Бағдарламасы арнайы педагогика ғылым ретінде



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#80649
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балалар 6M010500 kaz









2018-2019 оқу жылына 6М010500 – Дефектология мамандығы 
бойынша магистратураға тапсыру емтиханының 
БАҒДАРЛАМАСЫ 
Арнайы педагогика ғылым ретінде. 
Арнайы педагогиканың обьектісі, субьектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, қағидалары. Арнайы 
педагогикалық ғылымдар (пәндік саласы). Арнайы педагогиканың негізгі түсініктері және 
терминдері. Мүмкіндігі шектеулі балалар. «Қатер тобындағы» балалар. Мүгедек балалар. Арнайы 
білім беру қажеттіліктері. Физикалық жетіспеушілік. Психикалық жетіспеушілік. Коррекция. 
Компенсация. Абилитация. Оңалту (реабилитация). Бейімделушілік. Интеграция. Әлеуметтік 
жұмыс. Арнайы білім беру жүйесінің түсінігі. Скрининг. Медициналық және психологиялық-
педагогикалық диагностика. Ерекше білім беру қажеттілігі және арнайы білім беру мазмұны. 
Арнайы білім беру бағдарламасы. Арнайы білім беру шарттары. Арнайы (түзетушілік) білім беру 
ұйымдары. Арнайы оқу пәндері. Әртүрлі категориядағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
балаларға қатысты білім беру мазмұнының ерекшелігі. 
Арнайы педагогика мен арнайы психологияның философиялық негізделуі. Заманауи 
философия мен арнайы педагогика мен арнайы психологияның аралас ғылым ретіндегі теориялық-
әдіснамалық негіздері. 
Философияның негізгі бөлімдері - философия, онтология, гносеология, 
аксиология, философиялық антропология, әлеуметтік философия тұрғысынан арнайы педагогиканың 
маңызды білім беру идеялары. Арнайы педагогиканың этикалық негіздері. Ерекше педагогиканың 
санаттарын анықтайтын этика мен мораль тұжырымдамасы. Гуманистік этика, қоғамның қазіргі заманғы 
мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген қарым-қатынастың негізі ретінде. Арнайы педагогикадағы 
деонтология
Арнайы педагогиканың нақты философиялық мәселелері: гуманизм, қоғамның мүгедектерге 
қатынасы туралы аксиологиялық концепциясы, қазіргі заманғы арнайы педагогика мәселесінің этикалық 
және моральдық (пайдалану проблемасы, автаназия).
Жалпы және арнайы педагогикалық қағидалар. Гуманизм және педагогикалық оптимизм қағидасы, 
генетикалық принцип (арнайы білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қатысты адам дамуының жалпы 
заңдарын ескере отырып); ерте педагогикалық көмек принципі; білім берудің түзету-орнын толтыру 
бағыттылығы қағидасы; білім берудің әлеуметтік-адаптивтік бағыттылығы қағидасы; ойлау, тіл және 
коммуникацияны арнайы білім беру құралы ретінде дамыту қағидасы; оқыту мен тәрбиелеуге практикалық 
тәсіл ретіндегі іс-әрекеттік қағидасы; оқушыларға жеке көзқарас қағидасы, арнайы білім берудің өзгеру 
және саралау қағидаты, білім беру үдерісінің арнайы педагогикалық басшылығын қажет ету қағидасы.
Арнайы білім беру педагогының миссиясы мен функциялары. Түзеу-педагогикалық қызметтің жалпы 
педагогикалық принциптері. Арнайы түзету-педагогикалық қызметтің принциптері. Түзеу-педагогикалық 
қызметтің үдерісінің әдістері мен бағыттары. Арнайы білім беру мұғалімінің кәсіби қызметінің түрлері. 
Арнайы білім беру педагогының педагогикалық қызметінің ерекшеліктері; арнайы білім беру мұғаліміне 
қойылатын талаптар; арнайы білім беру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі; кәсіби этика нормасы. Арнайы 
және инклюзивті білім беру үшін кәсіби дайындық. 
Тарихи талдаудың әдіснамалық негіздері. Даму мүмкіндіктері шектеулі адамдарға педагогикалық 
көмектің дамуын кезең-кезеңмен айқындау критерилері. Мүгедектерді тәрбиелеу тарихының салыстырмалы 
аспектілері. Мүмкіндігі шектеуі балалар мен жасөспірімдерді оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық проблема ретінде 
білім беру интеграциясы және әлеуметтік бейімдеу. Мүгедектердің құқықтары мен бостандықтарын 
нығайтатын құқықтық құжаттар. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін бейімделген білім беру кеңістігі. 
Қазақстанда интеграциялық үдерістің ерекшеліктері. Біріктірілген білім беру модельдері. Әлемнің, 
Ресей мен Қазақстан елдеріндегі арнайы білім беру саласындағы интеграциялық үдерістер. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет