Инвестиция саласында негізгі мәселеге талдау:
Екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін жоғары пайызды несие;
Аймақтық негізгі еуропалық нарық өткізімінің болмауы;
Шетел компанияларының нарыққа ену түрлері мен нарықта инвестиция салымы бойынша толық ақпараттың болмауы;
Отандық тауарөндірушілерді қорғау және қолдау механизмінің толық дамымауы;
Шешу жолдары:
Шикізат емес экспорттау және жоғары технологиялық өндірісте тікелей инвестицияны тарту тәртібінде қарастырылған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді жүзеге асуы;
Кеден бекетін белсенді қолдану мүмкіндігі;
Облыс шегінде табанды насихаттау жұмыстарын – жәрмеңкелер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ресми делегаттар кездесулері, инвестиция салымы үшін өңірдің тартымдылығы бойынша инвестициялық мүмкіншіліктері туралы компаниялардың тұсаукесерлерін өткізу.
Индустрияландыру картасы
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 1,6 трлн. теңгені құрайтын 42 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның ішінде 2131 жұмыс орнын құрумен және жалпы құны 68 млрд. теңгені құрайтын 28 жоба іске қосылды. Олар:
2010 жылы жалпы құны 31,5 млрд. теңгені құрайтын және 636 жұмыс орнын ашумен 7 жоба іске қосылды.
«Брандо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір рет пайдаланатын шприцтер шығаратын зауыты;
«Биас ТЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыты;
«КазТурбоРемонт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің газтурбиналық қондырғылар мен жабдықтарды жөндеу және сервистік қызмет көрсету зауыты;
«Констракшн KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тұрғын үй құрылысы үшін жеңілдетілген панельдер шығаратын зауыты;
«Металл продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің металл жаймалар шығаратын металлургиялық комбинаты;
«Атырау ЖЭО» акционерлік қоғамы Атырау жылу электр орталығының кеңейтудің ІV кезегінің құрылысы;
«АтырауАгроСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжай және көкөніс қоймасы құрылысы аяқталды.
2011 жылы 10,6 млрд. теңгені құрайтын және 898 жұмыс орнын ашумен
9 жоба іске қосылды.
«Шеврон МұнайГаз Инк.» корпорациясының металл пластикалық құбырлар шығаратын зауыты;
«Новус Силинг Каспиан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай кәсіпшілігі жабдықтары үшін әртүрлі тығыздағыш төсемдерінің өндірісі;
«Флоусерв» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сорғы жабдықтарын жөндеу және жаңарту сервистік орталығы;
«Брандо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инфузиялық ерітінділер құюға арналған тамызғылар және бір рет пайдаланатын қолғаптар шығаратын зауыты;
«Рауан Налко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай өнеркәсібі үшін химиялық реагенттер шығаратын зауыты;
«АтырауАгроСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжай және көкөніс қоймасының екінші кезегінің құрылысы;
«Досжан және Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қамысты жаңқалы тақтайшалар шығаратын зауыты;
«Каспиан Фиш Атырау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балық өнімдерін өңдеу зауыты;
«Брандо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір рет пайдаланатын шприцтер шығаратын зауытын кеңейту.
2012 жылы 15,1 млрд. теңгені құрайтын және 295 жұмыс орнын құрумен 4 жоба іске қосылды.
«Спика-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің макарон өнімдерінің өндірісін ретке келтіру;
«КасХим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық шпагат және полипропилен қап шығаратын зауытын жаңғырту;
«ТеңізСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Солтүстік-Каспий экологиялық ден қою базасы іске қосылды;
«Атырау Сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасы салынды.
2013 жылы 10,6 млрд. теңге құрайтын 282 жұмыс орнын құрумен 7 жоба іске қосылды:
- «ШевронМұнайГазИнк.» корпорациясының құбыр жүргізуші арматура шығаратын зауыты;
- «Тұз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің натрий гипохлоритін өндіру зауыты;
- «ЖігерМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісті жаңғырту (Сервистік қызмет көрсету, телеметрикалық жүйелерді қолданумен көлбеу бұрғылауды жөндеу және техникалық сүйемелдеу);
- «СП Первомайский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт және сүт өнімдерін шығаратын тауарлы-сүт фермасының құрылысы;
- «Сельбаева Ш.» жеке кәсіпкерінің газды бетон блоктарының өндірісі;
- «Розметова» шаруа қожалығының ешкі сүті мен ешкі өнімдерінің өндірісі;
- «Эко-Техникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнайшламды қайта өңдеу бойынша өндірісті жаңғырту.
2014 жылы жалпы құны 8,5 млрд. теңгеге 466 жұмыс орнын құрайтын 8 жоба іске қосылды:
- «ЖігерМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің PDC қашауларының бөлшектері және бұрғылау мұнарасының төменгі бөлігін құрастыру элементтерінің бөлшектері өндірісін ұйымдастыру;
- «Alan building systems» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің модульдік үй-тұрғызу фабрикасының құрылысы;
- «Caspian Royal Fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тауар-бекіре фермасы;
- «БатысАльянсСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің үй құрылысы комбинатын ұйымдастыру;
- «АтырауНефтемаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ірі габаритті және аса ауыр бұйымдарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру;
- «ЖігерМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау үшін ірі габаритті бұрғылау кешендерінің өндірісін ұйымдастыру;
- «СП Первомайский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вермикомпостерлеу тәсілімен биогумус өндірісін ұйымдастыру және гидропоника жүйесін пайдаланумен балауса жемшөптің жыл сайынғы өндірісі кешенін құру;
- «Сағат Энерджи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электрэнергияның өндірісі (Газпоршеньді электрстанциялардың құрылысы).
2015 жылы жалпы құны 12,9 млрд. теңгеге 766 жұмыс орнын құрайтын 5 жобаны іске қосу жоспарлануда:
- «Атырау Сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасын кеңейту;
- «Алмалы Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасының құрылысы;
- «СП Первомайский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт өңдеу және қышқыл-сүт өнімдерінің өндірісі кешенінің қуатын кеңейту;
- «Кемикал Солюшнс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің химиялық реагенттер шығаратын зауыт құрылысы;
- «ЦВС «Ескене» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вагонды сервис орталығы.
Соған қоса жалпы құны 1,5 трлн. теңге құрайтын Атырау мұнай өңдеу зауытын жетілдіру және газхимиялық кешеннің құрылысы сияқты екі ірі жоба іске асырылуда.
Ұлттық инновациялық жүйені дамыту.
Бүгінге облыстың ғылыми әлеуеті 5 ғылыми-зерттеу институтымен және 2 базалық жоғары оқу орнымен ұсынылған, олар Ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық әзірлемелер жобаларын әзірлеуді жүргізеді.
Инвесторларды одан әрі іздеу үшін қаржыландыруды талап ететін ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі қалыптастырылуда.
Атырау бизнес-инкубаторы құрылды және ойдағыдай жұмыс істеп тұр, онда кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асырып отыр.
Қойылған мақсаттарға сәйкес 2010–2020 жылдарға арналған Қазақстанның индустриаяландыру картасы әзірленуде, оған өңірлердің ресурстық базасымен және инфрақұрылымның дамуымен бірге өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру схемасы қосылады.
Жақын келешекте ғылым және инновацияны дамыту саласында өңірлік қолдаудың негізгі бағыттары:
- жоғары технологиялар өнімдерінің экспортына бағдарланған, ғылымды қажет ететін, қор жинақтаушы және экологиялық таза өндірістерді әзірлеуге бағытталған зерттеулерді дамыту;
- ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың тетіктерін жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.
Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарды дамыту
2007 жылы Елбасының Жарлығымен Атырау облысының әртүрлі географиялық алаңдарында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды.
Ұлттық технопарк жоғары қосылған құнмен инновациялық өнімдерді шығаруға бағдарланған технологиялық бизнес-бақ сияқты дамиды, бұл оның құрылымында инновациялық технологияларды әзірлеу, мақұлдау және іске асыру үшін ғылыми-техникалық және білім орталықтарын құру қажеттілігін талап етеді.
«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында 32 қатысушы тіркелген.
Соған қоса Атырау қаласында Индустриалдық аймақ құру жоспарланған. Осы мақсатта Атырау-Доссор автожолында 210 гектар жер бөлінген. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасақталуда.
Инновациялық қызмет
Атырау облысында 2014 жылы инновациялық - белсенді кәсіпорындар саны 79 бірлікті құрады. Инновациялық-белсенді кәсіпорындардың басым бөлігі Атырау қаласында орналасқан. Кәсіпорындардың инновациялық қызметі жаңа технологиялар, жабдықтарды енгізуге, «ноу-хауды» сатып алуға бағдарланған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27,37 – баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17 – бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының 8 – бабының 7 – тармағына сәйкес облыс әкімдігі жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Атырау Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды. Серіктестіктің мақсаты Атырау облысының жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің дамуына ықпал ету және инновациялар мен таза (жасыл) технологияларды дамыту мен енгізу үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды жасау, соның ішінде жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістердің ұйымдастырылуы мен дамуына жәрдемдесу болып табылады.
«Атырау Innovations» компаниясы құрылғаннан бері мемлекеттік қолдау шараларын, соның ішінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғам ұсынатын инновациялық гранттары туралы түсіндіру шаралары, Атырау қаласы аудандарында – 16, Астана қаласында – 1, жалпы 17 роуд-шоу өткізілді. Жобаларды қолдау мен өнеркәсіптерге енгізу мақсатында Атырау мұнай газ институты мен Атырау мемлекеттік университетімен жұмыстар жүргізілуде.
Инновациялық жобалардың базасы құрылды және инновациялық гранттарды алу үшін 11 өтінім, оның ішінде 2 өтінім «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғам сарапшыларының қаралуына ұсынылған. Бірі:
- Е.Г.Гилажовтың «Қара жол құрылысына қарамайлы құнарлы топырақты қолдану» жобасы;
Жоба құны – 5 миллион теңге;
Жобаны оң бағалаған жағдайда, ұзындығы 50 метр қара жол құрылысын Технологиялық бизнес-инкубатор аумағында салу жоспарлануда. Осыған байланысты, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, қара жолды салу және оны қайта жаңғырту бойынша бұл жобаның маңыздылығын атап өтпеуге болмайды.
Бүгінгі таңда Атырау облысында 3 инновациялық жобалар жүзеге асырылды, соның ішінде:
1. Жеке кәсіпкер «Кибаева» фосфатсыз экологиялық таза ұнтақ «Айнадай» өнімін өндіреді. Айнадай экологиялық таза, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянсыз, гипоаллергенді, сонымен қатар төмен өзіндік құнын атап өтуге болады. Белгілі ұқсас фирмалардың жоғарғы бәсекелестігіне қарамастан, бұл өнім жергілікті нарықта сұранысқа кеңінен ие болып табылады. Кәсіпорын «Айнадай» ұнтағын күніне 300 бумасын шығарады. Өнім бумада 400 грамм көлемінде шығарылады және қол жетімді бағамен 200 теңгеге сатылады. Компанияда 3 адам қызмет жасайды.
2. «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалға беру, жөндеу, өндіру, бұрғылау, мұнай және стандартты емес жабдықтарды дайындау, мұнай және газ кен орындарын жайластыру, PDC қашауын, ірі бұрғылау қондырғыларын, бұрғылау құралдарын өндіру бойынша инновациялық қызметтерді көрсетеді. «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік базасы Атырау және Ақтау қалаларында орналасқан, 280 адам қызмет етеді.
3. Жеке кәсіпкер «Мәжитов» тамшылатып суарудың екі технологиясын – «топырақты ылғалдандыру және нәрлендіруді» ұсынып отыр. Бұл технологиямен арнайы ферменттеу аппараты арқылы тыңайтқыш көлемі анықталып, содан соң тамшылатып суару жүйесіне түседі. 2014 жылы кәсіпорын эксперименттік 4 гектар жерге қияр, баялды, пияз және қырыққабат өсірілді. Алғашқы тұтынушысы болып инновациялық технологияны гүлзарлар мен жас көшеттерді суаруда пайдаланған «КТК» компаниясы болды.
Атырау облысында инновациялық белсенділікті арттыруға барлық жағдай жасалған, оның ішінде:
Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғам ұсынатын инновациялық гранттар;
Инновациялық кәсіпорындарды және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми институттарын орналастыруға бағытталған Технологиялық бизнес-инкубаторы;
Консультациялық жұмыстар атқарып, жобалардың гранттар алуына демеу көрсететін «Атырау Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жоғары оқу орындарымен, инновациялық жобаларды іске асыруда шетелдік серіктестер мен технопарктерді іздеу және олармен бірлесу.
2012 жылдың 9 қаңтарында қабылданған № 534-IV «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес технологиялық бизнес-инкубаторы индустриялық-инновациялық қызметті қолдауда мемлекеттік шаралардың бірі болып табылады.
Технологиялық бизнес-инкубатор жаңа жоғары квалификациялық жұмыс орындарымен, шағын және орта бизнесті ынталандыруға, бюджетке (салық және басқа да) түсімдерді арттыруға бағытталған.
2015 жылдың 9 қаңтарында қабылданған Атырау облысы әкімдігінің №2 қаулысына сәйкес коммуналдық меншік ретінде Атырау бизнес – инкубаторын сенімдік басқаруға «Атырау Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілді.
Қазіргі кезде, Атырау облысының әкімдігі Атырау Бизнес-инкубаторын «Атырау Innovations» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сенімгерлік басқаруға тапсырған болатын. Қазіргі таңда, инновациялық жобаларды орналастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ғалымдарға жұмыс істеуге орта жасау мақсатында Атырау Бизнес-инкубаторын Технологиялық Бизнес Инкубаторы ретінде түрлендірілді.
Технологиялық бизнес-инкубаторы келесідей қызмет түрлерін көрсетеді:
сақталатын кеңселік бөлмелер мен өндірістік аумақтарды беру;
бухгалтерлік және құқықтық қызметтер көрсету;
консультациялық кеңестер беру (соның ішінде, салық салу, тендерлік заңнама, кедендік рәсімдер, несие алу мәселелері, жер құқығы, сәулет, құрылыс, санитарлы-эпидемиологиялық бақылау мен өрт сөндіру қауіпсіздігі) бойынша мәселелерді қарастырады;
бизнес-жоспар мен кәсіпорынның даму жоспарларын дайындау бойынша консультациялық кеңестер береді;
несие беру мүмкіндіктері бойынша ақпарат жинау;
жаңа кәсіпкерлерге бизнесті дұрыс жүргізу негіздерін үйрету (менеджмент, маркетинг, қызметкерлерді басқару);
бизнесті дамыту арналған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жалпы қолданысқа беру (шикізат пен өнімдерді нарыққа өткізу, дайындалып жатқан тендерлер туралы мәліметтер беру және т.б.);
келіссөздер жүргізу үшін конференц-залдарды ұсыну;
Технологиялық бизнес-инкубатордың жалпы аумағы - 6 га;
Өндірістік орындардың жалпы аумағы - 8 000 кв.м.;
Әкімшілік кешенінің жалпы аумағы - 560 кв.м.
Технологиялық Бизнес Инкубаторы аумағына орналаса алатындар:
Жоғары технологиялық өнімдер шығара алатын ірі және шағын кәсіпорындар;
Ғылыми-зерттеу институттары;
Өнімдердің жаңа түрін енгізетін, бірақ өндірістік орындарға тапшы болған кәсіпорындар;
Жұмыс жасап тұрған орта және шағын кәсіпорындардың осы өңірде жаңа өнімдер түрлерін шығаратын, өндірістік орындарға тапшы болған кәсіпорындар.
Әлеуетті жалға алушылар келесідей салаларда қызмет атқара алады:
инновациялық;
ғылыми-зерттеу;
өндірістік;
қолөнер;
қызмет көрсету.
Қазіргі таңда Технологиялық Бизнес Инкубаторы аумағында 24 жоба іске асуда, оның 6 жиһаз, қалғандары – кеспе тастарын шығарудан қағаз шығарумен айналасады.
Атырау облысында индустриялық аймақ құру мақсатында көлемі 210 га құрайтын жер телімі бөлінді. 2000 - нан аса тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, экономиканың әр түрлі салаларындағы шағын және орта бизнестің 40-қа жуық жобаларын индустриялық аймақ аумағында орналастыру жоспарлануда. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуде жергілікті бюджеттен 30 млн. көлемінде қаражат бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттама ағымдағы жыл ішінде дайындалады.
Оған қоса, Қазақстан Республикасы Президентінің №495 Жарлығына сәйкес 2007 жылдың 19 желтоқсанында «Ұлттық индустриялық мұнай-химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймақ құрылды. Көлемі – 3475,9 га жерді құрайды. Аймақ аумағына 32 жоба тіркеліп, 4 жоба жүзеге асу үстінде: «KPI Inc» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Біріккен газхимиялық кешенінің құрылысының 1-сатысы (полипропилен өндірісі)», жоба құны - 304 469 млн. теңге. Іске асыру кезеңі: 2015 – 2018, 105 адам жұмыс істейді.
«KLPE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Біріккен газхимиялық кешенінің құрылысының 2-сатысы (полиэтилен өндірісі)» жоба құны - 945 884 млн. теңге. Іске асыру кезеңі: 2011 – 2019, 70 адам жұмыс істейді, «Polymer Production» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Полимерлік өнімнің өндірісі» жоба құны - 16 501 млн. теңге. Іске асыру кезеңі: 2012 – 2015, 72 адам жұмыс істейді.
«Бутадиен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Бутадиен және синтетикалық каучук өндірісі» жоба құны - 304 100 млн. теңге. Іске асыру кезеңі: 2020 жылға дейін.
2012-2014 жылдардағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі
2014 жылы өңірде кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 8,1% құрады. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа технологиялар енгізу беталысы байқалуда.
Инновациялық сипаттағы өнімнің жалпы көлемі
2014 жылы инновациялық сипаттағы өнімнің жалпы көлемі 38 000 млн. теңге жоспарланған болатын. Алайда, өндірілген өнімнің инновациялығы 3 жыл мерзімі ағымында анықталады. Аталған мерзім өткеннен соң инновациялық белсенді кәсіпорындар инновациялық өнімдердің өндіріс көлемі бойынша мәліметтерді тапсырмайды. Осы себептерге байланысты, инновациялық өнімдердің өндіріс көлемі азаюда.
Талдау көрсеткендей, жалпы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі артуда, барлық қаржыландыру көздері бойынша технологиялық инновацияларға және Ғылыми зерттеу тәжірибелік конструкторлық әзірлемелер шығындары көбеюде. Алайда өнеркәсіптік кәсіпорындардың меншікті өндірісінің жалпы көлемінде инновациялық өнімнің үлес салмағы болмашы, ол облыс кәсіпорындарының және олардың өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіздігін көрсетеді.
Білім беру
Мектепке дейінгі білім беру
2012-2014 жылдар кезеңі ішінде облыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы саны 15 бірлікке өсіп, 2014 жылдың аяғына 287 бірлікті құрады, оның ішінде, шағын орталықтар саны 137 бірлікті құрады.
Облыс бойынша соңғы 3 жылда мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 30 513 бала қамтылды (қамту 56%).
Облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 2884 педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде жоғары білімді – 1547 (53,6%), орта кәсіптік –1328(46,0%). Жоғары санатты – 130 (4,5%), бірінші санатты – 551 (19,1%), екінші санатты – 747 (26,0%), санатсыз – 1456 (50,4%).
Облыста 1-6 жастағы балалар саны- 54 549. Оның 56% мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылып отыр.
Көрсеткіш
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
1-6 жас аралығындағы балалар саны (облыс бойынша)
|
51 519
|
52 046
|
54 549
|
Оның ішінде мектепке дейінгі біліммен қамтылғандар
|
27 859
|
26 657
|
29 194
|
Қамту пайызы (%)
|
54,1
|
51,2
|
53,5
|
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы SWOT – талдау келесі түрде ұсынылған:
Күшті жақтары:
балабақшаларды қалпына келтіру және мектепке дейінгі шағын орталықтардың қызмет етуі;
балаларды мектепке дейінгі білім беру қызметімен қамту көрсеткішінің өсуі.
Әлсіз жақтары:
мектепке дейінгі білім берумен (1-6 жастағы балалар) 44% бала қамтылмай қалып отыр;
кәсіби кадрлардың жетіспеуі.
Мүмкіндіктер:
балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 100%-ға дейін жеткізу және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Орта білім беру
Облыста 193 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 166 орта, 15 негізгі, 12 бастауыш мектеп білім беру қызметін жүзеге асырады. Оның 57-cі қала, 136-cы – ауыл мектебі.
136-ы қазақ тілді, 52-і аралас тілді, 5-і орыс тілді мектептер. 2014-2015 оқу жылында 99835 оқушы білім алып, тәрбиеленді.
2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы – 52 % құрады.
Шағын жинақты мектептер саны – 35. Үлесі – 18,1%. Оқушы саны – 2575. Жалпы білім беретін күндізгі мектептердегі оқушылардың жалпы санынан шағын жинақты мектептердегі оқушылардың пайыздық үлесі – 2,5% құрайды.
Дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының саны – 5. Үлесі – 2,5%.
Мектептің 90,6%-ы екі ауысымда жұмыс жасайды. 6 мектеп апатты ғимараттарда орналасқан.
Мектептердің компьютерлік техникамен жарықтандырылуы жақсарып, облыстың барлық мектептері Интернет жүйесіне, 186 жалпы білім беретін мектеп кең жолақты Интернетке қосылып, оқушылар қашықтықтан оқыту мүмкіндігін алды. Облыстың 156 мектебінде 789 интерактивті тақта орнатылып, 151 мектеп лингафондық және мультимедиялық кабинеттермен жарақтандырылды.
Көрсеткіш
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Мектептердегі балалар саны
|
94622
|
96043
|
99835
|
Олардың жалпы санынан Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын нәтижелі (үздік/жақсы) меңгерген оқушылар
|
52136
|
53980
|
62697
|
Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білім беру бағдарламаларын нәтижелі (үздік/жақсы) меңгерген оқушылар үлесі, %
|
55,1
|
56,2
|
62,8
|
Мүмкіндігі шектеулі балалар саны
|
5593
|
5582
|
|
Оның ішінде білім алумен қамтылған
|
3676
|
3744
|
|
Қамту пайызы (%)
|
65,7%
|
67%
|
|
Күшті жақтары:
мектептерді компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен жарақтандыру негізінде оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттыру.
Қауіптер:
тұрғындардың еңбекақы төлеудің және өмір сүрудің жақсы жағдайларына ұмтылуы орта білім берудің қызмет көрсету сапасын төмендететін жоғары санатты және балалармен қарым-қатынаста тәжірибесі бар педагог кадрлардың білім беру жүйесінен жүйелі кетуіне әкеліп соқтырады.
Мүмкіндіктер:
бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және орта білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтумен байланысты шығындарды қаржыландыруда жеке меншік сектордың қатысуын ынталандыру;
әлеуетті асырап алушы, қамқоршылар мен қорғаншы-отбасыларды таңдау, дайындау және алып жүру жөнінде қызмет көрсететін халықаралық ұйымдардың гранттары мен үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын пайдалану.
Ыстық тамақ
2012-2013 жылдары жергілікті бюджеттен жалпы білім беретін орта мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтуға
935 млн. 198 мың теңге бөлінді.
2013-2014 оқу жылында тегін ыстық тамақпен 1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасынан шыққан балалар 100% қамтылды (47 528 бала).
2014-2015 оқу жылында 183 мектепте 95 644 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Оның ішінде 53 966 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Олардың 10 189 аз қамтылған отбасы балалары. Тегін ыстық тамақпен 1-4 сынып 44 881 оқушылары және аз қамтылған отбасы балалары түгел қамтылған.
Балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін сақтау жүйесі
Облыста 0-18-ге дейінгі жастағы балалардың жалпы санынан 706 жетім-бала және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бала немесе 0,4%. Осы саннан 498 бала - қамқоршылық пен қорғаншылықта, 21 бала – қазақстандық азаматтар отбасыларының патронаттық тәрбиесінде, 138 бала білім беру, 49 бала денсаулық және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 5 мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленеді. Сонымен, әрбір үшінші жетім бала институционалдандыру жағдайында тәрбие алады. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін қамқоршы отбасылары мен асырап алушы отбасыларға беру арқылы интернаттық жағдайлардағы балалар туралы қамқорлықты алмастыратын институтты дамыту өзекті міндет болып табылады.
Күшті жақтары:
балаларды отбасылық орналастырудың тұрақты беталысы сақталуда: соңғы екі жылда қамқорлық пен қорғаншылыққа жетім балалар мен ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың 60%-ы отбасына берілді.
Әлсіз жақтары:
міндеттері бала асырап алуға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала немесе жетім баланы қорғаншылыққа, қамқорлыққа, патронатқа алуға тілек білдірген азаматтарды қолдау болып табылатын отбасыларды қолдау қызметінің, асырап алушы ата-аналар мектептерінің болмауы;
балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі білікті мамандардың жетіспеуі.
Қауіптер:
ата-аналар қамқорлығынан және алмастыратын отбасыларды алып жүруден айырылған балаларды отбасылық өмірге орналастыру жөніндегі бағдарламаларға оқыту бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламасының болмауы.
Мүмкіндіктер:
кері институционалдандыру стратегиясын іске асыру және балаларды отбасылық өмірге орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша қайта даярлаудан өткен балалар құқықтарын қорғау жөніндегі қосымша мамандар штатын енгізу.
әлеуетті асырап алушы, қамқоршы мен қорғаншы-отбасыларды таңдау, дайындау және алып жүру жөнінде қызмет көрсететін халықаралық ұйымдар гранттары мен үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын пайдалану.
Техникалық және кәсіптік білім саласы бойынша
Техникалық және кәсіптік білім саласының негізгі міндеті экономиканың білікті кадрларға деген сұранысын ескере отырып, жастарға кәсіптік білім беру болып табылады.
2015 жылғы 1 қаңтар бойынша техникалық және кәсіптік біліммен 14-24 жас аралығындағы жастардың 14,4%-ы қамтылып отыр.
Көрсеткіш
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
14 жастан 24 жасқа дейінгі Техникалық және кәсіптік білім беру түлектері
|
15 238
|
14 728
|
14 728
|
Техникалық және кәсіптік білім берумен типтік жастағы (14-24 жас) жастарды қамтудың үлесі
|
16,0
|
13,8
|
13,8
|
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру желісін 18 мемлекеттік,
7 жекеменшік білім беру ұйымдары құрайды.
Оларда 15 мыңнан астам студент 68 мамандық бойынша білім алады. Оның ішінде 7 817 студент (51,3%) – мемлекеттік тапсырыс есебінен, 107-і (0,7%) жұмыс берушілер есебінен оқиды.
2014 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 4390 студент бітірді, оның 99,4%-ы тәуелсіз бағалау орталығы арқылы сертификатталды.
Бітірушілердің 63,3%-ы тікелей еңбекке орналысты, 14,8%-ы жоғары оқу орнына түсті, 2,5%-ы әскер қатарына алынды. Жалпы қамту – 85,5%-ды құрап отыр.
Бітірушілерді еңбекке орналастыру жалғасуда.
Атырау облысында кәсіптік және техникалық білім берудің 25 оқу орны бар (2015 жылғы 1 қаңтарға), оның ішінде 17 мемлекеттік, 1 ведомстволық, 7 мемлекеттік емес колледждер. Оның ішіндегі 8 оқу орны (немесе 32%) ауылдық жерлерде орналасқан.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 15,2 мың адам, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 7,8 мың адам білім алады. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 68 мамандық және 138 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
Колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларының төмен материалдық-техникалық базасының мәселесі шешіле бастады.
2014 жылда оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға республикалық бюджет есебінен - 200 млн.теңге бөлініп, игерілді. Кадрларды даярлауда нақты серіктестік қарым-қатынастар орнату - кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі. 2014-2015 жылдары облыстық білім беру басқармасымен және ірі компаниялармен оқу орындары арасында 668 меморандум, келісімдер жасалып, қол қойылды.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 1410 оқытушы мен өндірістік оқыту шебері жұмыс жасайды, оның ішінде өндірістік оқыту шебері – 188, олардан: жоғары санатты – 306, бірінші санатты – 308, екінші санатты – 348.
Нақты сектордың кәсіпорындары мен салалық мемлекеттік органдар үшін техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының тартымдылығының төмен болуы халыққа ақылы қызмет көрсетуден табыстарды кері инвестициялауға мүмкіндік бермейтін оларды ұйымдастырудың икемсіз заңды нысанымен түсіндіріледі.
Көрсеткіш
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Техникалық және кәсіптік білім беру түлектері
|
4 942
|
4 586
|
4390
|
Жұмысқа орналасқан түлектер
|
3 015
|
2 782
|
3096
|
Оқу орнын бітірген бірінші жылы түлектердің жалпы санындағы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі
|
61,0
|
60,6
|
65,3
|
Күшті жақтары:
күрделі жөндеу жүргізілген оқу орындары санының артуы;
материалдық-техникалық базаны оқу құрал-жабдықтарымен жарақтандыру жағынан жақсарту;
кадрларды даярлауда әлеуметтік серіктестікті орнату.
Қауіптер:
осы саланың қаржыландыру көлемінің тұрақты өсуіне қарамастан, колледждердегі оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің еңбек төлемақысының деңгейі төмен болып қалуда, бұл кәсіптік білім беру саласынан олардың кетуіне себеп болуда және білім беру сапасының төмендеуінен көрінеді.
Мүмкіндіктер:
білім алушыларға тәжірибе орнын ұсынуға қатысты мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту, оқу орындары мен кәсіпорындар арасында меморандумдар жасасу.
Әлсіз жақтары:
Техникалық және кәсіптік білім беру объектілері ғимараттарының тозу дәрежесінің артуы;
Білікті өндірістік оқыту шеңберінің саладан кемуі.
Жастар саясаты
2014 жылы 15 пен 28 жас аралығындағы жастар саны 2013 жылға қарағанда 889 адамға өсіп, жастар саны 136 089-ды құрады.
Жұмыссыз жастар саны 2013 жылмен салыстырғанда 784-ке азайып,
2014 жылы 2671-ді құрады. Алайда жұмыссыз жастар саны 2014 жылға
2453 адам жоспарланған.
Экономикалық енжар жастар саны – 50295 адамды және оқу немесе біліктілігін арттыру себептеріне байланысты жұмыс тобына енбейтін жастар саны жыл қорытындысы бойынша – 44464 адамды құрады (жоспар 44654 адам).
Осы айырмашылықтар нәтижесінде жастардың жалпы санындағы NEET үлесі 2014 жыл қорытындысы бойынша 6,2%-ды құрады (жоспар 6,0%). Сонымен қатар, жұмыссыз жастар саны 2013 жылы 3455-тен 2014 жылы
2671-ге дейін азайғанымен болжам бойынша жұмыссыз жастар санын 2453-ке дейін азайту қарастырылған. Алайда, өткізілетін шараларға, бос жұмыс орындар жәрмеңкелеріне қатысуға жұмыссыз жастардың белсенділігінің төмендігінен, кейбір жастардың түйіндемелерін дұрыс жаза алмауынан, әңгімелесулерде өз өзін таныта алмауына байланысты мүлдем жұмыс жасамаған жастарды жұмысқа орналастыру қиындық туғызуда.
2015 жылы 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесін төмендету мақсатында тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдануда. Бұл бағыттағы жұмыстар жастарды жұмыспен қамту шараларымен байланыстырылады.
Атырау облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша 2015 жылдың 1 маусымына жыл басынан уәкілетті жұмыспен қамту органдарына 2453 жастар хабарласты (16-29 жас аралығы), оның ішінде ауылдық жерде тұратын жастар – 1003, қала жастары – 1450 адам.
Жұмыспен қамту саласы бойынша жастармен жүргізілген жалпы жұмыстар көрсеткіштер төмендегідей:
- тұрақты жұмысқа 789 -і орналастырылды;
- кәсіби оқуға 182-і жіберілді;
- ақылы қоғамдық жұмысқа 962-і жолданды;
- Жастар тәжірибесіне 145 жас маман орналастырылды;
- әлеуметтік жұмыс орындарына 99-і жіберілді
Барлығы жастар санатына жататын 2177 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
Хабарласқан жұмыссыз жастардың 990-і білім беру ұйымдарының түлектері, оның 307 жалпы білім беретін мектептер, 15 кәсіби мектептер, 448 колледждер және 220 жоғары оқу орындарының түлектері.
Атап айтқанда, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері жүйелі ұйымдастырылуда. Күні бүгінге дейін, 1300 жастың қатысуымен 2 рет Атырау мұнай және газ институтында және 500 жұмыссыздың қатысуымен «АПЕК Петротехник» жоғары техникалық мектебінде» жәрмеңкелер өткізілді. Жәрмеңкеге 53 мекемеден 943 бос жұмыс орнына өтінім келіп түсті.
2015 жылдың 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Мүмкіндіктер жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Жәрмеңкенің мақсаты–жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету, жастарға әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау, рухани-адамгершілік әлеуетінің өсуіне қолдау көрсету, құқықтық мәдениетін көтеру, сонымен қатар жастарға мемлекеттік бағдарламалар, жас кәсіпкерлерге арналған бизнес жобалар туралы түсінік беру, оқуға түскелі жүрген жастарға жоғары және арнаулы оқу орындарына түсуге жәрдемдесу бағытында кеңестер беру.
Жәрмеңкеге 12 мекеме қатысты, 500 бос жұмыс орын ұсынылды.
Сонымен қатар, тұрғын үй жинақ банк өкілдері қатысып қатысушыларға тұрғын үй алу мәселелері бойынша кеңес беріп, ал оқу орындардың комиссия өкілдері оқуға түскелі жүрген жастарды керекті мәліметтермен ақпараттандырды. Жәрмеңке барысында түйіндемені сауатты толтыруды, әңгімелесуден қалай өту керектігі жөнінде де консультациялық семинар өткізілді.
Жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болатын тағы бір проблема – түйіндемелердің дұрыс жазылмауы, әңгімелесулерде өз өзін таныта алмауы болып табылады.
Осы бағытта облыс орталығында қызмет атқаратын «Кисорион», «Фиркрофт» сияқты рекрутингтік компаниялардың мамандары «Кәсіби маманнан кеңес» тақырыбында тегін мастер-кластар ұйымдастырып келеді. Жыл басынан 275 жасты қамтыған 12 семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында түйіндеменің қалай толтырылуы, қазіргі заманда шет тілді білудің маңыздылығын түсіндіреді.
Сонымен қатар hh.kz, enbek.kz, zhasatyrau.kz сайттары арқылы түйіндеме толтырып, жұмысқа орналасуға болатындығы жөнінде ақпарат береді.
Биылғы жылы бастау алған тағы бір жоба - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргізілетін құрылыс объектілеріне жастарды тарту. Бүгінгі күні жұмыс жасауға ниетті 159 жұмыссыз жастардың тізімі жасақталды. Аталған тізімдегі жастар қала және аудандық жұмыспен қамту бөлімдеріне жұмыссыздар ретінде тіркелді.
Уақытша еңбекпен қамтудағы тағы бір маңызды жоба – «Жасыл ел» еңбек жасақтары.
2015 жылдың маусым айынан бастап облысымыздағы үш орман шаруашылығында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы басталды. Қазір 150 жас өз еңбектерін аяқтады.
Қалған Жылыой, Исатай, Мақат, Қызылқоға аудандарында және Атырау қаласында 450 сарбаз жұмыстарын жалғастыруда.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Атырау қаласындағы «Дина» базарында жастарға арналған «Кеңес орталығы» жұмысын жүргізуде.
«Кеңес орталығында» Жұмыспен қамту орталығы, «Даму» қоры, жергілікті басқармалар, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандары жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды таныстырып, тың ақпараттармен қамтамасыз етуде. Жыл басынан бері кеңес орталығына 257 жас жүгініп, барлығы қажетті ақпаратпен қамтылды.
Жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, кеңес беру, шығармашыл жастарды қолдау мақсатында қала, аудандық деңгейде қызмет ететін жастар ресурстық орталықтарына жыл басынан бері 368 жас, олардың 71-і жұмысқа орналасу туралы, 67-сі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау туралы, 70-і шығармашылыққа қолдау көрсету туралы, қалғандары басқа да өзекті мәселелері бойынша көмек сұрады.
Аталған көрсеткішке қол жеткізу басқарма қызметінің басым бағыты болмақ.
Жоғарғы білім
Облыс аумағында 3 жоғарғы оқу орны (2 мемлекеттік және 1 жеке меншік) жұмыс істейді, олар облыс орталығы – Атырау қаласында шоғырланған. Облыстың жоғарға оқу орындары гуманитарлық-әлеуметтік, педагогикалық және техникалық бағытта мамандарды дайындайды. Жыл сайын білім алып жатқан студенттердің саны азаюда. Осылайша, зерттелген кезең ішінде жалпы студенттер саны кеміп, 2013 жылдың аяғына 12 979 адамды құрады. Студенттер санының азаюы жыл сайынғы студенттерді қабылдау санының қысқаруына байланысты. Студенттердің жалпы санының шамамен жартысы күндізгі оқу түрімен білім алады.
Облыс аумағында филиалдар санының қысқаруына орай зерттелген кезең ішінде профессорлық-оқытушылық құрамның саны да азайған. Сондай-ақ, облыс бойынша жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының сапасы артқаны байқалады.
Күшті жақтары:
Университеттердің материалдық-техникалық базасы едәуір жақсарды.
Әлсіз жақтары:
Доктарантураның білім беру бағдарламаларын енгізу негізінде профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби деңгейін әрі қарай сапалы дамытуды талап етеді;
Техникалық мамандықтар бойынша кадрларды дайындаудың жоқтығы.
Қауіптер:
Ғылыми институттарды қаржыландыруды қысқарту жоғарғы оқу орындары жанындағы және ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері еңбекақысының төмен деңгейі, студенттерді сапалы оқытуға ғана емес, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылатын өңірдің жоғарғы оқу орындарының ғылыми әлеуетінің төмендеуіне әсерін тигізді.
Мүмкіндіктер:
Білім беруге инновациялық технологияны енгізу, білім беру, ғылым және нақты секторды жақындату, өңірдің жоғарғы оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту саласында мемлекеттік-жеке серіктестіктің дамуы, өңірлік жыл сайынғы мектеп бітірушілерді қажетті деңгейдегі қабылдауды және мамандарды дайындаудың жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді.
Денсаулық сақтау
Облыстық денсаулық сақтау саласының дамуы әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша негізгі көрсеткіштердің тұрақтануымен, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің және амбулаторлық деңгейдегі ақпараттық жүйелердің екінші кезеңдерінің енгізілуімен, стационаралмастырушы көмектің басымдылықпен дамуымен, тұрғындарға жоғарғы технологиялардың қолжетімділігінің жақсаруымен, кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектің әрі қарай дамуымен, «Жол картасы-2020» және «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік акушерлік пункт және емханалар құрылысы» бағдарламалары шеңберінде денсаулық сақтау нысандары құрылыстарының жалғасуымен сипатталады. Енді Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің және «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңдерін табысты жүзеге асыру үшін тиісті дайындық шараларының жүргізілуіне баса назар аудару қажет, атап айтқанда:
бюджеттен қаржыландыруға қажетті «Тұрғындардың тіркелім регистрі» порталында тіркелген халықтың қолданылатын мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
«Амбулаторлық-емханалық көмек» ақпараттық жүйесіне және «Тұрғындардың тіркелім регистрі» порталына енгізетін ұйымдастыру техникасы мен ғаламтор-ресурстарымен қамтамасыз етілуі (байланыс көзі және рұқсат алу көзі);
ақпараттық жүйемен жұмыс жасайтын мамандармен, соның ішінде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қызметін уақтылы есептейтін және дәрігер мамандардың жұмыс көлемінің артуын болдырмау мақсатында статист және оператор мамандармен қамтамасыз етілуі;
ресурстарды тиімді пайдалануды және қызметтерінің нәтижесі бойынша дифференциялық ақы төлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарды басқарудың ұйымдастыру-құқықтық түрі-шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға ауыстыру;
амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың желісін бекітілген желілік нормативтерге сәйкес оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға және денсаулық сақтау саласының әлеуметтік-болжамды түрін жасақтауға айтарлықтай үлесін қосады, тегін медициналық көмектің кепілдік берген көлемі шеңберінде Атырау облысының тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын арттырады.
Денсаулық сақтау саласының SWOT – анализі төмендегідей:
Басым жақтары:
демографиялық көрсеткіштерінің жақсаруы, табиғи өсімнің ұлғаюы;
әлеуметтік маңызы бар аурулар көрсеткіштерінің тұрақтануы;
жоғары мамандандырылған медициналық қызмет көрсетулерге қатысу (кардиохирургия, эндопротездеу, офтальмология, балалар нейрохирургиясы);
ана өлімі көрсеткішінің төмендеуі, сәби өлімі көрсеткішінің тұрақтануы;
денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың тұрақты қарқынмен өсуі;
«Жол картасы-2020» және «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік акушерлік пункт және емхана құрылысы» мемлекеттік жобаларының жүзеге асырылуы;
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау және Бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйелерінің әрі қарай дамуы.
Әлсіз жақтары:
Бастапқы медико-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардағы кадр жетіспеушілігі (109 дәрігер), соның ішінде ауылдық жерлерде (62 дәрігер);
аймақтың экологиялық жағдайы тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізуде (Құрманғазы ауданындағы Азғыр аймағы, өнеркәсіптің мұнай-газ өндіруші бағыты);
республикалық көрсеткішпен салыстырғанда туберкулез ауруымен сырқаттанушылық жоғарғы деңгейде.
Соңғы жылдары Атырау облысының демографиялық көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалуда, жалпы өлім көрсеткіші төмендеуде, нәтижесінде табиғи өсім көрсеткіші өсіп келеді.
Көрсеткіш
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Туу көрсеткіші, 1000 адамға шаққанда
|
28,51
|
28,37
|
28,60
|
28,63
|
Жалпы өлім көрсеткіші, 1000 адамға шаққанда
|
7,17
|
7,02
|
6,42
|
6,19
|
Тұрғындардың табиғи өсім коэффициенті, 1000 адамға шаққанда,
|
21,34
|
21,35
|
22,18
|
22,44
|
Сәби (0-1 жас аралығы) өлімі көрсеткіші, 1000 тірі туылғанға
|
16,77
|
15,88
|
9,33
|
8,93
|
Ана өлімі көрсеткіші, 100 мың тірі туғанға
|
12,8
|
6,3
|
25,3
|
6,1
|
Облыс тұрғындарының күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл
|
69,93
|
69,56
|
70,68
|
70,98
|
Туберкулезбен сырқаттанушылық, 100 мың тұрғынға шаққанда
|
107,5
|
102,0
|
90,6
|
84,8
|
Туберкулезден өлім көрсеткіші, 100 мың тұрғынға шаққанда
|
8,2
|
7,8
|
6,4
|
4,5
|
Қатерлі ісікпен аурушаңдық деңгейі, 100 мың тұрғынға шаққанда
|
133,2
|
124,4
|
140,5
|
142,3
|
Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші, 100 мың тұрғынға шаққанда
|
91,91
|
84,50
|
86,37
|
87,0
|
0 мен 5 жас аралығындағы бала өлім-жітімін төмендету көрсеткіші (11,3)
2014 жылдың қорытындысы бойынша шекті көрсеткішінен (2013 жылғы нақты көрсеткіш – 12,4) төмен болғанымен, Аумақтық дамыту бағдарламасының жоспарлы көрсеткішінен (10,6) 6,6%-ға жоғары болды.
1 жасқа дейінгі сәби өлімінің құрылымында: 1 орында – перинатальды кезеңнің кейбір жағдайлары, 2 орында – туа біткен ақаулар, 3 орында - жұқпалы және паразитарлы аурулар құраса, 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің құрылымында 1 орында – туа біткен ақаулар, 2 орында – жұқпалы және паразитарлы аурулар, 3 орында – жазатайым оқиғалар құрады.
Сәби өлімінің негізгі себептеріне – бірқатар әлеуметтік-биологиялық факторлардың әсерімен негізделген аналар денсаулығының төменгі индексі: ауыр акушерлік анамнез (аборт, түсіктер, экстрагенитальды және эндокриндік аурулар, қан аурулары, анемия, дұрыс тамақтанбау), жүктілік пен босану кезіндегі асқынулар, аналардың жас ерекшеліктері (жас босанулар және 30-дан асып босанулар) мен зиянды әдеттері, ауыр дене жұмысымен айналысу.
Балаларды кеш госпитализациялауға және қарқынды терапияны кеш көрсетуге әкелген ата-аналардың дәрігерге кеш қаралулары да балалар өлімінің негізгі себептеріне жатады.
2014 жылдың қорытындысымен облыстың көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 6,6%-ға төмен болды (ҚР – 12,1).
Балалар өлімі көрсеткішін төмендету бағытында алынып жатырған шаралар:
2011 жылдан бастап Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының нұсқауымен перзентханаларда босану кезіндегі сәбилердің жарақтануларларын, жаңа туылған сәбилердің аурушаңдық деңгейін, олардың өлімі деңгейлерін төмендету мақсатында жүктілік мен босануды жүргізудің жаңа және тиімді технологиялары енгізілсе, ана мен бала денсаулығын қорғаудың тиімді технологияларын енгізу бағытында Атырау қалалық №7 емхана базасында балалық шақтағы ауруларды ықпалдастырып емдеу технологияларына оқыту орталығы ашылып жұмыс жасауда. Оқыту орталығы ашылғаннан бері акушерлік асқыну, тиімді перинатологиялық көмек пен бала шақтағы ауруларды ықпалдастырып емдеу бойынша 682 (қала, аудан) дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлері оқып шықты.
- денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрықтарына сәйкес жаңа туылған сәбилерден бастап 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеріп қараудан - скринингтен өткізу жұмыстары жүргізілуде.
2012-2014 жылдары:
- облыс бойынша ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы
15 маманы: акушер-гинеколог, неонатолог-дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, акушер және медбикелер жақын және алыс шет елдерде озық технологияларға оқытылып, тәжірибе алмасты;
- жүкті әйелдерді, ұрықты ультра дыбыстық зерттеу мәселелері бойынша Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы, Германия елінің, Ресей Федерациясының, Беларуссия мемлекеттерінің перинаталды орталықтарының ультра дыбыстық зерттеу мамандары шақыртылып, облыстың ана мен бала денсаулығын қорғау саласының дәрігерлері мен медбике мамандарына семинар мен мастер-кластар өткізді, семинарға 150 маман қатысты;
- жылына 2-3 реттен Астана қаласынан Республикалық ана мен бала ғылыми орталығынан куратор мамандар шақыртылып, тәжірибелік оқытулар өткізілуде.
- облыстық балалар ауруханасының мамандары: хирург, анестезиолог-реаниматолог, Ресей Федерациясында туа біткен ақаулар тақырыбында оқып білімдерін арттырып келді;
- облыстық перзентхана базасында туа біткен ақаулармен туылған нәрестелерге облыстық балалар аурухана дәрігерлерімен бірігіп неонатологиялық хирургия бойынша оталар жасауда;
- қалалық перзентхана базасында «Акушер-гинекология сұрақтары» бойынша көшпелі цикл өткізіліп 20 дәрігер оқытылды;
- аудандардағы мамандарға ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері бойынша методикалық-практикалық көмек көрсету мақсатында облыстық перзентхана, облыстық балалар ауруханасының білікті мамандарынан кесте жасақталып, тұрақты іс-сапарға жіберілуде;
- 2013 жылы облыстық балалар аурухана базасында есту қабілеті бұзылған сәбилер мен балаларға сурдологиялық көмек кабинеті ашылып, қажетті құрал-жабдықтар жабдықталды. Маман дәрігерлер Алматы қаласында арнайы оқытылып, білімдерін жетілдірді.
- сырқатына байланысты жылма-жыл республикалық деңгейдегі клиникаларға және оңалту орталықтарына 1000-ға жуық бала емге жатқызу порталы арқылы жіберілуде.
- 2013-2015 жылдар аралығында Литва мемлекетінен шала туылған және ауыршаң нәрестелердің жансақтау бөлімі бойынша білікті мамандар шақырылып, облыстық, қалалық, аудандық денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлері, орта медициналық қызметкерлеріне арналып облыстық перзентхана базасында екі апталық 9 мастер класс өткізілді;
- 2014 жылы облыстық балалар ауруханасы жалпы сомасы 2,4 млрд теңге көлеміндегі «Аджип ККО» компаниясының демеушілік көмегі есебінен толық қайта жарақтандырылудан өтіп, 3 қабатты жаңа хирургиялық корпус салынып пайдалауға берілді. Жаңа ғимарат соңғы үлгідегі жоғары рұқсатты компьютерлік томограф аппаратымен жабдықталды.
- 2015 жылдың ақпан айында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті мамандарының қатысуымен жүкті әйелдердің экстрагенитальды патологиясы жөнінде көшпелі циклдар ұйымдастырылып, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың учаскелік қызметінің 117 дәрігерлері оқытылды;
- 2015 жылдың шілде айында ана мен бала өлімін төмендетуден жоғары табыстарға жеткен Беларусь Республикасы мамандары шақыртылып, облыстық перзентхана базасында неонатологияның өзекті сұрақтары бойынша облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының 35 неонатолог, педиатр, реаниматолог дәрігерлеріне арналып шеберлік сыныптары өткізілді.
Ана өлімі көрсеткішінің төмендеуі байқалуда, 100 мың тірі туғанға,
2011 жылы – 6,6; 2012 жылы – 6,3; 2013 жылы – 25,3, 2014 жылы – 6,1. Ана өлімінің басты себептері: акушерлік қан кетулер, экстрагениталды патология.
Облыс тұрғындарының күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2011 жылы –
69,93 жасты құраса, 2014 жылы – 70,98 жасқа немесе 1 жылға ұлғайды.
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде кейбір аурулардың көрсеткіші және өлім көрсеткіштері төмендеуде.
2014 жылы 2011 жылмен салыстырғанда, 100 мың тұрғынға шаққанда, туберкулезбен сырқаттанушылық 21,1%-ға, туберкулезден өлім көрсеткіші
1,8 есеге азайған.
Онкологиялық аурулар санының өсуі бүкіл дүние жүзінде байқалып отырған үрдіс. Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы қатерлі ісік аурулары мен одан өлім көрсеткіші 2020 жылға қарай 1,5-2 есе өседі деп болжауда. Халықтың әл-ауқатының артуы, тұрғындардың өмір сүру жасының ұзаруы, дертті ерте анықтау бағдарламаларының енгізілуі себепті қатерлі ісіктерді ерте анықтау деңгейінің өсуі Қазақстанда да қатерлі ісік аурулары санының өсуіне әкелуде. Облыста да қатерлі ісікпен аурушаңдық деңгейі,
100 мың тұрғынға шаққанда, 2014 жылды 2011 жылмен салыстырғанда
6,8%-ға өсім байқалды. Қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші де тұрақты емес,
100 мың тұрғынға шаққанда, 2011 жылы - 91,91; 2012 жылы – 84,50; 2013 жылы – 86,37, 2014 жылы – 87,0.
Жалпы алғашқы сырқаттанушылық деңгейі соңғы 3 жылда 10,1%-ға төмендеді (2011 жыл – 31953,3; 2013 жыл – 28716,4). Ауру түрлері бойынша: қанайналым жүйесі аурулары 28%-ға, психикалық бұзылулар 25,2%-ға, тыныс алу ағзаларының ауруы 8,0%-ға, жүйке жүйесінің аурулары 15%-ға, тамақ қорыту ағзаларының аурулары 6,2%-ға, оның ішінде асқазанның ойық жарасы 15,7%-ға азайды. Жарақаттану, улану және басқа сыртқы себептер 15,5%-ға төмендеді.
Облыс тұрғындарының арасында (15-49 жас аралығында) адамның иммундық тапшылығы вирусы инфекциясының таралушылығы бастапқы деңгейде. Соңғы үш жылда 100 мың тұрғынға шаққанда адамның иммундық тапшылығы вирусының таралу деңгейі 2,2 есеге төмендеді (0,009-дан 0,004-ке дейін). Қазақстан Республикасы бойынша көрсеткіш – 0,167.
2011 жылдан бастап Ұлттық скринингтік бағдарлама басталды. Халық денсаулығы көрсеткіштерін жақсарту мақсатында аурулардың алғашқы сатысында жеке топтағы тұрғындарды алдын алуға тексеріс жүргізілуде, анықталған науқастарды сауықтыру шаралары жасалуда (18 жасқа дейін балалар, қан жүйесінің ауруларын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтау арқылы ересектерді, әйелдерді скринингтік тексеруден өткізу арқылы жатын органдарының, сүт безінің қатерлі ісіктерін ерте анықтау және тағы басқа түрлері). 2014 жылдан бастап бауыр қатерлі ісігін, ұйқыбезі, асқазан қатерлі ісігін ерте кезеңде анықтау мақсатында скринингтік тексеріс жүргізілетін болады.
Облыс көлемінде басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру мақсатында мемлекеттік нормативке келтіру жұмысы жүргізілді, денсаулық сақтаудың Біріккен ұлттық жүйесі енгізілді, 23 медициналық ұйым шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды.
2014 жылы облыс бойынша 6 өздігінен басқару құқығы жоқ аурухананы қоса алғанда 2969 кереуеттік мемлекеттік 30 ауруханалық ұйым жұмыс жасады (2011 жылы – 3228 кереуеттік 31 аурухана). Тұрғындардың кереуетпен қамтамасыз етілуі 10 мың тұрғынға шаққанда 51,2% құрайды (2011 жылы – 59,5%).
Өткізілген реформаларда демографиялық көрсеткіштердің жалпы қанағаттандыру беталысына орай, кадр тапшылығы басты проблема болып есептеледі. Облыста 2014 жылы 1271 дәрігер және 4181 орта медициналық қызметкер жұмыс жасайды, 10 тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 21,9 (2011 жылы – 25,0), орта медициналық қызметкерлер –
71,9 (2011 жылы - 71,6).
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде бірыңғай дистрибьютер енгізілуіне орай қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға, отандық өндірушілердің дәрілік заттарының үлесінің көбеюі және қаражатты үнемдеу мүмкіндігі пайда болды.
Денсаулық сақтауда басымдылық болып қолжетімділіктің және Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мен дамыту жолымен медициналық көмектің сапасын арттыру, ауруды талдау және зерттеуге, демографиялық жағдайын талдауға негізделген медициналық көмек түрлерінде халықтың сұранысын болжау, денсаулық сақтау мекемелерін білікті мамандармен, заманға сай құралдармен, дәрі-дәрмекпен қамту, озық медициналық технологияларды енгізу, жалпы тәжірибедегі дәрігерлерді дайындау және қайта дайындау, ауылдық жерлерде дәріханалық ұйымдар желісін арттыру, салауатты өмір салтын және аурулардың алдын алуды насихаттау болып табылады.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері негізінде Атырау қаласындағы Өркен шағын ауданынан ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылысы жоспарлануда. Қазіргі уақытта емхананың концессиялық жобасын жасақтау жұмыстары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау саласына жеке инвестицияларды тарту жолымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін тиімді енгізу халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігін, ұсынылатын қызметтерді басқарудың тиімділігін және сапасын жақсартып, денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жаңа сапалы, ұтымды деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Еңбек нарығы. Еңбек нарығын реттеу тиімділігін арттыру мақсатында 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» іске асыру жалғасын тапты.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен төрт жыл ішінде 18,5 мың адам қамтылды, оның ішінде 14,4 мың адам – жұмыссыздар, 2,6 мың адам - өзін-өзі қамтитындар және 1,5 мың адам - аз қамтылғандар.
Бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты шеңберінде 2014 жылы 38 жобаны іске асыру көзделді, осы жобаларда ашылған жұмыс орындарына 928 адам жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның бұл бағыты облыстың соңғы 15-20 жылда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген әлеуметтік инфрақұрылымдарын, әсіресе мектеп, балабақша, кәсіптік лицейлер мен мәдениет нысандарын жаңартуға мүмкіндік беріп, 2012-2014 жылдары 2678 жұмыс орындары құрылды.
Бағдарламаның «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты шағын несиелендіру жолымен өз істерін ашу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруды, инфрақұрылымдарды дамыту мен жақсартуды және кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды көздейді.
2011-2014 жылдары кәсіпкерлік негіздеріне 2084 адам (2014 жылы-440 адам) оқытылды, 1816 адам (2014жылы-492 адам) микрокредиттер алған, нәтижесінде 1106 жұмыс орындары ашылды (2014ж-517 жұмыс орны).
Бағдарламаның «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты шеңберінде 2011-2014 жылдары кәсіби оқумен 8985 адам қамтылып, олардың ішінен оқуды аяқтаған 7816 адамның 86,9% тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бағдарлама шеңберінде жүргізіліп жатқан іс-шаралар, аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асыру облыстың еңбек нарығындағы жағдайларға оң әсерін тигізді.
Жұмыссыздық деңгейі 2011-2013 жылдары 5%- болса, 2014 жылдың қорытындысымен 0,1%-ға төмендеп, 4,9%-ды құрады.
Экономикалық белсенді халық саны 2011 жылғы 283,2 мың адамнан 2014 жылға дейін 298,7 мың адамға дейін немесе 5,4 %-ға өсті.
Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 2011 жылғы 269,0 мың адамнан 2014 жылға 283,9 мың адамға дейін немесе 5,5 %-ға өсті. Оның ішінде жалдамалы қызметкерлер саны да өсіп отыр. 2011 жылы жалдамалы қызметкерлер саны 235,9 мың адам болса, 2014 жылға 250,0 мың адам болып отыр немесе 5,9%-ға өсіп отыр.
2014 жылы облыстың жұмыспен қамту бөлімдеріне жұмысқа орналасу бағытында 15348 жұмыссыз азаматтар жүгінді, олардың 12558 жұмысқа орналасты, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 81,8% құрайды.
2014 жылы 16 743 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары - 11332 құрайды.
2014 жылы 81 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша қатысқан 4671 адамның ішінен 1443 - тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жұмыспен қамтылғандар көрсеткішін талдау
Көрсеткіштер
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Жұмыспен қамтылғандар саны, адам
|
269 011
|
277 323
|
279 495
|
283 958
|
соның ішінде:
жалдамалы қызметкерлер, адам
|
235 944
|
245 798
|
246 040
|
250 049
|
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, адам
|
33 067
|
31 525
|
33 455
|
33 909
|
Жұмыспен қамтылған халық санынан өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар үлесі, пайызбен
|
12,3
|
11,4
|
12,0
|
11,9
|
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында халық арасында насихаттау шаралары жалғасуда, семинар-кеңестер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.
2015 жылдың 1 қаңтарына Атырау облысына 6073 шетелдік жұмыс күшін әкелуге рұқсат берілді.
Шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда 36 916 қазақстандық азамат жұмыс істейді.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, 2014 жылы шетелдік жұмыс күштерін тартатын жұмыс берушілер Қазақстан азаматтары үшін 4399 жұмыс орнын құрды, 1586 адам қайта оқудан өтті, жергілікті 2014 жұмысшының біліктілігі арттырылды.
2014 жылы нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың саны кәсіпкерлікте белсенді адамдардың өсуіне және қала базарларында аяқ астынан сауда-сатықпен айналысушылардың көбеюіне байланысты орын алып отыр.
Бұдан басқа, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», «Бизнес 2020 жол картасы», «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде және басқа да мемлекеттік, салалық бағдарламалар бойынша шағын несие алушылардың саны және өз еркімен адамдарды тасымалдаумен айналасушылар, жолаушылар мен көлік тасымалдайтындардың, бірақ уақтылы салық органдарда тіркелмеген адамдардардың саны жылдан жылға өсуде.
Осы санатқа жататын азаматтардың арасында салық органдарында тіркелуін және уақытылы салық төлемдерін аудару қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Кейбір жеке кәсіпкерлер мен шаруалар қожалықтары қысқы кезеңде (маусымдық жұмыстар) ауыл шаруашылық жұмыстарының көлемі азаюына байланысты «нөльдік табысымен» жылдық есептерін салық органдарына ұсынған, яғни нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады.
Осыған байланысты, 2014 жылдың қортындысы бойынша облыста нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны өсті.
Саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары:
-«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы өңірдің еңбек нарығына әсер етіп, халықты жұмыспен қамтуға, әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді;
-өз кәсібін ашуға және жалғастыруға ниет білдірушілер санының көбеюі;
-жұмыссыздық деңгейін жаңа жұмыс орындарының, өндірістердің ашылуына байланысты төмендету.
Осал жақтары:
- ауылдық жерлерде жұмыс орындарының аз болуына байланысты әйелдерді жұмыспен қамту пайызы төмен;
- сұраныстың біліктілік-кәсіби құрылымының және жұмыс күші ұсынысының сәйкес келмеуі;
- қала мен ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейінің арасындағы сәйкессіздік.
Қауіптер:
мекемелерде жұмыс көлемінің азаюына байланысты қызметкерлердің жұмыстан босатылуы;
Мүмкіндіктер:
жаңадан құрылатын жұмыс орындарына мониторинг жұмыстарын жүргізу;
мамандарды даярлау, біліктілігін арттыруды ішкі еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша жүргізуді ұйымдастыру;
қосымша жұмыс орындарын, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды оқытуды іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамту өнімділігін қамтамасыз ету;
шағын несие беру арқылы жұмыссыздардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.
Халықтың тұрмыс деңгейі
Статистикалық деректер бойынша облыстағы орташа атаулы айлық жалақы республика өңірлері арасында ең жоғарылардың бірі болып қалуда.
Атырау облысында 2014 жылы бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы 223 038 теңгені құрайды. (2014 жылғы орташа айлық атаулы жалақы республика бойынша 120455 теңге).
Еңбекақыдағы айырмашылықтар экономикалық қызметтің түрлі салаларындағы қызметкерлерге тән.
Еңбекақының ең жоғары шамасы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 583 741 теңге, ең төменгі шамасы – ауыл, орман және балық шаруашылығында – 45 693 теңге мөлшерінде белгіленді.
Әлеуметтік көмек
2014 жылы атаулы әлеуметтік көмек табысы кедейлік шегінен төмен
2 805 адамға тағайындалды, ол 2011 жылмен салыстырғанда 1 348 адамға немесе 32,5%-ға төмен. Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері –
2 213,7 теңге.
2011-2014 жылдары Атаулы әлеуметтік көмек алушылар бойынша мәлімет
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
адам
саны
|
сомасы,
мың теңге
|
адам
саны
|
сомасы,
мың теңге
|
адам
саны
|
сомасы,
мың теңге
|
адам
саны
|
сомасы,
мың теңге
|
Облыс бойынша
|
4153
|
93040,6
|
3301
|
75025,6
|
2819
|
64452,1
|
2805
|
74511,6
|
Табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақымен 16 467 бала қамтылды, бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 19,7%-ға төмен.
2011-2014 жылдары Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар бойынша мәліметтер
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
саны
|
сомасы,
мың теңге
|
саны
|
сомасы,
мың теңге
|
саны
|
сомасы,
мың теңге
|
саны
|
сомасы,
мың теңге
|
Облыс бойынша
|
20510
|
264665,0
|
18954
|
255182,4
|
17982
|
254602,3
|
16467
|
250832,2
|
Аз қамтылған 731 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалды, бұл 2011 жылға қарағанда 17,5%-ға төмен, жұмсалған қаражат көлемі 14,1 млн.теңгені құрайды. Орташа мөлшері-1 607 теңге.
Статистика департаментінің мәліметі бойынша 2014 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 3,1%-ды құрады немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға төмендеді (2011ж 4 тоқсан-4,2%).
Саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары
Облыс аумағында тұратын халыққа мемлекет кепілдік берген әлеуметтік көмектің барлық түрлері уақтылы төленіп келеді. Жергілікті жерден қажетті қаражаттар уақтылы және толықтай бөлініп отыр.
Осал жақтары
Азаматтардың кейбір санаттарының мемлекетік тарапынан төленетін әлеуметтік көмекке сүйеніп, тұрақты жұмысқа орналасып, табыс табуға талпынбауы.
Қауіптер
Табысы кедейлік шегінен төмен, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар әлеуметтік көмектермен қамтылмаған жағдайда, олардың арасында әлеуметтік наразылықтар тудыруы мүмкін.
Мүмкіндіктер
Мемлекет тарапынан күнкөріс деңгейінен төмен табыс алатын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекті уақтылы тағайындау және төлеу, сонымен қатар, еңбекке жарамды азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік қызметтер жүйесі мемлекеттік секторларда стационар, жартылай стационар жағдайында және үйде қызмет көрсету стандарттары кезең-кезеңімен енгізілуде.
2014 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесімен (стационарлық, жартылай стационарлық үлгіде, қарттар мен мүгедектерге, мүгедек балаларға,белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға) барлығы 1977 адам қамтылды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 2014 жылы - 94,2%-ды құрап отыр.
Облыс бойынша 4 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді: Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі; 2 - психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге арналған интернат; Мүгедектерді сауықтыру орталығы.
2014 жылы 46 жалғызілікті қарт азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері, онда 687 адамға қызмет көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі
608 балаға 39 үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі қызмет көрсетті.
Жергілікті атқарушы органдардың тарапынан мүгедектерге техникалық, көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық көмек, кресло-арбалар, сурдо және тифло-техникалық құралдар, санаторлық-курорттық емдеу, ымдау тілі маманы мен жеке көмекші қызметтері) ұсынылады.
Мүгедектер үшін протездік ортопедиялық бұйымдар алуға 37,9 млн.теңге бөлінді (764 бұйым алынды), 2013 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артық (2013 жылы-16,6 млн.теңге-74 бұйым).
Мүгедектерді емдеу-сауықтыру органдарына баруға барлығы 1365 жолдама сатып алынып, бюджеттен 123,6 млн.теңге қаражат жұмсалды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артық. (2013 жылы-663 жолдама -56,8 млн.теңге)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012-2013 жылдар) іске асыру аяқталды. Қазіргі уақытта жоспардың екінші кезеңі
(2014-2015 жылдар) іске асырылуда.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 1998 объект паспортталды, оның 1359 объект бейімдеуге жатады, 2014 жылы 11 объект толықтай бейімделді.
Жергілікті атқарушы органдар объектілерді бейімдеудің өңірлік карталарын іске асыруды жалғастыруда.
Саланың даму жағдайын талдау:
Күшті жақтары
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау бағытында бюджеттен бөлінген қаражаттың көбеюі, мүгедектердің емдеу-сауықтыру орындарына баруға, протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге және оларға көмекші (компенсаторлық) техникалық құралдармен уақтылы қамтамасыз етілуіне ықпал етеді.
Осал жақтары
18-жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектердің интернат үйімен толық қамтылмауы.
Қауіптер
Жеке сектор субъектілерімен (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілмеуі.
Мүмкіндіктер
18-жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерді интернат үйімен толық қамту мақсатында Сарайшық психиатриялық жүйке аурулары интернат үйіне қосымша жапсырма ғимарат салу.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуға жағдайлар жасау бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Мәдениет
Атырау облысында барлығы - 287 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде мемлекеттік 280 мәдениет мекемелері бар (155 кітапхана, 95 клубтық мекемелер және 4 автоклуб, 1 театр, 14 музей және 2 музей-қорығы, 2 концерттік ұйым, 2 халық шығармашылығы орталығы, 1 тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекциясы, 4 мәдени-демалыс саябағы).
7 мәдениет мекемесі қоғамдық және жекеменшік бағытта жұмыс жасайды (1 клубтық мекемелер; 3 кинотеатр; 2 мәдени-демалыс саябағы; 1 «Ақ Желкен» шығармашылық орталығы).
Мемлекеттік емес мәдениет үйлері мемлекеттің теңгеріміне берілді (Жылыой ауданының Құлсары қаласынан «Мұнайшы» мәдени-сауықтыру кешені, Қосшағыл елді мекеніндегі клуб, Мақат ауданының Доссор поселкесіндегі мәдениет үйі).
Қызылқоға ауданында «Әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» ашылды.
2014 жылы кітапханалардың кітап қоры 2,4% (2 225 016) өссе, кітап берілімі 3,9% (3 80 5973), оқырман саны 3,5% (184 714) кеміп отыр.
Себебі, 2014 жылы облыстық балалар кітапханасы, Индер аудандық орталық, Өрлік, Ынтымақ ауылдық, Қызылқоға ауданының Тасшағыл, Жамбыл селолық кітапханаларының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
№2 қалалық орталық және қалалық балалар кітапханасы, Ракуша селолық кітапханасы ғимараттарының жылу жүйелері ауыстырылды.
Атырау қаласының №4 қалалық балалар және №5 қалалық кітапханалар Вокзал маңы 5 мөлтек ауданы 27 үйдің төменгі қабатында орналасқан. Жоғарыдағы қабаттан жіберілген судың әсерінен апатты жағдай орын алды. Осы жағдайға байланысты, жарамсыз кітаптарды Акт бойынша есептен шығару жұмыстары жүргізіліп, оқырмандарға қызмет көрсетілмеді.
Сондай-ақ, №2 қалалық балалар кітапханасы, Геолог, Бірлік, Атырау селолық кітапханалары, Исатай аудандық орталық кітапханасы басқа орынжайларға көшірілуіне байланысты қызмет көрсету уақытша тоқтатылған болатын.
Клубтық мекемелермен өткізілген шаралар 5,1% (6285), үйірмелер мен ұжымдар саны 6,8% (558), оған қатысушылар 22,3%7 (552) өсті.
Мұражайлармен ұйымдастырылған көрмелер саны 8,1% (224) кеміп, келушілер саны 15,2% (77606), алынған экспонаттар 9% (489) өсті.
Концерттік ұйымдармен өткізілген концерт 43,4% (218), гастрольдік сапар 42,3% (37) өсіп, концерттке келушілер 113615 адамды құрады.
Театр ұжымымен қойылған спектакльдер 6,6% (51) өсіп, 6 жаңа қойылым қойды. Көрермендер саны 21,4% (11094) кеміп отыр.
2014 жылы театрға келушілер саны 11094 адамды, қойылған спектакльдер саны 51 құрады. Себебі, есепті жылы театр жоспарынан тыс театр сахнасында басқа ұйымдардың шаралары өтті. Бұл театр спектаклі мен оның дайындығын өткізуге кері әсерін тигізді. Сондай-ақ, театр ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халықтың келуі де бәсеңсіді. Ал, спектакльдердің құны халыққа қолжетімді етіп бекітілген, яғни бір спектакль 200-500 теңге аралығында.
Мәдениет саласында халыққа қызмет ететін 287 мекемелерде келушілерді тарту, санын ұлғайту мәселесі бойынша жұмыс өтуде.
Махамбет атындағы қазақ драма театрында 6 жаңа қойылымның премьералары өтті, 51 спектакль халыққа ұсынылды. Көрермен саны 11094 адам.
2014 жылы облыстық тарихи- өлкетану мұражайына 16580 көрермен, бөлімшелеріне 22425 көрермен келген. Ш.Сариев атындағы облыстық өнер мұражайы 9600 көрерменді қамтыған. Жыл ішінде мұражайларда ашық есік күндері, мұражай түндері, тұрақты және көшпелі көрмелер, мәдени шаралар, тағылымдық сабақтар, байқау- көрмелер ұйымдастырылды.
2015 жылдың шілде айында Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Мұқан бекіткен Атырау облыстық тарихи-өлкетану және Ш.Сариев атындағы өнер мұражайларын білім беру мекемелерінің бару кестесі жасақталды. Қыркүйек айынан бастап жүйелі түрде Атырау қаласының оқу мекемелерінен көрермендер мұражайларға шақырылады. Әр айдың сейсенбісінде мәдениет мекемелеріне кіру тегін деп ескертілді.
Махамбет атындағы қазақ драма театры, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония, Д.Нүрпейісова атындағы Академиялық ұлт аспаптар оркестрі осы жылдың концерттік маусымындарының ашылуын қыркүйек айына жоспарлап отыр. Маусымдардың ашылуына арналған шараларға кіру тегін болады.
Көрсеткіш
|
Өлшем бірлігі
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
кітапханаға келушілер
|
бірлік
|
187643
|
191264
|
184714
|
театрға келушілер
|
бірлік
|
13173
|
14968
|
11094
|
мұражайға келушілер
|
бірлік
|
42232
|
47208
|
77606
|
Облыс бойынша есепте тұрған, жаңадан анықталған 688 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Оның ішінде: республикалық және жергілікті мемлекеттік қорғауға 317 ескерткіш енген.
2014 жылы мәдениет саласын қаржыландыруға облыстық бюджеттен 3,5 млрд.теңге бөлінді.
Оның ішінде: мәдени-көпшілік шараға 180,6 млн. теңге, материалдық-техникалық базасын нығайтуға 87,4 млн.теңге, нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 120,0 млн.теңге.
Ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайды, шығармашылық ұжымдардың сахналық киімдері мен аспаптары жаңарды.
Махамбет атындағы қазақ драма театрына 50 орындық автобус, 1 жеңіл автокөлік, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясына 1 автокөлік алынды.
Махамбет ауданының Ақжайық ауылында 200 орындық мәдениет үйі іске қосылды.
Исатай ауданы Аққыстау ауылында 400 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды.
9 мәдениет үйінің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 8 мәдениет нысандары күрделі жөндеуден өтті (Индер ауданының орталық кітапханасы, Индер, Өрлік, Ынтымақ мәдениет үйлері, Құрманғазы ауданының Морской, Дыңғызыл мәдениет үйлері, Исатай ауданының Томан клубы, Қызылқоға ауданының Қаракөл мәдениет үйі).
Облыстық балалар кітапханасының ғимараты жөнделді, ішкі жабдықтар алынды.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен «Хан ордалы Сарайшық» мұражай-қорығы ғимараттары жөндеуден өтті.
Театр және халық шығармашылығы орталығының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
2015 жылы мәдениет үйлерінің құрылысы жоспарланған.
Атырау қаласының Ақсай, Жұмыскер, Жаңаталап, Еркінқала ауылдарында әрқайсында 200 орындық мәдениет үйлері;
Индер ауданының Индербор кентінде 400 орындық, Есбол ауылында
300 орындық, Бөдене ауылында 200 орындық мәдениет үйлері;
Исатай ауданының Жанбай ауылында 200 орындық мәдениет үйлері;
Қызылқоға ауданының Мұқыр ауылында 400 орындық, Қарабау ауылында 300 орындық мәдениет үйлері;
Құрманғазы ауданының Дәшін ауылында 400 орындық мәдениет үйі;
Махамбет ауданының Береке ауылында 400 орындық мәдениет үйі.
22 тарих және мәдениет ескерткіштері қайта қалпына келтірілді.
Ортағасырлық Сарайшық қалашығының қазба орнын сақтап қалу мақсатында жағаны бекіту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.
«История и культура Атырау в руских источника (XVII-XX вв.)» атты көп томдық жинақтың 1 томы шығарылды. Биылғы жылы 2-3 томы шығарылады.
Тарихи-мәдени ескерткіштерге археологиялық қазба жұмыстары, археографиялық және ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылады.
Мәдениет саласында 2229 қызметкер еңбек етеді. 1183-ы шығармашылық қызметте.
Драма ұжымдар жетекшілері және халықтық театр режиссерлерінің біліктілігін көтеруге арналған 3 қысқа мерзімді курстар өткізілді.
Облыста алғаш рет Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония жанынан эстрадалық оркестр және 20 адамнан құралған үлкен би ұжымы құрылды.
Мәдениет қызметкерлеріне 13 қызметкерге қызметтік пәтер берілді.
Шығармашылық ұжымдар мен жеке әншілер әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатынасып, 13- халықаралық, 24 -республикалық, 7 - аймақтық, 27 – облыстық жүлделі орындарды иеленді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелеріне арналған іс-шаралармен қатар халықтың мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында көптеген мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.
Өнер ұжымдары шет елдерде болды.
Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрінің Туркия елінің Маниса, Стамбул қалаларында, Германия мемлекетінің Берлин, Мюнхен қалаларында, Австрияның Вена қаласында, Франция мемлекетінің Париж, Фонтебло қалаларында концерттер қойды.
Н.Жантөрин атындағы филармонияның шығармашылық ұжымдары да Катар мемлекетінің , Үнді елінің Делли және Ресей Федерациясының Уфа қалаларында концертпен болды.
Махамбет атындағы қазақ драма театры сахнасында Қытай Халық Республикасының «Золотой рог» әскери вокалды-үрлемелі аспаптар оркестрі концерттік бағдарламасын ұсынды.
АҚШ-ның «Лори Кортези және данс Кардас» музыкалық тобы көрермендерге өз концерттерін қойды.
Қарағанды облысының Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің симфониялық оркестрінің Италия мемлекетінің «Ласқала» театрының белгілі әншілері Микаела Карози мен Александро Фантинидің қатынасыуымен «Италия кеші» атты концерті өтті.
10-11сәуір аралығында Атырау облысының Батыс Қазақстандағы Мәдениет күндері жоғары дәрежеде өткізілсе, Батыс Қазақстан облысының Атырау облысында Мәдениет күндері 15-16 мамырда ұйымдастырылды.
Облыста алғаш рет 1 мамыр – 1 маусым аралығында мәдениет ұйымдары мен білім ошақтарының шығармашылық өнер ұжымдарының 32 күндік концерті ұйымдастырылды.
Атырау қаласы және аудандардың мәдениет күндері өтті.
15 мамырда Қазақстан Республикасы Халық әртісі, профессор Әзидолла Есқалиев атындағы III Республикалық «Алтын домбыра» күй сайысы өткізілді.
14 маусымда Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Парасат», Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері, көрнекті композитор, жазушы, музыка зерттеушісі, Илья Жақанов әндерін орындаушылардың Республикалық фестивалі өткізілді.
22-23 желтоқсанда ақын Фариза Оңғарсынова атындағы Республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, композициялық қойылымдар өткізілді.
29-30 қыркүйек аралығында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы ХІ өңіраралық ынтымақтастық Форумы аясында «Этноауыл» көрмесі ұйымдастырылды.
Жазушы Қойшығұл Жылқышиевтің шығармашылық кеші аудандарда өтті.
Әнес Сарай, Мұхтар Шаханов, Ақұштап Бақтыгерева және т.б. белгілі тұлғаларға арналған шығармашылық кештер мен Сәтімжан Санбаевтың киноапталығы ұйымдастырылды.
Махамбет атындағы қазақ драма театры ұжымы «Хақ жолы» атты спектаклін театр сахнасымен қатар аудандарға қойып, Қарағанды облысында гастролдік сапармен болды.
Елге танымал эстрада жұлдыздары Алтынбек қоразбаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Бүркіт, Индира Расылхан, «Базар жоқ», «Шаншар» сияқты әзіл-сықақ тетатрлары және т.б. өнер иелері мен ұжымдардың облысымыздағы концерттері ұйымдастырылды.
Мықты және әлсіз жақтарын табу үшін SWOT – талдау жүргізілді.
Күшті жақтары:
259 мемлекеттік мәдениет және өнер мекемесі қызмет етуде, клубтық мекемелердің желісі дамуда. Кітапханалардың кітап қоры жыл сайын жаңартылуда, 2014 жылы кітап қоры 2 милионнан астам болды. Кітапханалардағы оқырмандар контингентінің өсімі байқалады.
Әлсіз жағы:
ауылдық елді мекендердегі мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету қажет (музыкалық аспаптар, қазіргі заманғы жабдықтар, сахна костюмдерінің жетіспеушілігі). Облыстың мұражайлар қорлары сандық жүйеге ауыстыруға арналған жабдықтардың болмауы нәтижесінде өңірдің көптеген тұрғындарына қолжетімді болмай отыр.
Мүмкіндіктер:
әлеуметтік-әлсіз топтардың өкілдеріне тегін қызмет көрсету мәдениет қызметін одан әрі қолжетімді етеді.
Жасалған SWOT – талдау негізінде өңірдің мәдениет саласын дамытуды тежейтін ең басты проблемалар:
күрделі жөндеулер жүргізу, авариялық жағдайдағы ғимараттардың орнына жаңа нысандар салу.
тұрғындар саны 1000 адамға дейінгі болатын елді мекендерде халыққа қолжетімді мәдениет мекемелерінің болмауы.
Мүмкін болатын тәуекелдер арасында келесі факторларды атауға болады:
тарихи-мәдени мұра объектілеріне табиғи-климаттық жағдайлардың теріс әсері.
мәдениет мекемелерінің дамуына жағдай жасау, әсіресе қаланың, аудандардың ауылдық елді мекендеріндегі клубтар мен кітапханаларға қатысты.
Дене шынықтыру және спорт
Облысымызда дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық шараларды өткізу, жоғары жетістіктер спортын, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Облыс көлемінде 2012 жылы – 10 спорт мектептері жұмыс жасаған болса, 2013 жылы Атырау қаласынан №3 және №4 спорт мектептері ашылып, спорт мектептерінің саны 12 құрады. 1 спорт мектебіне олимпиадалық мәртебе берілген. 7 спорт мектебі - аудандық, 5-і – облыстық деңгейде. Спорт мектептерінде спорттың 22 түрі бойынша секциялар толықтай тегін жүргізіледі.
2014 жылы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Жоғарғы спорт шеберлік мектебі» ашылды.
2012-2014 жылдарда негізгі спорт көрсеткіштері дамуының динамикасы
р/с
№
|
Көрсеткіш атауы
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
1
|
Облыс халқының саны, адам
|
555 217
|
567 861
|
580358
|
2
|
Спорт мектептерінде жаттығушылар саны, адам
|
8 501
|
10 130
|
10 754
|
3
|
Спорт мектептерінде жаттығушылар санының үлесі, %
|
1,5
|
1,8
|
1,9
|
Достарыңызбен бөлісу: |