Бағдарламасы 8-сынып Орал, 2022 жыл



бет6/30
Дата26.09.2024
өлшемі5,21 Mb.
#205139
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Қазақ тілі факультатив

21. Бірыңғай толықтауыштар (1 сағат) Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазады. Бірыңғай толықтауыштар туралы түсінік алып, мәтіннен табады.
22. Айқындауыш. Айқындауыш түрлері. (1сағат) Ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді. Айқындауышқа тән белгілермен танысып, сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдайды.
23. Сөйлемнің үйірлі мүшелері. (1сағат) Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтайды. Сөйлемнің үйірлі мүшелері туралы мағлұмат алып, сөйлем ішінен үйірлі мүшелерді табады.
24. Сөйлемнің түрлері. Хабарлы, сұраулы сөйлемдер. (1 сағат) Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды. Хабарлы, сұраулы сөйлемдердің ережесімен танысып, мәтіннің тек хабарлы, сұраулы сөйлемдерден құралғанына назар аударады. Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.
25. Лепті сөйлем. Бұйрықты сөйлем. (1сағат) Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады, өз ойын дәлелдеп жазады. (аргументативті эссе)
Сөйлемнің коммуникативтік түрлеріне тән тыныс белгілерімен танысып, айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады.
26. Жай сөйлем және оның түрлері. Жақты, жақсыз сөйлемдер. (1сағат) Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды. Жай сөйлемнің түрлеріне ажыратады.
27. Жалаң, жайылма сөйлемдер. (1 сағат) Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолданып, авторына сілтеме жасайды.
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып, берілген мәтіндегі ойды дамытатындай шағын ойтолғау жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет