2.1.6. Экология және жер ресурстары
2.1.6.1. Атмосфера жағдайы
Алматы Қазақстанның ауаның ластану деңгейі көп жылдар бойы жоғары болып келетін қалаларының қатарына жатады. Ластанудың ең жоғарғы көрсеткіші жердің табиғи және климаттық ерекшеліктеріне, сондай-ақ қоршаған ортаға антропогендік әсерімен байланысты.
2.1.6.1.1 кесте. Қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын пайдалану бойынша негізгі көрсеткіштер
Атауы/жылдар
|
Өлш.
бірл.
|
2012
|
2013
|
2014
|
Стационарлық көздерден тарайтын зиянды заттардың белгіленген шығарындылар деңгейін төмендету (2009 жылмен салыстырғанда)
|
%
|
180,5
|
168,2
|
165,09
|
Атмосфераға стационарлы көздерден тарайтын зиянды заттар шығарындылары
|
мың. тонн
|
12,1
|
12,4
|
43,51
|
Су обьектілеріне сарқынды суларды ағызу
|
тонн
|
Шығарыл-майды
|
Шығарыл-майды
|
Шығарыл-майды
|
Қоршаған орта эмиссиясынан жергілікті бюджет кірісіне алынған қаржы мен экологиялық іс-шараларға бағытталған шығындардың ара-қатынасы
|
%
|
33,5
|
52,9
|
56,4
|
Орманды молықтыру және орман өсіру аумағы
|
мың га
|
0,1983
|
0,1983
|
0,1983
|
Жер телімдерін саудаға ұсыну (конкурстарда, аукциондарда)
|
Аукциондар саны
|
1
|
1
|
1
|
Дереккөз: «2014 жылдың алдын ала мәліметтері» Алматы қаласы Статистика департаментінің 2015 жылғы статистикалық жинағы; Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы
Атмосфераны ластау деңгейі мен көздеріне мониторинг
Атмосфера ластануының мониторингін «Қазгидромет» РМК «Алматы қаласы Гидрометеорологиялық мониторинг орталығы» ЕМК қала шегіндегі 16 пунктте жүргізеді. Өлшеулі заттар, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, фенол және формальдегидтің концентрациялары өлшенеді. Атмосфералық ауаның зиянды заттармен ластануы олардың концентрациясын ШЖК-мен салыстыру арқылы бағаланады (в мг/м3, мкг/м3).
Сонымен қатар ластану деңгейі әлемдік тәжірибеде қалыптасқандай абсолюттік емес, шартты көрсеткіштермен өлшенеді (мкг/м3, ppm).
Ауаны ластануына ағымдағы мониторинг жүргізу PM2.5 және PM10 компонеттерін өлшеуді көздемейді, бұл ретте аталған компоненттер онкологиялық аурулардың пайда болуына әсер етеді.
Атмосфера ластануының негізгі көздеріне мына топтар жатады:
Көлік;
Энергетикалық кәсіпорындар;
Жеке тұрғын үйлер.
Бұл ретте ластау көздері бойынша ауаны ластаушы заттар шығарындыларының мөлшеріне мониторинг жыл сайын тек стационарлық көздерде ғана жүргізіледі. Автокөліктерден және жеке тұрғын үйлерден тарайтын шығарындылар көлемі есептелмейді және олар бойынша статистикалық мәліметтер жинақталмайды.
Нәтижесінде, атмосфералық ауа ластануына ағымдағы мониторинг деңгейі Алматы қаласындағы ауаның ластану көздері мен деңгейінің нақты көріністерін бере алмайтығын атап өтуге болады.
2010-2014 жылдардағы
Алматы қаласы атмосферасының ластану динамикасы
2010-2014 жылдар аралығындағы шығарындылар көздері бойынша атмосферасының ластану динамикасы төмендегідей болады.
2.1.6.1.1 сурет. Атмосфераның ластану көздерінің түрлерін бағалау өлшемдері, мың тонна
Дерек көз: Алматы қаласының 2009-2018 жылдарға арналған қоршаған ортаның ластануын төмендетудің кешенді бағдарламасы, Алматы қаласы әкімдігінің 2011-2015 жылдарға арналған экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-қимыл жоспары және жұмыс тобының талдауы
2010-2014 жылдар кезеңінде ластанудың орташа жылдық өсу қарқыны шамамен 7% құрайды. Алдын ала бағалау бойынша 2014 жылы жалпы ластанудың жалпы көлемі 285 мың тоннаны құрады, оның ішінде 23111 мың. тонна (81%) көлікке, 3712мың тонна энергетикаға, 17 мың тонна басқа да көздерге тиесілі, оның ішінде жеке тұрғын үй қорының 111 мың тоннасын қоса алғанда. 2010-2014 жылдары жеке тұрғын үйлерді газбен жабдықтауға байланысты атмосфераның ластануы деңгейін төмендету тиімділігі, басқа да көздерден (өнеркәсіп орындары) тарайтын ластаушы заттар көлемінің артуы салдарынан байқалмады.
Көліктерден тарайтын ластану көлемінің артуы қаладағы автокөліктер санының жыл сайын 5,7 % көбеюіне (2010-14 жылдар аралығында 710 мыңнан 794 мыңға дейін артуы) және автопарктегі көліктердің біртіндеп тозуымен (пайдаланылуы 7 жылдан асып кеткен көліктер 80%10 құрайды) байланысты. Энергетикадан ластанудың 2014 жылы 37 мың тоннаға дейін артуы қала аумағына 2-ЖЭО-ның қосылуымен байланысты (2014 жылы 2-ЖЭО-дан шыққан нақты шығарынды көлемі 33 мың тоннаны құрады).
Атмосфералық ауаға тараған ластаушы заттардың жалпы көлемінен стационарлық көздерден шыққаны 84,1% газ тәрізді және сұйық заттар, ал 15,9% қатты заттар құрады.
Атмосфераны ластау компоненттеріне талдау
Ластаушы заттар түрлері бойынша атмосфераны ластау құрылымы шығарындылар көздеріне шаққанда төмендегідей болады.
2.1.6.1.2 кесте. Атмосфераны ластау көздері түрлерін бағамдау өлшемі
|
Көлік
|
Энергетика
|
Тұрғын үй
|
Басқа да көздер
|
Барлығы:
|
Көміртегі оксиді (CO)
|
202,812
|
1,063
|
0,768
|
3,787
|
208,430
|
Азот диоксиді (NO2)
|
25,019
|
8,403
|
0,109
|
1,941
|
35,472
|
Күкірт диоксиді (SO2)
|
2,583
|
19,310
|
1,408
|
369
|
23,671
|
Формальдегид (CH2O)
|
186
|
.
|
0
|
|
186
|
Қатты бөлшектер (PM10)
|
|
6,009
|
8,128
|
368
|
14,505
|
Басқа да заттар
|
|
2,000
|
|
286
|
2,286
|
Жиынтығы:
|
230,601
|
36,785
|
10,413
|
6,751
|
284,550
|
Дереккөз: Жұмыс тобының талдауы
Көміртегі оксидінің (CO), азот диоксидінің (NOx) және формальдегидтің (CH2O) негізгі көздері көліктер; күкірт диоксиді – энергетика; қатты бөлшектер – энергетика және тұрғын үй.
ШЖК-ге байланысты салыстыру және өзгеру динамикасы
Атмосфералық ауа ластануының деңгейін бағамдау үшін жылына ауа сапасының үш көрсеткіші пайдаланылады:
Атмосфера ластануының индексі (АЛИ) – атмосфера ластануының жиынтық индексі. Оның өлшеуі үшін ауадағы ластану заттарының ШЖК-ге бөлінген орташа концентрациясы пайдаланылады.
Стандартты индекс (СИ)– барынша өлшенген ең көп бір жолғы қоспа концентрациясы, ШЖК - ға бөлінген концентрациялық қоспа.
Көбірек қайталанулар (КҚ) %-ға шаққанда – ШЖК-ге бөлінген қоспалардың өлшенуі.
Атмосфералық ауаның ластану деңгейі төрт стандартты көрсеткіш СИ, КҚ және АЛИ бойынша сипатталады
.
Егер АЛИ, СИ и КҚ түрлі градиацияғақосылса, ауаны ластау деңгейі АЛИ бойынша бағаланады.
2014 жылы Алматы қаласының атмосфералық ауасы жоғары деңгейде ластанумен сипатталады. Ластану деңгейі 10,0-ге тең АЛИ мәнімен анықталды (жоғарғы деңгей), азот диоксидінің концентрациясы бойынша КҚ - 88,8 %-ға тең (өте жоғарғы деңгей) және СИ - 11,8-ге тең (өте жоғарғы деңгей).
Жалпы қала бойынша формальдегидтің орташа жылдық концентрациясы 3,7 ШЖК құраса, азот диоксидінің – 1,9 ШЖК, басқа ластаушы заттардың құрамы ШЖК-ден аспаған .
Азот диоксидінің ең жоғарғы бір жолғы концентрациясы 11,8 ШЖК, күкірт диоксиді – 4,0 ШЖК, көміртегі оксидін - 3,6 ШЖК, азот оксидін - 2,5 ШЖК, басқа заттар - 2,4 ШЖК, фенол - 1,3 ШЖК, формальдегид - 1,1 ШЖК-ні құрады.
2.1.6.1.3 кесте. Алматы қаласының 2014 жылғы атмосфералық ауасының ластану сипаттамасы
Қоспа
|
Орташа концентрация (gс.с.)
|
Жоғарғы мөлшерлі концентрация (gм.р.)
|
ИЗА
|
мг/м3
|
Шектен шығу еселігі ПДКс.с.
|
мг/м3
|
Шектен шығу еселігі
ПДКм.р.
|
|
Өлшеулі заттар
|
0,139
|
0,9
|
1,2
|
2,4
|
0,93
|
Өлшеулі бөлшектер (РМ-10)
|
0,012
|
|
0,614
|
|
|
Күкірт диоксиді
|
0,036
|
0,7
|
1,998
|
4,0
|
0,72
|
Көміртегі оксиді
|
1,4
|
0,5
|
18,1
|
3,6
|
0,51
|
Азот диоксиді
|
0,077
|
1,9
|
1,00
|
11,8
|
2,33
|
Азот оксиді
|
0,014
|
0,2
|
1,00
|
2,5
|
0,23
|
Фенол
|
0,001
|
0,4
|
0,013
|
1,3
|
0,30
|
Формальдегид
|
0,011
|
3,7
|
0,038
|
1,1
|
5,51
|
Дереккөз: Жұмыс тобының талдауы
Атмосфералық ауаның ластануы соңғы жылдары бірқалыпты, дегенмен әлі де жоғары болып табылады.
2013-2014 жылдары атмосфералық ластанудың индексі (АЛИ5)1111,8-ден 10,0 дейін төмендеген. Индекстің төмендеуінің негізгі себебі ИЛА5 атмосфера ластануын төмендеті бойынша іс-шаралардың жүргізілуі. 2014 жылдан бастап АЛИ 5 есебі 5 стационарлы және 11 автоматтандырылған бекеттерінде жүргізіліп келеді.
Ластану деңгейінің жалпы төмендеуі жағдайында 2014 жылы формальдегидтің және азот диоксидінің орташа концентрациясы ШЖК нормасынан тиісінше 3,7 және 1,9 есе артқан.
2.1.6.1.2 сурет. Құрамдас бөлшектері бойынша АЛИ5 динамикасы
Дереккөз: «Казгидромет» РГП
Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің жалпы төмендеуі қаланың басым міндеттерінің бірі болып табылады.
Осы бағыт бойынша 2014 жылы төмендегідей жобалар жүзеге асырылды:
1-ЖЭО қайта жабдықталып, шамамен 90% «Алматытеплокоммунэнерго» АҚ қазандық маусымдық немесе жыл бойы табиғи газбен жұмыс істеуге ауыстырылды;
Жеке секторларды газбен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылуда;
6 көлік жолайрығының құрылысы аяқталды, жолдар ұзартылып, жаңа жолдар салынды;
Таза экологиялық қоғамдық жолаушылар көліктерінің жалпы үлесі 50% жетті;
Автокөліктерден шығатын улы газдар мен түтін нормасын тексеру үшін 13 экологиялық бекет ұйымдастырылды. 2014 жылы улы газдар мен түтін нормасын асырғаны үшін 45 мыңға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
Метрополитеннің 1-желісі пайдалануға берілді;
Қала шегіндегі жанармай құю стансаларында сатылатын жанармайдың сапасына моиторинг үнемі жүргізіліп тұрады.
Қаланың жасыл қорын сақтау жұмыстары жалғастырылуда: қаланың аумағында 2014 жылы шамамен 28 мың түп ағаш түрлері отырғызылды.
Сонымен қатар бағдарлама аясында жоспарланған, бірақ жайлап жүзеге асырылып келе жатқан жоспарлар да баршылық:
Метрополитеннің 2-желісін іске қосу;
Өнеркәсіп кәсіпорындарын қала сыртына шығару;
ҮАААЖ авто жолының аяқтау (бұл мәселе Алматы қаласы әкімдігінің құзыретінде емес және ҚР Үкіметі деңгейінде қаралуы керек);
60% коммуналдық көлікті газға ауыстыру.
Қорыта айтқанда, талдау сараптамасының қорытындысы бойынша Алматы қаласының АЛИ5 деңгейінің төмендеуі, Алматы қаласының атмосферасының ластануы (2,6-дан 6,6 дейін) өскен, ШЖК деңгейі (күкірт диоксиді):
2.1.6.1.3 кесте. Атмосфера ластануының салыстырмалы талдауы
Дереккөз: қалалық статистикалық есеп, жұмыс тобының талдауы
Салыстырмалы көрсеткіштерде атмосфераның ластану деңгейін өлшеу кезінде (абсолюттік өлшемде компоненттер бойынша мәліметтерді бермей – мкг/м3), Алматы қаласының атмосферасының ластану деңгейінің нақты түрін бағалау қиын. Сәйкесінше, атмосфералық ластануды бар өлшеу әдістері мен бағалау кезінде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша болашаққа нақты және қол жететін мақсаттарды қою мүмкін болмай тұр. Сондықтан атмосфералық ластануды өлшеу әдістері мен бағалау деңгейін бірталай өзгерту талап етіледі.
2.1.6.2. Қатты тұрмыстық қалдықтар
Қазіргі таңда ҚР Экологиялық кодексіне сәйке Алматы қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару мәселесі қадағаланады, ол барлық коммуналдық қалдықтардың 95% құрайды. Алматы қаласында Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру ережесі (2009 жылы бекітілген) болғанына қарамастан қауіпті, құрылыс, ірі көлемді қалдықтарды жинау, шығару және сақтау мәселесін шешу Алматы қаласында, жалпы елімізде де тиісті деңгейде емес.
Жалпы коммуналдық қалдықтар көлемі жылына 670 мың тоннаны құрайды және ол Алматы облысы аумағында орналасқан полигондарға шығарылады.
2.1.6.2.1 сурет. Қатты тұрмыстық қалдықтардың болжамды өсуі, 2014 ж.
Дерек көз: «Қазақстандағы қоқыс өңдеуді жаңартуға қажетті инвестицияның бағалауы» COWI консалтинг жобасы
Коммуналдық қалдықтардың жан басына шаққандағы ағымдағы көлемі жылына 400 кг құрайды, салыстырылып отырған қалалардың көп бөлігінен қалдық деңгейі төмен.
2.1.6.2.2 сурет. Қатты тұрмыстық қалдықтардың жан басына шаққандағы көлемі
Дерек көз: Қалалар бойынша экологиялық және статистикалық есептер, жұмыс тобының сараптамасы
Қала бойынша 2014 жылықатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мен жинауды 32 қоқыс шығарушы кәсіпорын жүзеге асырды. Қала бойынша тұрмыстық қалдықтарды жинауда 70% қызметті «Тәртіп» АҚ көрсетеді.
Бүгінгі таңда қатты тұрмыстық қалдықтар қалдық түрлеріне қарай бөлектеп жиналмайды. Қалдықтарды жинау қайталама шикізаттың негізгі үш түрі бойынша жүргізіледі: пластик, шыны және қағаз. Бірқатар себептерге байланысты (қайталама шикізат нарығы дамуының төмендігі, халықты жұмылдырудың төменгі деңгейі, экономикалық ынталандырудың жоқтығы және техникамен әлсіз жабдықталуы) бұл жоба белгісіз бір мерзімге дейін тоқталды.
Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтардың құрылымы 75%-ға қалдық пайдалануға мүмкіндік береді, оның ішінде тамақ қалдықтарының қоса алғанда (25%), қағаз (14%), пластик (16%), шыны (12%), ағаш (4%) және металдар (3%) құрайды.
2.1.6.2.3 кесте. ҚТҚ морфологиялық құрылымы
Дереккөз: Қалалар бойынша экологиялық есептер, жұмыс тобының сараптамасы
Қала аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар өңдейтін ірі кәсіпорын болмағандықтан, ҚТҚ Алматы облысы аумағындағы полигонға тасылады. Қарасай ауданында (қаладан 35 км қашықтықта) орналасқан полигон күніне 1200-1500 тонна қалдықтарды қабылдайды, ал қалған 400-500 тоннасы облыс аумағындағы шағын полигондарға тасылады.
Қалдықтарды жинау ашық тәсілде аз мөлшердегі қолмен сұрыптау арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда қалдықтардың жыл сайынғы қордаланған және жинақталған көлемін бағамдау іске асырылмай отыр. Дегенмен, Қарасай ауданында орналасқан полигондағы қалдықтардың көлеміне баға берсек 10 млн. тоннаны құрайды, ал қалдықтар көлемінің артуы 80%-дан асып түскен.
Қоқыс полигондарында қалдықтардың жиналып қалу себебі, қайталама өңдейтін ірі орындардың болмауы болып табылады. Өңдеудің ағымдағы деңгейі қадағаланбайды, бірақ сарапшылардың пікірінше 5-6 % аспайды, өнімдерді қайтадан пайдалану үшін (қағаз, пластик және т.б.) ұйымдастырылмаған қолмен сұрыптау жүзеге асырылады.
2.1.6.2.1 кесте. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі
|
Өлшем бірлігі
|
2012
|
2013
|
2014
|
Қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлеміндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеудің үлесі
|
%
|
5,5
|
6,0
|
5,0
|
Дереккөз: Сарапшылармен сұхбат, жұмыс тобының сараптамасы
2.1.6.2.4 сурет. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейінің үлесі, 2014 ж.
Дерек көз: Қалалар бойынша экологиялық есептер, жұмыс тобының сараптамасы
2.1.6.2.5 сурет. Қалдықтарды кәдеге жарату түрлері, 2014 ж.
Дереккөз: Қалалар бойынша экологиялық есептер, жұмыс тобының сараптамасы
Бүгінгі таңда қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеу зауыттарының құрылыстарын салу жоспарда бар.
2.1.6.2.2. кесте. SWOT – талдау
Басым жақтары:
- Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға азаматтық қоғамның аса мүдделілігі.
|
Әлсіз жақтары:
- көптеген жылдар бойы ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы;
- қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің болмауы.
|
Мүмкіндіктер:
- Алматыда ыңғайлы экологиялық жағдай туғызу
|
Қауіп - қатер:
- Алматы қаласы ауасының көліктердің көбеюі мен құрылыстардың тығыздығынан, соның ішінде тау-әуе ағынының транзит аймағы болып табылатын қаланың оңтүстік бөлігінің жоғары деңгейде ластануы.
|
Түйткілдер:
- коммуналдық қалдықтарды жекелеп жинауда тұрғындарды экономикалық ынталандырудың жоқтығы;
- екінші шикізат нарығының аса дамымауы;
- екінші материалдық ресурстарды кәдеге жарату мен қайта өңдеу көлемінің мемлекеттік статистикалық есебінің жоқтығы;
- жасыл қор көлемін арттыруға жер ресурстарының болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |