Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет294/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Гендерлік теңсіздікке
теориялың көзқарастар
Эрине, биология ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтар- 
ды түсіндіреді. Бірақ ерлер мен әйелдердің өміріндегі көптеген
17
251


258
9-ТАРАУ
Сексизм - әйелдер биологиялық 
тұрғыдан ер адамдардан төмен 
болмаса да ерлермен тең емес, 
бірдей емес деген ұстаным.
айырмашылықтар биологиядан гөрі әлеуметтік көзқарастар мен 
құрылымдарға байланысты. Мысалы, тек әйелдер ғана бала кө 
теріп, туа алады; әкелердің балаларын тәрбиелемеуіне ешқандай 
биологиялық негіз жоқ. Көп адамдар осыны пайдаланады. Бұл 
бөлімде әлеуметтанушылар гендерлік айырмашылықтардың зсі 
ресе гендерлік теңсіздіктің сақталуын түсіндіретін түрлі теория 
лар талқыланады.
Құрылымдық-функциялық теория:
еңбек бөлінісі
Гендерлік теңсіздіктің құрылымдық-функциялық түсіндірмесі 
жынысқа негізделген еңбек бөлінісі, қоғамның қарекетіне тиімді 
болғаннан туындайды дейді. Дәстүрлі еңбек бөлінісінде ер адам 
жұмыс істейді, әйел үйдегі шаруамен айналысады. Құрылымдык 
функцияшылдардың пікірінше, гендерлік еңбек бөлінісі функцио- 
налды болып саналады. Өйткені (1) әрбір жыныс өкілі өз міндет- 
теріне жақсы бейімделген және барлық қажетті іс-әрекеттердің 
дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді, (2) ерлер мен әйелдердің ара- 
сындағы бәсекелестіктің өршуіне жол бермейді және (3) ерлер мен 
әйелдердің бір-біріне тәуелді болуы арқылы отбасылық байланыс- 
тарды нығайтады, яғни отбасы бірлігіне септігін тигізеді.
Эрине, Карл Маркс пен Фридрих Энгельс айтқандай, кез-кел- 
ген еңбек бөлінісінде үстемдік пен бақылауға жетуді көздейтіндер 
болады. Бүл жағдайда әйелдерге еңбек бөлінісінің кемшіліктері 
ашылады: үй шаруашылығына маманданғандықтан әйелдерде қа- 
рым-қатынас байланыстар аз, ақпаратқа қолжетімділігі шектеулі 
және ерлерге қарағанда дербес ресурстары жеткіліксіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет