Бағдарламасы Алматы Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты



бет14/19
Дата13.02.2017
өлшемі7,08 Mb.
#9202
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Билет беру жүйесі

Қоғамдық көлік нысандары (600 автобус, трамвай, троллейбус, және метрополитен) валидаторларды және жол жүру ақысын жинаудың басқа құрылғыларын қолданады. Қоғамдық көліктің басқа нысандарында жол жүру ақысын жинауды кондукторлар жүргізеді.

Қоғамдық көлік жұмысының ағымдағы сызбасы кезінде жолаушыларды билетпен қамтамасыз етудің төмен болу мәселесі анықталып отыр. Аталған құбылыстың бағасы өзгермелі, бірақ жеке бағалар бойынша билеттенбеген жолаушылардың үлесі билеттер санынан 3 есе асып түседі. Аталған жағдай жолаушыларды тасымалдауды дұрыс бағалауға және бюджетке түсетін соманы шектеуге мүмкіндік бермейді.

2015 жылдың соңына қарай, электронды билеттендіру жүйесін енгізу жоспарлануда. Аталған жоба қоғамдық көліктегі ақша айналымын бекітуге және көлеңкелі ақша айналымының деңгейін қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаның құны 2,3 млрд. теңгені құрайды.



Көліктік модельдеу

Қаланың көлік жүйесін жақсарту бойынша іс-шараларды өткізуді бағалау және жолдардың тығыздылық деңгейін төмендету мақсатында көлік қозғалысын кешенді зерттеуді өткізу қажет. Аталған бағалау көлікті модельдеу бағдарламасымен жүргізіледі.

Тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету «Алматы қаласындағы тұрақты көлік стратегиясы» Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы шеңберінде қолға алынып, кейін Көлік холдингіне тапсырылды. 2015 жылғы қазандағы жағдай бойынша көлік моделі толық деңгейде іске қосылмады, әлі іске қосылу үдерісінде тұр. 2016 жылы көліктердің келу модельденуі мен транспорттардың келу көрсеткіштерін есептеу үшін бағдарламаларды пайдалану жоспарлануда.
Көлік жүйесінің агломерациясы
Алматы қаласының көлік жүйесі агломерациясының негізгі мәселесі қалалық және қала шетіндегі жүрдек жолаушы көлігінің (LRT, BRT, қала шетіндегі электричкалар) үлкен тасымал қабілетіне ие заманауи жүйелерінің жоқтығы болып табылады. Қала маңындағы бағыттарда жолаушылар тасымалдаудың бар қажеттіліктерін қанағаттандыратын автомобиль көлігінің баламасы жоқ.
Велокөлік
Ірі қалаларда велосипед көлігін дамыту жол жүктемесін төмендету және тұрақты көлік түрлерін дамыту бойынша кең таралған шара болып табылады. Велокөлікті дамыту процесінде негізгі фактор велосипед инфрақұрылымының бар болуы (веложолдар, велотұрақтар және велосипедті жалға беру) маңызды болып саналады.

Алматы қаласының орталық бөлігіндегі веложолдардың жалпы ұзындығы 2,5 км құрайды. Бұдан басқа, веложолдар Момышұлы көшесінің бойында (10,8 км), Рысқұлов даңғылы (2,7 км), Ақын Сара көшесі (2,7 км) және Үлкен Алматы каналының (5,2 км) бойындағы жолдарда бар. Веложолдардың бұл саны (23,9 км) қазіргі кездегі қала аумағы (682 км2) үшін көп емес және веложолдармен қамту деңгейінен төмен екенін көрсетеді.


2.1.4.3.5 сурет. Веложолдардың жалпы ұзындығы және қамтылуы, 2014 ж.

Дереккөз: баспасөз шолуы, сарапшылармен сұхбат

Велосипед инфрақұрылымының басқа да маңызды құрамдас бөлігі велотұрақтардың бар болуы болып есептеледі. Қаланың аумағында велотұрақтар әкімдік, бизнес құрылымдары және қоғамдық ұйымдардың күшімен орнатылады.

2014 жылы қаланың аумағында жалпы сыйымдылығы 700-900 орын болатын шамамен 120 велотұрақ орналасты. Велотұрақтардың бұл саны велокөлікті дамытуды шектейді, өйткені қаланың көлемінде велокөлікті дамытудың ағымдағы жоспары кезінде жеткіліксіз болып табылады, бұл салыстырмалы түрде басқа қалалардағы велотұрақтармен қамту дейңгейін қарау кезінде байқалады.



2.1.4.3.6 сурет. Велотұрақтардың саны және қамтылуы, 2014 ж.

Дереккөз: қалалар муниципалитеттерінің сайттары, сарапшылармен сұхбат

Велокөлікті дамытудағы үшінші фактор велосипедті жалға беру жүйесін дамыту болып саналады. Қалада біріккен велосипедті жалға беру жүйесіне қосылмаған жалға беру пункттері жұмыс істеуде. 2014 жылы қалада 30 велосипедке арналған велосипедті жалға берудің 2 стансасын орнату бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Велокөлікті одан әрі насихаттау үшін қаланың ішінде ауқымды тұйық желіні құруға мүмкіндік беретін, велосипедті жалға беру стансасының қажетті мөлшерін қалыптастыру қажет.

Велокөлікті дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жалпы жолаушылар ағысында велокөліктің қомақты үлесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.



2.1.4.3.7 сурет. Жолаушылар ағынында велокөліктің үлесі, 2014 ж.

Дереккөз: баспасөз шолуы, муниципалитеттердің сайттары, сарапшылармен сұхбат



Тұрақтар

2012 жылдан бастап 2014 жыл аралығында төмендегідей тұрақтарды ұйымдастыруға рұқсат берілген:



  • сыйымдылығы 3 200 машина орны бар 190 көшелік тұрақтар. 2015 жылғы маусымдағы жағдаймен жұмыс істеп тұрған тұрақтар саны шамамен 80 құрайды, қалған тұрақ аймақтары ұйымдастыру процесінде болған;

  • 4 компания басқаратын 6 алаңдық үлгідегі тұрақ.

Жоғарыда аталған тұрақ аймақтарынан басқа қалада сондай-ақ ақыны «өз еркімен» жүргізетін шамамен 70 тұрақ аймағы жұмыс істейді8.

Нәтижесінде ресми тіркелген тұрақ орындарының саны шамамен 3000 (қалалық автопарктің 0,3% қамтылуы), салыстырып отырған қалалардағы көрсеткіштерден анағұрлым төмен.



Сурет 2.1.4.3.8 Көшедегі тұрақ орындарының саны, 2014 ж.

Дереккөз: Еуропаның тұрақ қауымдастығы, қалалардың көлік департаменттері



Тұраққа төлемді операторлар алады, күндізгі уақытта 100 теңгеге дейін барады. Бұл ретте, тұрақ аймақтарының баға саясатында тұрақ аймағының орналасқан жеріне қатысты тұрақ тарифін саралау жоқ. Төлемді саралау жүйесі салыстырып отырған қалаларда кең таралған тәжірибе болып есептеледі, ол жерлерде тұрақ аймағының орналасқан жеріне қатысты ең төмен және ең жоғары тариф арасындағы айырмашылық 3 есеге дейін құрауы мүмкін.

Сурет 2.1.4.3.9 Көшелік үлгідегі тұрақ үшін төлем, 2014 ж.

Дереккөз: Еуропаның тұрақ ассоциациясы, қалалардың көлік департаменттері



Тұрақ аймақтарының қызметі нәтижесінде қаланың бюджетіне 2014 жылы 7 млн. теңге түскен (тұрақ аймақтары операторларының бір бөлігі бюджетке аударым жүргізбеген), бұл салыстырып отырған қалалардағы бюджеттік кіріс деңгейінен 25 есеге аз. Осылайша,қала көлік секторындағы жобаларды қаржыландыру үшін қосымша кіріс көзін қамтамасыз ету мүмкіндігін жіберіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет