Бағдарламасы арнайы педагогика ғылым ретінде


Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#80649
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балалар 6M010500 kaz

Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру 
Естуі қаблеті зақымдалған балалардың дамуындағы орта және оның рөлі. Естуі зақымдалған 
балаларға арналған мектептердегі ғылым негіздеріне оқыту қағидалары, әдістері және формалары.
Есту қаблеті зақымдалған балаларға арналған мектептердегі оқу үрдісінің ерекшеліктері. Арнайы 
түзетушілік сабақтар. Естуі қаблеті зақымдалған балаларды оқытудағы техникалық құралдар. Естуі 
қаблеті зақымдалған балаларға арналған мектептердің оқу жоспарлары, бағдарламалары және 
оқулықтар. Нашар еститін балаларға арналған мектептегі оқу үрдісінің ерекшеліктері. Арнайы 
түзетушілік сабақтар. 



Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған мектептердегі ғылым негіздеріне оқыту 
қағидалары, әдістері және формалары. Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мектептердегі оқу 
үрдісінің ерекшеліктері. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды оқытудағы техникалық құралдар. 
Сөйлеу тілі бұзызылыстары бар балаларға арналған мектептердің оқу жоспарлары, бағдарламалары 
және оқулықтар. Арнайы түзетушілік сабақтар. 
Шет елдердегі және Ресейдегі ақыл-ойы кем балаларды анықтау әдістерін әзірлеу. Тесттік 
тексеру әдістерінің пайда болуы. Л.С. Выготскийдің дамудың біріншілік және екіншілік 
ақаулықтары туралы, жоғары психикалық функцияның жүйелі құрылым туралы, дамудың өзекті 
деңгейін зерттеу қажеттілігі және балалардың потенциалдық мүмкіндіктері туралы идеялары. Л.С. 
Выготский зерттеулерінің психодиагностикаға деген маңыздылығы. Тесттілеушілердің ақыл-ой 
кемшілігін диагностикалаудағы тесттің рөліне деген теориялық көзқарастарының өзгеруі. 
Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістемелерінің жіктемесі. Қабылдаудың, зейіннің, 
есте сақтаудың, қиялдың, ойлаудың, сөйлеудің танымдық үрдістерін зерттеуге бағытталған 
әдістемелер. 
Сабақтардың типтері және түрлері. Әр түрлі типтегі сабақтардың міндеттері және құрылымы. 
Сабақтарға қойылатын негізгі әдістемелік талаптар. Сабақтың құрылымдық элементтері. 
Дамуында қиындықтары бар балалармен жұмыс барысында ақпараттық технологияларды 
қолдану саласындағы зерттеулер. Міндеттер, жалпы сипаттама. Мүмкіндігі шектеулі балалардың 
заманауи ақпараттық технологиялардың көмегімен оларды диагностикалау, түзету және дамыту. 
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен тұлғаларды қашықтықтан оқыту (мақсаттары, міндеттері, жалпы 
сипаттама, құрал-жабдықтар). Психикалық-физикалық дамудың түрлі бұзылыстары бар 
балалармен жұмыс барысындағы компьютерлік ойындар. Компьютерлік ойындардың түрлері.
 
Шет елдерде инклюзивті білім беру жүйесінің тарихы мен беталыстары. Интеграция
инклюзивті білім берудің қазіргі түсініктері. Инклюзивті білім берудің модельдері. Жалпы білім 
беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды «қолдаудың (сопровождение)» психолого-
педагогикалық тұжырымдамасы. Білім беруде ерекше қажеттілігі бар
 
балаларды психолого-
педагогикалық және медициналық-әлеуметтік қолдау (сопровождение). Қолдау көрсетудің 
(сопровождение) негізгі түсініктері мен қағидалары. Қолдау көрсетудің құрылымы. Қолдау 
көрсету қызметінің шет елдік тәжірибесі. Жалпы білім беру мектептерінде жеке-дара қолдау 
көрсетудің негізгі кезеңдері. Білім беруде ерекше қажеттілігі бар
 
балалардың білім беру үрдісіне 
енуіне қоғам топтарының қатынасы.
Есту бұзылыстарының педагогикалық диагностикасы. Түзетушілік-тәрбиелеу жұмысы. Есту 
бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеу – жүйелік үрдіс ретінде. Сенсорлық даму және оның 
түзетушілік бағыттылығы. Ақыл-ой дамуы және оның түзетушілік бағытылығы. Сөйлеу тілінің 
дамуы және сөйлеу бұзылыстарын түзету. Емдеу-сауықтыру жұмысы және қорғау-педагогикалық 
тәртіп. Есту-сөйлеу оңалтудың ерекшеліктері. Коммуникацияның арнайы құралдары. Оқытудың 
коммуникативтік-әрекеттік жүйесі. Диагностика мен түзетудің есту-техникалық құралдары. 
Эмоциялық-еріктік бұзылыстарды түзету мен алдын алудың жұмыстарының жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет