Бағдарламасы 8-сынып Орал, 2022 жыл


Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау



бет3/30
Дата26.09.2024
өлшемі5,21 Mb.
#205139
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Қазақ тілі факультатив

Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау

1. Кіріспе. Жалқы есім емлесі. (1сағат) арнайы курстың мақсат-міндеттерімен таныстырылады. Дара жалқы есімдер мен күрделі жалқы есімдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, жалқы есімдер жайлы білімдерін еске түсіреді.Берілген ереже арқылы жалқы есімдер туралы теориялық білім алып, өздіктерінен бірнеше мысал келтіреді. Берілген мәтінді оқып, баяндау желісін сақтай отырып, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады.


2. Біріккен жалқы есімдер.Тіркесті жалқы есімдер. (1сағат) Біріккен жалқы есімдер мен тіркесті жалқы есімдердің ережесін меңгеріп, мысалдармен жұмыс жасайды.Мәтіндегі жалқы есімдерді мағынасына қарай кестеге топтастырады. Грамматикалық тапсырмаларды орындайды. Мәтінде көтерілген мәселені болжап, бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.
3. Қысқарған жалқы есімдер. Қосарланған жалқы есімдер (1сағат) Мәтіннен қысқарған, қосарланған жалқы есімдерді тауып, жасалу жолдарын және емлесін түсіндіреді. Мәтіннің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.
4. Интонация. Әуен және ырғақ. (1сағат) Мәтінде көтерілген мәселені талдап, негізгі ойды анықтайды. Интонация және оның компоненттері туралы ережемен танысып, берілген өлеңді мәнерлеп, интонациясын қойып оқиды. Сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.
5. Қарқындылық.Тембр (1сағат) Тембр жайлы түсінік алып, берілген мәтіннің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) құрылымын салыстыра талдайды.
Сөйлеу барысында интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады.
6. Кідірістің қызметі. (1сағат) Мәтінде көтерілген мәселені талдап, негізгі ойды анықтайды.Кідірістің мәтіндегі қызметі жайлы мағлұмат алады. Тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет