Тақырып 12. Топ әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде.
Әлеуметтік психологиядағы топ мәселесі. Топ іс-әрекет субьектісі ретінде. Топтың негізгі параметрлері, оның сипаттамалары. Топтың жіктелуі. Кіші топқа әлеуметтік-психологиялық талдау. Кіші топтың топтық үдерістері, топтық қысым феномені, кіші топтардың жіктелуі. Топтағы лидерлік үдеріс, әлеуметтік психологиядағы лидерлік стильдер. Ұжымның қалыптасу үдерісі. А. В.Петровский және Стенфорд бойынша ұжымның дамуы.
Тақырып 13. Негізгі психологиялық-педагогикалық коррекциялық тұғырлар мен технологиялар.
Психологиялық-педагогикалық түзетудің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Психологиялық-педагогикалық коррекция мен психотерапияның өзара байланысы. Олардың негізгі өзгешеліктері. Психологиялық-педагогикалық коррекцияның кең тараған бағыттары: психоаналитикалық, гуманистік, бихевиористік, интеграциялық. Психодиагностикалық мәліметтерді талдау және психологиялық-педагогикалық түзету бағдарламасын құру. Психологиялық-педагогикалық коррекцияның негізгі түрлері: танымдық сфераны дамыту және эмоциялық күйзелістерді реттеу. Психологиялық-педагогикалық коррекцияның жалпы әдістері: көз жеткізу, жеке мысалдар, мадақтау, жазалау. Тұлғаның танымдық және эмоциялық сферасын дамыту мен түзетуге бағытталған ойын технологияларын қолдану. Психологиялық-педагогикалық түзетуді жоққа шығаратын кемшіліктер. Психокоррекциялық жұмыстың топтық және даралық формалары. Психопрофилактика және оның негізгі қағидалары.
Достарыңызбен бөлісу: |