7. Мәдениет әлемі және аударма маңызы. Көркем аударманың шығармашылық сипаты туралы жалпы түсінік. Түпнұсқа және аударма: сыны саймасайлығы.
8. Евразиялық ауқымдағы аудармашылық жұмыстар. Ұлттық әдебиет, тектес халықтар әдебиеті, өңірлік әдебиет әлемдік әдебиет деғгейлері. Көркем аударма мәселелерін әдеби компаративистика аясында зерттеудің мекендік деңгейлері.
9. Әдеби компаративистика және көркем аударма процесі. Көркем аударма мәселелерін әдеби компаративистика аясында зерттеудің пәндік проблемалық деңгейлері.
10. «Әдеби компаративистика және көркем аударма». Көркем аударманы қабылдаудың эстетикалық сипаты және оның түпнұсқаның эстетикалық әсеріне сәйкестігі.
11. Компаративистика және әлемдік әдебиеттің өзара қарым-қатынасы. Халықаралық әдеби байланыстардың түрлері. ХІХ ғасырдағы қазақ-орыс әдеби байланысы. ХХ ғасыр басындағы әдеби байланыстар. Көркем аударманың негізгі функциясы – оқырман арасындағы қатынас. Салыстырмалы әдебиеттану контексіндегі аударма үрдісі. Көркем аударма теориясы – салыстырмалы әдебиеттанудың түп негізі.
12. Батыс Еуропа мектептерінің озық тәжірибелері. Еуропа әдебиеті және Шығыс Еуропа әдебиеті мен еуропалық ой-тұжырымдар аймағы. Еуропа әдебиеті және Ресей. Орта Азияға Ресей арқылы тараған Еуропалық әдебиет түрлері. Еуропалық әдебиеттің өсіп нығаюына Шығыстық әдебиеттің, ілімнің әсері.
«Аудармашы кәсібі қызметінің негіздері» пәні
1. Аудармашы қызметі. Аудармашының кәсіби талаптары. Аудармашы мамандығының маңыздылығы мен қажеттілігі. Аударма үдерісі және аударма ісінің адамзатқа, қоғамға қажеттілігі. Аудармашы құзыреті. Көркем аударманың ерекшелігі. Аударма өнерінің қиындығы, оны меңгеру. Аудармаға машықтану, тәжірибелік ізденісті жетілдіру. Аударма ісіне дағдылану
2. Аударма үдерісі және аудармаға қойылатын талаптар. Аударма үдерісінің түпнұсқаға қатынасы. Аудармашы атқаратын іс-әрекеттер. Аудармаға қойылатын талаптар (Х.Саворидің талдап, жіктеуі бойынша). Аударманың түпнұсқалық мағынасы мен сөздерін беруі, аудармада түпнұсқаның құрылымдық сипатының сақталуы.
3. Аударма дербестігі мен стратегиясы. Аудармашы дербестігі мен стратегиясы. Аудармашы дербестігінің авторды, оның шығармасын таңдауға қатысты ерекшелігі. Аударманың жоғарғы сапалы болуын, көркем шығарманы таңдаудың тигізер ықпалы. Аудармашы дербестігі ұғымы және оның аудару үдерісіндегі рөлі. Аудармашының стратегиялық таңдауы. Автор мен аудармашы аралығында байланыс.
4. Аудармашылыққа кәсіби мамандану негіздері. Аударманың жалпы және жеке теориясы А.Поповичтің аударматану ғылымын жүйелеп жіктеуі. Аударманың жалпы дедуктивтік және индуктивті теориясы. Аударманы зерттеп, сараптау, талдау туралы түсінік.
И.С.Алексееваның аударма теориясын түрге бөліп, талдауы. Олардың мән-маңызы.
5. Аударма теориясы және оның қалыптасып дамуы. Аударма ісіне кәсіби маманданудағы аударма теориясының қажеттілігі. Аударма теориясының қалыптасып дамуы мен кеңестік кезеңдегі аударматану ғылымының негіз қалауы. Әлем әдебиетінің аудару дәстүрінің басталуы. Аударма ісі туралы зерттеу еңбектердің жазылуы, оның жаңаша бағыт алуы. Аудармашы лингвистикалық негізде зерттеу.
6. Аударма теориясын аудару тәжірибесімен ұштастыру. Аударма теориясын жан-жақты меңгеру – аудармашының кәсіби мамандануының басты негізі. Аударма теориясының қалыптасып дамуында Ресей ғалымдары Федоров, Бархударов, Чуковский, Рецкер, Флорин, Влахов, Виноградов т.б. қосқан үлесі. Аударма теориясының әлемдік деңгейде даму барысы; Аударма теориясын тәжірибелік негізде меңгеру.
7. Аударма үдерісінің психологиясы және аудармадағы психологиялық ерекшеліктер. Көркем аудармадағы психологиялық үдеріс. Елестету қабылдау, түйсік, зерде, сезімталдық т.б. қасиеттердің көркем аудармадағы ерекшелігі. Аудармашылықтың – аса ауыр психологиялық үдеріс екенін сипаттау. Аударманың басқа да ғылымдармен байланысы. Аударма психологиясының тілдің ойлау жүйесімен, тілдік образдармен байланыстылығы. А.В.Федоров, Б.В.Беляевтің аударма психологиясының ерекшеліктеріне қатысты ой-тұжырымдары.
8. Көркем аударманы қабылдау. Көркем шығармашылық өзіндік ерекшеліктегі өнер туындысы. Көркем аударманың басқа ғылымдармен, тіл білімінің салаларымен байланыстылығы. Аударма шығармасын қабылдау. Қабылдау үдерісінің коммуникативті, композициялық, эстетикалық т.б. сипаттары. Аударма үдерісіндегі қабылдау мәні.
9. Аударма мәтіндерін түсіну, түйсіну ерекшелігі. Мәтінді түсіну және талдау – герменевтика жайлы түсінік. Әдеби шығарма композициясы мен мәтін мағынасын меңгеру, түсіну қажеттілігі. Мәтінді түсіну сипаты. Көркем шығарманы түсініп аудару – аударма психологиясының басты үдерісі. Сөзді дұрыс қолдану ерекшелігі. Шығарманың композициясы мен көркемдік-психологиялық элементтерін түсіну және түйсіну.
10. Өркениет дамуындағы көркем аударма рөлі. Көркем аударманың әлемдік өркениетті дамытудағы рухани ықпалы. Қазіргі көркем аударманың әлемдік әдебиет жетістіктерімен салыстырудағы деңгейі. Аударманы дамытудың ғылыми-теориялық мүмкіндіктері. Көркем аударманың ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытудағы әсері. Ұлт таланттарын таныту құралы ретінде көркем аударманың қажеттілігі. Аударманың тәлімдік-тәрбиелік ықпалы.
11. Аудармашы мәдениеті мен әдебі. Аударманың қоғамдағы қызметі. Аудармашының дәстүрлер, ұстанымдар, ашылымдар, жетістіктер сабақтастығы. Аудармашы мәдениетінің ұлттық тілге, түпнұсқалық тіл мен мәдениетке қатынасы. Аудармашының түпнұсқаға адалдығы мен авторға деген құрмет сезімінің жеке тұлғалық сипаты. Аудармашы әдебі оның аударма түрлеріндегі қажеттілігі.
12. Қазақ көркем аудармасының қалыптасып дамуы және келешегі. Абайдың қазақ көркем аудармасының негізін поэзия жанрында қалауы. Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлихановтың көркем аудармаға қосқан үлесі. Қазақ көркем аудармасының қалыптасу кезеңі. ХІХ ғасырдағы алғашқы тәржімалардың жарық көруі. Көркем аударманың кеңестік кезеңдегі даму бағыттары. Аудармаға кеңестік әдебиетте идеологиялық саясат құралы ретінде пайдалану мақсаты.
13. Аудармашы қызметі. Аудармашы мамандығы оның адамзат өміріне, қоғамға қажеттілігі. Аудармашы құзыреті мен құқықтары. Аудармашының кәсіби мамандануына қажетті ережелерді талдап шығу.
14. Аударма үдерісі мен технологиясы. Аударма үдерісі және аудармашылық іс-әрекет. Көркем аудармаға қойылатын талап, шарттар. Әр аудармашының өзіндік ерекшелігі және аудармашылық мамандану қажеттіліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |