Сурет 2.1.4.3.10 Ақылы тұрақтардан түсетін кіріс, 2014 ж.
Дереккөз: Еуропаның тұрақ ассоциациясы, қалалардың көлік департаменттері
Қала билігінің шешімімен бірыңғай операторды анықтағанға және төлемді алу тетігін әзірлегенге дейін тұрақтардан ақы алу тоқтатылды.
Кесте 2.1.4.3.2 SWOT - талдау
Күшті жақтары:
- салыстырмалы түрде дамыған көлік инфрақұрылымы.
|
Әлсіз жақтары:
- қоғамдық көлік қызметтерінің төменгі сапасы (бағыттардың жүйесіздігі, жылжымалы құрам мен жүргізушілердің жетіспеуі, сондай-ақ Жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерін бұзу);
- көлік тығындары және қалаға сырттан кіретін көлік санының көптігі.
|
Мүмкіндіктер:
- қалаға кіретін негізгі бағыттарда автовокзалдар мен автостансалар салу;
- көлік бағыты карта/сызбаларын орнату, дәл сол уақытқа режиміндегі қоғамдық көліктің кестесі бар электрондық ақпараттық табло, бейне бақылау камераларын орнату.
|
Қауіп-қатерлер:
- Алматы қаласында ластаушы заттардың, шекті жол берілетін нормасының айтарлықтай өсуі;
- көлік санының артуы.
|
Түйткілді мәселелер:
- тұрақ орындарын ұйымдастырудағы пысықталмаған нормативтік құқықтық база.
Автожолдар
Ұзындығы және қамтылуы
Қаланың жол қоры толығымен муниципалитеттің меншігінде. 2012 жылдан бастап 2014 жыл аралығында жол қоры орташа есеппен жылына 0,3%-ға өсті және 1%-ға артты (жаңадан қосылған аумақтарды есептемегенде).
Кесте 2.1.4.3.2 Алматы қаласының жол қорының ұзындығы
Атауы/ жылдары
|
Өлшем бірлігі
|
2012
|
2013
|
2014
|
Автожолдардың ұзындығы
|
км
|
1 700
|
1 714
|
2 299
|
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі
|
%
|
37
|
41
|
43
|
Дерек көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті
Автожолдардың ұзындығын арттыру бойынша ағымдағы шараларға қарамастан, Алматы автожолдармен қамту дейңгейі және қала аумағындағы автожолдардың тығыздығы бойынша салыстырып отырған қалалардан артта қалады.
Сурет 2.1.4.3.11 Автожолдардың тығыздығы және жол жабындыларымен қамту, 2014 ж.
Дерек көзі: баспасөзге шолу, жұмыс тобының талдауы
Жол төсенішінің сапасы
Қолда бар мәліметтер бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдай- дағы автомобиль жолдары 37%-дан 43%-ға дейін өскен. Бұл ретте, анағұрлым толық мағлұмат беретін, қаладағы автожолдардың ұзындығы, қамтылуы және жағдайына нақты түгендеу жүргізу тек қана 2016 жылдың ортасына қарай аяқталады.
Автожолдар қорының жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын жаңадан жолдар салынады және бұрыннан бар жолдар жөндеуден өтеді. 2012 - 2014 жылдар аралығында жаңадан 32,4 км жол салынған, 26 км болатын магистралды көше созылған, 6,5 км жол күрделі жөндеуден өткен, 517,4 км жолға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ, жөндеу жұмыстарының бірыңғай тізілімі және қаланың аумағындағы жолдардың картасы жоқ екені байқалады.
Кесте 2.1.4.3.3. Автожолдарды салу және жөндеу жұмыстарының көлемі
Атауы/ жылдары
|
Өлшем бірлігі
|
2012
|
2013
|
2014
|
Құрылысы
|
км
|
22,9
|
7,9
|
1,6
|
Магистралды көшелерді созу
|
км
|
12,0
|
13,6
|
-
|
Күрделі жөндеу
|
км
|
1,4
|
1,8
|
3,2
|
Орташа және ағымдағы жөндеу
|
км
|
224,0
|
155,6
|
137,8
|
Дереккөз: Алматы қаласының Автомобиль жолдары басқармасы
Көлік жолайрықтары және жаяу жүргіншілердің өтпе жолдары
2015 жылы көлікті өткізу қабілетін арттыру және қала магистралдарындағы көлік жүктемесін төмендету мақсатында 7 көлік жолайрығы және жаяу жүргіншілердің 70 өтпе жолы салынды.
2014 жылы қалада дүниежүзіне танымал урбанист Ян Гейлдің Алматы аумағының орталық бөлігін жайластыру жөніндегі жобасы таныстырылды, жаяу жүргіншілер аймағының құрылысын қоса алғанда. Қазіргі кезде Алматы қаласының Бас жоспарына ұсыныстар біріктірілуде.
Кесте 2.1.4.3.5. SWOT - талдау
Күшті жақтары:
- жол желілерін кеңейту, көпірлер салу, көшелерді созу және түрлі деңгейдегі көлік жолайрықтарын салу арқылы жылдамдығы жоғары қала көшелері мен қалалық маңызы бар магистралдардың бірыңғай жүйесін құруға негізделген көше-жол желілерін дамыту.
|
Әлсіз жақтары:
- автокөлік инфрақұрылымының едәуір бөлігі нормативтік мерзімнен артық пайдаланылуда, басқалары да сол мерзімге жақын, осыған байланысты көлік жұмысының қауіпсіздігі бойынша жағдай нашарлайды.
|
Мүмкіндіктер:
- мемлекеттік - жеке меншік әріптестік тетіктерін дамыту
- озық техникалық және экологиялық регламенттер, стандарттарды енгізу.
|
Қауіп-қатерлер:
- пайдаланылып жүрген автожолдардың техникалық жағынан төмен өлшемдері, жолдардағы апат және өлім жағдайларының көп болуы, қалалық маңызы бар автомобиль жолдары дамуының төмен деңгейі.
|
Түйткілді мәселелер:
Жолайрықтарын салуда түйткілді мәселе құрылыстан тиімділікті анықтау болып табылады. Тиімділікті есептеуде көлік ағысын модельдеу бағдарламасының болмауы қиындатады. Нәтижесінде көлік жолайрықтары салынған учаскелердегі өткізу қабілетін жақсарту бойынша мәліметтер жоқ. Жұмысқа көлік моделін 2016 жылы енгізу кезінде қаланың жолайрықтары бар учаскелеріндегі өткізу қабілетін жақсарту нәтижелеріне талдау жасау үшін базасы пайда болады.
2.1.5. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
Электр энергетикасы
Алматы қаласы бойынша электр энергиясының нарығы - «АлЭС» АҚ энергия көздерінен алынатын электр қуатынан және Жамбыл ГРЭС-і және Павлодар-Экібастұз ГРЭС-і энергия торабынан (шамамен 30%) сатып алынатын электр қуаты есебінен құралады.
Электр қуатын импорттаудың едәуір үлесі барын және экономиканың және тұрғындар санының өсуі есебінен бұдан әрі оны тұтынудың артуын да ескере отырып, өңірлік жалпы өнімнің энергия сыйымдылығын қысқартуға ерекше көңіл бөлу керек.
Энергия сыйымдылығының көрсеткішін азайту үшін энергия тиімділігін салыстырып отырған қалалар деңгейіне дейін (5-6%) арттыру қажет.
Қаланы орталықтандырылған электрмен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ды құрайды.
Қолданыстағы электрмен жабдықтау жүйесі тозығы жеткен және шығынды көп әкелетін деңгеймен сипатталады. Республикалық құрылымда Алматы қаласы электр желілерінің тозуының көрсеткіші, Алматы және Павлодар облыстарынан кейін, жоғары деңгейде болып есептеледі.
Қалалық электр желілерінің тозуының көрсеткіші жүйені ауқымды көлемде жаңғырту қажет екенін көрсетіп отыр. Күрделі жөндеуден өткен желілердің үлесі соңғы 3 жылда едәуір артты. Аталған кезеңде шамамен 300 километрдей электр желісі қайта жаңғыртылды. Электрмен жабдықтаудың жаңғыртылған желілерінің үлесі 15,3% -ды құрайды. Бұл электр желілеріндегі шығын деңгейін төмендетуге алып келді (2012 жылғы 17%-дан 2014 жылғы 15%-ға), инфрақұрылымның қатты тозуына қарамастан (2012-2014 жылдары 70%).
Сурет 2.1.5.1. Электр желілерінің көрсеткіштері
1 ВЛ-6-10 кВ, ВЛ-0,38 кВ, КЛ-6-10 кВ, КЛ-0,38 кВ бойынша орташа мәні
Дереккөз: Энергетика және КШ басқармасы
Электр энергиясын тұтынудың құрылысы, негізгі тұтынушы өнәркәсіп кәсіпорындары – 33%, жеке тұлғалар – 29%, бюджеттік ұйымдар – 13% және өзге де тұтынушылар – 25% екенін көрсетіп отыр.
Сурет 2.1.5.2. Электр энергиясын тұтыну
Дерек көзі: Энергетика және КШ басқармасы
Достарыңызбен бөлісу: |