Бағдарламасы 8-сынып Орал, 2022 жыл



бет4/30
Дата26.09.2024
өлшемі5,21 Mb.
#205139
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Қазақ тілі факультатив

7. Кідіріс және тыныс белгі. (1сағат) Кідіріс және оған байланысты қойылатын тыныс белгілері туралы ережемен танысады. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазады.
8. Сөздік қор және сөздік құрам. Сөзжасам туралы түсінік. (1сағат) Мәтінді оқып, ондағы негізгі ойды анықтайды. Қазақ тілінің лексикасы, сөздік қор және сөздік құрам туралы лингвистикалық білімдерін кеңейтеді.Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады.
9. Сөздік құрамның кірме сөздер арқылы толығуы. Терминдер (1сағат) Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Сөздік құрамның кірме сөздер, терминдер мен кәсіби сөздер арқылы толығуы туралы ақпаратпен танысып, білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекітеді.
10. Сөздік құрамның диалект сөздер мен жаргон сөздер арқылы толығуы. (1 сағат) Диалект сөздер мен жаргон сөздер туралы ережелермен танысып, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамытады. Тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстырады. Жастар арасындағы қолданылатын жаргон сөздерді пайдаланып, диалог құрастырады.
11. Сөздік құрамның көнерген сөздер мен неологизмдер арқылы толығуы (1сағат)
Публицистикалық және ғылыми мәтіндерден архаизмдер мен тарихи сөздерді табады.
Сөздік құрамның көнерген сөздер мен неологизмдер арқылы толығуы туралы мағлұмат алып, білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекітеді.
12. Сөздердің байланысу түрлері. Қиысу. (1сағат) Мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазады. Сөздердің байланысу формасының бірі – қиысу туралы ережемен танысып, жинақы мәтіннен қиысуды табады.
13. Матасу. Қабысу. (1сағат) Мәтіннен алынған үзінділерге сүйене отырып, көтерілген мәселені болжайды.Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәтіннен түсініксіз, жаңа сөздердің мағынасын сөздіктің көмегімен ашады.Матасу, қабысу туралы алған білімдерін жаттығу жұмыстары және қосымша тапсырмалар арқылы бекітеді. Мәтіннен есімді, етістікті сөз тіркестерін табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет