Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет295/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Конфликт теориясы: сексизм және
дискриминация
Конфликтология теорияшыларының пікірінше, әйелдер бұрынгы- 
сынша таңдаудың салыстырмалы түрде мардымсыз мүмкіндігімен 
шектеліп отырады, өйткені ерлерге сол тиімді. Конфликтология 
теорияшылары мұның қалай орын алатынын түсіндіретін негізгі 
екі құбылыс - сексизм мен дискриминация дейді. Сексизм - бүр- 
малаудың бір түрі. Атап айтқанда, сексизм - әйелдер биологиялық 
тұрғыдан ер адамдардан томен болмаса да ерлермен тең я бірдей 
емес деген ұстаным. Колледж студенттері, мысалы, әйелдерге қа- 
раганда ерлер жоғары деңгейде деп санайды. Олар «қолданымдық» 
ерекшеліктер тізбесіндегі бәсекеге қабілеттілігі мен үстемдік қа- 
сиеттер - ер адамға тән, «экспрессивті» ерекшеліктер тізбесіндегі 
«жылулық және мейірімділік» - әйелдерге тән (Ridgeway, 2011) деп 
белгілеген. Конфликтология теорияшылары «әйелдердің шектеулі 
ресурстарға қолжетімділігін төмендетіп, билік басында ерлер қа- 
луына байланысты сексизм өз жалғасын табады» деген пікірмен 
келіспейді.
Дискриминация сексизмнің себеп-салдарынан пайда болған. Егер 
әйелдерді балалармен жүмыс істеуге ғана қабілетті, ал ерлер зият- 
керлік жүмысқа барынша бейімді деп санасақ, медициналық оқу 
орындарына әйелдерді емес, көбінесе ер адамдарды қабылдар едік. 
Дәрігерлік жұмыс орнына ерлер я әйелдер педиатр ретінде, ал еркек- 
тер нейрохирург ретінде жүмысқа қабылданар еді.


ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
259
Символдық интеракционизм: күнделікті
өмірдегі гендерлік теңсіздік
Символдық интеракционизм теориясы күнделікті қарым-қатынас- 
та орын алатын сексизмнің себеп-салдарын түсінуге ықпал етеді. 
Мысалы, әлеуметтанушы Карин Мартин (1998) ұлдар мен қыздар- 
дың өзара қарым-қатынасындағы гендерлік-нормативтік реттілік- 
терді үйренуін, ара кеңістігін пайдалануды, өздерін-өзі ұстауды 
үйренуін түсінуге тырысты. Осы сұрақтарға жауап табу үшін ол 
мектепке дейінгі жастағы 112 баланың арасында зерттеу жүргізді. 
Оган бес түрлі топ, мектепке дейінгі екі мекеме, 14 мүғалім қатыс- 
ты. Мұғалімдер балалардың ойнауын жүйелі түрде бақылап, ген- 
дерлік айырмашылықтарды нығайтатын тәртіпті қалыптастыра- 
тыны анықталды. Мысалы, олар кішкентай ұлдардың қуыршақты 
киіндіріп ойнағанынан жиіркеніп (тіпті олардың көпшілігі мұны 
ұнатса да), оларға алысып, шулы ойын ойнауға рұқсат еткен. Қыз- 
дардан тәртіппен қол көтеруді, даусын бәсеңдетіп сөйлеуді талап 
етіп, жүгіріп-секіріп, жерде жатып аунауға тыйым салған. Мектеп­
ке баратын кезде ұлдар мен қыздар сөйлесуден басқа да қарым-қа- 
тынас түрлерін үйренеді, олар үлкендерге тиесілі қасиеттер болса 
да табиғи болып көрінеді. Бұл гендерлік ерекшеліктерді біз осы та- 
раудың соңында тереңірек талқылаймыз.
Символдық интеракционизм теориясы арқылы ерлер мен 
әйелдердің өмір салты күрт өзгерістерге ұшырауына қарамастан, 
гендерлік стереотиптердің неге сақталатынын түсінеміз. Жылдар 
бойы зерттеулермен айналысқан әлеуметтанушы Сесилия Ридж­
вей (2011 ж.) гендерлік теңсіздіктің гендерлік мәртебеге сену себе- 
бінен сақталатынын дәлелдеген. Гендерлік мәртебеге сену - бір 
жыныс (әсіресе еркектер) басқаға (әйелдерге) қарағанда сыйлы, ла- 
йықты және құзыретті деген кеңінен таралған көзқарас. Бұл сенім 
әлеуметтік қарым-қатынаста үнемі күшейе береді. Ерлер билік қү- 
рылымдарын жиі басқарғандықтан және олардың біліктілігі арта 
түседі деген ойға байланысты жұмыс берушілер, мұғалімдер және 
басқалар әдетте ер адамдарды әйелдерге қарағанда, қүзыретті және 
лайықты деп санап, жоғары бағалайды. Нәтижесінде, ер адамдар 
өздерін сенімді және еркін сезінеді. Керісінше, әйелдердің құзы- 
реттілігі жеткіліксіз, жұмысты нашар атқарады деп саналғаннан 
төмен бағаланады, айналадағылардың сенімінен айрылады. Осы- 
лайша, гендерлік мәртебеге деген сенім үнемі жаңаланып, қайта- 
ланып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет