Бағдарламасы астана 2014 Бағдарлама «6М010300 Педагогика және психология»


Мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаттары мен міндеттері



бет2/31
Дата07.02.2022
өлшемі41,62 Kb.
#85167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
ped-psih-kaz-mag-2014

1. Мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаттары мен міндеттері
Түсу емтихандарының мақсаты: бакалавриатта алған білім деңгейін, қабілеті мен біліктілігін анықтау, сонымен қатар білім алудың екінші деңгейінде нақты пәндерді және жалпы магистрлік бағдарламаны меңгеру қабілетін анықтау болып табылады.
Бағдарлама міндеті: оқу жоспары бойынша меңгерген базалық педагогикалық және психологиялық пәндердің негізін, сонымен қатар алған білімдерін теориялық және қолданбалы тапсырмаларды шешуде қолдану қабілетін анықтау.
Магистратураға қабылдау емтиханы - ауызша.


2. Магистратураға қабылданушы тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар
«6М010300 – Педагогика және психология»мамандығы бойынша магистратураға түсу ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Конкурстық іріктеу ережесі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің магистратураға қабылдау жөніндегі типтік ережесі және «6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде анықталады. Бағдарлама типтік оқу бағдарламалары және МЖМББС негізінде құрастырылған.
6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығына тапсыратын бакалавр өзінің кәсіби бағытталуы бойынша білуі тиіс: ҚР білім беру аймағындағы нормативтік құжаттарды; ҚР-ң әлеуметтік саясатының негіздерін; үздіксіз білім беру жүйесінде балалардың, жастар мен жеткіншектердің тұлғалық дамуы мен толыққанды әлеуметтенуін қамтамасыз етуді; түзетушілік-тәрбиелік үдерісті жобалауды, педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін жоспарлауды, ұйымдастыруды, диагностикалау мен болжауды; денсаулықты дамыту жағдайын ескере отырып, әрбір индивидтің бейімділігін, қабілеттілігін, дарынын айқындау мен дамытуды; авторлық педагогикалық және түзетушілік технологияларын жасау және ендіру негізінде балаларды, жастар мен жеткіншектерді тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үрдістерін түзетуді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет