«Әңгімелесетін әріптер» әдісі 3 факті туралы;
-оларға жеңіл болып көрінгендер туралы ;
-оларға қиын болып көрінгендер туралы;
-алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады;
Тақырыбы Сабақ 2
Біріккен жалқы есімдер. Тіркесті жалқы есімдер
Мақсаты
8.1.1.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
8.4.1.1 тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақтың мақсаты
Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды.
Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал орнату. «Тастар сөйлейді» тренингін өткізу. Оқушылар шеңберге тұрып, бір – біріне, кезекпен алақанға тасты беру арқылы Көне түркі жазбалары туралы мәліметтерімен бөліседі. Тас - сиқырлы тас. Уақытты тиімді пайдалану үшін оқушыларға «бұл өте ыстық тас, егерде сіз қолыңызда ұзақ ұстап тұрсаңыз, қолыңызды күйдіреді» - деген тәсілмен оқушының жылдам, әрі тұщымды жауап беруге ықпал жасаймын.
Оқушылар бүгінгі күнге бір-біріне сәттілік тілеп, жылы сөздерін айтады