Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет184/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
159
I
McDonald's сияқты бюрократиялар 
иерархиялық (жоғарыдан төмен) 
бақылауға, қызметкерлердің 
арасындағы нақты еңбек бөлінісіне 
және әр қызметкердің өз жумысын 
қалай атқаруы керектігі туралы қатаң 
ережелерге негізделеді.
туіне әкеп соқтырады. Осылайша, «Макдональдс» сияқты бизнес-ком- 
паниялар пайда табудың тиімді әдістеріне негізделген шешімдер қа- 
былдайды. Бірақ олар бизнес шешімдерінің қоршаған ортаға немесе 
тутынушылар мен жұмысшылардың өмір сапасына әсерін есепке 
алмайды. Ұлттық деңгейдегі бизнес жергілікті бизнестерді ығысты- 
рып жатқан тұста дүкендер мен дәмханалар ұсынатын болжамдылық 
өлемге көп қызығы жоқ қарапайым тамақтану орындарын ұсынады.
«Макдональдтанған» ұйымдардағы бақылау түрі адами қасиет- 
терінен де айырылып бара жатыр. Егер сіз тез тамақтану дәмхана- 
сында жұмыс істеген болсаңыз, онда мұны басыңыздан өткерген бо- 
ларсыз. Яғни тіпті қатаң бақыланатын ұйымдарда жұмыс істейтін 
қызметкерлердің өздері үжымдағы тәртіпке наразылық білдірудің 
айласын табады (Wharton, 2009). Мысалы, «Макдональдс» кассирлері 
клиенттерге міндеттелген сәлемдесуді айтып тұрып көздерін ақшит- 
уы мүмкін немесе кейбірі жаттанды сәлемдесу мәтіндеріне басқа 
сөздер қосып, сол арқылы тұтынушымен арадағы диалогті адами қа- 
рым-қатынасқа бейімдеуі ықтимал (Leidner, 1993).
Бұл бізге не береді?
Адамдар - әлеуметтік тіршілік иесі. Біз қарым-қатынастарда, топтар- 
да, желілерде және бізге үнаса да, ұнамаса да үлкен кешенді ұйым- 
дарда күнделікті тірлігімізді жасап жатырмыз. Осындай адами бай- 
ланыстар болмаса өмір сүре алмаймыз және өркендей алмаймыз. 
Топтар, тораптар және ұйымдар бізге тамақ, киім, жұмыс, баспана, 
қарым-қатынас, махаббат сияқты өмірдің өзегі саналатын нәрселерді 
табуға көмектеседі. Олар, сондай-ақ бізге отбасында бала тәрбиелеу, 
ерікті қауымдастықтар арқылы жақсы қоғам қалыптастыру, мектеп- 
тен бастап үлкен корпорацияларға дейін күрделі ұйымдарда табысқа 
ұмтылу және т.б. сияқты өмірде өз ізімізді қалдыруға мүмкіндік бе- 
реді. Дегенмен басқалармен жұмыс істеудің қатері де бар. Себебі ақпа- 
рат алмасу мен серіктестік бәсекеге және шиеленіске әкелуі мүмкін. 
Ал топтар біздің идеяларымыз бен мінез-құлқымызға өзімізге бай- 
қатпастан эсер етеді. Топтар, тораптар мен ұйымдар туралы әлеумет- 
тік түсінік бізге осы әсерлерді түсінуге, олардың алдын алуға және 
қажег болған жағдайда қарсы күресуге көмектесе алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет