2.1.4.3. Жолдар мен көлік
Көлік саны мен жолаушылар легі
2012 және 2014 жылдар аралығында Алматы қаласында жолаушыларды тасымалдау мен қаланың автокөлік парктерінің қарқынды өсуі байқалды.
2.1.4.3.1. Сурет. Алматы қаласындағы жолаушы тасымалдау мен автокөлік парктерінің қарқыны7
Дереккөз: «Алматы қаласындағы тұрақты көлік стратегиясы»; БҰҰ даму бағдарламасы; Алматы қаласы Статистика департаменті; Жолаушылар көлігі басқармасының деректері; жұмыс тобының талдамасы
Есепті кезеңде жалпы жолаушыларды тасымалдау 2012 жылы 19%-дан 28,6 %-ға, 2013 жылы - 32,4-тен 2014 жылы орташа жылдық өсудің 5% деңгейіне (CAGR) қатысты 34,8 млрд жолаушыға өсті. Қоғамдық көліктегі жолаушылар тасымалдаудың орташа жылдық өсімі - 7%, жеке көлік - 4% құрады.
Жеке көліктегі жолаушылар тасымалының ұлғаюының негізгі себебі жеке көліктің санының жыл сайын өсуі (4%) болып табылады. Ол 18% ұлғайып, 2014 жылы көліктің 796 мың бірлік деңгейіне жетті, ал жыл сайынғы негізде қалаға келетін маятникті көліктің саны (10%) өсті.
Нәтижесінде қаладағы автопарктердің өсуінен жолдардағы көлік тығыздығының жыл сайын ұлғаюы (2%) болады. Берілген көрсеткіштер бойынша Алматы салыстырылып отырған қалалардың көрсеткіштеріне жетті немесе одан асты.
2.1.4.3.2 сурет. Жолдардағы көлік тығыздығының талдамасы
Дереккөз: Жолаушылар көлігі басқармасы; қалалардың статистикалық агенттіктері
Жолдардағы көліктер тығыздығының ұлғаюы қаладағы халықтардың өсуімен бір мезгілде жүрді. Сондықтан Алматының халқын көлікпен қамтамасыз ету деңгейі 2010-2014 жылдары сәл алға шығып, 1000 тұрғынға 350 автокөліктен тиді.
Қозғалыстың орташа жылдамдығы
Көлік жүйесінің тиімді жүргізілуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі кептеліс кезіндегі қозғалыстың орташа жылдамдығы болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының деректеріне сәйкес Алматы қаласындағы қозғалыстың ағымдағы орташа жылдамдығы кептеліс кезінде сағатына 19 км. құрайды. Бұл салыстырылып отырған қалалардан біршама төмен.
2.1.4.3.3 сурет. Кептеліс кезіндегі қозғалыстың орташа жылдамдығы, 2014 ж.
Дереккөз: «Алматы қаласындағы тұрақты көлік стратегиясы» БҰҰ даму бағдарламасы; Көлік холдингі; қалалардың статистикалық агенттіктері
Жұмыс тобының талдауына сәйкес көлік санының жылына 4% өсуінен (ағымдағы жол инфрақұрылымдарының құрылыс қарқынына қатысты) келесі 5-7 жылда қозғалыстың орташа жылдамдығының 20% төмендеуі күтіледі. Көрсетілген болжамдарды ескере отырып, 2020 жылға қарай қозғалыс жылдамдығы 15 км/сағатқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондықтан қалаға көлік тығыздығын төмендетуге бағытталған шараларды қарастыру қажет.
Қоғамдық көлік
Соңғы жылдары қала қазірдің өзінде көрнекті нәтижеге ие көлік инфрақұрылымдарын дамытудың бірқатар жобаларын іске асырды. Төменде 2010-2014 жылдардағы қоғамдық көліктегі маңызды инвестициялық жобалар ұсынылды:
Метрополитеннің бірінші желісінің негізгі бөлігінің құрылысын аяқтау;
Компримирленген газбен жұмыс істейтін 600 автобусты сатып алу;
Компримирленген газбен жұмыс істейтін таксилерді сатып алу – жылына 80 млн. жолаушы/км.
Жаңғырту бойынша жобалардың нәтижесінде қоғамдық көлік паркінің мөлшері 13% ұлғайды, төменгі эмиссия деңгейі бар көліктің үлесі 2014 жылы 50% құрады. Сонымен қатар, жалпы жолаушылар тасымалдаудағы қоғамдық көліктің үлесі 7% өсті (2014 жылы 32%-ға дейін). Дегенмен, аталған көрсеткіш салыстырылып отырған қалалардың көрсеткішінен төмен: Москва – 66%, Варшава – 49%, Торонто – 46%.
2.1.4.3.1 кесте. Қоғамдық көлік автопаркінің құрылымы
Атауы/жылдар
|
Өлш. бірл.
|
2012
|
2013
|
2014
|
Қоғамдық көліктің саны
|
бірлік
|
1 742
|
1 982
|
2 101
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
Автобустар
|
бірлік
|
1 580
|
1 709
|
1 855
|
Троллейбустар
|
бірлік
|
136
|
239
|
212
|
Трамвайлар
|
бірлік
|
19
|
27
|
27
|
Метрополитен
|
бірлік
|
7
|
7
|
7
|
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті
Қоғамдық көлік жобаларының инвестициялық тартымдылығы
Жеке инвесторлар үшін саланың тартымдылығын көтеру шараларының бірі жобалардың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғамдық көліктегі ағымдағы тарифтер салыстырылып отырған қалалардың деңгейіне қатысты төменгі деңгейде және көп мәрте қолдануға болатын билеттерді ынталандыру тетіктеріне :
2.1.4.3.4 сурет. Қоғамдық көліктегі жол жүру тарифтері, 2014 ж.
Дереккөз: қалалардың статистикалық агенттіктері; қалалардың көлік басқармаларының сайттары, Алматы қаласы Статистика департаменті
Жоғарыда аталған салыстырулардан шыға отырып, көлік шығынының үлесі Алматының үй шаруашылығындағы шығындардың жалпы құрылымында 7% құрайды. Онда салыстырылып отырған қалалардың бұл көрсеткіші өңірде 9,8% немесе Алматы қаласы бойынша 40% жоғары.
Субсидиялаудың болмауы және тарифтер деңгейінің төмендеуі жеке инвесторлар үшін қоғамдық көлік жобаларының тартымдылығын төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |