Бағдарламасы Қарағанды облысының 2007-2009 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Бағдарламасының



бет1/3
Дата25.01.2017
өлшемі499,64 Kb.
#7801
түріБағдарламасы
  1   2   3




Қарағанды облысы әкімдігінің

2006 жылғы « » № __ қаулысымен мақұлданды


Қарағанды облысының 2007 - 2009 жылдарға арналған

шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту

бағдарламасы



Қарағанды облысының 2007-2009 жылдарға арналған

шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Бағдарламасының

келісім парағы




Т.А.Ә.


Лауазымы

Жеке қолы



Әлімов Е.Ғ.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары







Оразғұлов Р.К.

Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры







Жонкин Т.Р.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры







Әжмұратов Е.Н.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы






  1. Бағдарлама паспорты




Атауы:

Қарағанды облысының 2007 - 2009 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасы


Ұраны: «Бәсекелі шағын бизнеске – бәсекелі инфраструктура»

Әзірлеуге негіздеме:

«Қазақстанның бәсекеге аса қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына қосылу Стратегиясы» атты ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңдары


Негізгі әзірлеуші:

Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті


Мақсат:

Қарағанды облысында бәсекеге қабілетті бизнесті қалыптастыруға, қызметіне, дамытуға, инновациялық кәсіпкерлік қозғалысқа тұрғындарды тартуға аймақта құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайларды туғызу


Міндеттер:

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олардың бизнесіне қажетті білікті кадрлармен қамтамасыз етуге ақпараттық, білім беру және әдістемелік көмек жүйесін ұйымдастыру


Жүзеге асыру мерзімі:

2007-2009 жылдар

Қаржыландыру көзі және көлемі:

Облыстық бюджет қаражаты –73784 тыс. теңге, оның ішінде:

2007ж. – 8384 тыс. теңге

2008ж. – 78200 тыс. теңге

2009ж. – 27200 тыс. теңге

Донор ұйымдарының, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының,оқу орындарының және басқаларының қаражаты


Күтілетін нәтижелер:

Кәсіпкерлік орта өсімінің ұлғаюы төмендегілер бойынша кұралады:

- шағын бизнесте қызмет ететіндер саны – 110 мың адам шамасында;

- шығарылатын өнім көлемі (жұмыс, қызмет) –92 млрд. теңгеден жоғары;

- бюджетке төлем көлемі – 15 млрд. теңгеден жоғары.



Орындаушылар:

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті, қала, аудан әкімдері, облыстық статистика басқармасы, ««Сары-Арқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (келісім бойынша), «Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры» ҚФ (келісім бойынша), кәсіпкерлердің қоғакмдық ұйымдары (келісім бойынша), Қарағанды кәсіпкерлік және менеджмент мәдениеті институты (келісім бойынша), «Технопарк UniScienTech» ЖШС(келісім бойынша), «Қарағанды облыстық сауда-өнеркәсіптік палатасы» ҚБ (келісім бойынша), ««Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы (келісім бойынша)


II. Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылы («Қазақстанның бәсекеге аса қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына қосылу Стратегиясы» атты ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы) аса дамыған әлемнің 50 елінің қатарына қосылуы мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету стратегиялық курсын жариялауы алдында жүргізілген реформалармен анықталған еді.. «Тіршілік ету мәселесін» шешіп және экономикалық өсімнің тұрақты деңгейіне жеткендіктен Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мен қоғам өмірінің сапасын көтеру міндеті толықтай негізді түрде қойылып отыр. Елге әлемдік нарықтың талаптары тұрғысынан қарау тиісті аймақтық дамыту бағдарламаларын әзірлеуді міндеттейді. Бұл ғылым, білімді де, экономиканы да әлеуметтік қызметті де дамытуға қатысты. Әсіресе шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау Бағдарламасы ерекше орын алады.

Бір жағынан бұл Бағдарламаны жүзеге асыру аймақ тұрғындарының өзіндік қызметі мен өзін-өзі қамтамасыз етуіне тікелей қатысты. Екінші жағынан, аймақтық кәсіпкерлікті алғашқы қадамдарынан-ақ бәсекеге қабілетті бизнесті құруға, тиісінше, ең мықты сапа мен өзіндік құны төмен – инновациялық тауар мен қызметке бағыттау аса маңызды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері келешекте аймақаралық және әлемдік нарыққа шығуды, орта және ірі бизнес статусына көшуді көруі керек.

Аймақтық бағдарлама шағын кәсіпкерліктің біртіндеп және тиімді қалыптасуын, қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін, негізгі көрсеткіштер бойынша теңгерілген аймақтық инфраструктура қалыптастыруды көздейді. Бұл жерде жергілікті өзін-өзі басқару органдары негізгі рольді ойнауы керек.

Экономикалық реформалардың табысты болуы мен олардың жекелеген учаскелердегі тежелуі мемлекет ролін қайта қарастыруды қажет етеді. Жеке секторды бірінші орынға қоя отырып, нарықтың заңдық аясын құратын мемлекет экономикада елеулі, бірақ шектеулі рольде ойнауы керек. Бұл жерде әңгіме меншік құқығын рәсімдеуді қамтамасыз ететін құқықтық және нормативтік базаны құруды аяқтау, бәсекелі рыноктар мен монополияға қарсы сенімді реттеу құралдарын құру, қажетті инфраструктураны, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз ету және күшті экологиялық саясат құру турасында болып отыр.

Алайда, нарық әзірше әлсіз және дамымаған жерлерде, нарықтық қатынастар әкімшілік жүйенің сынықтарымен бастырылып жатқан жерлерде, нарықты дамыту үшін және кеңістікті тазарту үшін мемлекет араласуы қажет. Әзірше экономика тұрақсыз даму кезеңінде болғандықтан, мемлекеттің реттеуші ролі мен оның араласуы бір-біріне парапар болуы керек.

Осылайша, осы Бағдарлама :


  • біріншіден – кәсіпкерліктің мемлекеттің саяси құрылымына және қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынасқа сәйкес ережелер бойынша қызмет етуін қамтамасыз ету, яғни оның қалыптасу, қызмет ету және дамуының жалпы тәртібін регламенттеу ;

  • екіншіден – Қарағанды аймағының интеллектуалдық, қаржылық, технологиялық және кадрлық ресурстарын мейлінше жұмылдыру жолымен кәсіпкерлік ортаның кәсіби өсуі мен белсенділігін көтеру үшін жағдай туғызу ;

  • үшінщіден – кәсіпкерлік істеріне мемлекеттің араласу шегін нақты белгілеу.


III. Мәселенің қазіргі жағдайының талдауы


Каталог: files program
files program -> Образовательная программа тренировочного сбора для старшеклассников «Молодые управленцы жкх» Приоритетное направление
files program -> Основная образовательная программа образовательного учреждения Основная школа Казань Общие положения
files program -> Бекітілген оәжҒК отырысында
files program -> Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, Қарағанды облысының азаматтарын құқықтық
files program -> Международная конференция Автоматизация и управление
files program -> «2011-2015 жылдарға арналған Зайсан аудандық білім беру жүйесінің дамыту бағдарламасының» 2014 жылдың І жарты жылдығында орындалуы туралы
files program -> Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы мен жағдайы туралы баяндама Кіріспе
files program -> Презентация ҚР мемлекеттік мейрамдарымен таныстыру Мемлекет қайраткерлері туралы Сұрақ жауап Сөзжұмбақ
files program -> Ұйымдастыру шаралар
files program -> БАҒдарламасы шемонаиха қ. 2010 жыл Паспорт 3 2


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет