1-3 ЖЭО-ның техникалық жабдықтарына жасалған талдау 1-ЖЭО және 3-ЖЭО жабдықтары өз ресурсын пайдалануды аяқтауға жақын қалғанын және жаңғырту қажет екенін көрсетті:
- 1960-72 жылдары іске қосылған 1-ЖЭО-ның барлық 6 қазандығы және 3 турбинаның 2-і 200 000 Вт. астам өнім өндірген;
- 1980-81 жылдары іске қосылған 2-ЖЭО-ның6 турбинасының 2-і 200 000 Вт. астам өнім өндірген;
- 1962-65 жылдары іске қосылған 3-ЖЭО-ның барлық 6 қазандығы және 4 турбинасы 200 000 Вт. астам өнім өндірген.
2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының электр энергетика саласын дамытудың Шеберлік жоспарына сәйкес 2015 жылы 1-ЖЭО-ның1 турбинасының жұмысын тоқтатып, жабдығын ауыстыру жоспарланған, ол орындалмады.
Кесте № 2.1.5.1. Электрэнергиясын өндіру, мың кВт/сағ.
Энергия көзі атауы/ жылдар
|
Өлшем бірл.
|
2012
|
2013
|
2014
|
1- ЖЭО
|
мың кВт/с
|
433 425
|
386 554
|
383 778
|
2- ЖЭО
|
мың кВт/с
|
2 549140
|
2 555 682
|
2 603 154
|
3- ЖЭО
|
мың кВт/с
|
1 028 898
|
1 087 296
|
1 052 923
|
Каскад ГЭС
|
мың кВт/с
|
209 578
|
190 274
|
157 368
|
Қапшағай ГЭС-і
|
мың кВт/с
|
1 090242
|
1 008 608
|
838 433
|
«АлЭС» АҚ бойынша, жалпы
|
мың кВт/с
|
5 311 283
|
5 228 414
|
5 035 656
|
Дереккөз: Энергетика және КШ басқармасы
Жылумен жабдықтау
Алматы қаласының жылумен жабдықтау жүйесі қаланың инженерлік инфрақұрылымының ең күрделі жүйесі болып есептеледі. Қаладағы жылуды өндіретін негізгі көз көмір болып отыр. Мысалы, 1 - ЖЭО-да көмірдің үлесі 23%-ға жетеді, 2- ЖЭО-да – 100%, ал 3- ЖЭО-да – 99%. Жалпы, 2014 жылғы мәлімет бойынша қатты және сұйық отыннан жылу өндіру 70%-ды құрайды.
Сурет 2.1.5.3. ЖЭО және қазандықтардақатты және сұйық отыннан жылу өндіру, 2014-2015 жылдар
1 Қосылған аймақтардың 30 денсаулық сақтау нысандарын және 63 білім беру нысандарын қосады
2 Санаты «Ескі құрылысты салуға»жатады
Дереккөз: Энергетика және КШ басқармасы
«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС балансында 72 қазандық бар: оның 64-і газбен жабдықталған, ал 8-і қатты және сұйық отынды қолданады (оның 6-уы бойынша газдандыру жұмыстары жүргізілуде). Бұл ретте, қосылған аумақтардағы кенттерді қоса алғанда, қалада білім және денсаулық сақтау объектілерінің 93 автономиялық қазандығы орналасқан (денсаулық сақтау саласының 30 объектісі және білім беру саласының 63 объектісі), оның 52%-ы қатты және сұйық отын есебінен жылытылады.
Жалпы көлемнен жылу энергиясының 98% (5 579 602 Гкал, 2014 жыл) ең ірі энергия көздері «АлЭС» АҚ кіретін 1-ЖЭО, 2-ЖЭО және БЖК-дан өндіріледі.
Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша жылу желісінің жалпы ұзындығы 1150 километрді құрайды. 2014 жылы 125,2 километр жылу желісі қайта жаңғыртылды.
Қаланың орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуі қалыпты деңгейде, біртіндеп артуда (2010 жылы 74%, 2012 жылы 77% және 2014 жылы 77%). Бұл ретте, мәліметтерге орталықтандырылған жылуы жоқ және кішігірім автономиялы қазандықтар жұмыс істеп тұрған, қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Қазіргі кезде Наурызбай ауданы аумағындағы автономиялық қазандықтар мен жылу желілерін қайта жаңғыртудың жоспары пысықталуда.
Күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі төменгі деңгейде, ол жылу желілерінің тозуын арттыруға алып келеді. Өз кезегінде тозу деңгейінің жоғары болуы мыналарға алып келеді:
- желілердің апатының өсуі жылына 3%-ға;
- жоғары шығын деңгейіне (27%), бұл көрсеткіш салыстырып отырған қалалардан 3 есеге жоғары.
Сурет 2.1.5.4. Жылу желілерінің көрсеткіштері
Дереккөз: Энергетика және КШ басқармасы
Егер 2012 жылы жылу желілеріндегі бүліну жағдайлары шамамен 2185 рет тіркелсе, 2014 жылы - 2484 жағдай. Бұл жылу желілерінің тозуы 62%-дан 65%-ға дейін артуымен байланысты. Шығын деңгейі 27%-ды құрайды. Бұл ретте, осы көрсеткіш республика бойынша Қарағанды облысынан кейін, ең жоғары деңгейде қалып отыр.
Кесте 2.1.5.2. Жылу энергиясын өндіру
Энергия көзі
|
Өлшем бірл.
|
2012
|
2013
|
2014
|
1- ЖЭО
|
Гкал
|
1 791 822
|
1 416 061
|
1 316 824
|
2- ЖЭО
|
Гкал
|
2 205 413
|
2 515 473
|
3 215 565
|
3- ЖЭО
|
Гкал
|
101 766
|
87 774
|
104 067
|
БЖК
|
Гкал
|
1 433 040
|
940 205
|
943 146
|
«АлЭС» АҚ бойынша, жалпы
|
Гкал
|
5 532 041
|
4 959 513
|
5 579 602
|
Дереккөз: Энергетика және КШ басқармасы
Сумен жабдықтау және су бұру
Алматы қаласы 4 негізгі су көзінен алынатын сумен қамтамасыз етіледі: Үлкен және Кіші Алматы өзендері (сүзгілі тазалау стансаларында тазартылып) және Алматы мен Талғардың жерасты су алатын жерлерінен су алынады.
Су құбырымен қамтамасыз етілуі деңгейі әлемдік деңгейге сәйкес келеді (Наурызбай ауданын қоспағанда). Алматы қаласының су құбырымен қамтамасыз етілу деңгейі (Наурызбай ауданын қоспағанда) 2010 ж. 92% , 2012 - 2014 жж. 95% құрады (жылына мөлшерімен 1%-ға өсу).
Алайда. Бұл мәліметтерге су құбырымен қамтамасыз етілу деңгейі 15% болатын, қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Сумен жабдықтаудың аудандағы жүйесі ауыз су қажеттілігі үшін кіші өзендердің (Қарғалы, Ақсай және олардың сағасы) шикі суын, сондай-ақ құмы бар терең емес ұңғымаларды пайдаланады. Судың сапасы ГОСТ талаптарына сәйкес келе бермейді. Аудандағы қолданылып жүрген су тарататын желіні тұрғындар, құрылыстың СНжЕ талаптарын сақтамай өз бетімен салған.
Күрделі жөндеу жұмыстарын арттыру сумен жабдықтау инфрақұрылымындағы апаттарды, тозуды және шығындарды азайтуға ықпал етеді. Соңғы 4 жылда күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі 2 есеге дейін артты 2010 жылы0,5%-дан 2014 жылы 1,1%-ға дейін. Соның арқасында жыл сайын апаттардың саны 5%-ға қысқарды.
Бұған қарамастан, шығын деңгейі салыстырып отырған қалалардан едәуір жоғары. Мысалы, 2012 жылы тозу деңгейі 71%, ал сумен жабдықтаудағы шығындар 30% құраған. Бұл көрсеткіштер 2014 жылы тиісінше 67% және 26%-ға дейін төмендеген. Сондай-ақ, шығындардың негізгі көздері абоненттік желілерде (40%), иесіз желілерде (20%) және суды есептей алмау (20-40%) болғанын көрсетіп отыр.
Ағымдағы желілерді ауыстыру қадамын сақтау кезінде (1,1%) желілердің тозуы және шығыны мәселелері, келесі 60 жыл бойы сақталатын болады және мақсатты деңгейге (50% шығын) 2030 жылдарға қарай қол жеткізіледі.
Сурет 2.1.5.5. Сумен жабдықтау жүйелерінің көрсеткіштері
Дереккөз: ШЖҚ «Холдинг Алматы Су» МКК мәліметтері
Суды пайдалану 2010-2014 жылдары орташа есеппен 3%-ға қысқарған және 2014 жылы 130,2 млн. куб. м. құраған. Экономикалық қызмет түрлері бойынша ірі су пайдаланушы болып тұрғын үй қоры мен тамақтану қызметін көрсететін кәсіпорындар (63,05 млн. куб.м) есептеледі, электрмен жабдықтау, су және бу беру және ауамен үрлеуге (кондиционирования) негізделген кәсіпорындар (49,4 млн. куб. м), қайта өңдеумен өнәркәсібі (4,2 млн. куб. м).
Сонымен қатар, есептеуіш құралдарын орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, ол суды үнемді пайдалануға көмектеседі. Ортақ суды есептейтін құралмен қамтылу деңгейі 71% немесе қажетті 7132 бірліктің 5076-сы. Жеке есептеуіш құралмен жабдықталуы 75,2% құрайды. Қосымша 94,9 мың құрал орнату керек.
Жалпықалалық кәріз қаладан келетін, маңайындағы демалыс аймақтарынан, бірқатар кенттерден және Талғар мен Қаскелең қалаларынан келетін сарқын суды қабылдау, ағызу және тазалауды жүзеге асырады. Суды ағызу жүйелерімен қамту деңгейі қарқынды түрде өсуде: жыл сайын 7%-ға. Алайда, бұл көрсеткішке қосылған Наурызбай ауданы кірмеген. Наурызбай ауданындағы су ағызатын құбырдың ұзындығы 8,9 км (басқа аудандардағы жалпы ұзындықтың 6% ) құрайды.
Коммуналдық меншіктегі кәріз желілерінің ұзындығы 1 399,2 км құрайды. Жалпы ұзындығы – 1525 км. Алматы қаласында күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің үлесі салыстырып отырған қалалар деңгейінен төмен. 2012 жылы ол 0,3% құрап, 2014 жылы 0,9%-ға дейін өсті. Күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің үлесі тозған желілердің өсуін жаппайды, ол тозу деңгейінің артуын жылсайын 2%-ға арттырады. Алматыда бұл деңгей 2010 жылы 57% тең болған, 2012 жылы 59%-ға артты және 2014 жылы 63%-ға жетті. Жалпы тозу деңгейі салыстырып отырған қалалардан 3 есеге жоғары деңгейде тұр. Жоғарыда мазмұндалғандардан күрделі жөндеуден өткен су ағызатын желінің үлесі жеткіліксіз екенін байқауға болады.
Күрделі жөндеудің ағымдағы үлесін сақтау кезінде 20 жылдан кейін тозу деңгейі 90 %-ды құрайтын болады, ол келешекте апатты жағдайларға әкеліп, су ағызатын желілердің үлкен бөлігінің істен шығуына алып келеді.
Дереккөз: ШЖҚ «Холдинг Алматы Су» МКК мәліметтері
Статистикалық деректер бойынша 2014 жылдың басына өткізілген судың жалпы көлемінен, билогиялық жолмен толық тазартылғаны 95,2% сарқынды су, ол 126,9 млн. куб. м. құрайды. Салалық басқарманың мәліметтері бойынша тазартылатын кәріздік сарқын судың пайызы 100% құрайды.
Газбен жабдықтау
Қалада газды таратумен айналысатын 6 кәсіпорын бар , оның ішіндегі ең ірісі «ҚазТрансГаз - Алматы» ЖШС.
Қала тұрғындарының газды тұтынуы 431,5 млн. куб. метрді құрады немесе қаладағы газды тұтынудың жалпы көлемінің 33,2%, өндірістік қажеттілктерге 820,6 млн. куб. м (63,2%) газ пайдаланылған.
Алматыдағы газбен қамтылудың деңгейі өте жоғары, тіпті халықаралық деңгей үшін де. Газбен қамтудың көрсеткіші 2012 жылы 96%-дан 2014 жылы 97%-ға артты, соның ішінде жеке үйлер бойынша 95%, көпқабатты тұрғын үйлер бойынша 100%, бұл салыстырып отырған қалалардан 20 және одан да көп пайызға жоғары. Бұл ретте, факті бойынша жеке тұрғын үйлердің тек 65%-ы газға қосылған. Шамамен 31 мың үй газ жабдығын сатып алуға қаражаттың болмауы және оны орнату жұмыстарына ақы төлей алмауы себебінен, оның құны бағалау бойынша 300 мың теңгені құрайды, газ құбырына қосылмаған. Бұл ретте, газға қосылмаған үйлер қатты отын (көмір) есебінен жылытылып, ауаны ластауда. Тұрғын үй қорына атмосфералық жалпы шығарындылардың 4% (10,5 мың тонна) тиесілі.
Сурет 2.1.5.7. Газбаен жабдықтау жүйелерінің көрсеткіштері
Дереккөз: Энергетика және ТКШ басқармасының мәліметтері
Алматы қаласы бойынша табиғи газды орташа сағаттық тұтынуы 180 мың текше метр/сағатты құрайды, қысқы кезеңдегі қарбалас сағаттарда – 250-260 текше метр/сағат.
Табиғи газдың шығындары 2013 жылғы 49,9 млн. текше метрмен салыстырғанда 43,1 млн. текше метр (берілген газға 3,3%) құрады.
Қаланың тұтынушылары табиғи газбен бірге сығымдалған газды пайдаланады. 2013 жылы тұрғындарға осы отынның 102 тоннасы босатылды, 2014 жылы 45 тонна. 55,9% төмендеуі тұтынушылардың табиғи газды пайдалануына көшуіне және сығымдалған газды пайдаланушы үйлердің санының азаюына байланысты болып отыр.
Сығымдалған газдың жер астындағы газ қоймаларының (орамдық және аулалық) сыйымдылығы 2014 жылдың соңында 16 тоннаны құрады.
2015 жылдың басында қаладағы көше газ желілерінің ұзындығы 4,9 мың км. құрады. Жылдық өсу (2014 жылы 2013 жылдағымен салыстырғанда ) 5% құрады. Әуезов және Бостандық аудандарындағы газ желілері өте ұзын болып табылады. Орамішілік (ішкіаулалық) желілер 2013 жылмен салыстырғанда 120,6 километрге ұлғайды және 3161,4 километрді құрады.
2014 жылы инженерлік-коммуникациялық газ инфрақұрылымының тозуының деңгейі 37%-ды құрады, мұның өзі өткен кезеңнің осындай көрсеткішінен 1%-ға төмен.
2014 жылы 60 км газ желілері қайта жаңғыртылды.
Алматы қаласының газ жеткізу жүйесінің қуатын ұлғайту мақсатында 2015 жылы айналып өтетін газ құбырын тарта отырып, ГРС-2-нің қуатын сыртқа шығару жоспарлануда. Бүгінгі күні Алматы қаласын газбен жабдықтау саласындағы өзекті мәселе қала төңірегінде газ шеңберін жасау болып табылады. Осы шаралар табиғи газды пайдалана отырып, тұрғын үйлерді және тұруға арналмаған нысандарды газбен жабдықтауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
2.1.5.3 кесте. 2010-2014 жылдардағы Алматы қаласы жылу және бу құбыры жүйесінің ұзындығы
Атауы/жылдар
|
2012
|
2013
|
2014
|
Екіқұбырлы шамадағы желілердің ұзындығы,км
|
1 275,8
|
1 271,6
|
1150,0
|
Оның ішінде ауыстырылғаны, км
|
22,3
|
21,7
|
21,8
|
2.1.5.4 кесте. Тұрғын үй коммуналды шаруашылығының негізгі даму көрсеткіші
Нысаналы индикаторлар
|
Өлшем бірлігі
|
2012
|
2013
|
2014
|
Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімді тұрғындардыңүлесі
|
%
|
95,1
|
95,09
|
95,12
|
суды әкету қызметіне қолжетімді тұрғындардың үлесі
|
%
|
64
|
68
|
72
|
жаңартылған желілердің жалпы ұзындықтағы үлесі
|
|
|
|
|
жылумен жабдықтау
|
%
|
2
|
2
|
2
|
сумен жабдықтау
|
%
|
6
|
6
|
6
|
Су бұру
|
%
|
10
|
10
|
10
|
газбен жабдықтау
|
%
|
-
|
-
|
-
|
электрмен жабдықтау
|
%
|
10
|
9
|
11
|
Ішкі өңірлік өнімнің қуат сыйымдылығы көрсеткіші
|
т.н.э.
|
-
|
0,32
|
0,32
|
2.1.5.5. кесте SWOT-талдау
Басым жақтары:
- тұрақты отын-энергетика секторы;
- дамыған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым;
|
Әлсіз жақтары:
- электр, жылу, сумен жабдықтау, отын-энергетикалық секторындағы негізгі құралдардың басым бөлігінің жоғары деңгейде тозуы;
- инженерлік жүйенің 60% жуығы ұзақ мерзім бойына пайдаланылған (25 жылдан астам).
|
Мүмкіндіктері:
- Көрсетілетін өмір сүруге қажетті қызметтердің сапасы, қауіпсіздігі мен үздіксіздігі бірмезгілде тиімсіз шығындарды төмендету;
- Коммуналдық қызметтердің бағасы мен сапасының балансына жету
|
Қауіп-қатерлер:
- инженерлік инфрақұрылымның 70% (ЖЭС, аралық станция, магистральді жүйе, қазандық) өзінің пайдалану ресурсын сарқыған, сол себепті апаттық жағдайларға, атап айтқанда электр жүйелерінде, жылу, су және газ жүйелерінің жиі істен шығуына алып келуі мүмкін.
|
Түйткілдер:
- қосылған аумақтарда инфрақұрылымдық жүйелер ауқымының жетіспеушілігі;
- бар инженерлік желілердің тозуының жоғарылығы, оларды жаңғырту және қайта жаңалау.
Достарыңызбен бөлісу: |