2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау
2.2.2.1. Демографиялық әлеует
Маңғыстау облысы халқының саны 2015 жылғы 1 қаңтарға 606 892 адамды құрады (Қазақстан халқының 3,4%-ы), Үш жылда (2012 жылдың басында – 545 751 адам) 61 141 адамға немесе 10,07%-ға артты.
Демографиялық ахуалға әсер ететін негізгі факторлар облсы бойынша 2014 жылы 32,24 құраған (ҚР – 23,20) бала туудың жоғары көрсеткіші мен өлім-жітімнің төменгі деңгейі (4,66, бұл – орташа республикалық көрсеткіштен 1,6 есе төмен (ҚР – 7,64) болып таыблады.
Өңір халқының саны оң трендпен сипатталады.
2014 жылдың басымен салыстырғанда облыс халқы санының айтарлықтай артуы байқалады (19,4 мың адамға). Халықтың табиғи өсімі 2014 жылда 16,4 мың адамды құрады. Қала халқына қарағанда ауыл халқының саны мейлінше тез қарқынмен өсіп келе жатқанын атап өту қажет, бұл – өңірдің урбандалу деңгейінің салыстырмалы түрде төмендеуіне әкеледі.
Халықтың 65 жастағы және одан оғары жастағы жастық когортасы халықтың 3%-ын құрайды. Сонымен бірге, 20-64 жас аралығындағы халықтың үлесі 56,9% құрайды. Соңғы жылдарда облыста бала туудың жоғары деңгейі тіркеліп, 0-4 және 5-9 жастағы жастық когорта тиісінше 14,1% және 10,8% құрайды. Әйелдердің үлесі – 50,3%, ерлердің үлесі – 49,7%. Бұл ретте, ұрпақты болу жасындағы әйелдер саны (15-49 жас) 157 772 адамды құрады (барлық халықтың 26%-ы).
Халық санында екі этнос тың үлесі басымдау: қазақтар – 89,6%, орыстар – 6,7%. Әзербайжандардан, уараиналықтардан, татарлардан, лезгиндерден, өзбектерден, армяндардан және басқа ұлттардан тұратын қалған этностарға 3,7% келеді.
Көші-қон алмасу нәтижесінде 2014 жылда облысқа 11516 адам кетіп, 14623 адам келді.
Оң сальдо Жаңаөзен қаласында (1742 адам), Мұнайлы ауданында (4 540), Бейнеу ауданында (267), Маңғыстау ауданында (226) байқалады.
Облыстан адамдардың кетуі республиканың басқа облыстарына (5 097 адам немесе жалпы көлемнің 44,2%-ы, таяу шет елдерге (698 адам немесе 6,06%) кетуімен, сыртқы көші-қонмен (718 адам немесе 6,2%) байланысты болды.
Басқа облыстардан келгендердің саны 6 113 адамды (41,8%), таяу шетел мемлекеттерінен келгендердің саны 2 631 адамды (17,9%) құрайды.
Бұдан басқа, облыстың 5 701 тұрғыны тұратын жерлерін облыс аумағында ауыстырды.
Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 3 107 адам болатын оң көші-қон сальдосы қалыптасты.
Демография бойынша SWOT-талдау:
Мықты тұстары:
өлім деңгейінің төмендеуі жағдайында туу деңгейінің өсуі негізінде облыстағы табиғи өсімнің тұрақты оң беталысы;
халық көші-қонының оң сальдосы, жақын және алыс шетелдерден байырғы тұрғындардың көптеп келуі.
Әлсіз тұстары:
өмір сүруге экологиялық аса қолайсыз аумақтардың бар болуы, ауыз судың жетіспеушілігі, қатаң континенталды климат;
мигранттардың арасында жұмысқа орналастыру үшін біліктілігі төмен адамдардың, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың оралмандар көптігі.
Мүмкіндіктер:
оң көші-қон сальдосын бекіту үшін шағын қалалардың, даму әлеует жоғары және орташа тірек ауылдық елді мекендердің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тартымдылығын көтеру;
халықтың тығыздығын көтеру үшін облыс орталығы Ақтау қаласы мен автомобиль және темір жолдары бойындағы өсу дәліздерін дамыту;
шағын және орта кәсіпкерлікті өңірге өмірге белсенді көзқараспен қарайтын халықты тарту тәсілі ретінде қолдау.
Қатерлер:
ТМД шеңберінде тұратын орынды ауыстыру және Ресейден азаматтық алудың жеңілдетілген тәртіптерінің қол жетімдігі өңірдің білікті, жас және бейімделгіш халқын тартудың тұрақты орталығының болуын анықтайды.
2.2.2.2. Білім беру
Білім беруге арналған шығыстар 2014 жылы 42 млрд. теңгені құрады (2011 жылға қарағанда 13,5%-ға, 2012 жылға қарағанда 6,5%-ға, 2013 жылға қарағанда 12%-ға өсті).
Білім беру объектілерін дамытуға 2014 жылы – 6031,1 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен –2384,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен –3647,1 млн. теңге бағытталды.
Мектепке дейінгі білім беру.
2014 жылдың қорытындысы бойынша облыста 28275 баланы жалпы қамтитын 202 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді (2013 жылы – 26172 адам, 2012 жылы – 23864 адам). 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдармен қамту 40,8% (2013 жылы – 39,6%, 2012 жылы – 37,7%), 3-6 жастағы балаларды қамту 68,2% құрайды (2013 жылы – 67,9%, 2012 жылы – 63,4%).
Облыстағы мектепалды даярлықпен қамту 92,3 % құрайды (2013 жылы - 92%, 2012 жылы – 75,7%).
2012 жылы 2406 орындық 22 жаңа МБҰ (салу есебінен – 10, шағын орталықтар ашу есебінен – 3, жекеменшік балабақшалар ашу есебінен – 7, бұрынғы ғимараттарды қайтару есебінен – 2), 2013 жылы 1825 орындық 14 МБҰ (салу есебінен – 7, шағын орталықтар ашу есебінен – 3, жекеменшік балабақшалар ашу есебінен – 4) ашылды.
2014 жылы 2289 орындық 19 МБҰ (салу есебінен – 5, шағын орталықтар ашу есебінен – 3, жекеменшік балабақшалар ашу есебінен – 8 және бұрынғы ғимараттарды қайта құру есебінен – 2) ашылды.
2015 жылы 3250 орындық 12 балабақшаның, оның ішінде Мұнайлы ауданының Дәулет және Маңғыстау-4 ауылдарында әрқайсысы 280 орындық 2 балабақшаның; Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында әрқайсысысы 140 орындық 2 балабақшаның; Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында 140 орындық және Қызылөзен ауылында 50 орындық балабақшалардың; Ақтау қаласының 29 шағын ауданында 280 орындық 1 балабақшаның және 33 шағын ауданында 840 орындық 3 балабақшаның (NCPOC); Жаңаөзен қаласында 960 орындық 3 балабақшаның құрылысы аяқталды. Бұдан басқа, 760 орындық 11 жеке меншік балабақша ашылды.
Сонымен бірге, 1400 орындық 6 балабақшаның құрылысы аяқталуда. Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста 222 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді, оларда 29,9 мың бала немесе 72,5% қамтылған. Бұл – 2014 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 5,6%-ға жоғары.
Мектепке дейінгі білім беру бойынша SWOT-талдау:
Мықты тұстары:
балабақшаларды, шағын орталықтарды, оның ішінде жекеменшік балабақшаларды салу және жаңаларын ашу, бұрынғы ғимараттарды қайтару және қайта құру есебінен мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісін кеңейту;
облыс бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы педагогикалық құрамның жалпы құрылымында жоғары білімі бар педагогтармен қамтамасыз ету.
Әлсіз тұстары:
мектепке дейінгі балаларға ұйымдарындағы орындардың тапшылығы, оның ішінде ауылдық елді мекендерде сақталуда;
облыстың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының спорт залдарымен, жүзу бассейндермен және ән сабағын жүргізуге арналған залдармен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі, тиісті жабдықтар (асханада) мен инвентарлардың тозуы, бұл – балалардың денсаулығын нығайту және олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мүмкіндіктерін төмендетеді;
еңбекақының төмендігіне және жүктеменің шамадан тыс болуына байланысты, мектепке дейінгі ұйымдардың білікті кадрлармен, оның ішінде тәрбиешілермен қамтамасыз етілуінің төмендеуі.
Қатерлер:
мектепке дейінгі білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі және жаңа мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салу (ашу) бөлігіндегі жекеменшік сектор бастамасының әлсіздігі, мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтудың төмен деңгейіне әкеліп, балаларды орта мектептегі оқуға тиісінше даярлау және қоғамға психологиялық-әлеуметтік бейімдеу мүмкіндіктерін шектейді;
облыстық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін бюджет қаражатының шектеулілігі, облыстағы мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасының (қазіргі замандағы жабдықпен және инвентармен қамтамасыз етілуінің) әлсіздігіне әкеп соғады.
Мүмкіндіктер:
мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 100%-ға жеткізу мақсатымен қазіргі заманғы мектепке дейінгі мекемелер салуды бюджет тік қаржыландыруды кеңейту және жеке қаржыландыруды ынталандыру;
жұмыс істеу және тұру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету есебінен, жас мамандарды қолдау және мектепке дейінгі білім саласына тарту.
Орта білім беру.
Облыстағы күндізгі жалпы білім беретін мектептердің жалпы саны 2007-2014 жылдарда 25 бірлікке артты.
2014 жылдың аяғында 145 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеп тұрды (2012 жылы – 130; 2013 жылы – 140), оларда оқитындардың саны – 108752 адам (2012 жылы – 98279), оның ішінде: күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер – 130 бірлік (2012 жылы – 122; 2013 жылы – 126), оқушылар саны – 106542 адам (2012 жылы – 96117; 2013 жылы – 100104); кешкі мектептер – 5 бірлік (2012 және 2013 жылдарда – 5), оқушылар саны – 1374 адам (2012 жылы – 1315 адам; 2013 жылы – 1335 адам); мемлекеттік емес мектептер – 4 бірлік (2012, 2013 жылдарда – 4), оқушылар саны – 373 адам (2012 және 2013 жылдарда – 420 адам); арнайы түзету ұйымдары – 4 (2012 жылы – 5, 2013 жылы – 4), оқушылар саны – 460 (2012 жылы – 427, 2013 жылы – 444); девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп – 1, оқушылар саны – 3 (2012 жылы – 7, 2013 жылы – 8). Жекеменшік мектептердің барлығы Ақтау қаласында шоғырланған.
Авариялық мектептерді жою мақсатында, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2014 жылы 200 орындық бір мектептің, 2015 жылы Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында әрқайсысы 624 орындық тағы 2 орта мектептің құрылысы аяқталды.
Облыс бойынша 2014 жылдың аяғында үш ауысыммен оқытатын 3 мектеп бар (2012 жылы – 6, 2013 жылы – 4). Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында, 2014 жылы Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында 960 орындық орта мектептің, Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында әрқайсысы 1200 орындық, Мұнайлы ауданының Атамекен ауылындағы 1200 орындық орта мектептің құрылысы аяқталды.
Инвесторлар қаражатының есебінен Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың құрылысы жүргізілуде.
Бүгінге облыс мектептерінде педагогтардың тапшылығы 79 (оның ішінде қала мектептерінде – 38, ауыл мектептерінде – 41), оның ішінде мына пәндер: орыс тілі мен әдебиеті бойынша – 14 (оның ішінде, ауыл мектептерінде – 12), математика бойынша – 18, физика бойынша – 6, химия бойынша – 5 мұғалімді құрайды. Кадрлар тапшылығының біртіндеп төмендеуі байқалады (салыстыру үшін: 2012 жылы - 103, 2013 жылы - 101).
Облыс мектептеріне 2014 жылы 487 жас маман (2013 жылы – 456, 2012 жылы – 371), оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген – 283 маман, орта кәсіптік оқу орындарын бітірген – 204 маман келді.
Облыс бойынша 5093 оқушы тасымалдаумен қамтамасыз етілген (2013 жылы – 4504 оқушы), бұл – қажеттіліктің 100%-ын құрайды (оның ішінде, Ақтау қаласы бойынша – 3190, Қарақия ауданы бойынша – 124, Түпқараған ауданы бойынша – 1779).
Облыстың жалпы білім беретін мектептері үшін 2014 жылы республикалық бюджет есебінен 8 химия кабинеті сатып алынды (2013 жылы – 25 кабинет).
Қазіргі сәтте облыс бойынша 1 компьютерге 16 оқушыға, мультимедиялық-лингафондық кабинеттерді есепке алғанда 1 компьютерге 12 оқушыдан келеді (2012 жылы – 30, 2013 жылы – 22). Жергілікті бюджеттен 2014 жылы 250 млн. теңге бөлініп, 112 компьютер класы сатып алынды.
Облыс бойынша 45 білім беру ұйымында, оның ішінде 1 колледж бен 17 жалпы білім беретін мектепте «Е-learning» (ЭӨЖ) электронды оқыту жүйесі енгізілген, бұл - 29% құрайды (2011 жылы – 0, 2012 жылы – 18, 2013 жылы – 27 білім беру ұйымында).
Электронды оқыту жобасының аясында білім беру ұйымдарына жабдық, арнайы бағдарламалар орнату және жылдамдығы 10 Мбит/сек. кең жолақты интернетке қосу үшін, республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. 1092 педагог электронды оқытуға даярлау бойынша біліктілікті курстарынан өтті.
Облыстың 130 мектебінің ішінде 99 мектепте (76%), 24 колледждің ішінде 21 колледжде (88%) дербес веб-сайттар жұмыс істейді.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтамалар сатып алуға 2014 жылы 396 млн. теңге (2013 жылы – 365,7 млн. теңге, 2012 жылы – 304,7 млн. теңге) бөлінді. Қайта басылып шыққан оқулықтар бойынша қамтамасыз етілу – 100%.
1999 жылдан бастап облыста 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалардың даму ерекшеліктерін анықтаумен, диагнозын анықтап оны емдеумен, олардың білім және тәрбие алуына жағдай жасаумен айналысатын облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ОПМПК) жұмыс істейді.
2007 жылдан бері жұмыс істейтін 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-медициналық- педагогикалық түзеу қызметін көрсетеді.
Бүгінге облыс бойынша 121 оқушы оқитын 24 арнайы (түзеу) класы жұмыс істеп тұр.
Инклюзивті білім беруді енгізу үшін, облыстың 128 мектебінің ішінде 23 мектепте жағдай құрылды, бұл – білім беру ұйымдары жалпы санының 17,9%-ын (2012 жылы – 18,7%) құрады (АДБ бойынша жоспар - 19%). Жоспарға қол жеткізе алмау 2013 жылдағы тиімділікті бағалау жөніндегі қорытындыда атап көрсетілді. Негізгі себеп – облыстағы мектептердің жалпы санының күрт өсуі, жаңа мектер салу және ашу. Нәтижесінде жалпы сандағы үлес төмендеді. Инклюзивті білім беруге арналған жағдай 131 мектептің ішінде 30 білім беру ұйымында құрылған, бұл – 22,7% құрайды.
Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды және жетім балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша үлкен зейін қойылуда. Осы санаттағы балалар үшін 3 ұйым жұмыс істейді. «Отбасылық үлгідегі балалар ауылында» 6 отбасында 44 баланы тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалған. Патронатты тәрбиелеу әдісін енгізу тәжірибесі жалғасуда.
Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 501, оның ішінде 179 балада бекітіліп берілген тұрғын үй бар. Қалғандары тұрғылықты жері бойынша жергілікті әкімдіктерде тұрғын үй алуға кезекте тұр.
Қорғаншылықтағы және қамқорлықтағы 16 балаға 2014 жылы мемлекеттік қордан: оның ішінде Мұнай ауданында – 2, Маңғыстау ауданында – 8, Қарақия ауданында – 6 тұрғын үй берілді (2013 жылы – 100: (Жаңаөзен қаласында – 73, Мұнайлы ауданында – 8, Түпқараған ауданында – 19).
Балалар үйі мен балалар ауылының түлектері Оралмандарды бейімдеу орталығының ғимаратына орналастырылды. Барлығы 51 түлек (оның ішінде, 14-нің отбасы бар) 20 пәтерге орналастырылды.
Облыста мектептен тыс 14 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оларда 21164 оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 21,1%-ы қамтылған 470 үйірме бар. 33 аула клубында 12575 бала айналысады (12,5%), 762 үйірмеде 18062 бала қамтылған (18%) (2012 жылы – 10305 оқушыны қамтыған 31 аула клубы (10,7%), 15598 баланы қамтыған 492 үйірме (16,2%); 2013 жылы – 10712 оқушыны қамтыған 33 аула клубы (10,7%), 16269 баланы қамтыған 503 үйірме (16,2%) болды.
Облыс бойынша 2014 жылы 12710 баланы қамтыған күндіз болатын 66 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеді (2013 жылы – 10310 баланы қамтыған 63, 2012 жылы – 8870 баланы қамтитын 51 лагерь).
Орта білім беру бойынша SWOT-талдау
Мықты тұстары:
қосымша мектептер салу есебінен оқушылар орнының тапшылығын біртіндеп жою;
арнайы (түзету) білім беру ұйымдарын ашу;
арнайы ұйымдар ашу арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жағдай жасау;
балаларды отбасына орналастырудың тұрақты беталысы сақталуда;
интернат мекемелеріндегі балалар санының азаюы.
Әлсіз тұстары:
күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің жыл сайын артуы;
үш ауысымда оқытатын мектептердің болуы;
бейімделген орынжайларда орналасқан мектептердің, әсіресе ауылдық жерде болуы;
кейбір елді мекендерде Интернетке шығу мүмкіндіктерінің жоқтығы;
инклюзивті білім берудің жеткілікті дамымауы;
тұрмысы қолайсыз отбасы мен баланы анықтаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы;
жетім балалардың қатарындағы түлектерді жұмысқа орналастыру тетігінің пысықталмағандығы.
Қатерлер:
халықтың еңбекақы мен өмір сүрудің жақсы жағдайларына ұмтылуы біліктілігі жоғары және балалармен қарым-қатынас орнатуда тәжірибесі бар педагогикалық кадрлардың білім беру жүйесінен кетуіне әкеп соқтырады, бұл орта білім берудің сапасын төмендетеді;
қазіргі замандағы жаңа мектептердің құрылысына арналған шығындарды жеткілікті қаржыландырмау ауылдық жердегі бейімделген орынжайларда орналасқан мектептер үлесінің сақталуына әкеледі;
балалардың кету және балалар мекемелерінің жабылу қаупіне байланысты балаларды отбасына орналастыру мәселелерінде интернат мекемелері қызметкерлерінің іштей қарсылығы, интернат мекемелері әкімшілігі мен қызметкерлерінің әлсіз уәждемесі;
ата-ананың қамқорлығынсыз және оларды алмастыратын отбасылардың қолдауынсыз қалған балаларды отбасылық өмірге орналастыру бағдарламаларына оқыту бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламаларының жоқтығы.
Мүмкіндіктер:
мектеп оқушыларының санын 1 компьютерге 1 немесе 2 оқушыға дейін келетіндей және мектептердің компьютерлік техникамен және кең жолақты Интернетке қосылуымен комплектациялау деңгейін 100% дейін жеткізу мақсатында орта білім беру объектілерінің базасын материалдық-техникалық жағынан күшейтуге байланысты бюджеттік қаржыландыруды ұлғайту және қаражатпен қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;
мектептерді бейімделген орынжайларға орналастыру практикасын жою мақсатымен және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін, орта білім берудің қазіргі заманғы объектілерін салу саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;
жас педагог кадрлардың өз ісіне шынайы берілуін және елді мекендерге, оның ішінде ауылдық жерлерге бауыр басуын ынталандыру;
бала асырап алушылардың, қорғаншылардың және қамқоршыдардың отбасыларын іріктеу, дайындау және сүйемелдеу бойынша қызмет көрсететін халықаралық ұйымдардың гранттары мен үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қолдану;
жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруды деинституционалдандыру стратегиясын әдіснамалық сүймелдеу үшін педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ресурстарын пайдалану.
Техникалық және кәсіптік білім беру.
Облыста 2014 жылы техникалық және кәсіптік білім беретін 24 (2013 жылы – 24, 2012 жылы – 25), оның ішінде 14 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес оқу орны жұмыс істеп тұрды. 2013 жылдағы мөлшердің төмендеуі Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің жанындағы колледждің жабылуымен байланысты болды.
Білім алушылар контингенті 2014 жылы 25007 адамды (2013 жылы – 25868 адам, 2012 жылы – 27092 адам), оның ішінде 2014 жылы мемлекеттік колледждерде – 15182 адамды (2013 жылы – 15521 адам, 2012 жылы – 14205 адам), 2014 жылы жекеменшік колледждерде – 9825 адамды (2013 жылы – 10347 адам, 2012 жылы – 10784 адам) құрады.
2014 жылы 9-сыныптың негізінде 15661 адам (2013 жылы – 16511 адам, 2012 жылы – 14539 адам) оқыды. 11-сыныптың негізінде оқуға қабылдау 2014 жылы 7283 адамды (2013 жылы – 7888 адам, 2012 жылы – 7474 адам), оның ішінде сырттай оқуға қабылданғандар 2014 жылы 1933 адамды (2013 жылы – 1959 адам, 2012 жылы – 2048 адам) құрады.
Кадрлар даярлау – құрылыс, мұнай мен газды өндіру және қайта өңдеу, энергетика және химия өнеркәсібі, медицина, білім беру, өнер, ақпараттық технологиялар, сервис, көлік түрлері (әуе көлігінен басқа), экономика мен қаржы және тағы да басқа бағыттарда 115 мамандық мен біліктілік бойынша жүзеге асырылуда.
Ауылдық аудандардың аумақтарында Бейнеу, қарақия және Маңғыстау аудандарында 4 колледж жұмыс істеп тұр. Жетібай кәсіптік колледжі 2013 жылы республикалық бюджет қаражатының есебінен салынған Құрық ауылындағы жаңа ғимаратқа көшті.
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітіріп шыққан мамандар 2013 жылы 4919 адамды құрады. Оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 2684 адам.
4919 түлектің 2775 адамы (78,2%), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған 2684 адам (54,5%) жұмысқа орналастырылды. Жалпы санның ішінде 1078 адам (немесе 22%) декреттік демалыста, әскерде қызмет етуде, ҚР шегінен шығып кетті.
2014 жылдағы тиімділікті бағалау кезінде «Бітірушілердің жалпы санынан оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмысқа орналасқан бітірушілердің үлесі» көрсеткіші бойынша қол жеткізе алмау анықталды (жоспар 3440 адам болғанда – 2775 адам). Қол жеткізе алмау себебі – жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдау кезіндегі көтеріңкі талаптары (тәжірибенің, жұмыс өтілінің болуы), Қашаған кен орнының 2-фазасын іске асыру мерзімдерінің ауыстырылуына байланысты, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы жұмыс көлемінің қысқаруы.
Сондай-ақ, осы себеп «15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – англ. Not in Education, Employment or Training)» көрсеткішіне қол жеткізе алмауға әсер етті. Жоспар 10,2% болғанда, нақтысы 10,4% құрады (98%-ға орындалды). Облыстың өнеркәсптік кәсіпорындарында жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты құрылып жатқан жұмыс орындарының саны азайды.
Мықты тұстары:
колледждер желісінің кеңеюі және колледждерде оқушылар мен оқытушылар санының артуы.
оқу үдерісіне оқытудың дуалды жүйесінің элементтерін енгізу.
Әлсіз тұстары:
мемлекеттік тапсырыс беру негізіндегі оқушылардың үлесінің қысқаруы кезінде колледждердегі ақылы түрдегі білім берудің артуы және басым болуы.
Қатерлер:
техникалық және кәсіптік және жоғары білім беру салаларындағы оқытудың ақылы сипаты жоғары білімге құлықсыз түлектер контингентін объективтік емес бағалауға және іріктеуге әкеледі және болашақ мамандарды дайындау нәтижесінде көрініс береді;
колледждердегі өндірістік оқыту шеберлері еңбекақысының төмен болуы олардың кәсіби білім беру жүйесінен кетуіне себеп болады және оқушылардың қай мамандықтан болса да тәжірибелік дағдысында білім беру үрдісінің сапасының төмендеуінде көрініс береді және еңбек рыногындағы колледж бітірушілерінің қажеттілігінде қиыншылықтар туғызады;
Мүмкіндіктер:
облыста, дәлірек айтқанда ауылдық жерде техникалық және кәсіптік білім беретін жаңа оқу орындары мен жатақханалар, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы салу есебінен қолжетімділікті кеңейту;
колледждер желісін кеңейтуде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;
білім беру жүйесі мен кәсіпорындардың және ұйымдардың арасында тығыз байланыс орнатуды көздейтін, сондай-ақ даярланған мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін болдырмайтын корпоративтік білім беру қағидаттарын енгізу;
кәсіптік білім беру жүйесіне, дәлірек айтқанда ауылдық аудандарға білікті кадрлардың келуін ынталандыру шараларының жүйесін әзірлеу.
Жоғары білім беру. Облыста 2 дербес жоғары оқу орны – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті мен жекеменшік Гуманитарлық университет жұмыс істейді. Оларда оқып жатқандардың жалпы саны 4,2 мың адамды құрайды.
Жоғары және жоғарыдан кеінгі білімі бар кадрлар шығару 2014 жылы облыс бойынша 1,8 мың адамды құрады, 2015 жылы 1,4 мың адамға дейін төмендеуі күтілуде.
2.2.2.3. Денсаулық сақтау
Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының желісі құрамында дербес 96 объектіні, оның ішінде 4 көп бейінді аурухананы, 2 қалалық босандыру ұйымын, 5 диспансерді, 11 амбулаториялық-емханалық ұйымды, 2 жедел және шұғыл медициналық көмек станциясын, 3 мамандандырылған аурухананы, 5 облыстық орталық, 5 орталық аудандық аурухананы, 2 аудандық аурухананы, 2 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығын (БМСКО), 29 дәрігерлік амбулаторияны, 16 медициналық пунктті 3 фельдшерлік-акушерлік пунктті (ФАП) және 5 өзге де ұйымды қамтиды.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Облыста халық денсаулығының медициналық-демографиялық және негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Туу көрсеткіші республикадағы ең жоғары болып табылады және 1000 адамға шаққанда 32,05-ті құрайды (ҚР – 23,13). Өлім-жітім көрсеткіші республикалық көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 7,57 болғанда 4,64-ке дейін төмендеді. Бұдан басқа, халықтың табиғи өсімі көрсеткіші деңгейінің мейлінше жоғары деңгейі байқалады – 1000 адамға шаққанда – 27,41 (ҚР – 15,56).
Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2011 жылғы 70,46 жастан 2014 жылы 72,51 жасқа дейін артты.
Босандыру және балаларға арналған ұйымдардың материалдық-техникалық базасын басымдықпен нығайтуға, ДДҰ-ның «Тиімді перинаталды күтім» және «Бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу» стратегиясын енгізу жөніндегі оқу орталықтарын ашуға, кішкене жастағы балалар арасында пневмококк инфекциясына вакцина егуді енгізуге және өзге іс-шараларға байланысты нәресте өлім-жітімінің деңгейі бойынша белгілі бір оң динамикаға қол жеткізілді.
2011-2014 жылдарда нәресте өлім-жітімін республикалық көрсеткіш 9,72 болғанда, 1000 тірі туылғандарға шаққанда 17,2-ден 8,95-ке дейін төмендетуге қол жеткізілді.
Осы көрсеткіш 2015 жылдың 8 айында 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 10,8 құрап (ҚР бойынша – 9,7), облыс осы көрсеткіш бойынша республика өңірлерінің арасында 12-орынды алады.
Ана өлім-жітімі 2011 жылғы 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 24,7-ден 2014 жылы 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 21,2-ге дейін төмендетілді (ҚР бойынша – 11,7). Осы көрсеткіш 2015 жылдың 8 айында 8,0 құрады.
2014 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысында «Аналар өлім-жітімін төмендету» көрсеткішіне қол жеткізе алмау байқалды. Жоспар 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 1,7 жағдай болғанда, нақтысы 21,2% құрады. Қол жеткізе алмаудың негізгі себебі медициналық сауаттылықтың төмендігі, есепке тұру үшін кеш хабарласу, әйелдер денсаулығының төмен индексі болып табылады.
«1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар өлім-жітімін (0-ден 5 жасқа дейін) төмендету» көрсеткіші бойынша қол жеткізе алмау байқалып, жоспар 12% болғанда, нақтысы 12,1% құрады. Нақтыланған деректер бойынша 11,08 (мейілінше аз болғаны жақсы). Көрсеткіші орындалды.
Аналар және балалар өлім-жітімінің көрсеткіштерін тұрақтандыру және одан әрі жақсарту мақсатында, аналар, балалар өлім-жітімін төмендету жөніндегі штабтың облыстық деңгейдегі жұмысы, медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеру, оқу орталықтарындағы тәжірибелік дағдыларды бағалау, ДСҰ-ның «Тиімді перинаталды күтім» және «Бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу» стратегиясын енгізу тұрақты жүргізілуде.
Әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оң динамика байқалуда.
Туберкулезбен күрес саласында жүйелі шаралар қабылдануда. Туберкулездің нысанына қарай стационарлардағы науқастардың орны бөлінді, көптеген дәріге көнбейтін науқастарды емдеу үшін төсек-орындар саны артты, сондай-ақ аурудың суперрезистентті нысанына шалдыққан науқастар үшін бөлімшелер құрылды. Бұдан басқа, торакалдық хирургия бөлімшесі ашылды.
Санитарлық эпидемия қызметі инфекция ошақтарында адамдардың, бірінші кезекте балалардың екінші қайтара ауруына жол бермеу жұмысын жақсартты. Фтизиатриялық қызметтің жұмысын мониторингілеу жолға қойылды. Туберкулезді ерте анықтауда және емдеудің сақтап тұру сатысында емдеу жүргізудегі бастапқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі өсті.
Ауруларды еріксіз емдеу және мультирезистік түрмен емдеу жолға қойылды. 2009 жылдан бастап туберкулезбен ауыратындардың 2 қатарын препараттармен 100% қамту қамтамасыз етілді.
Туберкулезден өлім-жітімді төмендету мақсатында, науқастарды мәжбүрлеп емдеуге уақытылы жолдау, резервтік реттегі тиімді препараттарды тағайындау бойынша шаралар қабылданды. Бұдан басқа, аз қамтылған отбасылардан шыққан туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсетуге 46 млн. теңге бөлінді.
Жүргізілген туберкулезге қарсы іс-шаралардың нәтижесінде облыста туберкулезбен ауыру көрсеткішін 2011 жылғы 81,2-ден 2014 жылы 71,2-ге дейін немесе 12,3%-ға төмендетуге қол жеткізілді.
15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралуы нысаналы индикатор 0,05-тің орнына 0,001% шегінде сақталуда.
Облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты күйінде қалып, аса қауіпті инфекциялардың вакцинамен басқарылатын және әкелінген жағдайлары анықталған жоқ. Осылайша, Мемлекеттік бағдарламаның негізгі нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізілді.
Қан айналымы жүйесінің ауруларымен сырқаттану 2014 жылдың қорытындысында 2012 жылғы 2419,5-тің орнына 100 мың адамға шаққанда 1521,3-ті құрады немесе 37%-ға төмендеді. Қан айналымы жүйесінің ауруларымен сырқаттану 2015 жылдың 8 айында 100 мың адамға шаққанда 919,5-ті құрады.
Соңғы 3 жылда қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жітімді 47%-ға, 100 мың адамға шаққанда 2012 жылғы 139,38-ден 2014 жылы 73,68-ге дейін төмендетуге қол жеткізілді. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жітім 2015 жылдың 8 айында 100 мың адамға шаққанда 74,0-ді құрады. Облыс бойынша қатерлік ісіктен өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда 2012 жылғы 71,49-дан 2014 жылы 56,77-ге дейін (ҚР-да тиісінше 103,98 және 91,36) немесе 20,6%-ға азайды. 2015 жылдың 8 айында қатерлік ісіктен өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда 39,1-ді құрады.
Бұл төмендетуге онкологиялық кабинеттер, оның ішінде БМСК ұйымдарында ашу, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, облыстық онкологиялық диспансердің төсек-орындық қуатын арттыру (2012 жылғы 45-тен 2014 жылы 70-ке дейін) және онкологиялық науқастарды мамандандырылған емдеумен қамту (2012 жылғы 52,3%-дан 2014 жылы 93,8%-ға дейін), халықтың нысаналы топтарын скринингілік тексерудің тиімділігін жетілдіру есебінен қол жеткізілді. Мәселен, скринингілік тексерулердің нәтижесінде 2012 жылы 3 жағдай анықталса, 2014 жылы 47 жағдай анықталды.
Қатерлі ісіктердің ең агрессиялық нысандары болып табылатын өңеш обырынан (облыс бойынша – 15%, ҚР бойынша – 5,9%) және бауыр обырынан (5,8%) болатын өлім-жітім басым болып келеді. Осы нозологиялар бойынша Ұлттық скринингтің аясында скринигтік зерттеулер жүргізу біздің облыс бойынша тек 2015 жылдан бастап көздестірілген. Онкологиялық науқастарды электронды тіркеу енгізілгеннен бастап статистикалық есептіліктің дәйектілігі жақсарды.
Жол-көлік оқиғаларынан өлім-жітімді төмендету мақсатында, Бейнеу аудандық орталық арууханасы мен Жетібай аудандық ауруханасының негізінде 10 төсек-орындық ауданаралық травматологиялық бөлімшелер құрылды. Астана қаласындағы ғылыми рейрохирургиялық орталықта 7 маман, оның ішінде 3 дәрігер, 3 медбике және 1 фельдшер оқытылды.
Денсаулық сақтау басқармасы «Жүрек» орталығын құру арқылы, облыстық аурухананың кардиологиялық қызметін қайта құрылымдауды жүргізді. Оның құрылымында кардиология, жіті коронарлық патология, ревматология, кардиохирургия және кардиореанимация бөлімшелері ашылды. Бұдан басқа, облыстық аурухананың неврологиялық бөлімшесінің негізінде жіті терапия, раенимация блогы, мультитәртіптік бригадасы бар ерте бейімдеу бөлімшесі бар 25 төсек-орындық инсульт орталығы құрылды. Ангиографикалық қондырғының жұмысы тәулік бойы режиміне көшіріліп, кардиологиялық мектептер ашылды.
Ересек тұрғындар арасында 8 нозологияны ерте анықтау жөніндегі Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. 2011-2012 жылдары 325317 адам скринингтен өтуге тиіс болатын, 320 969 адам қаралды (98,6%), 8716 науқас анықталды (2,7%), 6977 науқас еске қойылды (80,1%). 2013 жылдың қорытындысында барлығы 347048 адам скринингтен өтуге тиіс болатын, 318574 адам қаралды (91,8%), 22115 науқас анықталды (6,9%). 2014 жылдың қорытындысында Ұлттық скринингтік бағдарламаның аясында 374599 адам тексеріліп (92,2%), 34389 науқас анықталды (9,2%).
Бұдан басқа, жылжымалы медициналық кешендердің мамандары облыстың ауылдық елді мекендеріне 99 рет шығып, 28670 ауыл тұрғынын қарады, 6524 зертханалық және 8212 аспаптық зерттеу жүргізді, бейінді мамандар 27883 адамға консультация берді, 9562 науқас анықтады, оларды сауықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, ауыл халқына консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігі жақсартылды.
Сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шаралар күшейтілді. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында 7 жастар орталығы жұмыс істейді. Орталықтар жарақтандырылған, штаттар толықтырылған, психологтар, социологтар және заңгерлер жұмыс жасайды. Бекітілген кесте бойынша гинеколог, уролог, нарколог, психиатр сияқты мамандар консультация береді. Облыстың БМСК ұйымдарының жанында 8 табакка қарсы орталық жұмыс істейді, 16 онколог кабинеті ашылды.
БМСК ұйымдарының деңгейінде 203 «Денсаулық» мектебінің, оның ішінде 42 кардиология мектебінің, отбасыны жоспарлау жөніндегі 17 «Дені сау бала» мектебінің қызметі жандандырылды.
Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу мәселелері жөнінде халықтың хабардар болуын көтеру мақсатында, 2014 жылдың қаңтар-қарашасында бұқаралық ақпарат құралдарында 463 мақала жарияланып (2011 жылы – 271, 2012 жылы – 482, 2013 жылы – 545), «Қазақстан Ақтау» теледидарламасының 5 бағдарламасы бойынша медициналық мәселелер жөнінде 250 телебағдарлама көрсетілді (2011 жылы – 271, 2012 жылы – 482, 2013 жылы – 366).
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Облыс тарихында алғаш рет жоғары технологиялық көмек түрлері көрсетіліп басталды (эндопротездеу, нейрохирургиялық, эндоурологиялық операциялар және гинекологиядағы бейнеэндоскопиялық операциялар және т.б.). Облыстық аурухананың клиникалық практикасына 2010 жылғы қарашада кең диагнстикалық мүмкіндіктері бар жаңа, жоғары деңгейлі магнитті-резонансты томограф сатып алынды.
Бүгінде бастапқы буын деңгейінде әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі құрылды, онда 25 психолог пен 51 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. 2014 жылы қосымша толықтыруға қызметке 114 штат бірлігі көздестірілді.
Достарыңызбен бөлісу: |