орындалған СӨЖ балдары 25 % кемітіледі.


3. Әдебиеттер тізімі
7 кесте



Атауы, жылы және басылымы




Негізгі

1

Н.А. Кузьмин, Н.Н Новиков Кормопроизводство: Москва «КолосС», 2004г.

2

С.Н. Надежкин Практикум по кормопроизводству с основами тестового контроля знаний:, Москва «Мир», 2005г




Қосымша әдебиет

1...еляzвляется говой системы

Андреев Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство:, Москва Агропроиздат.1990г

2

Щеглов В.В., Боярский Л.Г., Корма: приготовление, хранение, использование. Справочник:, Москва Агропромиздат, 1990г.



3.2. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздығы
8 кесте



Атауы

Орналасуы (кафедра, кітапхана, электронды кітапхана)

1.

Әдістемелік нұсқау

Ауыл шаруашылығы кафедрасы

2

Зертханалық ic-сана кұралы

Ауыл шаруашылығы кафедрасы

3

Тестілік тапсырмалар

Ауыл шаруашылығы кафедрасы, Тест орталығы

4

Пәннің ОӘЖ

Электрондық кітапхана



3.3. Арнайы құралдардың тізімі (кабинеттер мен лабораториялар, құрал-жабдықтар, реактивтер, макеттер, стендтер, шынайы-виртуалды лабораториялар, бағдарламалық өнім мен т.б.), пәнді оқыту барысында қолданылатын. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз етілуі.
9 кесте



Түрі

Орналасуы

1

Лабораториялық жұмыстарға арналған дәрісхана

429/2

2

Слайдтар лекциялардың тақырыптарымен

317/2

3

Лабораториялық жабдықтау

429/2


4. Пән бойынша әдістемелік нұсқаулар
Нокушева Ж.А. «Курс лекций по кормопроизводству» ауыл шаруашылығы саласына арналған оқу-әдістемелік құралы. – Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ, 2011. – 88 б.


5. Дәрістік кешені


1 Дәріс. Тақырыбы: Қазақстанда жем-шөп қорының жағдайы
Сұрақтар:
1. Мал азығын өндіру – ғылымның жеке саласы. Ол мал азығын өндірудің теориялық және практикалық негіздерін зерттеп, мал азықтық дақылдардан жоғары әрі сапалы өнім алуды көздейді.
2. Осы курстың мақсаты.
3. Мал азығын өндіруде – ғылым мен озық тәжірибелердің жетістіктері
1. Мал азығын өндіру – ірі және қиыншылығы көп ауылшаруашылығы экономикасының саласы болады. Мал азығын өндіру – бұл ауыл шаруашылығының әдей арналған саласы ретінде, мал азықтық дақылдарды өсірумен, дайындаумен әрі сақтаумен айналысады.
Ауыл шаруашылығы малдарына жем-шөп қорының негізін табиғи жайылымдық және шабындық жерлер құрайды. Республикада 272,5 млн гектар жер болса, оның 190 млн.га жері жайылым мен шабындық ретінде пайдаланылады. Көктемде – күзде пайдаланылатын жайылым жер шамамен 63 млн.га құрайды, жазда – 44 млн.га. Шамамен 42 млн.га жайылымды жыл бойына қой, жылқы түйе бағуға пайдалануға болады. Нашар өнім беретін шабындық шамамен – 4%, тыңайған жер – 1,5% астам ауыл шаруашылығы жерлердің жалпы санынан.
Малдарды жайылымда бағып-күту өте пайдалы болып саналады. Себебі мұнда арзан, экологиялық таза, биологиялық толық құнды ет, сүт, қымыз өндіруге болады. Әрі өндірілген мал өнімдерін экспортқа шығаруға болады.
Қазіргі уақытта статистика Агентствосының деректері бойынша Қазақстанда 187,5 млн га табиғи жайылым және 5 млн.га шабындық жер бар. Ғалым А.Төрехановтың айтуынша (2005 ж) 26,6 млн.га жер дұрыс пайдаланбағандықтан жем-шөп қорынан шығып қалған 4,5 млн.га астам жерді улы және зиянды өсімдіктер басып кеткен.
Далалық жайылым жерлердің өнімділігі соңғы жылдары, мысалы, 7-10 жылда 4,5-5,5 ц/га аспайды. Осы көрсеткіш жартылай шөлейт жерлерде 3-3,5 ц/га, ал шөлейт жерлерде 1,6-2,5 ц/га болады (құрғақ массасы).
Сондықтан, алда тұрған басты міндет: ол осы жерлерді жаңа технологияны пайдалана отырып, бар мүмкіншілікті жасай отырып, жақсы жайылым мен шабындық жерлерге айналдыру болып табылады. Бұл әрине мал шаруашылығын дамыту үшін, мал азығының мол қорын жасау резервтері болуы керек..
Ауыл шаруашылығының негізгі салалары егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының алдына қойылатын негізгі талаптар – ол халықты толық құнды, ғылыми негізделген мөлшерде, жоғары сапалы тамақпен қамтамасыз ету, және мемлекеттік қор жасау, әрі товарлы өнім өндіріп, экспортқа шығару.
Бұл талапты орындау үшін конкуренцияға төтеп бере алатын,жоғары сапалы өнім болуы керек және өзіндік құны төмен болғаны жөн.
Соңғы жылдары 1990 жылмен салыстырғанда 60-70 пайызға мал басы азайды.
Қазіргі уақытта Республикада 4,4 млн ірі қара малы (0,3 бас әр тұрғынға), 10,8 млн қой мен ешкі (0,7 бас әр тұрғынға) 1,2 млн шошқа, 1 млн жылқы, 22,3 млн құс, 105 мың бас түйе бар.
Осы уақытта мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мынандай қатынаста болды

  • АҚ, ЖШС сүтпен, ет өндіруде – 10-11%;

  • шаруа қожалықтарында – 0,5 %;

  • жеке шаруашылықтарда - 90%;

  • жұмыртқа – 21%.

Мал өнімдерін өндірудің негізгі – көзі – ол жеке шаруашылықтар болып табылады.
Тамақ ғылыми институтының есептеуі бойынша бір адамға тәулік бойынша 3000-3200 ккал, ал ауыр жұмыста 5-6 мың ккал, 80-100 г белок, оның 60 %-ы -50-60г мал өнімдерінің белогы болуы керек. Осыған сәйкес жылдық 1 адамға шаққанда мөлшері мынандай болуы керек. Ет 80-100 кг, сүт және сүт өнімдері 460-540 кг, жұмыртқа – 330-365, көкөніс – 164 кг, қант 40-44 кг, нан 100-120 кг болуы шарт.
80-жылдары халықтың тұтынуы осы мөлшерге жақындаса, соңғы жылдары 1992 ж салыстырғанда күрт төмендеп кетті. Ет пен ет өнімдерін тұтыну 49% -ға, жұмыртқа 64%,сүт және сүт өнімдері 33%, картоп 30%, жеміс-жидек 57%, қант 48% қысқарды.
Көп тамақ шет елдерден келуде 40-50% жағдайдың осындай болуы Елбасын елеңдетіп, ауыл шаруашылығы алдына жауапты міндеттер қоюы тегін емес. Арзан сапалы а/ш өнімдер өндіріп, тек қана ішкі қажеттілікті қанағаттандырып қоймай, шет елдерге экспортқа шығару басты мақсат деп атап көрсетті өзінің халыққа жолдауында.
Мал өнімдерінің өзіндік құнын төмендету мына екі факторға тығыз байланысты. Бірінші – малдардың өнімділігі, екінші мал шаруашылығын толық құнды арзан мал азығымен қамтамасыз ету, себебі барлық жұмсалатын қаржылық шығындардың кем дегенде 50% осы мал азығының жем шөптің үлесіне келеді.
Малдардың өнімділігі өте төмен мөлшерде. 2001-2002 жылдарғы 1 сиырға шаққанда сауылатын сүт мөлшері жылына Қазақстанда – 2000 кг, Россия – 2341, Австрия – 4429, Япония – 6257, Германия – 6630, США – 7483 кг, Израиль – 9105 кг. Біздің елімізбен салыстырғанда шет мемлекеттерде осы көрсеткіш 2,5-4,5 есе ге дейін артық. Бұл дегеніңіз бізде 3-5 сиырды артық ұстап күтуіміз керек деген сөз.
Осыған байланысты мал өнімдерін өндіру бізде қымбат, әрі конкуренцияға түсе алатындай емес, басқа мемлекеттерге қарағанда.
2. Осы курстың мақсаты. Ел басы алдағы жылдарда а/ш саласын одан әрі дамытуға үлкен көңіл бөліп келеді.
Біздің мемлекетіміз жер жүзіне сапалы а/ш өнімдерін шығаруы керек. Бұл үшін орта және ірі товарлы өндіріс орындарын құру қажет. Өсімдік және мал шаруашылығы салаларында негізгі бағыттары экспорт болуы керек.
Мал азығын өндіру ауылшаруашылығының бір саласы ретінде қаралса және ғылыми пән ретінде де қаралады.
Яғни, мал азығын өндірудің басты мақсаты, ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде, ол мал шаруашылығын жоғары сапалы, арзан мал азығымен қамтамасыз ету.
Мал азығын өндіру – оқу және ғылыми пән ретінде өсімдік шаруашылығымен тығыз байланысты, дегенмен оның өзіндік ерекшеліктері бар, сол себепті ол тікелей ғылымның саласы болып табылады. Басты мақсат: мал азығын өндірудің – теориялық негіздерін жасау, практикалық әдістерін жетілдіру, мал азығын өндіріп, оның жақсы қорын жасау, және шабындық, жайылым, егістік жерлерді тиімді пайдалану болып табылады.
Мал азықтық өсімдіктердің – таралуы, морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін зерттеу және олардың құндылығын анықтау болып табылады.
Мал азығын өндіру – екі бөлімнен тұрады. Егістік жерлерде мал азығын өндіру табиғи шалғындықта және жайылымда мал азығын өндіру.
Жалпы айтқанда: мал азығын өндірудің басты мақсаты – ол шаруашылық ұйымдастыру, агротехникалық шараларды жүзеге асырудың арқасында, мал азығының берік қорын жасау, егістік және шалғындық жерлерді тиімді пайдалану болып табылады. Мал азығын өндіру – ғылыми және оқу пәні ретінде өзінің даму тарихи бар.
Шалғындық және жайылымда мал азығын өндіру – бұл комплексті шаралар – оның басты мақсаты мал шаруашылығы малдарын жайылымда жем-шөппен қамтамасыз ету, және де осы жерлерде шөп, пішендеме, сүрлем дайындап, жалпы малдарға жем-шөп қорын жасау.
Табиғи шалғындық және шабындық жерлердің пайдасы өте зор, сондықтан ол жерлерді дұрыс пайдалану кезекте турған мәселелер болып табылады.
Егістік жерлерде мал азығын өндіру ол егістік жерлерде – пішен, жем, шырынды мал азығын дайындау болып табылады. Оның құрамында көптеген витаминдер мен мнералды тұздар болады. Жемде оның негізін астық тұқымдас және бұршақ тұқымдас өсімдіктер құрайды. Бидай, арпа, сұлы, асбұршақ және т.б. – дақылдарда да витаминдер мен минералдар болады.
Егістік жерлерде мал азығын өсіру және оны қарқынды түрде жүргізу негізінде 3 бағытта жүргізілуі тиіс.

  1. Егістік жерлердің структурасын жетілдіру.

  2. Мал азығындық өсімдіктердің өнімін арттыру.

  3. Қосымша өсімдіктерді егу, өсіру.

Егістік жерлердің структурасын жетілдіру дегенміз – мал азықтық дақылдардың сорттарын таңдау жеріне топырағына байланысты өнімі нашар дақылды, өнімі жоғары дақылдармен ауыстыру.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай осы жоғарыда аталған жұмыстар дұрыс жүргізілсе әр гектардан астық 1,8 есе, сүрлемдік дақылдар 2,5-3 есе және көпжылдық және біржылдық шөптер 2-2,7 есе өнімі өсетін болады.
3. Мал азығын өндіруде ғылым мен озық тәжірибелердің жетістіктері. Ғылыми мал азығын өндірудің негіздерін қалаушы В.Р. Вильямс пен А.Дмитриев болып саналады.
Шөп себу мен шалғындық жерлерді пайдалануда үлкен рөл атқарған көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми жұмыстарында көрсеткен олар: А.Болатов, И.Комова, В.Левшин, А. Советовалар.
Үлкен үлес қосқан ғалымның бірі ол П.Костычев ол ең алғашқылардың бірі болып, ғылыми турғыдан шабындық және жайылымдық жерлердің сипаттамасын жазып берді. Қазіргі мал азығын дайындауда суармалы мәдени жайылымдардың маңызы ерекше. Ол жөнінен шалғындық кафедрасы Москва ауыл шаруашылығы Академиясының еңбегі бар.
Шалғындық жерлер теориясына үлес қосқан ғалымдар: В.Сукачев, В.Вильямс, А.Дмитриев, И.Ларин, Л.Раменский, Н.Андреев және т.б.
Қазақстанда осы тақырыпты зерттеп үлкен үлес қосқан:

  • Егін шаруашылығы қазақ ғылыми - зерттеу институты,

  • Астық шаруашылығы қазақ ғылыми –зерттеу институты (Шортанды). Солтүстік ғылыми – зерттеу институты (мал шаруашылығы) Бескөл және де жоғары оқуорындары қазақ агротехникалық университеті. Осы салада зор үлес қосқан қазақстандық ғалымдарды атасақ олар: К.Асанов, Б.Шах, И.Алимбаев, С.Пряншиников, Ж.Жамбакин, Д.Зыков, Б.Быков, О.Демина, Л.Курочкина, К.Постоялков, Л.Соболев, Г.Часовитина, А.Төреханов, Н.Можаев, Н.Серікбаев және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет