Бағдарламасы ағылшын тілінен аударғанда "Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу"



бет3/22
Дата03.11.2022
өлшемі370,41 Kb.
#156348
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Әдістер

5. « Ішіне және сыртына» әдісі - оқылған өлеңге немесе мәтінге т.б. байланысты алуға болады.

Ішіне

Сыртына







6. «Венн» диаграмма» әдісі - Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
7. «Эссе» «Ой толғаныс» әдісі -берілген тақырыпқа немесе тақырып атынан шағын әңгіме жазу, ЭССЕ– тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды. Өмірде кездесетін жағдайларға, оқиғаларға саналы, ойлы қарауға үйренеді.
8. «Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.» немесе - «Еркін жазу» әдісі
Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Сабақтың әр бөлігінде тоқталу керек.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім













Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет