« №22 Приречное орта мектеп оқушылары арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» жиналысының қорытындысы.
ДДҰ «Денсаулықты нығайтушы мектептер» жобасы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015 жылғы қараша айында«№22 ОМ оқушылары арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» жиналысы болып өтті.
Мақсаты : Жас жеткіншектір арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.
Форма: әңгіме.
Қатысқандар: ата-ана, оқушылар, сынып жетекшілер, мектеп медбикесі, психолог.
Жиналыста дәріс оқығандар:
№22 ОМ директоры Бектурганова Б.Р
Мектептің ардагер және орыс тілі пәні мұғалімі Абаева С.С
Мектеп дәрігері Кулмаева М.Р
Мектеп психологы Мешітбаева Г.Қ
Жүргізуші:
Ерте жүктілік деген не?
Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.
Ерте жүктілік немен қауіпті?
Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!
Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?
Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді.
Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар?
Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану.
Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек.
Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу.
Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.
Ерте жүктіліктің нәтижесі.
Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.
Фотогалерея
Достарыңызбен бөлісу: |