Бағдарламасы Алматы Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау



бет9/19
Дата13.02.2017
өлшемі7,08 Mb.
#9202
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау



Демография және көші-қон

Алматы халқының саны 1,6 млн. адамнан асатын Қазақстанның ірі қаласы болып табылады, бұл ел халқының 9,4 %-ына жуығын құрайды. Алматы агломерациясында 2,4 млн. адам тұрып жатыр, оның ішінде қала тұрғындары 71%, ауыл тұрғындары – 29 % құрайды.

Соңғы 3 жылды қоса алғанда көптеген жылдар бойы барлық негізгі демографиялық көрсеткіштердің оң серпіні байқалады.

Алматы қаласы халқының саны тұрақты түрде өсіп келеді. Соңғы үшжыл ішінде қала халқының саны 11%-ға артқан. Халықтық санының едәуір көбеюіне негізінен үш негізгі фактор ықпалын тигізген: қалаға жаңа аумақтардың қосылуы, халықтың табиғи өсімі және оң көші-қон ағындары.

2014 жылы Алматы қаласына халық саны 92 мың адам шамасында болатын қала маңындағы біраз аудандар қосылған.

Қала халқы табиғи өсімнің оң көрсеткіштерін көрсетіп отыр. Бұл өлім деңгейінің төмендеуінің салдары. Қарастырылып отырған кезеңде өлім коэффициенті 12%-ға төмендеген. Халықтың табиғи өсімінің артуына алматылықтардың өмір сүру ұзақтығының артуы ықпал етті. Соңғы үш жыл ішінде аталған көрсеткіш 2,6 %-ға жоғарылап, 74,7 жасқа жетті.


2.1.2.3.1 сурет. Алматының демографиялық пирамидасы

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті
Алматы қаласы халқының жас құрылымы студенттік жастағы адамдардың үлесі өте жоғары болуымен сипатталады. Бұл экономика құрылымының және қаланың білім беру жүйесінің дамуының салдары болып табылады. Қала халқының жас құрылымы қаланың демографиялық дамуының өнімділігінің жоғары фазасын білдіреді және болашақта Алматы қаласының демографиялық ахуалы қолайлы болатынын білдіреді. Бұл Алматы қаласын 2016-2020 жылдары және одан кейінгі уақытта дамытудың іргелі базасын қалыптастырады.

Қаланың халық санының өсуінің үшінші факторы иммиграциялық өсім болып табылады. Соңғы жылдары ол қаланың бүгінгі өмірі мен болашақ дамуына біршама әсер ететін факторлардың біріне айналған.


2.1.2.3.2 сурет. Алматы қаласының көші-қон сальдосы

Дереккөз: «Алматықаласы2013 жылы» Алматы қаласы Статистика департаментінің жыл сайынғы санақ жинағы, 2014 жыл; «Алматы қаласы 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы халықтың көшіп-қонуы» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ бюллетені, 2015 жыл.


2012-2014 жылдар аралығында оң көші-қон сальдосы 48 мыңға жуық адамды құраған, бұл қала халқының 3%-ын құрайды. Бұл жағдайда осы кезеңдегі жылдық көші-қон сальдосы шамамен 50%-ға артқан және алдағы жылдары ол күрт төмендейді деп болжауға ешбір негіз жоқ. Осы қарқынды көші-қон ағыны қалада белгілі әлеуметтік қысым тудырады, себебі тұрғын үй мен еңбекке орналасуға мұқтаж жандар қаладағы еңбек нарығындағы бәсекелестік пен қылмыстық ахуалды шиеленістіреді.

Бұл жағдайда сырттан көшіп келгендерді ресми есепке алу саны көші-қон қызметтері мәліметтерінен кем дегенде 20 – 25% жоғары болатын барлық көшіп келушілерді қамти алмайды. Алматы қаласының әрі қарай даму барысында қаланың даму кезеңіндегі иммиграцияны ескеріп, аталған жағдайдың артықшылықтарын пайдаланып, зиянды жақтарын қадағалау керек.

Тұрғындардың елдің басқа аймақтарынан қосылуы қала территориясының ресурстық мүмкіндіктерін (әлеуметтік, инженерлік, көлік инфраструктурасын, аймақтың экологиялық жағдайын және еңбек нарығын) есептемеген жағдайда жүйесіз болып тұр.

Келешекте (2030 жылға таяу) Алматы агломерациясы тұрғындарының саны 1,1 млн. адамға немесе 45,9% артуы, оның ішінде қала тұрғындарының саны 0,9 млн. адамға (53,7%) артуы күтілуде.

Халықтың гендерлік құрылымы ұзақ жылдар бойы тұрақты болып келеді. Әйел адамдар халықтың 54,4%-ын, ер адамдар – 45,6%-ын құрайды.

Дәстүрлі түрде әйелдер денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (82%), білім беру (73%) және тұру мен тамақтандыру қызметтері (62%) салаларында жұмыс істейтіндердің басым бөлігін құрайды.



2.1.2.3.1 кесте. Алматы қаласы бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Өл. бір

2012 жылғы

2013 жылғы

2014 жылғы

Жыл соңындағы халықтың жалпы саны,

мың адам

1475,4

1507,5

1642,3*

Халық санының өсу ырғағы

%

1,77

2,17

8,94*

Халық санының табиғи өсімі

мың адам

15,8

16,5

18,9

Туу коэффициенті

1000 адамға

18,4

18,3

18,3

Жалпы өлім коэффициенті

1000 адамға

7,6

7,2

6,7

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы

жыл

72,8

73,7

74,7

Ерлер

жыл

67,9

69,0

70,3

Әйелдер

жыл

76,9

77,7

78,3

* 2014 жылы қосылған аумақтарды қоса есептегенде

Дереккөз: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» санақ жинағы, Алматы қаласы Статистика департаменті, 2015 жыл


2.1.2.3.2 кесте.Көші-қон ағындары


Жыл

дар

Жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударғандар саны, мың адам:

Жаңа тұрғылықты жерге көшіп келгендер саны, мың адам:




Көші-қон сальдо

сы

Сыртқы көші-қон

Облыс-

аралық ші- көші-қон

барлығы

Сыртқы көші-қон

Облыс

аралық көші-қон

барлығы

Қала ішінде




2012

2 935

21 018

23 953

2 789

31 039

33 828

17 721

10 021

2013

2 039

18 451

20 490

1 848

34 200

36 048

16 674

15 749

2014

2 413

19 463

21 876

1 816

42 052

43 868

23 669

21 992

Дереккөз: «Алматы қаласы 2013 жыл» Алматы қаласы Статистика департаментінің жыл сайынғы санақ жинағы, 2014 жыл; «2014 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы Алматы қаласы халқының көшіп-қонуы» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ бюллетені, 2015 жыл
Еңбек нарығы
Мамандар дайындау

Алматы қаласында жүзеге асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында тұрақты және тиімді түрде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. 2015 жылы барлығы 8 мың адам жұмысқа орналастырылды. Кәсіби оқытудан 3834 адам, оның ішінде кәсіби біліктілігін көтеруден – 437 адам, қайта даярлаудан – 2497 адам, кәсіби даярлықтан– 900 адам өтті. Басым құқық жұмыссыздарға, мақсаты бар топтар мен 21 жасқа толмаған жастарға берілуде. Сонымен қатар білім алушылар 13407 теңге көлемінде шәкіртақы алады.



Жұмыспен қамтылған халық сипаттамалары

Алматы қаласының экономикалық белсенді халқы 809,2 мың адамды құраған. Соңғы 3 жыл ішінде (2012-2014 жылдар) экономикалық белсенді халық саны 4,5% артқан, бұл қала халқы санының артуымен деңгейлес болып отыр (экономикалық белсенділік деңгейі 1% артқан). Жалпы бұл экономикалық белсенді халыққа әлеуметтік жүктеме тұрғысынан ешбір кедергісіз қалыпты өсімді білдіреді.

Экономикалық белсенді қала халқының басым бөлігін жоғары білімі бар қалалықтар құрайды, олар Алматы қаласының еңбек ресурстары құрылымын жалпы республикалық көрсеткіштерден ерекшелейді. Қалада жоғары білімі бар, еңбекке жарамды жастағы адамдардың осындай мөлшерінің болуы оңтайлы дерек болып табылады және адам капиталының даму деңгейін көрсетеді.

Сонымен қатар, оңтайлы фактор орта кәсіби білімі бар тұлғалардың жоғары үлесі мен бастапқы кәсіби білімі бар адамдар үлесінің азаюы болып отыр, бұл да қалада адам капиталы сапасының өсуін білдіреді.

Осының барлығы Алматы қаласының экономикалық белсенді халқының білім беру құрылымындағы өрлей түскен үрдісті көрсетіп отыр.

2014 жылы жұмыспен қамтылған халықты экономикалық қызмет түрлері бойынша жіктеу жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлес салмағы негізгі 4 салаға тиесілі екенін көрсетіп отыр: көтерме және бөлшек сауда (21,9%), білім беру (9,8%), құрылыс (9%), өнеркәсіп (8,8%). Жиынтық түрде осы 4 сала жұмыспен қамтылған халықтың 50% жуығын құрайды. Салалар бойынша мұндай жіктеу 2012-2014 жылдар аралығындағы кезеңге тән болған.



Жұмыссыздықтың сипаттамалары

Зерттеліп отырған үй шаруашылықтары мәліметтері бойынша жұмыссыздар саны 2014 жылы 44,3 мың адамды құраған. Жұмыссыздық деңгейі 5,5% құрайды және соңғы үш жыл ішінде шамамен бір деңгейде тұр.



2.1.2.3.3 сурет. Алматы қаласының жұмыссыздық деңгейін басқа қалалармен салыстыру, 2014 ж.

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаменті, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі.



Алматы қаласындағы жұмыссыздық елдегі орташа деңгейден және салыстырылып отырған әлемдегі қалалардың кейбіріндегіден жоғары екенін айта кету керек. Көшіп келушілердің бір бөлігі еңбек нарығындағы күшейіп отырған бәсекелестік жағдайында жылдам еңбекке орналаса алмайды және жасырын жұмыссыздар қатарын толықтырады.
2.1.2.3.4 сурет. Алматы қаласындағы және Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық серпіні

Дереккөз: Алматы қаласының Статистика департаменті, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі

Жастар арасындағы (15-28 жас) жұмыссыздық деңгейі 2014 жылы 8,2%-ға дейін аздап төмендеген, дегенмен елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл еңбек нарығындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жастар арасындағы жұмыссыздық жоғары болуының негізгі себептері республиканың басқа аймақтарынан көшіп келушілер ағыны, сонымен қатар, жыл сайын Алматы қаласының еңбекке жарамды халқының қатарын толықтыратын оқу орындары түлектерінің санының көптігі болып табылады. Түлектердің адами капиталды дамытуда маңызы зор және олар тұрақты жаңаруға көмектеседі, сонымен қатар, олардың жұмысқа орналаса алмаған бөлігі қаладағы қылмыстық ахуалды қиындатады. Алдағы жылдары қала жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруы керек.

2014 жылы еңбекке орналасу мәселелері бойынша өтініш жасаған тұлғалар санатындағы жұмысқа орналастырылғандар саны 3 пайызға артқан және 70% шамасындағы деңгейде болған, бұл қаланың жұмыспен қамту органдары жұмысының жоғары белсенділігін білдіреді.

Қалада 4000 адам деңгейінде шетелдік жұмыс күшін тартуға жеңілдік белгіленген. Шетелдік мамандарды тартуға барлығы 3300 рұқсат берілген (96% шамасында) және олардың барлығы дерлік біліктілігі жоғары мамандар болып табылады. Сонымен қатар, жұмыскерлердің жалпы тізімдік құрамындағы шетелдік жұмыс күшінің үлесі 2012 жылғы 3,6%-дан 2014 жылы 5,3% дейін жоғарылаған, бұл қаланы дамытуға шетелдік адам капиталын тарту бойынша жұмыстың белсенділігін арттыру мүмкіндіктерін көрсетіп отыр. Бұл қалада жеткіліксіз дамыған экономика секторларын дамыту үшін маңызды.

2014 жылы экономиканың барлық салаларында 23 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған, бұл 2013 жылғымен салыстырғанда 2,7% артық және 2012 жылғымен салыстырғанда біршама (26,2%) жоғары. Осындай оң үрдіс қаланың дамуы үшін өте маңызды.



Айтарлықтай оң үрдіс мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке орналастыру саласында байқалып отыр. 2014 жылы еңбекке жарамды жастағы тіркелген және көмек көрсетуге өтініш жасаған жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны 467 адамды құраған, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 65%, 2012 жылғы көрсеткіштен 52,7% жоғары.
2.1.2.3.3 кесте. Еңбек нарығы жағдайының негізгі көрсеткіштері


Атауы

2012 жылғы

2013 жылғы

2014 жылғы

Экономикалық белсенді халық

774,7

787,5

809,2

Экономикалық белсенділік деңгейі, %

66,0

66,4

67,1

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

731,0

743,1

764,5

Жұмыспен қамтылу деңгейі, %

94,4

94,4

95,5

Жалдамалы жұмыскерлер, мың адам

671,5

683,5

704,3

Жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, %

91,9

92,0

92,1

Өз бетімен жұмыс жасайтындар, мың адам

59,5

59,6

60,2

Жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, %

8,1

8,0

7,9

Жұмыссыз халық, мың адам

43,6

44,4

44,8

Жұмыссыздық деңгейі, %

5,6

5,6

5,5

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі

(15-28 жас аралығында), %

5,4

8,5

8,2

Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер ішінде жұмыспен қамтылғандар үлесі, %

66,7

66,8

69,6

Ашылған жұмыс орындары саны

17038

22700

23317

Экономикалық белсенді емес халық, мың адам

399,7

399,2

396,0

Экономикалық белсенді емес деңгейі, %

34,0

33,6

32,9

Жұмыскерлердің тізімдік санының жалпы құрамындағы тартылған шетелдік жұмыскерлердің үлесі, %

3,6

4,1

5,3

Тартылған шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандар үлесі,%

99,3

88,2

96,5

Ұжымдық-келісімдік қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың меншікті үлесі (ірі және орта кәсіпорындар ішінде)

60,5

60,5

60,0

Дереккөз: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл.Алматы қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

2.1.2.3.4 кесте. Білім деңгейі бойынша жұмыспен қамтылған халық, мың адам

Атауы

2012 жылғы

2013 жылғы

2014 жылғы

Жұмыспен қамтылған халық

731

743,1

764,5

Жоғары

474,4

479,1

526,8

Аяқталмаған жоғары

36,3

48,7

66,5

Орта кәсіби

183,0

180,0

153,4

Бастапқы кәсіби

10,6

6,9

7,5

Орта жалпы

25,3

26,3

10,1

Негізгі жалпы

1,3

1,6

0,1

Бастауыш жалпы

0,1

0,5

-

Дереккөз: «Алматы қаласы халқының 2009-2013 жылдардағы экономикалық белсенділігі», Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2014 жыл, «Алматы қаласындағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары, 2014 жыл» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ бюллетені, 2015 жыл
2.1.2.3.5 кесте. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған халық, мың адам


Атауы

2012 жылғы

2013 жылғы

2014 жылғы

Барлығы жұмыспен қамтылған халық

731,0

743,1

764,5

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

3,2

3,5

1,4

Өнеркәсіп

69,6

77,6

66,9

Құрылыс

61,2

66,8

69,1

Көтерме және бөлшек сауда, автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу

133,4

158,1

167,3

Көлік және қоймалау

43,0

41,9

37,0

Ақпарат және байланыс

36,8

31,6

41,0

Тұру және тамақтану қызметтері

13,3

17,9

28,0

Қаржы және сақтандыру қызметі

47,1

43,3

47,0

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

21,1

20,0

10,7

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

61,9

53,5

37,7

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

37,3

33,5

35,8

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

21,8

27,4

33,9

Білім беру

78,6

77,3

75,6

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

46,3

43,7

48,7

Өнер, ойын-сауық және демалыс

18,6

16,3

25,4

Басқа да қызмет түрлерін ұсыну

27,8

23,4

37,3

Дереккөз: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл

2.1.2.3.6 кесте. Халықты еңбекке орналастырудың негізгі көрсеткіштері

Нысаналы индикаторлар/Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем

бірлігі

2012

жыл

2013

жыл

2014 жыл

Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша жүгінген тұлғалар ішіндегі жұмысқа орналастырылғандар үлесі

%

66,7

66,8

69,6

Тартылған шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандар үлесі

%

99,3

88,2

96,5

Жұмыскерлердің жалпы тізімдік құрамындағы тартылған шетелдік жұмыскерлер үлесі

%

3,6

4,1

5,3

Ашылған жұмыс орындары саны

%

17038

22700

23317

Жалпы жұмыспен қамтылған халық ішіндегі өздігінен жұмыс жасайтындар үлесі

%

8,1

8,0

7,9

Өздігінен жұмыс жасайтын халық ішіндегі өнімсіз жұмыспен қамтылған халық үлесі (2013 жылға дейінгі көрсеткіш есептелмеген)

%

-

14,6

15,0

Тіркелген және еңбекке орналасуға көмек көрсетуге жүгінген жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны

адам

294

272

467

1000 жұмыскерге шаққандағы еңбек қызметімен байланысты жазатайым жағдайларда зардап шеккендер саны, %

%

18,3

18,6


17,9

Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл
Әлеуметтік қорғау
Зейнеткерлік қамсыздандыру және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу оң серпін көрсетіп отыр.

2014 жылы тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері 2012 жылғымен салыстырғанда нақты түрде 14% артқан, ал осы кезеңдегі зейнетақының ең аз мөлшері 24%-ға жоғарылаған. Айлық жәрдемақының орташа мөлшері осы кезеңде 37% көтерілген.

2012 - 2014 жылдардағы кезеңде жыл сайын шамамен 10 мың мүгедек орта есеппен сомасы 900 млн. теңге материалдық жәрдемақы алған.

Сондай-ақ табиғи апаттар салдарынан зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік көмек қарастырылған.



Кірістері күн көрістің ең аз мөлшерінен халық үлесі 2012-2014 жылдар аралығында аздап ауытқиды және халықтың 0,6% мөлшерінде қалады, бұл жағдайда 2014 жылғы өмір сүру минимумының мөлшері 2013 жылғымен салыстырғанда 10,4% артқан.
Қалада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кедергісіз орта құрудың алғашқы қадамдары жасалуда. Қажетті талаптарға сәйкес жүргізу үшін, олар мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау нысандарын төлқұжаттандыруды жүзеге асырып, қаланың барлық аудандарында жұмыс комиссиялары құрылған. 2014 жылы 551 нысанды төлқұжаттандыруды жүзеге асыру жоспарланған. Жыл ішінде 434 нысан төлқұжаттандырылған. Алайда, бұл белсенді түрде жалғасын табуы тиісті алғашқы қадамдар ғана. Төлқұжаттандыру нәтижелері бойынша нысандарды мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жабдықтау жұмыстарын белсенді жүргізетін болады.

2.1.2.3.7 кесте. Зейнеткерлік қамтамасыз ету көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы


2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері

36 196

36 458

41 188

Өткен жылға %

102,8

96,5

113,0

МЗТО зейнетақы алушылар – барлығы, мың адам

178,4

187,1

198,7

МЗТО тағайындаған айлық зейнетақының орташа мөлшері (күш құрылымдарын ескергенде), теңге

36 196

38 976

43 679

Зейнетақының минималды мөлшері, теңге

17 491

19 066

21 736

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының негізгі көрсеткіштері










Алушылар саны, мың адам

39,5

38,4

39,0

Айлық жәрдемақының орташа мөлшері, теңге

15 591

17 973

21 403

Дереккөз: «2014 жылғы алдын ала мәліметтер» Алматы қаласы Статистика департаментінің санақ жинағы, 2015 жыл, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері 2015 жыл
2.1.2.3.8 кесте. Халықтың өмір сүру деңгейінің негізгі индикаторлары




2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Нақты ақшалай кіріс индексі, %

110,8

110,2

110,3

Халықтың өмір сүру минимумының орташа айлық мөлшері, теңге

19 283

19 969

21 242

Кірісі өмір сүру минимумынан төмен халық үлесі,%

0,4

0,6

0,6

Атаулы әлеуметтік көмек алатындар ішінде еңбекке қабілеттілердің үлесі, %

43,2

36,6

32,9

Жеке сектор субъектілеріне ұсынылатын атаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесі (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар),%

3,2

3,3

3,5

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (алуға мұқтаж адамдардың жалпы үлесінде) (индикатор 2012 жылдан бастап енгізілген), %

97,2

97,0

96,1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет