Бағдарламасы аясында 2015 жылғы қараша айында «№22 ом оқушылары арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу»



бет7/7
Дата27.12.2016
өлшемі0,9 Mb.
#5405
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7


Жалпы, қазақта «қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесінен бастаған. Осындай дәстүрдің бәрін жоққа шығарып, демократияны желеу етіп, өркениеттілік осы екен деп, бетімен кету – ол біздің ата дәстүрімізге, жалпы ұрпағымызды тәрбиелеп-өсіруге кері әсерін тигізеді. Оң жақта отырып, Алла Тағаланың берген қыздық қасиетін сақтай алмаған қыздардың өз тағдырына да жауапсыз қарағаны. Ондай қыздар келін деген, болашақ ана деген атқа лайықты деп айта алмаймын. Мұндай қыздарға бір әулеттің жауапкершілігін сеніп тапсыруға болмайды. 

Мен ана ретінде ұлыма мұндай қызды алуға үзілді-кесілді тыйым саламын. Егер сондай жеңіл жүріске салынған, немесе жастайынан қандай да бір қателікке бой алдырған қыз босағамнан аттаған жағдайда ағайын-жұртымды абыр-сабырға түсірмей, алдымен ол қызбен жеке сөйлесемін. Барлық жағдайды айтқызып, ант-су ішкізіп, содан кейін барып келін деген айдар тағуға рұқсат беремін. Әр ана өз ұрпағына осылай тиянақты қарағанда ғана мұндай әрекеттерге аз да болса тыйым салуға болады.



– Баланы тәрбиелеу ананың басты міндеті. Ұл өсті дегеннен өзіне жар болатын жанның арының тазалығына мән беру керектігін ана айтып отыруы керек. Бойжеткен қыздың қылығы көп, сондықтан да қызбаланың тәрбиесіне ананың ерекше мән бергені жөн. Қыз анасымен сырлас болып, өзін мазалаған ішкі ойларымен әрдайым бөлісіп отырса, жамандыққа жолықпайды. Қыздың ең бірінші ұстанымы — қыз деген атқа лайық болуы. Ал қазіргі ата-аналар заманына қарай жеңіл ойлайтын сияқты. Дегенмен, заман өзгергенімен, адам өзгерген жоқ қой. Қыз — болашақ жар, болашақ ана. Өзге үйдің босағасын аттағанда бойыңды тік ұстап, тәрбиелеп өсірген ата-анаңның елдің алдында жүзін төмен түсірмейтіндей етіп адал аттау үшін ананың әр сөзін қыз бала жадында ұстауы керек.

Гулзира Құрманғалиқызы психолог:

– Бүгінде біз жоғары ақпараттық технологиялар заманында өмір сүрудеміз деп мақтанамыз. Сондықтан, өсіп келе жатқан ұрпақты сауатсыз деп те айтуға болмайды. Өйткені, олар осы жаңа технологияларды еркін меңгеріп, түрлі ақпараттармен алмаса алады. Иә, заман өзгергенімен, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміз өзгерген жоқ. Адам өмірінде ешқандай қиындық болмайды деген кепілдік ешкімде жоқ. Ешкім де алдында қандай қиыншылық күтіп тұрғанын болжай алмайды. Әр адамның басында қуаныш пен қайғысы қатар жүретіні рас. Ол Алланың сыны деп айтуымызға болады. Алайда, осындай қиындықтардан шығудың да түрлі жолдары бар. Көбі сол қиындықтан алып шығатын жолды таппай қатыгездікке, қателікке бой алдырып жатады. 

Негізінде, қазіргі педагогика оқулығында жыныстық тәрбие туралы бөлім жоқ. Оны көбі ұят санайды. Мұғалімдердің өзі өрімдей балаға мұны қалай жеткіземіз деп оқушыларға мұндайды оқытуға ұялады. Сонда қыз баласы жыныстық тәрбиені қайдан оқып білуі керек? Міне осы жерде оған отбасында анасымен, жеңгесімен сырласу өте қажет. Мектепте осындай тақырыптарда сабақтар өткені жөн. Мұнын қыз баласына пайдасы көп. 

Сондай-ақ, біз баланы өте қатал тәрбиелейміз. Тәрбиелеу деген осы екен деп тым қаталдыққа салыну да бала жастан қызды жалтақтыққа алып келетінін ұмытамыз. Осыдан барып, қыз өз анасына ойындағысын айтуға жасқанады. Мысалы, алғашқы етеккір келгенін ол анасына емес, алдымен құрбысына, не жеңгесіне айтады. Сол үшін қызды кішкентайынан өзімізге әбден сендіріп, анадан артық жақын адам жоқ екенін ұғындырып өсіруіміз керек. Қыз – болашақ ана, бір әулеттің үлгілі келіні атанатындығын санасына сіңіріп, әйелге үлкен жауапкершілік пен міндет жүктелетіндігін айтып отыру керек.

Ардагер мұғалім Абаева С.С:

– Расында да, жоспарға сай дәрігерлердің, психологтардың қатысуымен кездесулер мектептерде жиі өтіп тұрады. Бұл орайда біздің мектепте қызбаланың тәрбиесіне орай тәрбие сағаты әр сынып сағаттарында қамтылған десем артық айтпаған болар едім.Сондай-ақ, мектебімізде кітаппен тәрбиелеу мәселесіне көңіл бөлінген. Әдеби кітап оқу арқылы балаларды ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудеміз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет