262
9-ТА РАУ
әлеуметтану және сіз
Сіз қазіргі сәтте өз гендеріңізді
қалай қалыптастырасыз?
Аяғыңызды алшайтып отырасыз
ба, жоқ айқастырып отырасыз
ба? Боянасыз ба? Қалай және
қандай мақсатпен? Қандай түсті
киім киюді қалайсыз? (Ер адам
болсаңыз, қызғылт киім емес
шығар.) Осы кітапты оқыганда
кекс жеп отырсаңыз диетаны
бүзғаныңыз үшін өзіңізден
кешірім сұрадыцыз ба? Мұның
барлығы - гендерді жасау
мысалдары.
К о м п у л ь с и в т і г е т е р о с е к с у а л и з м -
адамның еркекке тән мінезін және
гетеросексуалдылығын үнемі
көрсетуі.
гендерлік істерді күн сайын атқарамыз. Мысалы, киім таңдап, (ерлер
де, әйелдер де) не юбка
немесе джинсы киеміз, сыпайы немесе батыл
сөйлейміз.
Осылайша, гендерлік әлеуметтік құрылымға қатысамыз.
Бұл туралы ойлануға тағы бір себеп - гендердің біз иелік еткен нәрсе
емес, біз жасайтын нәрсе екендігі.
Жасөспірімдік кезең адамның өзін-өзі белсенді түрде танитын
уақыты болғандықтан сол жылдары гендерді қалыптастыру аса ма-
ңызды. Біз гендер туралы айгқан кезде қыздар мен әйелдерге назар
аударамыз, алайда ұлдар үшін де гендерді қалыптастыру маңызды.
Бұны асыра талап ету ұл баланы компульсивті гетеросексуалды-
лыққа жеткізуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: