Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет190/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Девианттылыққа теориялың
көзқарастар
Девианттылыққа (соның ішінде, қылмысқа) қатысты биология- 
лы қ және психологиялық түсініктер әдетте адамның ішіндегі 
процестердің қалайш а девиантты лы ққа алып келетініне бағыт- 
талады.
Мұндай теориялар девианттылықтың себебін, көбінесе бала 
кездегі генетикадан, нейрохимиялық теңсіздіктен немесе лайықты 
мінез-құлық пен ұстанымды қалыптастыруда кеткен қателіктер- 
ден іздейді. Көптеген әлеуметтанушылар биология мен психология- 
ның ауытқушылық тудырудағы рөлімен келіседі, бірақ қоғамдық 
күштерді әлдеқайда маңызды деп есептейді. Әлеуметтану теорияла- 
ры ауытқушылықтың себептерін адамның өзінен емес, әлеуметтік 
құрылымнан іздейді («Ереже бұзушылық теориясы туралы тұжы- 
рымдамалыққорытынды» бөлімін қараңыз).
Қүрылымдық-функциялық теория
1-тарауда айтылгандай, қүрылымдық-функциялық теория қоғам- 
ның бөліктері дене мүшелері сияқты бірлесе жұмыс істейді деп бол- 
жайды. Осы тұрғыдан алғанда, девианттылық белгілі бір шекке де- 
йін қоғам үшін пайдалы болуы мүмкін. Көкгемгі демалысты ойлап 
көріңізші: наурыз айында жұмыстан үзіліс алсаңыз, мамыр айын- 
дағы қорытынды емтихандарға дайындалу үшін көбірек күш-жігер 
жинайсыз. Сонымен бірге құрылымдық функцияшылдар пікірінше, 
девианттылық қоғамды қажетті, сатылы әлеуметтік өзгерістерге итер- 
мелеп отырады. Алайда девианттылық шектен шығып кетсе, қоғам 
үшін дисфункциялы (бүлдіргіш) рөл атқарады.
Бұл тұжырымды девианттылыққа қатысты, алдымен Эмиль 
Дюркгейм қолданған. Дюркгейм кішігірім девианттылықтың ар- 
тықшылықтарын мойындағанымен, қазіргі қоғамдағы дисфункция­
лы девианттылықтың себептерін талдаған маңызды зерттеулерінің 
бірінде жиілеп кеткен суицидті қарастырған (Durkheim [1897] 1951). 
Ол дәстүрлі қоғамдарда ережелер әдетте жақсы танымал болып, кеңі- 
нен қолдау тауып отырған дейді. Қоғамның ауқымы өсіп, түрлері кө- 
бейіп, әлеуметтік өзгеріс жылдамдаған сайын қоғам нормалары пай- 
далануға жарамай, түсініксіз бола бастады. Дюркгейм бүл жағдайды 
аномия деп этап, қазіргі замандағы суицидтің басты себебі сол деген 
түжырым жасады.
Ең бастысы - Дюркгейм де, одан кейінгі қүрылымдық функ­
цияшылдар да девианттылықты жеке адамньщ ауытқуы емес, 
әлеуметтік мәселе ретінде сипаттады, яғни, «Бүл - жеке адамның 
емес, әлеуметтік құрылымның проблемасы», - деді олар. Сондық- 
тан девианттылық проблемасын шешу үшін жеке адамды түзетуге 
тырысудың орнына қоғамдық дисфункциялықты жою керек деген 
пікір айтты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет