БАҒдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұны 2 Өңірдің әлеуметтік саласын талдау 46


Тілдерді дамыту бойынша SWOT-талдау



бет6/17
Дата01.02.2018
өлшемі3,34 Mb.
#37334
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Тілдерді дамыту бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100% құрайды;

қызметтің барлық саласында пайдалану үшін оқу-әдістемелік кешендері әзірленіп, облыстың барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелеріне таратылды, сөздіктердің 12-ден астам түрі, үш тілді сөздіктер берілді, мемлекеттік тілде іс жүргізу үшін әдістемелік көмек көрсетілуде;

мемлекеттік тілді оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі құрылды;

мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды құру және енгізу қамтамасыз етілді;

өңірде тұратын этникалық топтардың тілдерін зерттеу және дамыту үшін жағдайлар жасалып, этникалық қауымдастықтардың (диаспора) өкілдерін ана тілдеріне оқытуға мемлекеттік қолдау көрсету жүзеге асырылуда.



Әлсіз тұстары:

мемлекеттік тілге оқытудың бірыңғай стандарттарының болмауы;

қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қолданылуының жеткіліксіз дәрежесі;

тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі.



Мүмкіндіктер:

Қазақстан халықтарының рухани және ұлттық бірлестігінің басты факторы ретінде қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тіл рөлінің артуы;

тілдік әралуандықты сақтау кезінде мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу.

Қатерлер:

жоғары көші-қон қозғалысы, облыс халқы санының соңғы жылдарда күрт өсуі, облысқа оралмандардың, сондай-ақ елдің өзге өңірлері тұрғындарының көптеп келуі.


2.2.2.6. Дене шынықтыру мен спорт

Спорт.

Облыста жыл сайын спорт объектілерінің саны артуда, мәселен 2015 жылғы 1 қаңтарға спорт объектілерінің жалпы саны 534 бірлікті құрады (2014 жылдың 1 қаңтарына – 518 бірлік).

Облыстағы дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны 2014 жылы 128,6 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санының 21,4%-ын құрады (2013 жылы – 114,7 мың адам немесе 19,6%).

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың мейлінше көп үлесі Ақтау қаласына келеді – 57,5 мың адам немесе 31,1%. Мейлінше аз үлес Мүнайлы ауданына келеді – 11,6 мың адам немесе айналысатындардың 9,6%-ы. Облыстың қалған аудандарында айналысатындардың саны 18,5%-дан (Түпқараған ауданы – 18,4%, Жаңаөзен қаласы – 18,3%, Қарақия ауданы – 18,3%) 25,9%-ға дейін құрайды (Бейнеу ауданы – 25,9%, Маңғыстау ауданы – 22,4%).

Облыста 11 мыңнан астам балалар мен оқушылар айналысатын балалар мен жасөспірімдердің 16 спорт мектебі жұмыс істейді.

7 жастан 18 жасқа дейінгі айналысатын балаалар мен оқушылардың мейлінше көп үлесі Маңғыстау ауданына келеді – 1,2 мың адам немесе 17,6%. Мейлінше аз үлес Мұнайлы ауданына келеді – 0,9 мың адам немесе айналысатындардың 4,8%-ы.

Облыстағы дене шынықтыру мен спортты дамытуды тежейтін негізгі мәселелер:

1) бұқаралық және балалар спортының нашар дамуы. Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі мектеп жасындағы балалардың тек 10%-ын қамтиды.

2) ауылдық жерде спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі өткір күйінде қалуда. Ауылдық жерде қолда бар 93 спорт залының 72-сі жалпы білім беру мекемелерінде орналасқан және оқу сабақтарын жүргізуге арналған. Облыста жұмыс істеп тұрған 15 спорт кешенінің үшеуі ғана ауылдық жерде орналасқан. Ауылдық жерде бес ауданда бір ғана жүзу бассейні бар.

Дене тәрбиесі мен спорт бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

дене шынықтырумен және спортпен айналысушыларды қамтудың артуы байқалуда, спорт объектілерінің саны артуда, облыстағы дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша шаралар кешені жүзеге асырылды, облыстың жетекші спортшыларының қатарынан олимпиадалық резерв анықталды.



Әлсіз тұстары:

спорттық инфрақұрылымның, әсіресе ауылдық жерде нашар дамуы, спорт залдары мен спорт кешендері санының жеткіліксіздігі, осының салдарынан бұқаралық және балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау кемшіндеу.



Мүмкіндіктер:

облыстық инфрақұрылымда дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін мүмкіндіктер құру (жалпы пайдаланымдағы спорт құрылыстарын – спорт залдарын, спорт кешендерін және халықтың тұрғылықты жерінде, халық жаппай демалатын жерлерде спорт алаңдарын салу);

бұқаралық спортты дамыту, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру- сауықтыру, спорттық іс-шаралар нысандарын жетілдіру және дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

сабақтан тыс уақытта балаларды бос қоймаудың негізгі буыны ретінде балалардың, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аулалық клубтарының желісін дамыту;

балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісін кеңейту;

бұқаралық спортты дамыту, спорттық резервті және халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау бойынша жұмысты бастау;



Қатерлер:

әлемдік қаржылық дағдарыстың әсері спорт секторын қаржыландыруды азайтуы және халықтың спорт мекемелерінің қызметтеріне қолжетімділігін төмендетуі мүмкін;

спорт секторындағы бюджет ұйымдары қызметкерлері еңбекақысының төмендігінен кадрлардың кетуі орын алуд және осы бағытта жұмыс жүргізуде мамандардың мүддесі төмен.

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ облыстың аудандарда спорт құрылыстарының, өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың саны аз болғандықтан, балалардың, оқушылардың және жастардың арасындағы қылмыстылықтың өсу фактілері артуы мүмкін.


Туризм.

Қазіргі кезеңде туризм әлемдегі жоғары табысты салалардың бірі болып табылады.

Маңғыстау облысында туристік ұсыныстардың халықаралық деңгейдегі бәсекелестігін дамыту үшін ең жақсы табиғи және мәдени орындар бар:

Маңғыстау облысының аумағындағы Каспий теңізінің жағалау аймағының қашықтығы 874 километрді құрайды;

әдемі жартасты әсем көрінісі мен терең каньондары бар далалық және шөлдік әсерлі ландшафт;

ежелгі және бірегей тарихы бар көрікті мәдениет орындары: «жер асты мешіттері», қорымдар, көне қалалар және киелі жерлер.

Облыста 55 қонақ үй, «Шағала» санаторий-профилакториясы, 20 демалу базасы және 6 балаларды сауықтыру лагері, 5 мұражай жұмыс істейді, оның екеуі Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында орналасқан.

Облыстағы инфрақұрылым объектілерінің желісі «Caspian Riviera Grand Palace» жаңа қонақ үйінің, «PR» көңіл көтеру кешенінің, «TREE OF LIFE», «Sun Set» демалу базаларының, «Кендірлі» шығанағында «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ салған «Ақбөбек» балаларды сауықтыру лагерінің ашылуынан ұлғайды.

Жұмыс істеп жатқан туристік фирмалармен шетел азаматтары және отандастар үшін ««Саура» арнасының таң қаларлық әлемі», «Ақ жартастар патшалығы», «Құпия ор», «Түпқараған мүйісінде», «Қаратау етегінде» сияқты және тағы да басқа 50-ден астам облысішілік туристік маршруттар, экологиялық маршруттар әзірленді.

Жыл сайын облыс Алматы қаласындағы KITF «Туризм және саяхат», Астана қаласындағы «Астана - Демалыс», Берлин қаласындағы (ГФР), Лондон қаласындағы (Ұлыбритания), Мадрид қаласындағы (Испания), Гонконг қаласындағы (Қытай), Көкшетау қаласындағы «Сарқылмас саяхат» (жылжымалы), «Демалыс. Туризм. Саяхат», Ақтөбе қаласындағы ITFA сияқты халықаралық және республикалық туристік көрмелерге қатысады.

Келушілерді орналастырмен айналысатын объектілер саны 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 55 бірлікті құрады, оларда 2182 орын бар, бұл ретте бір мезгілдегі сыйымдылық 3324 төсек-орынды құрайды. Олар 5097,6 млн. теңге сомасына 174 486 адамға қызмет көрсетті.
2012-2014 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму динамикасы


Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Келушілерге тұрғылықты орындармен көрсетілген қызметтер  көлемі

млн.теңге

3579,9

5010,4

5097,6

Шығу туризмі келушілерінің саны

адам

32835

29162

29870


Ішкі туризм келушілерінің саны

адам

144617

147136

144616

Қонақ үйлердің

толтырылымдылығы



%

50,3

35,1

32,4

Облыс әкімдіі қызметінің 2014 жылдағы тиімділігін бағалау қорытындысында «Келу туризмі бойынша келушілердің саны» көрсеткішіне қол жеткізілмегені анықталды. Жоспар 32635 адам болғанда, нақтысы 29870 адамды құрады. Сондай-ақ, «Ішкі туризм бойынша келушілердің саны» көрсеткішіне қол жеткізілмеді. Жоспар 149655 адам болғанда, нақтысы 144616 адамды құрады.

Көрсеткіштерге қол жеткізе алмаудың негізгі себебі – әлемдік экономикалық ахуалдың нашарлауы туристік өнім мен туризмнің барлық түрлеріндегі туристік қызметтер құнының көтерілуіне алып келді. Осы жағдайда жергілікті бюджетті оңтайландыру және ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге арналған шығыстарды қысқарту қажеттілігі туындап, ол 2014 жылы шеттен, сонымен бірге республиканың басқа облыстарынан келген туристердің санына әсер етті.

Көрсеткіштерді жақсарту және утризмді одан әрі дамыту мақсатында, облыста жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 12 ақпандағы № 4/48 шешімімен 2008 жылы облыста туристік кластер құру және дамыту бойынша шебер-жоспар бекітілді, онда Маңғыстау облысының туристік кластерін дамыту, оның ішінде «Кендірлі» курортты аймағын салу жөніндегі іс-шаралар көздестірілген.

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын орындау үшін, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тапсырысы бойынша «Кендірлі» демалыс аймағын дамытудың жүйелік жоспары әзірленіп, онда курортты аймақтың даму стратегиясын айқындау, инвесторлар тарту үшін ерекше шарттар құру және курортты аймақты дамыту бойынша өзге де зерттеулер көздестірілген.

«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы» бойынша 2014 жылы аталған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары мен шаралар қабылданды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың жол картасына» өңірде туризмді дамыту жөніндегі ұсыныстар енгізілді.

2015 жылдың басынан бері мемлекеттік органдар, ірі мұнай компаниялары, қоғамдық ұйымдар, ҮЕМ, қонақ үйлер, туристік компаниялар өкілдерінің қатысуымен ішкі және шығу туризмін, балалар мен жасөспірімдердің туризмін дамыту, жазғы мезгілде Каспий теңізінің жағасындағы балалардың сауықтыру лагерлерін жүктеу, демалыс базаларының инфрақұрылымын дамыту, туристік компаниялар мен орналастыру объектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету бойынша 14 кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылы, жүргізілген мониторингтің нәтижесінде туристік объектілер: «Қарақия» ойпатының тамашалау алаңына, Маңғыстау ауданының «Шерқала» тауына, «Ақмыш» шатқалына, Самал» шатқалына баратын кіреберіс жолдарда, Түпқараған ауданының «Саура» шатқалына, «Тамшалы» шатқалына, «Көгілдір мүйіске» баратын кіреберіс жолдарда үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде 10 жол сілтегіш орнатылды.

Өңірге туристер тарту бойынша жұмыс 2015 жылы жалғасын тапты. Ағымдағы жылдың сәуір, мамыр айларында ірі шетелдік туристік операторлар үшін ақпараттық турлар өткізілді. Нәтижесінде Баутин портына бортында 87 туристі бар «Русь Великая» теплоходы келіп, олар өңірдік көрнекі жерлеріне экскурсиялар жасады.

Жыл соңына дейін Жапониядан, Бразиялиядан келетін шетелдік туристік операторлар үшінтағы бірнеше ақпараттық турлар өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Эко Маңғыстау» ҮЕМ мен «Экология мен туризмді дамыту» ҚҚ халықтың әлеуметтік әлсіз жігінен шыққан баалалармен және ауылдық елді мекендердің балаларымен экскурсиялық жұмыстар өткізді.

2015 жылғы қыркүйек айында халықаралық сарапшыларды тартумен Халықаралық қонақ үй форумы менн халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізу жоспарлануда.

Туризм бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

әлемде аналогы жоқ бірегей туристік ресурстар (Үстірт шоқысы);

Қазақстанның тарихи-сәулет өнер мұрасының 75%-ы Маңғыстау облысында орналасқан;

өңірдің географиялық орналасуына байланысты – Каспий теңізінің болуынан Қазақстандағы теңіз жағажайы туризмі дамыту саласындағы жалғыз «Кендірлі» халықаралық шипажайдың құрылыс жобасын жүзеге асыру, оның құрылысы тұрақты даму үлгісінде жүргізіледі;



Әлсіз тұстары:

жаңадан салынып жатқан және бұрыннан бар туристік объектілер мен маршруттарға апаратын сыртқы инженерлік-коммуникациялық және көліктік инфрақұрылымның жоқтығы;

инфрақұрылымның, сервистік қызметтердің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі;

туристік индустрияның үштен көп тіл білетін жоғары білікті мамандарының жеткіліксіз саны;

инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі;

инвесторларға дотациялар, преференциялар және салықтық жеңілдіктер беру тетігінің болмауы.



Қатерлер:

инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі;

инвесторларға дотациялар, преференциялар және салықтық жеңілдіктер беру тетігінің болмауы;

өнеркәсіптік қалдықтардың себебінен экологиялық жағдайдың нашарлауы.



Мүмкіндіктер:

Тұтастай алғанда, талданған кезеңде Маңғыстау облысы бойынша туристік қызметте оң беталыс байқалады. Маңғыстау облысының бірегей табиғи жағдайы өңірге туристік бизнес орталығының бірі болуға мүмкіндік береді.

Шаралар кешенін қабылдау, туристердің облыс ішінен, әрі шетелден келуін арттыруға ықпал етеді, және бұл ақыр аяғында өңірлік туристік өнімінің айтарлықтай көтерілуіне әкеледі.

Бұл ретте, Маңғыстау облысының батыс қазақстандық өңірдің туризм орталығы болуы үшін нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалмақ.


2.2.2.7. Ішкі саясат

Облыста 8 саяси партияның филиалдары, 299 ҮЕҰ, оның ішінде 88-і: 21 этномәдени бірлестік белсенді жұмыс істейді, сондай-ақ облыстық кәсіподақтар кеңесінің құрамына кіретін кәсіподақ органдарының қызметін үйлестіретін облыстық кәсіподақтар кеңесі ұйымдастырушылық, әдістемелік және консультациялық көмектер көрсетеді.

Облыста болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістердің жағдайы мен даму беталысын, конфессияаралық және этникааралық қатынастарды терең зерттеу мақсатында, жағдайжды жүйелі мониторингілеу тетігі жолға қойылған.

Бұдан басқа, ел мен облыстың дамуының негізгі басымдықтарын, стратегиялық бағдарламалық құжаттарды түсіндіруге, халықтың діни сауаттылығын арттыруға бағыттталған ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүргізу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде.

Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру саласындағы облыс әкімдігінің белсенді серіктесі үкіметтік емес сектор болып табылады. Бұл ретте, маңызды институт ретінде Қазақстан халқы Маңғыстау облысының ассамблеясы, ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл, жастар істері, барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестер, сондай-ақ Саяси партиялардың қоғамдық кеңесі белсенді жұмыс істейді.

2013 жылы 26 үкіметтік емес ұйым 33 әлеуметтік маңызды іс-шараны іске асырды. 2014 жылы 48 үкіметтік емес ұйым 77 әлеуметтік маңызды іс-шараны іске асырды. Олар – өңірлік ресурстық орталық және үкіметтік емес ұйымдар желісін құру және қолдау, облыстың кәсіпорындарында әлеуметтік және еңбек дауларынан сақтандыру және болдырмау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, медицация институтын түсіндіру жобаларын іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі жобаны іске асыру, отбасылық-некелік институттарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, ұлттық тарихты, Маңғыстау тарихын зерттеу және насихаттау, халықты зияткерлік дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, негізгі әлеуметтік-экономикалық параметрлер жөнінде зерттеу жүргізу және өңірдің қоғамдық-саяси ахуалын зерттеу, қазақстандық патриотизмді насихаттау, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, халықтың азаматтық белсенділігін және құқықтық сауаттылығын көтеру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл, гендерлік теңдікті дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жобалар және т.б..



Ішкі саясат бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс желісі бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға тартылатын ҮЕҰ санының артуы үшін жағдай жасалған;

Облыстың ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру көлемінің өсуі қамтамасыз етілген;

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін өңірлік ресурстық орталықтар ашылып, белсенді жұмыс істеуде, Бейнеу ауданының ресурстық орталығы 2014 жылы өз жұмысын бастады;

ауылдық жерде жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ-дың саны артты;

Қоғамдық кеңес аясында саяси партиялармен тиімді өзара іс-қимыл жолға қойылды.



Әлсіз тұстары:

аудандық деңгейде үкіметтік емес сектор дамуының төмен деңгейі;

ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі біршама төмен;

әлеуметтік маңызды жобалардың орындалу сапасын бағалауға арналған бірыңғай өлшемдердің жоқтығы.



Қатерлер:

өңірде ішкі саяси жағдайды нығайтуға бағытталған көрсеткіштерге қол жеткізе алмау, соның салдарынан:

өңірге жалған діндердің ену және таралу мүмкіндіктері;

облыс халқында әлеуметтік оптимизмнің төмендеуі.



Мүмкіндіктер:

тұрақты жұмыс істейтін сұхбат алаңдарының тиімді қызметі арқылы мемлекет пен ҮЕҰ-дың әлеуметтік әріптестіктерін одан әрі тереңдету, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, Қазақстан халқы Маңғыстау облысының ассамблеясының сессиясын қаржыландыруды ұлғайту;

Достық үйін құру;

әлеуметтік ширығысудың әлеуетті ошақтарын уақытылы айқындап, оларды жою бойынша тиісті алдын алу шараларын алу.



Ақпараттық саясат.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Маңғыстау облысында 33 БАҚ есепке қойылған. 27 баспа БАҚ-ның 21 газеті мен 6 журналы, 6 электронды БАҚ-ның 1 телеарнасы, 2 кабелдік теледидарламасы, 3 радиостанциясы жұмыс істейді.

Мемлекеттік облыстық газеттер – «Маңғыстау» газеті 6147 дана, «Огни Мангистау» 5106 дана тиражбен шығады. «Қазақстан Ақтау» облыстық телеарнасы тәулігіне 14 сағат хабар таратып, облыстың барлық елді мекендерін қамтиды. «Маңғыстау» радиосы облыстың барлық аумағына хабар таратады. «Жолбаян», «Вест» радиолары Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, Мұнайлы және Түпқараған аудандарына хабар таратады. 2013жылдың қазан айынан бастап «Қазақстан-Жаңаөзен» телеарнасы сандық форматта хабар таратады.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2013 жылы облыстық бюджеттен 316,9 млн. теңге, оның ішінде облыстық БАҚ-на 281,7 млн. теңге, республикалық БАҚ-на 35,2 млн. теңге бөлінді. Облыстық бюджеттен 2014 жылы – 261,4 млн. теңге, республикалық бюджеттен – 35,6 млн. теңге бөлінді.

Халықты мейлінше маңызды қоғамдық саяси оқиғалармен хабардар ету және мемлекеттік бағдарламалар мен ҚР Үкіметінің және Президенінің тапсырмаларының іске асырылу барысын көпшілікке тарату мақсатында, 23 тақырыптық медиа-жоспар әзірленіп, іске асырылды.

Ақпараттық саясат бойынша SWOT-талдау:

Мықты тұстары:

мемлекеттік ақапараттық саясатты іске асыруды қаржыландыру көлемін өсіру қамтамасыз етілген;

мемлекеттік органдардың жетекші облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-мен өзара іс-қимылының кешенді жүйесі ынтымақтастық негізінде жолға қойылған.

Әлсіз тұстары:

қазіргі замандағы ақпараттық рыногтың талаптарына сай келетін кәсіби мамандардың жеткіліксіз саны;

журналист кадрлардың құқықтық сауатының төмендігі.

Қатерлер:

өңірдің қоғамдық-саяси өмірін тұрақсыздандыруға бағытталған материалдардың мемлекеттік емес БАҚ-да шығуы.



Мүмкіндіктер:

мемлекеттік емес БАҚ-ын мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруға тарту;

жергілікті журналист кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту іс-шараларын өткізу.
Жастар саясаты.

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында, өңірде жастар саясаты мәселелері басқармасы, басқарма жанында 2014 жылдан бастап облыстық жастар ресурстық орталығы, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандарында 7 жастар орталығы мен 30 жастар ұйымы жұмыс істейді.

Облыста мемлекеттік органдардың жастардың қоғамдық бірлестіктерімен тиімді өзара іс-қимыл жасауы үшін барлық жағдай құрылған.

Мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өзара іс-қимылының маңызды иниституттары:

барлық деңгейдегі әкімдердің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер;

облыстың барлық аудандары мен қалаларындағы әкімдіктер жанындағы жастар орталықтары мен бөлімдер болып табылады.

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру үшін, облыстық бюджеттен 2014 жылы 214,9 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді (2013 жылы – 182,5 млн. теңге, 2012 жылы – 122,6 млн. теңге).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін, облыстық бюджеттен 40,7 млн. теңге сомасында қаражат көздестірілді (2013 жылы – 35 млн. теңге, 2012 жылы – 178 млн. теңге).

Жастар арасында, оның ішінде «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және «Жасыл ел» бағдарламаларының аясында жұмыссыздық деңгейін азайту бойынша нақты жұмыс жүргізілуде.

«Дипломмен ауылға» жобасының аясында 2014 жылы облыстың қалалары мен аудандарының елді мекендеріне 1018 жас маман жұмысқа орналастырылды (2013 жылы – 462 жас маман, 2012 жылы – 485 адам). 2015 жылдың 8 айында 353 жас маман жұмысқа орналастырылды.

«Жастар практикасы» жобасының аясында 718 жас адам (2012 жылы – 844, 2013 жылы – 755) жұмысқа орналастыру органдары арқылы 1833 жас адам жұмысқа орналастырылды (2012 жылы – 840, 2013 жылы – 1233).

Облыс бойынша жастара арасындағы жұмыссыздықтың деңгейін төмендету аясында, «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы» және «Жасыл ел» бағдарламалары іске асырылуда. Осы бағдарламалардың аясында 2013-2014 жылдарда 7015 адам немесе жұмыссыз жастардың 70,2%-ы жұмысқа орналастырылды. «Жастар практикасы» бағдарламасының аясында 2015 жылдың 8 айында 1109 жұмыссыз жас жұмысқа орналастырылды.

Ресурстық орталықтар мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 2014 жылы облыстың қалалары мен аудандарында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды, сондай-ақ «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жастар арасында түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Талантты жастарды қолдау мақсатында, облыстық Дельфийлік ойындар «Жыл студенті – 2014» жастар конкурсы, «Қазақстан, тек алға!» жыл сайынғы жастар форумы және «Жас тұлпар – 2014», КВН «Жайдарман» ойындарының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізілді.

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында, жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастардың ресурстсық орталықтары, сондай-ақ жастар ұйымдары көптеген іс-шаралар, оның ішінде: «Ауыл жастары – 2014» ІІ облыстық слетін, қалалар мен аудандардың жастарымен «Болашақ білімді жастардың қолында» тақырыбында кездесулер, «Мәңгілік ел» тақырыбында патриоттық акция, жастар фестивалін, «Ауылым-алтын бесігім» атты жастар керуенін, «Жастар Отанға!» аясында ауыл жастарының жазғы саяси лагерін, «Студенттік көктем – 2014», «Менің Қазақстаным» атты жастардың республикалық патриоттық фестивалін өткізді.

Жалпы білім беретін оқу орындарының жастарымен «Теріс пиғылды ағымдардың алдын алу және діни наным» тақырыбында кездесу өткізілді.

Сондай-ақ, жастар саясатын іске асыру үшін қалалармен аудандарда 600-ден астам іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, семинарлар, акциялар, сенбіліктер және т.б.) өткізілді.

Облыстың барлық жоғары және техникалық-кәсіптік оқу орындарында 26 Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істейді, 2013 жылы 24 комитет болған. 2013 жылы облыстың 5 кәсіпорнында жастармен жұмыс жөніндегі ұйымдар мен комиттеттер бболса, 2014 олардың саны 20-ға дейін артты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет