3, 4 СОӨЖ тақырыбы: Біржасушалы жануарлардың көбею және даму циклдері. Қарапайымдылардың классификациясы, тіршілік ортасы, экологиясы.
Тапсырмалар:
1.Қарапайымдылардың көбею жолдары, даму циклдері.
2.Паразит формалардың (трипоносома, опалина ) құрылыс ерекшелігі, даму циклі. 3.Споровиктердің даму циклі, жұғу жолдары және кебісшенің көбею жолдары
4.Қарапайымдылардың классификациясы. Қарапайымдылардың тіршілік ортасы, таралуы, экологиясы, филогениясы.
Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар: біржасушалы жануарлар және көпжасушалы жануарлар. Біржасушалы жануарлардың денесі негізінен бір ғана жасушадан тұрады. Сондықтан олар қарапайым жәндіктер деп аталады.
Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде жасушаның негізгі бөліну тәсілі - митоз. Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс жасушаларының (гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті - копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған жасушадан - зигота пайда болады.
Зигота диплоидты, өйткені ол екі гаплоидты жыныс жасушаларының (гаметалардың) қосылуы нәтижесінде түзіледі. Жыныс жасушаларының (гаметаларының) мөлшері мен пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері және құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын - изогамия копуляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета - макрогамета, кішілеу келген аталық гамета - микрогаметамен қосылса - анизогамия копуляциясы деп атайды.
Қарапайымдылар конъюгация (ядроның қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония жолымен де көбейеді. Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) жасуша сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста күйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда жасуша циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.
Қарапайымдар - классикалық таксономияға сәйкес жануарлар патшалығында орналасқан организмдердің полифилетикалық тобы. Соңғы классификацияға оларды басқа бір жасушалы организмдер және протист немесе протокт патшалығындағы кейбір жасыл балдырлар кірді.
Классикалық классификация қарапайымдыларды хайуанаттар ішіндегі бірыңғай филом деп санайды. Бұл филам өз кезегінде локомотив режиміне негізделген төрт классқа бөліне Қарапайымдылар бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер,физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер,өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, зат алмасу, көбеюі, дамуы т. б. қызметтерді атқарады.
Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (сукеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) клетка сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста қүйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда клетка циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.
Қоректену тәсіліне қарай қарапайымдылар екі топқа бөлінеді:автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б.) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен). Кейбір гетеротрофты қарапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене алады, бұларды миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена миксотроф. Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлар 5 типке бөлінеді.
ҚАРАПАЙЫМДЫЛАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ
САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПІ SARCOMASTIGOPHORA
• Саркодиналар класы - Sarcodina
• Тамыраяқтылар класс тармағы Rhizopoda
• Амебалар отряды Amoebina
• Қабыршақты амебалар отряды - Testacea
• Фораминифералар отряды - Foraminifera
• Сәулетәрізділер класс тармагы Radiolaria
Күнтәрізділер класс тармагы - Heliozoa
• Талшықтылар класы Mastigophora
• Өсімдіктектес талшықтылар класс тармагы Phytomastigina
• Хризомонадалар отряды Chrysomonadina
• Сауыттылар отряды Dinoflagellata
• Эвгленалар отряды - Euglenoidea
• Фитомонадалар - Phytomonadina
• Жануартектес талшықтылар класс тармагы- Zoomastigina
• Жағалы талшықтылар отряды Choanoflagellata
• Тамыраяқты талшықтылар отряды - Rhizomastigina
• Кинетопластидалар отряды Kinetoplastida
• Көпталшықтылар отряды Polymastigina
• Гипермастигиналар отряды - Hypermastigina
• Опалинина отряды Opalinina
СПОРАЛЫЛАР ТИШ SPOROZOA
• Грегариналар класы - Gregarinina
• Нагыз грегариналар отряды – Eugregarinida
• Кокцидиятәрізділер класы Coccidiomorpha
• Кокцидиялар отряды Coccidiida
• Қан споралылар отряды - Haemosporidia
КНИДОСПОРИДИЯЛАР ТИШ - CNIDOSPORIDIA
• Миксоспоридиялар класы Myxosporidia
• Актиномиксидиялар класы - Actinomyxidia
МИКРОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ MICROSPORIDIA
• Микроспоридиялар класы Microsporidia
• Микроспоридиялар отряды Microsporidia
КІРПІКШЕЛІЛЕР немесе ИНФУЗОРИЯЛАР ТИШ - CILIOPHORA
• Кірпікшелі инфузориялар класы - Ciliata
• Кинетофрагминофора отряд үсті - Kinetofragminophora
• Гимностомата отряды Gymnostomata
• Гипостомата отряды Hypostomata
• Энтодиниоморфа отряды Entodiniomorpha
• Олигохименофора отряд үсті Oligochimenophora
• Хименостомата отряды - Hymenostomata
• Дөңгелек кірпікшелілер отряды - Peritricha
• Полихименофора отряд үсті - Polyhymenophora
• Эр түрлі кірпікшелілер отряды - Heterotricha
• Бауыр кірпікшелілер отряды Hypotricha
• Аз кірпікшелілер отряды - Oligotricha
• Сорғыш инфузориялар класы - Suctoria
Достарыңызбен бөлісу: |