ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
167
оларды қабылдағандықтан қылмысқа барады. Олар ортақ мәдени
мақсат-экономикалықтабысқа тек қылмыс арқылы қол жеткізе ала-
мыз деп сенеді. Мертонның сөзімен айтсақ, қоғамның мақсаттарын
қолдайтын, бірақ сол мақсаттарға жету жолында «институтталған»
(мақұлданған) әдістерді жоққа шығаратын адамдардың іс-әрекетін
инновация деп атайды. Оның орнына инноваторлар қоғам қабылда-
ган мақсаттарға заңсыз жолмен жетуді көздейді. Мұның классика-
лық мысалы - экономикалық табысқа жету үшін кісі тонауға көшкен
кедей адам.
Алайда инновация тек қылмыстық әрекетпен шектелмейді.
Қылмысқа жатпайтын инновация деп диплом алу үшін тест кезінде
шпаргалкадан көшіру, бейсбол ойындарына қатысу үшін стероид ішу
сияқты әдістерді айтады.
Бұл екі жағдайда да адамдар қабылданған мәдени мақсаттарға
қол жеткізу үшін институ гталған әдістердің орнына заңсыз әдістерді
пайдаланады.
Мертон, сонымен қатар адамдардың аномияға бейімделуінің
ритуализм, ретритизм және бүлікшілік деген тағы үш жолын анық-
тады. Бұл стратегиялар (инновациямен қатар) «Тұжырымдама қоры-
тындысы: Мертонның бейімделу әдістері» атты гарауда көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: