Жартылай – шөлейт аймақта (жылдық ылғал мөлшері 150-220мм) орталық Қазақстан, Манғыстау, Атырау облыстарының көп бөлігі, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік аудандары, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тауалды жазықты жерлері кіреді. Бұл аймақ ел территориясының 14-15% құрайды ( 25,2 млн.га). Онда табиғи мал азығы – 64-65 % құрайды және мал азығының жалпы көлемінің 62-65 %- ын береді. Шаруашылықтар негізінен ет-жүн өндіретін қой шаруашылығымен айналысады.
Шөлейт аймаққа (жылдық ылғал мөлшері 110-160 мм) елдің оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Бұл ең үлкен аймақ 35%. Мұнда табиғи жайылымдық мал азығының 80% береді. Негізінен қой шаруашылығымен айналысады.