Спорт мектептерінде жаттығушылар саны 2014 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 21,0% көбейді.
Спортта жоғары жетістікке қол жеткізіп жүрген спортшыларды ерекше баптау мақсатында жұмыс жасайтын Олимпиадалық резервті даярлау Орталығында 89 спортшы бөлек бапталуда.
Облыс бойынша 970 спорттық ғимарат, соның ішінде 6 стадион, 17 спорт кешені, 8 жүзу бассейні, 238 спорт залы, 1 есу базасы, 1 есу каналы, 23 ату тирі, 3 хоккей корты, 618 жазық ғимарат, 11 теннис корты, 31 қондырылған спорт залы бар.
2012 жылмен салыстырғанда спорттық объектілер саны 66-ға көбейген.
2014 жылға жоспарланған Құрманғазы ауданының Байда және Шортанбай елді мекендерінде спорттық нысандардың құрылысы аяқталғанымен құрылыс жобасы дұрыс жасақталмағандықтан тапсыру Актісі кешіктірілген. Сол себепті дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдану үшін қолжетімді объектілердің жоспарланған санының орындалмай қалуына әсер етті.
Облыс көлемінде 6 кәсіби (волейбол, футбол, хоккей, мүгедектер спорттық клубы, су спорты түрлері, ұлттық спорт түрлері бойынша) спорттық клубтар жұмыс жасайды.
Республика бойынша алғаш рет облысымызда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Мүгедектер спорт клубына жаңа спорттық кешен толығымен пайдалануға берілді. Спорт кешенінде тірек қозғалыс жүйелері бұзылған, есту қабілеті төмен, зағип, барлық санаттағы мүгедек спортшылар 12 спорт түрімен шұғылдануда.
Ұлттық спортты көтеру мақсатында 2013 жылы қыркүйек айында «Ұлттық спорты түрлері» бойынша спорттық клуб ашылды. Клубта ат спорты түрлерімен қатар, саятшылық спорты дамытылуда.
2012 жылы футбол орталығы ашылып, футболға қызығушы 300-ге жуық балалар, жасөспірімдер және жастар бір орталықта тәрбиеленуде.
Облыста соңғы бес жыл ішінде 37 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 250 Қазақстан Республикасының спорт шебері дайындалды.
Дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын облыс халқының саны 145 000 адамды немесе жалпы облыс халқыныңң 25,0 пайызын құрап отыр.
Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT талдау жүргізілген.
Күшті жақтары:
Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар, спорттық объектілер санының көбеюі байқалады. Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың шаралар кешені іске асырылған. Спорт ғимараттарының құрылысы аяқталған. Олимпиадалық резерв белгіленген.
Спорттық ғимараттардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі мезгілдерде спорттық кешендердің спорттық залдары тұрғындардың тегін пайдалануына ұсынылған.
Әлсіз жақтар:
- бұқаралық және балалар спорты, сондай-ақ ауылдық жерде спорт инфрақұрылымы әлсіз дамыған;
- кәсіпорындарда, оқу орындарында, тұрғылықты жерлерде және бұқаралық демалу орындарында, әсіресе ауылдық жерлерде спорттық құрал-саймандар мен жабдықтардың жетіспеушілігі байқалады;
- демеушілер көмегімен салынған Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы, Мақат ауданының Мақат кентіндегі, Исатай ауданының Аққыстау селосындағы спорттық кешендер, 2003 жылы жергілікті бюджет есебінен тапсырылған Махамбет ауданының Махамбет селосындағы спорттық кешендердің барлығы да стандартқа сай емес объектілер болып саналады.
Мүмкіндіктер:
Спорттық объектілерге деген сұранысты шешу мақсатында облыста спорттық инфрақұрылымды дамытып, дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін мүмкіндіктер туғызу:
- шағын футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, шайбалы хоккей үшін алаңшалар салу;
- жергілікті бюджет есебінен аудандарға жаңадан спорттық кешендер салу;
- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының есебінен Жылыой ауданының Құлсары қаласында спорттық кешен құрылысын салу;
- өз бетімен спортпен шұғылданам деушілер мәселесін шешу үшін спорттық ғимараттардан тыс, көшелерде аулаларға қойылатын тренажерларды көптеп орналастыру;
- Атырау қаласының Нұрсая мөлтек ауданында спорт кешенінің құрылысы 2015 жылы аяқталатын пайдалануға беру, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын ашу.
Қауіптер:
- спортшылар мен жаттықтырушыларды әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатындағы нормативтік актілердің жетілдірілмеген нысандарынан жоғары білікті мамандардың осы бағыттағы қызушылығының төмендеуі;
- дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатындағы дене шынықтыру-сауықтыру және бұқаралық спорттық шараларының аздығынан Атырау қаласы мен аудандарда жастар арасындағы қылмыстың өсу фактілері қарқын алуы мүмкін.
Жүргізілген SWOT талдау негізінде дене шынықтыру және спорттың дамуын тежейтін негізгі проблемалар анықталған:
- бұқаралық және балалар спортының әлсіз дамуы, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісімен облыстағы мектеп жасындағы балалардың
2009 жылы -8,6% ғана қамтылған болса, 2014 жылы - 10,4%-ды құрап отыр;
- ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту мәселесі өте өткір, ауылдық жерлердегі 124 спорт залының 96-сы жалпы білім беретін мектептерде орналасқан және оқу сабақтарын өткізуге пайдаланылады.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін дене шынықтыру және спорттың дамыған желісін құру, спорт инфрақұрылымын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, облыстың спорттық имиджін нығайту мақсатында кәсіби спортты дамыту үшін халықаралық дәрежедегі және еліміздің спорт шеберлерінің, спорт шеберлеріне үміткерлердің саны мен сапасын ұлғайтуға ықпал ететін жағдайлар жасалынатын болады.
Туризм
Туризм саласының дамуы ішкі және халықаралық нарықта тартымды туристік өнімдерді ұсынатын, кәсіби қызметкерлері бар туристік кластер деңгейінде, мемлекет және бизнес арасындағы әріптестік арқылы дамып келе жатқан сала.
Облыста туризмді дамытуға қолайлы көлiктiк мүмкiндiктер бар. Туристiк ұйымдар үшін әуе көлiгi және теміржол қызметтерiн пайдалануға жағдай жасалған.
Өңірдің туристік саласын дамыту, келушілер санын ұлғайту мақсатында «Атырау облысында ішкі және кіру туризмін дамыту жөніндегі Іс-шаралар жоспары» жасақталды.
Туристік ұйымдарға ішкі туризмді дамытуда қолдау көрсетіп материалдық–техникалық базамен қамтамасыз ету мақсатында туристік теплоход сатып алынып, алдағы уақытта Жайық өзенімен су маршруты бойынша туристік саяхаттар ұйымдастыру қолға алынады.
Облыста көптеген шетелдік компаниялар қызмет ететінін ескере отырып, туристік бағыттары бойынша «демалыс күндер турлары» ұйымдастырылып келеді және алдағы уақытта осы бағыт қарқынды дамиды деп жоспарлануда.
Облыста Ұлы Жібек Жолының солтүстік бөлігінде көне Сарайшық қалашығының қазба орындарының болуын есепке алсақ, тарихи мұраны халықаралық деңгейде насихаттау мақсатында, оны ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізіп, сол жерде жаңа туристік объект салу жоспарлануда.
Көптеген тарихи маңызды орындарда, мысалы Сарайшық мемориалдық кешені, Индер ауданындағы Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы мазарлары және тарихи-танымдық туризмді дамытуға болатын болса, Тұздыкөлде – емделу-сауықтыру туризмін, ал Жылыой ауданындағы Аққерегешін, Иманқара тауларының маңы экстремалдық туризмді дамытуға өте қолайлы.
Облыс бойынша ұлттық парктер жоқ болғанымен, аса қорғалатын табиғи аймақтарына 111,5 мың гектар көлемі бар мемлекеттік табиғи «Ақ жайық» резерваты жатады. Каспий теңізінің жағалауында экологиялық туризмді дамыту мақсатында резерват аймағында үш экологиялық маршруттық соқпақтар жасақталынды.
Сонымен қатар, Құрманғазы ауданындағы «Қиғаш» аң және балық аулау базасы және соңғы кезде ашылған «Бау саябағы» бар «Мекен» демалыс базасы, «Алтын Сазан», «Ақ қайың», «Баклани», «Сарайшық» және Жайық өзенінің жағалауында орналасқан басқа да шағын демалыс базаларында да жаз айларында демалушылар саны көбейіп, сұранысқа ие болып келеді.
Бүгінгі таңда Исатай ауданының Нарын құмында кәсіпкерлер демалыс базасын ашып, құм үстінде экстремалдық туризмді дамыту бойынша қызмет көрсетуде.
Ауылдық жерлерде туристік саланы дамыту және туристер санын мүмкіндігінше көбейту үшін орта мерзімді болашаққа негізгі инфрақұрылымдық туристік нысандардың құрылысын салу қажет, соның ішінде қызметтер көрсету саласында (турбазалар, мейманханалар, кемпингтер, мотельдер, туристік саяхаттық станциялар).
Туристік қызметке жүргізілген статистикалық зерттеулердің мәліметтері төмендегідей.
Атауы
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Келушiлерді орналастырумен шұғылданатын кәсіпорын және жеке кәсiпкерлер саны
|
55
|
46
|
64
|
Орналастырумен шұғылданатын кәсіпорындардың көрсеткен қызметі (млн. теңге)
|
6 339,6
|
8 412,8
|
6 000,0
|
Орналастыру орындарындағы нөмірлер саны
|
1 984
|
1 865
|
2 563
|
Орналастыру орындарындағы біржолғы сыйымдылығы (төсек-орын)
|
2 964
|
2 707
|
4 024
|
Қызмет көрсетілген келушілердің саны
|
209 714
|
232 283
|
165 530
|
Кіру туризмі бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны
|
110 362
|
122 074
|
86 890
|
Ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны
|
99 352
|
110 209
|
78 640
|
Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге деген сұранысын қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерді молынан қамтамасыз ететін жоғары нәтижелі және бәсекеге қабілетті заманауи туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдай туғызу қажет.
Туризм саласы аясында олардың ерекшеліктерін есепке ала отырып, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері табысты іске асырылуда: туризм индустриясында туристік ұйымдарды басшылық етуді 95% әйелдер жүзеге асыруда.
2015 жылғы қаңтар-наурыздың қорытындысы бойынша өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда туризмнің барлық түрлері бойынша келушілер санының өсуі байқалуда. Келушілердің кіру туризмі бойынша 58,2%-ға, ішкі туризм бойынша 40,2%-ға өсті.
Келушiлерді орналастырумен шұғылданатын орналастыру орындарының саны 68 бірлікті құрап, ондағы орналастыру орындары саны 4618 нөмірге есептеліп, олардың біржолғы сыйымдылығы 10152 төсек-орынды құрайды. Олармен 45,4 мың адамға қызмет ұсынылып 2 254,1 миллион теңгенің қызметі көрсетілген.
Негізгі проблемаларды анықтау үшін SWOT талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
1. Облыстың тиімді экономикалық-географиялық орналасуы;
2. Отандық және шетелдік инвесторлардың қызығушылығы.
Әлсіз жақтар:
1. Туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы, соның ішінде туристік нысандарға апаратын жолдардың нашар күйі;
2. Білікті басқару және қызмет көрсетуші персоналдың болмауы;
3. Облыстың туристік ресурстары туралы жарнаманың жеткіліксіздігі.
Мүмкіндіктер:
1. Туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;
2. Халықты жұмыспен қамту;
3. Кіру және ішкі туризм бойынша туристер ағымының ұлғаюы және бюджетке кірістер мен түсімдердің өсуі.
Қауіптер:
1. Қорғау шаралары алынбаған жағдайда, қолда бар объектілер мен ресурстардан айырылу мүмкіндігі;
2. Туризмді қолдауда шектелген қаржылық мүмкіндіктер, өзіндік қаражаттың және инвестициялық ресурстардың тапшылығы;
3. Кәсіби туристік бизнес дәрежесінің төмендігі, қызмет көрсетілім сапасы мен дәрежесінің ұсынылатын туристік қызметтер бағасына сәйкессіздігі.
Жүргізілген талдау, белгіленген мақсат - Атырау облысы имиджін арттыру және бәсекеге қабілетті туристік секторды құру мен дамытуға жеткізетін бірқатар өзекті мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді:
1. Туристік және көліктік инфрақұрылымның, материалдық-техникалық базаның дамытылмағандығы, туристік өнім бағасының жоғарылығы мен сапасының төмендігі, туристік нысандарда сервистік қызметтердің жоқтығы.
Мейманханаларды, демалыс базаларын, шипажайларды қоса, орналастыру нысандардың басымы, сондай-ақ туризмнің ауқымы, туристер тұратын орындардың ұсыным мен сапасының түрі халықаралық талаптарға сәйкес келмейді.
2. Туризмнің дамуы тікелей көлік инфрақұрылымының жағдайымен байланысты, сондықтан елеулі проблемалардың бірі болып жолаушыларды әуе және теміржолмен тасымалдау географиясының шектеулілігі, ішкі туристермен қатар келетін туристердің топтық ағымдары үшін барлық көлік түрлеріне жол жүру билеттеріне икемді жеңілдіктер мен шегерім жүйесінің жоқтығы болып табылады.
3. Кадрларды даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру деңгейінің төмендігі және туризмнің ғылыми базасының жоқтығы.
Туризмнің дамуын тежейтін негізгі проблемаларының бірі - қызмет көрсету саласында мамандандырылған туристік кадрлардың жоқтығы Мамандандырылған туристік кадрлардың жетіспеуі - гид-аудармашыларда көрінеді.
Осы проблемалардың шешімін табу, Атырау облысында туристік саланы дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету белгіленген мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.
Атырау облысындағы туристік индустрия халықаралық талаптарға сәйкес келетін инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі, имидждік саясатты белсенді жүргізу жолымен туристік қызметтердің әлемдік нарығына туристік оң имиджін ілгерлету үшін жағдайлар жасалады, соның нәтижесінде бірегей туристік-рекреациалық қызмет көрсетілімдерді және өзіндік мәдени әлеуетін пайдалану арқылы ішкі туризмнің дамуы, туристік қызметтерді түрлі санаттағы отандық тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын қымбат емес жайлы қабылдау орындарын құру арқылы кіру туризмнің дамуы қамтамасыз етіледі.
2014 жылы «Ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны» көрсеткіші бойынша - 115000 адам жоспарланған, нақты - 93624 адамды, «Кіру туризм бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны» көрсеткіші бойынша - 123000 адам жоспарланған, нақты - 99688 адамды құрады.
Атырау облысы мұнай-газ секторында шетелдік қатысуы бар компаниялардың көп шоғырланған аймағы болып табылады.
«Орналастыру орындарының негізгі көрсеткіштері» негізінен іскерлік туризмі бойынша келушілер және қонақ үй шаруашылығының корпоративті клиенттері құрайды.
Тербелісті динамика көрсеткіштері, шетелдік компаниялардың жұмысының ұйымдастыруына тікелей байланысты. Мұнай-газ саласында жобалар басталу мерзімінде іскерлік туризм көрсеткіштерінің ұлғаюы және жобалар аяқталысымен көрсеткіштердің төмендеуі байқалады. Жобалар аяқталысымен белгілі жұмысшы санының босатылуы, жоғарыда аталған көрсеткіштерге әсер етуші негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Сонымен қатар, талдауға сәйкес ішкі туризм бойынша жеке мақсатта келушілер, қысқа мерзімге пәтер жолдауды көздейді. Өкілетті статискалық органға негізінен, қонақ үйлер тоқсан сайын статистикалық есептер тапсырады. Қысқа мерзімге жылжымайтын мүлікті жалға беруші жеке кәсіпкерлердің барлығы бірдей салық органдарында тіркелмеуіне байланысты, статистикалық есеп тапсырмайды.
Немесе, тіркелгеннің өзінде, олардың салық органдарына табыс жөнінде есеп беріп, статистикалық есепті тапсырмаулары аталған көрсеткіштердің өсуіне әсерін тигізеді.
Мемлекеттік тілді дамыту
Қазіргі кезде «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы
№62 қаулысына сәйкес облыс әкімдігінің 2014 жылғы 7 наурыздағы
№50 қаулысымен тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Атырау облысының 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі-Жоспар) бекітіліп, орындалуда.
Жоспардың мақсаты – Атырау облысында тұратын этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің толық көлемде қызмет етуін қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.
Реттелетiн салалар мен қызмет салалары дамуының негiзгi өлшемдерi.
Облыс әкімі аппаратының “Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны қызмет етеді. Қазіргі сәтте функцияларына тілдерге оқыту кіретін 6 мемлекеттік емес оқыту орталықтары қызмет етеді.
6 кәсіпорын, ұйым, мекемелерде өз қызметкерлері үшін қазақ тілі курстары ұйымдастырылған.
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі %
|
96,5
|
96,7
|
96,7
|
96,8
|
Саланың жетістіктері.
Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы №248 қаулысымен бекітілген тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Атырау облысының 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары орындалды.
Жоспарды жүзеге асыру аясында 2012 – 2014 жылдары республикалық байқаулардың облыстық кезеңдері тұрақты өткізілді: О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің, «Тіл шебері», «Тіл-барлық білімнің кілті», «Тіл –халық жанын танудың кілті», «Абай оқулары», «Үздік оқытушы», «Алтын қауырсын», «Тілдарын» олимпиадасының облыстық кезеңі, сондай-ақ, облыстық «Үздік көрнекі ақпарат» байқауы, облыстағы этностар тілдерінің дәстүрлі фестивальдары өтті.
Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары ғалымдарының қатысуымен қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
2013 жылдың сәуір айында Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейіне «Қазтест» жүйесі бойынша сынақ өткізілді, 1068 мемлекеттік қызметші қамтылды.
2014 жылы осындай тестімен 1886 мемлекеттік қызметші және бюджеттік сала қызметкерлері қамтылды.
Ересек халықтың тілдерді меңгеру деңгейі бойынша, оқушылардың тілдерді меңгеру деңгейі мен олардың мемлекеттік тілдегі іс-шаралармен қамтылуы бойынша, халықтың ономастикалық өзгерістерден хабардарлық дәрежесі мен оларға деген пікірі бойынша әлеуметтік зерттеулер өткізілді.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметінде мемлекеттік тілдің толық көлемде қолданылу үрдісі қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде оларда іс жүргізу, құжат айналымы толықтай мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Мемлекеттік органдардағы жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілде іс-жүргізу үлесі %
|
99,7
|
100
|
100
|
100
|
Қазақ тілінің біріктіруші ролін нығайту мақсатында 2012 жылдары облыс бюджеті есебінен азаматтарды мемлекеттік тілге ақысыз оқыту курстары ұйымдастырылып, олармен 715 адам қамтылды.
Орыс этно-мәдени бірлестігі жанынан жексенбілік мектепте 2012 жылы ана тіліне оқыту курстары ұйымдастырылды.
Кәріс этно-мәдени бірлестігі жанынан жексенбілік мектепте
2012-2014 жылдары ана тіліне және мемлекеттік тілге оқыту курстары ұйымдастырылды.
Атырау облысында тұратын этностардың тілдерін дамыту мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Қаржыландыру көлемі 2012 жылы 44 022 мың теңгені, 2013 жылы 35 750,0 мың теңгені, 2014 жылы 40 561,0 мың теңгені құрады.
Қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен іске асырылды.
Негiзгi проблемаларды талдау:
халықтың тіл мәдениетінің жеткіліксіз деңгейі;
ауыл жастарының орыс тілін білу деңгейінің төмендеуі;
«Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру аясында облыс халқының лингвистикалық капиталын нығайту қажеттілігі.
Сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Қазақтардың басым болуы (облыс халқының 92% жуығы) өңірде мемлекеттік тілдің таралып, қолданылу дәрежесіне оң әсер ететін табиғи фактор болып табылады.
Сонымен қатар, халықтың тіл мәдениеті жоғары еместігі байқалады. Мәселен, жастардың тілінде қазақ тілінің әдеби нормаларының сленгпен алмасуы байқалады.
Ауыл жастарының орыс тілін білу деңгейі жоғары емес.
Бұл тұрғыда «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын, қоғамды біріктіруші фактор ретіндегі қазақ тілінің жетекші ролін көрсете отырып, төзімді тілдік ортаны насихаттау, тіл және жазу мәдениетін жетілдіруге ықпал ету басымдылық болып табылады.
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік функцияларының кеңеюінің елеулі факторы оның өндірісте және халыққа қызмет көрсету саласында белсендірек қолданылуына ықпал ету болып табылады.
Құқықтық тәртіпті қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыспен күрес
Облыстың ішкі істер органдарымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алқасымен белгіленген қылмысқа қарсы күресті күшейту және облыс көлеміндегі құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді нығайту бойынша 2014 жылдың ішінде бірқатар ұйымдастырушылық және алдын алу шаралары қабылданған.
Жалпы облыс аумағында жедел жағдай тұрақты болып, өткен жылмен салыстырғанда қылмыстардың тіркелуі 2014 жылдың ішінде шамалы өсуі байқалады, яғни 7 қылмысқа, 0,1 пайызға (7637-ден 7644).
Жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде ауыр қылмыстардың саны 8,5 пайызға төмендегені, яғни (704 ден 644-ке), аса ауыр қылмыстар 21,4 пайызға (56 дан 44 –ке), оның ішінде кісі өлтіру саны 7,4 пайызға (27 ден 25-ке), ауыр дене жарақаты 5,1 пайызға (39 дан 37-ге), қарақшылық 33,3 пайызға (24-ден 16-ға), тонау 27,0 пайызға (200-ден 146-ға), бұзақылық 48,3 пайызға (29-дан 15-ке), бөтеннің мүлкін ұрлау 27,7 пайызға (101-ден 73-ке), оның ішінде пәтер ұрлығы 57,5 пайызға (40-тан 17-ге) төмендеп отыр.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 5,4 пайызға жақсарып отыр (56,1%-дан 61,5 %), оның ішінде ауыр қылмыстар 5,6 пайызға (53,7 % -дан 59,3 %-ға), аса ауыр 6,1 пайызға (89,5–тен 95,6-ға), зорлау 0,8 пайызға (90,9 –дан 91,7-ге), алаяқтық 17,2 пайызға (57,7-ден 74,9-ға), бөтеннің мүлкін ұрлау 8,5 пайызға (25,7-ден 34,2-ге), оның ішінде пәтер ұрлығы 5,5 пайызға (31,3-тен 36,8-ге) және бұзақылық 32,4 пайызға (50,0-ден 82,4-ке).
Сонымен қатар, қабылданған іс-шаралар нәтижесінде ауырлығы орташа қылмыстардың ашылуы 1,9 пайызға жақсарып отыр (31,4-тен 33,3-ке).
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде «өткен жылдардағы» 194 қылмыс ашылып, өзгенің мүлкін ұрлауға кәсіптенген 22 қылмыстық топ құрықталды.
93 есірткі қылмысы фактісі анықталып, заңсыз айналымнан 28,3 кг есірткі құралдары тәркіленді.
Терроризм және экстремизм фактілерін ескерту бойынша жұмыстар жалғасып, 329 дана діни әдебиеттер тәркіленіп, 19 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Жұмыспен қамту», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Есеп», «Қоғамдық тәртіп», «Бекіре-2014», «Учаске», «Жасөспірім», «Автобус», «Мас жүргізуші-қылмыскер», «Абайлаңыз балалар!» және тағы басқа жедел шаралары өткізілді.
Көшелерде жасалған қылмыстар
Көрсеткіш
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Қоғамдық орындарда
|
1989
|
2104
|
2023
|
Оның ішінде:
көшелерде
|
1232
|
1233
|
1131
|
Азаматтардың өмір сапасына әсер ететін және қоғамдық тыныштықты бұзатын ұсақ құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасы бағытында жұмыстар жандандырылып, 6 мыңнан аса ұсақ бұзақылық анықталып, қоғамдық орындарда ішімдік ішкендері үшін 10 мыңнан аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жүргізілген шаралар нәтижесінде 105 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, олар бойынша 788 млн. теңгеден аса айыппұл салынып, 546 млн. теңгесі өндірілген.
«Қауіпсіз қала» бағдарламасымен қойылған мақсаттарға жету үшін мақсаттандырылған жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі күнге іске асыру есебінен облыс орталығындағы бейне бақылау камералар саны 266 бірлікті құрап, 191 бейнекамераны пайдалануға беру жоспарлануда. Олардың көмегімен 37 қылмыс ашылып, 20 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламасының талабын орындау мақсатында тәртіп, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы жүргізілді.
Облыстық Ішкі істер департаментінің материалды-техникалық базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджеттен 788,7 млн. теңгеден және республикалық бюджетттен 180 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген.
Қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтау және IP-телефонияны әрі қарай жетілдіру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 545 млн. теңге бөлінді.
2014 жылы облыс көлемінде 436 жол-көлік оқиғасы тіркеліп (2013 жылғы - 504), соның салдарынан 91 адам қаза тауып (127), 530 адам әртүрлі дене жарақаттарын алды (626). Аталған мәселе бойынша бірқатар ұйымдастыру іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жол-көлік оқиғасының саны 13,5%, қаза тапқандардың саны 28,3%-ға және жараланғандардың саны 15,3%-ға төмендеді.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 83 жол-көлік оқиғалары тіркелді (2013 жылғы - 105), 44 адам қаза тапты (75) және 133 адам дене жарақатын алды (160). Алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасының саны 20,9%-ға, қаза тапқан адамдардың саны 41,3%-ға және жарақат алған адамдардың саны 16,9%-ға төмендеді.
Балалардың қатысумен 97 жол-көлік оқиғасы тіркеліп (2013 жылғы - 135),
8 бала қаза тауып (13), 97 бала әртүрлі дене жарақатын алды (139). Алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасының саны 28,1%-ға, қаза болғандардың саны 30,2%-ға және жараланған балалар саны 38,5%-ға төмендеп отыр.
Көрсеткіш
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Орын алған жол-көлік оқиғасы
|
374
|
504
|
436
|
оның ішінде:
қаза тапқандар
|
126
|
127
|
91
|
жарақат алғандар
|
422
|
626
|
530
|
Төтенше жағдайлардың алдын алу
Облыста тұрақты түрде төтенше жағдайлардың шығу қаупін барынша төмендетуге, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және материалдық шығын көлемін азайтуға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Облыста өндірістік және өрт қауіпсіздігін болдырмау мақсатында бақылау-профилактикалық жұмыстары және Азаматтық қорғаныс шаралары жүргізілуде.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан туындайтын зиянды төмендету, сондай-ақ тұрғындарды және облыс аумағын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында келесідей шараларды орындау көзделген:
- жағдайды болжамдау және мониторинг жасау, қауіпті учаскелерді және суға кету, су басуы мүмкін мерзімдерін анықтау;
- тұрғындарды уақтылы және тегіс хабардар ету;
- тұрғындарды қауіпті аймақтан күні бұрын көшіру және оны қамтамасыз ету (көліктік, материалдық-техникалық, ақпараттық, қоғамдық тәртіпті қорғау, медициналық, өртке қарсы, инженерлік-техникалық және тағы басқа).
2011-2014 жылдар аралығында 204 кәсіпорынның 5571 нысанына тексеріс жүргізілді. Бұзушылықтарға жол бергені үшін 2844 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылып, 30 796 600 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Елді мекендердегі және нысандардағы өрт қауіпсіздігі жағдайын тұрақтандыру мақсатында түрлі шаруашылықтағы 966 нысанға тексеріс жүргізілді. Оның ішінде жоғарғы деңгейде қауіпті нысан – 496, орташа деңгейде қауіпті нысан – 356, қауіптілігі маңызсыз – 114 нысан.
Атырау облысының аумағын су басу қаупі, Ресей Федерациясының Оренбург облысындағы Ириклин су қоймасының мөлшерден тыс артық суды жіберуі Орал өзені бойында су тасқыны қаупін тудырса, Ресей Федерациясының Волгоград облысындағы, Волгоград су қоймасының мөлшерден тыс артық суды жіберуі Құрманғазы ауданындағы Қиғаш, Шарон өзен салалары бойында су тасқыны қаупін туғызады. Сондай-ақ, Мұғалжар тауларындағы қардың қалың түсуі мен олардың күрт еруі салдарынан Қызылқоға ауданындағы Ойыл және Сағыз өзендері бойлары мен Жылыой ауданындағы Ембі өзені бойында су тасқыны қаупі жыл сайын көктем мезгілінде туындап отырады.
Су тасқыны кезеңіндегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында су тасқыны кезеңінде бірқатар іс-шаралар атқарылады, олар:
Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізіліп, «Су тасқынына қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселесі» қаралады. Қала және аудандар әкімдеріне су тасқынына дайындық бойынша хаттамалық тапсырмалар беріледі.
Құтқару құрылымдарының күш-құралдары дайындыққа келтіріліп, әкімдіктерде, автокөлік және теміржол ұйымдарында қаптар, жанар-жағармайлар, инертті материалдар дайындалады.
автокөлік және теміржол ұйымдары жолдардың астындағы су өткізгіш тұрбаларды тазалау жұмыстары атқарылады.
Облыс аумағы бойынша су тасқынына қауіпті учаскелердің космостық түсірілімдері бар планшеті жасақталған.
Облыс аумағының сел қауіптілігі басым учаскелерінің космостық түсірілімдерінің планшеті әзірленді. Жыл сайын көктемде «Көктем» Республикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып өткізіледі.
Орал, Шароновка, Ембі, Қиғаш, Ойыл, Сағыз өзендерін, сондай-ақ Каспий теңізінің шекара маңын су басу қаупі туындаған кезде Атырау облысының тұрғындарын хабардар ету П-160 құрылғысын пайдалана отырып, облыстық орталықтандырылған хабарландыру жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Орталық шақыру құрылғысы облыстық төтенше жағдайлар департаментінде орналасқан, ал терминалдар Махамбет, Индер, Жылыой, Қызылқоға, Құрманғазы, Исатай аудандарында бар.
Үшінші деңгейдегі мұнайдың төгілуін жоюға арналған күш және қаражат көзін жұмылдыру бойынша «Қашаған-2013» жаттығу жұмысы өткізілді.
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Атырау облысы Индер ауданының трансшекаралық аумағында табиғи өрттерді жою бойынша тактикалық жаттығу, облыс аудандарындағы шаруашылық нысандарында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша 3 облыстық топ-штабтық жаттығу өткізілді.
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Төтенше жағдайлардың саны (барлығы):
- техногенді сипаттағы
- табиғи сипаттағы
|
500
446
54
|
509
471
38
|
453
411
42
|
469
414
55
|
Зардап шеккендер саны (барлығы):
- техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде
- табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде кезінде
|
134
75
59
|
97
58
39
|
99
62
37
|
116
74
42
|
Қаза тапқандар саны (барлығы):
- техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде кезінде
- табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде
|
64
26
38
|
59
30
29
|
44
29
11
|
44
17
27
|
Материалдық зиян, млн. теңге
|
203,4
|
49,6
|
84,8
|
98,8
|
Инфрақұрылым
Құрылыс
Құрылыс саласын дамыту, сондай-ақ қауіпсіздікті және құрылыс өнімінің сапасын арттыру қазіргі жағдайларда негізгі экономикалық және саяси міндеттер болып табылады. Құрылыс кешені жалпы экономикаға зор әсер етеді.
млн.теңге
Атауы
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Құрылыс жұмыстарының барлығы
|
286 905,0
|
253 871,0
|
241 119,0
|
Құрылыс монтаж жұмыстары
|
256 272,0
|
228 161,0
|
206 166,0
|
Ағымдағы жөндеу
|
10 471
|
9 474
|
3 247,8
|
Күрделі жөндеу
|
20 162,0
|
16 236,0
|
31 705,2
|
Саланың даму жағдайына SWОT талдау:
Күшті жақтары:
ағымдағы және күрделі жөндеу бойынша көлемдердің артуы;
тұрғын үй құрылысы сияқты секторларда құрылыс материалдарына сұраныстың тұрақты артуы;
индустрияландыру картасы аясында өнеркәсіп саласын дамыту және жобаларды іске асыру.
Әлсіз жақтары:
Солтүстік-Каспий жобасы және Атырау Мұнай Өңдеу Зауытының хош иісті көмірсутек өндіру кешені жұмыстары аяқталуына байланысты Құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуіне әсер етуде.
Мүмкіндіктері:
1) облыс алаңында басым салаларда құрылыс материалдарының өндірісі бойынша жаңа қуаттылықтар құру;
2) өндіріс ағымының теңгерімді сұлбасын әзірлеу, құрылыс жұмыстарының аумақтық орналасу проблемаларын шешу мақсатында жаңа және жандандыру жобаларын құру есебімен құрылыс материалдарымен жабдықтау, пайдалану;
2012 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде облыс бойынша 1 550 347 шаршы метр тұрғын үй салынған болатын, соның ішінде жылдар бойынша:
2012 жыл – 512 139 шаршы метр (2011 жылдан 14% төмен).
2013 жыл – 515 900 шаршы метр (2012 жылдан 0,7% жоғары).
2014 жыл – 522 308 шаршы метр (2013 жылдан 0,2% жоғары).
Атырау облысы бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы 924 пәтерлік 19 үй пайдалануға берілді. Оның ішінде:
315 пәтерлік 7 несиелік үй, 255 пәтерлік 6 жалға берілетін тұрғын үй және
354 пәтерлік 6 коммуналдық үй.
Сонымен қатар облыста 2015 жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен 1 734 пәтерлік 27 тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын кеңейту үшін Атырау облысы бойынша «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы бұл бағытта тұрғын үй құрылысын жоспарлауда.
Саланың даму жағдайына SWОT талдау:
Күшті жақтары:
жеке тұрғын үй құрылысы үшін бос жер телімдерінің болуы;
тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамуы.
Мүмкіндіктер:
жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
2) тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік жеке меншік әріптестікті ынталандыру;
3) жаппай тұрғын үй құрылысы мақсатында аумақтарды кешенді игеру және салынған аумақтарды дамыту;
4) Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Қазақстанның ипотекалық компаниясы сияқты қаржы институттарын дамыту;
5) қазіргі заманғы жаңа технологияларды енгізу жолымен құрылыс индустриясын дамыту, энергия, тиімділік және экологиялық талаптарға сай келетін құрылыс материалдары, құрастыру және бұйым өндірісін арттыру, тұрғын үй құрылысында қазақстандық құрам үлесін арттыру.
Автомобиль жолдары
Атырау облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3051,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар
990 шақырым, облыстық маңызы бар 973 шақырым, аудандық маңызы бар 1088,6 шақырым.
Соның ішінде жабынды түрлері бойынша қатты жабынды –
2267,7 шақырым және топырақты жол – 783,9 шақырым, сонымен қатар жолдың бойында 102 көпірлер мен 521 су өткізгіш құбырлар орналасқан.
2012-2014 жылдар аралығында республикалық трансферт, облыстық бюджет қаражаты және шетелдік инвестициялар есебінен 370,2 шақырым облыстық, аудандық маңызы бар және селоішілік автомобиль жолдары қайта жаңартылып, күрделі жөнделді.
Соның ішінде 2012 жылы – 88,2 шақырым, 2013 жылы – 114 шақырым және 2014 жылы- 168 шақырым жол жөнделді.
Соңғы 3 жылда бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
2012 жылы республикалық трансферттен облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары және Жылыой ауданы Тұрғызба селосына, Махамбет ауданы Бейбарыс селосына кірме жолдарына, ұзындығы 18 шақырым облыстық маңызы бар «Ганюшкино-Приморье-Утери-Котяевка» 29-47 учаскесі аралығына күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылды.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен селолардың кірме жолдарымен қоса орталық көшелеріне және селоішілік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:
-Махамбет ауданы Береке, Алмалы, Таңдай және Сарытоғай селолары;
- Исатай ауданы Исатай, Аққыстау селолары;
- Құрманғазы ауданы Ганюшкин, Ақкөл селолары.
2013 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, 114 шақырым жол пайдаланымға берілді және ұзындығы 123 шақырым «Қарабау-Миялы» бөлігіне (80-203 шақырым аралығы) қайта жаңарту жұмыстары басталып, 15 шақырымы қайта жаңартылды.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен ұзындығы 150 шақырым облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» автомобиль жолына (20-170 шақырым бөлігі) күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 71 шақырымына жөндеу жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, 7 елді мекеннің кірме жолдарымен қоса селоішілік жолдары күрделі жөндеуден өтті. Соның ішінде: Индер ауданының Көктоғай, Өрлік, Елтай, Есбол селоларының кірме жолдарымен қоса орталық көшелеріне және селоішілік жолдар бойынша Махамбет ауданының Ақжайық, Махамбет селолары, Қызылқоға ауданы Миялы селосының селоішілік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Жылыой ауданы Құлсары қаласының қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстары басталды.
Республикалық трансферт есебінен басталған Жылыой ауданы Тұрғызба селосының, Махамбет ауданы Бейбарыс селосының кірме жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, облыстық маңызы бар «Ганюшкино-Приморье-Утери-Котяевка-Шортанбай» автомобиль жолының 18 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары, облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының 35 шақырымына және осы жолдың бойындағы 2 көпір өткеліне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Исатай ауданындағы Тұщықұдық, Ерғалиев селоларының селоішілік жолдарына және Махамбет ауданы Жалғансай селосына кірме жолымен орталық көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» автомобиль жолының (100-170 шақырым бөлігі) 70 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осы жолдың бойында орналасқан Махамбет ауданының Алға, Ортақшыл, Есбол және Ақжайық елді мекендерінің кірме және селоішілік жолдары, жаяу жүргіншілер жолы төселуде.
Сондай-ақ, облыстық бюджет қаражаты есебінен Махамбет ауданы Махамбет селосындағы Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосындағы теміржолдар арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы, Мақат ауданындағы Бәйгетөбе селосының кірме жолымен орталық көшесін және ПМС учаскесі, Махамбет ауданы Сарайшық селосының кірме жолдарымен орталық көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
2014 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 37% ден 42%-ға жеткізілді.
Көліктік инфрақұрылым бойынша SWOT-талдау:
Бүгінгі күні Атырау облысы Қазақстан Республикасының серпінді дамып келе жатқан облыстарының бірі және әкімшілік-шаруашылық қызмет субъектісі ретінде облыстың экономикалық өсімінің жоғары әрі тұрақты қарқынын көрсетіп отыр.
Күшті жақтары:
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары саласын дамыту тұжырымдамасына сәйкес Атырау облысы перспективалы және мейілінше шапшаң даму үстіндегі №4 «Астрахань Ресей Федерациясы шекарасы–Атырау – Ақтау–Түркімения шекарасы» халықаралық автокөлік дәлізінде орналасқан.
Дәліз Астрахань–Мәскеу–Хельсинки халықаралық көлік дәлізімен жалғасқан. Оң жақ бағытында Ақтау порты және одан әрі Түркімения елінің шекарасы арқылы өтеді. Бұл көлік дәлізі даму үстіндегі Каспий өңірінің Ақтау портымен, мұнай өндіруші аудандарымен Ресей мен Орталық Азияның шығыстарымен байланысын қамтамасыз етеді.
Атырау облысының республиканың солтүстік-батыс өңірлерін Орталықпен және Қазақстанның солтүстік өңірлерімен, сондай-ақ Ресейдің оңтүстігін Орта Азия мемлекеттерімен байланыстыратын басты көлік коммуникацияларының қиылысында тиімді географиялық орналасуы жаппай транзиттік жүк ағымдарын қалыптастыру үшін зор мүмкіндік жасап отыр.
Облыстың көлік кешенінің қазіргі әлеуетін талдау, бүгінгі таңда оның іс жүзіндегі мүмкіндіктері жаппай транзиттік жүк ағымдарын игеру үшін кедергі болып табылмайтынын көрсетіп отыр.
Әлсіз жақтары:
Автомобиль жолы бойынша қазіргі таңдағы өткір проблемалардың бірі болып отырған республикалық маңызы бар 1976 жылы ІІІ техникалық санат бойынша салынған «Астрахан Ресей Федерациясы шекарасы–Атырау-Ақтөбе» автомобиль жолының жай-күйі болып отыр. Бүгінгі таңда жолдың жағдайы өте қанағаттанарлықсыз күйде, асфальт жабындысы толықтай тозған және авариялық жағдайда тұр. Бұл жағдай өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, көліктік әлеуетін және Атырау мен Ақтөбе облыстарының транзиттік тасымалдау үлесін арттыруға үлкен кедергі келтіріп, жергілікті тұрғындар мен автокөлік иелерінің заңды наразылығын тудыруда.
Қалыптасқан проблемаларды ішінара шешу мақсатында 2006-2008 жылдары осы автомобиль жолының 512-605 шақырым учаскесі жаңғыртылды, ал 2008-2009 жылдары 504-512 шақырым учаскесі күрделі жөндеуден өтті, ал 468-487 шақырым учаскесінде 2009 жылы жаңғырту жұмыстары басталып, 2014 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Алайда бүгінгі күні барлық қабылданған шаралар қалыптасқан проблемалық жағдайды шеше алмайды және көздеген мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етпейді.
Мүмкіндіктері:
Батыс өңірінің, соның ішінде Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қолайлы жағдайлары аясында республикалық және жергілікті маңызы бар қолданыстағы автомобиль жолдарын олардың сапалық көрсеткіштерін халықаралық стандарттар талаптарына дейін жеткізе отырып, жаңғырту және жаңа автомобиль жолдары желісін салудың заңды қажеттілігі туындайды.
Республикалық маңызы бар «Астрахан Ресей Федерациясы шекарасы-Атырау-Ақтөбе» автомобиль жолын жаңғыртудың негізгі мақсаты батыс өңірдің оңтайлы, тиімді автомобиль жолдары желісін кеңейту және қалыптастыру, жолда болу уақытын және жүктерді тасымалдау арақашықтығын қысқарту, оларды жеткізу жылдамдығы мен сақталу шарттарына қойылатын талаптарды арттыру, сондай-ақ қолайлы, сенімді және қолжетімді транзиттік бағыттарда Шығыс пен Батыс арасындағы өсіп отырған сауда байланыстарын қамтамасыз ету.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жағдайы
Электрмен қамту
Бүгінгі таңда, Атырау қаласы және Атырау облысын электрмен қамту «АтырауЖылуЭлектрОрталығы» акционерлік қоғамымен іске асырылады және «АтырауЖарық» акционерлік қоғамының желілерімен Ресейден және «КЕГОК» акционерлік қоғамының желілерімен Маңғыстау облысынан электр энергиясымен қамтылады.
Қазіргі таңда, АтырауЖылуЭлектрОрталығының соммарлық қуаты 318 МВт болатын газтурбиналық қондырғылармен толықтай Атырау облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде.
Атырау мұнай өңдеу зауытының өзінің қажеттілігін соммарлық қуаты 18 МВт-ты құрайтын газтурбиналық электр станциясы қамтиды.
«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысандарының қажеттілігін 478 МВт-ты ГТС-144 және ГТС-480 газтурбиналық электр станциялары қамтамасыз етеді.
Қарабатан зауытының қажеттілігін NCOC компаниясының қуаты 236 МВт-ты газтурбиналық станциясымен жабады.
«МАЭК-КазАтомПром» электроэнергиясы «КЕГОК» акционрлік қоғамының желілерімен жеткізіледі. «КЕГОК» акционрлік қоғамының теңгерімінде кернеуі 220 кВ электр желілерінің ұзындығы 1679,5 шақырым және 5 қосалқы станциясы бар.
Атырау Жылу Электр Орталығы электр энергиясының таратылуы мен жеткізілуі теңгерімінде 0,4-110 кВ жалпы ұзындығы 9613,2 шақырым, 1704 дана трансформаторлық станциялары, 76 дана қосалқы станциялары бар аймақтық электр желілік компаниясы «АтырауЖарық» акционрлік қоғамымен электр желілерімен іске асырылады.
Сондай-ақ «ҚазақстанТемірЖолы» акционрлік қоғамының теңгерімінде 125,8 шақырым электр желілері, 50 трансформаторлық станциялары бар.
Бұдан басқа, Атырау қаласы және аудандар теңгерімінде 1499,24 шақырымды құрайтын электр желілері, 585 дана трансформаторлық станцяилары бар.
Барлығы 11237,9 шақырым электр желілері, 2323 трансформаторлық станциялыры, 82 дана қосалқы станциялыры бар.
2014 жылы 233,6 шақырым электр желілері жаңғыртылды, 2015 жылы 211,6 шақырым жөндеу жоспарлануда. Нәтижесінде 2014 жылы 2,4 пайыз, 2015 жылы 2,1 пайыз желісі жаңғыртылады.
Жаңартылған энергия көздері
Облыс бойынша жаңартылған энергия көздері бойынша 5 ірі жоба қарастырылып, 2016 жылы енгізу жоспарлануда. Оның ішінде 4 жел энергиясын пайдаланып, 1 жоба күн энергиясын пайдаланып.
Сумен қамту
Жайық, Қиғаш өзендері және 12 жер асты сумен қамту көздерімен қамтылады.
Орталықтандырылған су жүйесімен 566 634 адам немесе 97,4 пайызы қамтылған. Орталықтандырылмаған су жүйесімен 13172 адам немесе 2,2%, тасымалды сумен 1662 адам немесе 0,2 пайыз.
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар тұрғындардың үлесін ұлғайту, %
|
51,2
|
54,0
|
61,0
|
97,2
|
Су желілерінің жалпы ұзындығы 3519,4 шақырым, коммуналдық теңгерімде.
Сондай-ақ, облыс бойынша 64 су тазарту имараты, оның ішінде Атырау қаласында бір дана су тазарту имараты және 63 су тазарту имараты аудандарда.
Қалаларда жеке су есептегіш құралдарының қамтылуы 99 пайызды құрайды.
Ауылдарда жеке есептегіш құралдарының қамтылуы 80 пайызды құрайды.
Облыс бойынша 123 қызмет көрсетуші мекемесі және кәсіпорын бар, оның ішінде 3 базалық су беруші мекемелер.
Қалаларды сумен қамту
Қала халқының (274699) орталықтандырылған сумен қамтылуы 96,3 пайызды құрайды немесе 264533 адам, оның ішінде Атырау қаласы 100 пайыз 218226 адам, Құлсары қаласы 82 пайыз 46307 адам, жалпы халық санынан алғанда 56473 адам.
Атырау облысының 2 қаласының су желілерінің ұзындығы 1265 шақырымды құрайды, бұл желілер коммуналдық теңгерімде.
Атырау қаласын сумен жабдықтау «АтырауСуАрнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен іске асырылады, Жайық өзені су көзі болып табылады. «АтырауСуАрнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгерімінде 911 шақырым су желісі, қуаты 120 мың шаршы метр бір су тазарту имараты, 1-ші және 2 көтеру сорғы стансасы, 4 сүзгі стансасы, 7 таза су резервуары.
Құлсары қаласының сумен қамту «ЖылыойСу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен жүргізіледі, 375 шақырым су желілісіне қызмет көрсетеді, сумен қамту көзі болып қуаты 1,5 мың/шаршы сағатына «КазТрансОйл» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының су тазарту имараты болып табылады.
Сумен қамту нысандары көпшілігінің (су жинау, тарту, тазарту имараттары, су айдайтын мұнаралар, суға арналған резервуарлар) техникалық жағдайлары ұзақ уақыт пайдалануда болғандықтан және жыл сайынғы жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуінен қанағаттанарлықсыз күйде.
Облыс әкімдігімен Жылыой, Қызылқоға аудандарында судың қамтамасыз етудiң сараланған тарифтерін енгiзу кестесі бекітілді.
Су тарату желісі мен имараттарының көпшiлiгi осыдан 20 жыл бұрын пайдалануға берілген немесе 20 жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Негізінен пайдаланудың нормативтік мерзімі 25 жыл болғанымен, желілердің 66%-ы күрделі жөндеуді немесе оларды толық алмастыруларды талап етеді.
Ауылдық елді мекендерді сумен қамту
Барлығы облыс бойынша 164 ауылдық елді мекен (28153 адам), оның ішінде 123 ауылдық елді мекен немесе 75 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған (291935 адам), 30 ауылдық елді мекен немесе 18,2 пайыз орталықсыздандырылған (13172 адам), 11 ауылдық елді мекен немесе 6,7 пайыз тасымал сумен қамтамасыз етіледі (1662 адам).
Орталықтандырылған су жүйесімен 2014 жылы 97,4 пайызы қамтылған, 2015 жылы 98,9 пайызды құрайды. Орталықтандырылған сумен қамтылған елді мекендер саны 125 ауылдық елді мекен, 2015 жылы орталықтандырылған су жүйесіне 5 ауылдық елді мекен қосылады.
Ауылдық елді мекендерде су желілерінің жалпы ұзындығы 2196,6 шақырым және 62 дана су тазарту имараты 125 пайдаланушы мекемелерге қызмет көрсетуге берілген.
Су бұру
Облыс бойынша кәріз желісімен 12 елді мекен қамтамасыз етілген, жалпы елді мекеннен 7,2 пайызды құрайды.
Атырау қаласы бойынша 295,1 шақырым кәріз желісі, 57 дана жалпы қуаты күніне 25 мың шаршы метр кәріз сорғы станциясы және кәріз тазарту имараты бар.
Сондай-ақ 2 кәріз тазарту имараты, оның ішінде Махамбет ауданында қуаты 6,8 мың шаршы метр және Индер ауданында қуаты 4,8 мың шаршы метр.
Аудандар бойынша кәріз желілерінің ұзындығы 156,35 шақырым, 2 кәріз тазарту имараты және 44 дана кәріз сорғы станциясы бар. Кәріз желілеірінің жалпы ұзыныдығ 466,62 шақырымды құрайды. Барлық желілер коммуналдық теңгерімде.
Су бұру жүйесіне қосылған халық саны 38,9 пайыз, 2015 жылы 39,4 пайызды құрайды. Сондай-ақ 2015 жылы 0,2 шақырым су бұру желісін жаңғырту жоспарлануда.
Газбен қамтамасыз ету
Қазіргі уақытта Атырау облысындағы газ құбыры желісі 166 елді мекеннің (164 ауыл және 2 қала) 2 қаласы және 126 ауылын табиғи газбен қамтамасыз етеді. Облыстың газбен қамтылуы 95% құрайды.
39 елді мекен газдандырылмаған, елді мекендердің шалғай жерде орналасқандықтан және тұрғындардың аз болуынан газ құбырының құрылысын салу экономикалық тиiмсiз болып есептеледi. Қазіргі уақытта олар баллондардағы сұйытылған газбен қамтамасыз етiледi.
Облыстағы тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз ететін негізгі жеткізуші болып «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады. Тұтынушыларға газ «ИнтерГазОрталықАзия» акционерлік қоғамы магистралдық газ құбыры арқылы беріледі. Облыстың тұтынушыларын табиғи газбен қамтамасыз ететін: «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының Атырау филиалы, «АтырауГазИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «ЖылыойГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Атырау қаласы газ тарату желілері екі бөліктен тұрады: Жайық өзенінің оң және сол жағалауы. «Финдік» автоматтық газ тарату станциясы арқылы қаланың оң жағалауы, Ракуша, Еркінқала, Жұмыскер және Махамбет ауданының Алмалы, Береке елді мекендірін газбен қамтамасыз етеді.
«Урожай-10» автоматтық газ тарату станциясы арқылы қаланың сол жағалауы, Талғайран, Ақжар, Ақсай, Бірлік, Бесикті, Томарлы, Геолог ауылдарын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «Атыраужылуэлектрорталығы» автоматтық газ тарату станциясы арқылы Дамба, Құрманғазы, Жаңаталап, Атырау, Көкарна, Ақжайық, Тасқала, Водников, Балықшы, Құрсай ауылы газбен қамтылады.
Облыс бойынша газ құбырының жалпы ұзындығы 4762,3 шақырымды құрайды, оның ішінде: жоғары қысымды газ құбыры - 992,07 шақырым, орта қысымды - 1356,96 шақырым және төмен қысымды - 2450,31 шақырым.
Облыстың негізгі өндіріс мекемелерін және тұрғындарын табиғи газбен «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының Атырау филиалы қамтамасыз етеді.
«ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының Атырау филиалы теңгерімінде 4286,5 шақырым газ құбыры, 6580 шкаф типті газ тарату пункті, 203 ГСГО және 8 автоматтық газ тарату станциясы.
«АтырауГазИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі теңгерімінде 66 шақырым газ құбыры, 540 шкаф типті газ тарату пункті және 1 ГСГО бар. Бұл мекеме Атырау қаласының Авангард және Лесхоз ықшам аудандарының тұтынушыларын газбен қамтамасыз етеді.
Жылыой ауданын газбен қамтамасыз ететін «Жылыой газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл мекеменің теңгерімінде
409,9 шақырым газ құбыры, 129 шкаф типті газ тарату пункті, ГСГО, автоматтық газ тарату станциясы бар.
Жылумен қамтамасыз ету
Облыс бойынша 6 орталықтандырылған және 535 автономдық жылумен қамтитын көздері бар.
Атырау қаласын орталық жылумен қамтитын «Атырау Жылу Электр Орталығы» акционерлік қоғамы. Жылу Электр Орталығының қуаты
695 Гкал/сағатына, 13 жылу және су жылыту қазандарымен қызмет атқарады.
Орталықтандырылған жылумен қамту аумағына қаланың оң, сол жағалауы және Оңтүстік-Шығыс өндірістік аймағы жатады.
Сонымен қатар, Балықшы поселкесінде қуаты 18 Гкал/сағ 6 жылу қазандығы бар жылу орталығы бар.
Қаланың 1 учаскесінде, қуаты 14,8 Гкал/сағ «АтырауСуАрнасы» теңгеріміндегі жылу орталығы бар.
Тұтынушыларға жылу «АтырауЖылуЖүйесі» акционерлік қоғамының желілері арқылы таратылады. Бұл мекемеде 424,4 шақырым жылу жүйесі,
44 жылу пункті, жалпы өнімділігі 2400 м3/сағ. 2 насостық станция бар.
Барлығы 517,4 шақырым жылу желісі, оның ішінде: коммуналдық меншікте - 57,04 шақырым, жеке меншікте - 424,4 шақырым (82%) және иесіз - 36 шақырым желі бар.
2013 жылы 33,424 шақырым жылу желісі жаңғыртылды, 2014 жылы
34,0 шақырым жылу желісі жаңғыртылды. 2015 жылы 19,015 шақырым жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін ұлғайту, %
|
60,0
|
61,0
|
62,1
|
61,2
|
Тұрғын үй қоры
Атырау облысы бойынша жалпы көлемі 11 406,9 шаршы метрді құрайтын 46 мың тұрғын үйі бар.
1500 көппәтерлі тұрғын үй 3 337,9 шаршы метр. (немесе 29,3 пайызы).
282 кондоминиум нысандары тіркелген, жалпы көппәтерлі тұрғын үймен салыстырғанда 19 пайызды құрайды. 74 кондоминиумды басқару органдары, 87 апаттық үй бар немесе 46,3 шаршы метр.
2014 жылы жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 24,9 пайызды құрайды, 2015 жылы 6 үй жөндеуден өткізіліп, 24,3 пайызды құрайды.
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі%
|
38,7
|
35,9
|
35,9
|
29,4
|
Өңірдің экологиялық мәселелері
Атырау облысында көмірсутекті шикізатты өндіру мен қайта өңдеудің қарқынды арттуы жағдайында облыстың қоршаған ортаға теріс әсерін тигізуде.
Облыстың негізгі шешілмеген мәселелері: атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиналуы, биологиялық әртүрлілікті сақтау болып қалуда.
Қазіргі уақытқа дейін сыртқы су ресурстарының көлемі мен сапасына облыстың тәуелділігі сақталады. Соңғы жылдары Ресей Федерациясының аумағынан келетін суды пайдалану мәселесі шиеленісуде.
Атмосфералық ауаны қорғау
Атмосфералық ауаның ластануы қоршаған ортаға, халық денсаулығына жағымсыз әсер етуші жетекші факторлардың бірі болып қалады.
Атмосфераға тұрақты көздерден ластаушы заттар шығарындылардың көлемі 2014 жылы 160,5 мың тонна құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 24,2 мың тоннаға артық (136,3 мың тонна).
Атырау облысында атмосфералық ауаға ең үлкен жағымсыз әсер ететін мұнай-газ секторы және энергиялық-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарынан шығарылатын ластаушы заттар.
Атмосфераға жыл сайын облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарынан (42 аса ірі) бір жылға 100 мың тоннадан аса ластаушы заттар шығады, оның 80-85 пайызы мұнай-газ секторы кәсіпорындарына тиесілі келеді.
Сондықтан, бүгінгі күнде атмосфераның ластануы негізінен мұнай-газ өндіруші және оларды өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың қызметтеріне байланысты болып отыр.
Атмосфералық ауаға шығарылған ластаушы заттар
мың тонна
Көздер түрі
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
Тұрақты
|
94,266
|
107,15
|
118,3
|
136,326
|
160,598
|
Достарыңызбен бөлісу: |