422
14-ТА РА У
Астаналық статистикалық аудан
дегеніміз - 50 мыңнан астам
халқы бар және айналасындағы
аймақтармен экономикалық
әрі әлеуметтік қарым-қатынас
орнатқан аудан.
Астаналық емес статистикалық
аудан дегеніміз - үлкен қаласы да,
ондай қаламен тығыз байланысы
да жоқ аудан.
І
АҚШ-та қала маңы аймақтары
қалалық және ауылдық аймақтардан,
ал шеткері қалалар басқа қалалардан
жедел дамып жатыр.
АҚШ-тағы урбанизация
Бір ғасырда қалалық деп саналған адамдар келесі ғасырда ауылдық
деп саналатын болды. Екі түсінікті анықтауда шатаспау үшін АҚШ
санақ бюросы қалалық және ауылдық деген жалпылама сөздерді екі
терминмен ауыстырды: астаналық және астаналық емес.
Астаналық статистикалық аудан - 50 мыңнан астам халқы бар
және айналасындағы аймақтармен экономикалық әрі әлеуметтік қа-
рым-қатынас орнатқан округты анықтау үшін зерттеушілердің қол-
данатын термині. Кейбір астаналық аудандарда бір округ болады. Ал
Нью-Йорк, Сан-Франциско немесе Детройт сияқты қалалар 6 көршілес
аймақты қамтиды. Астаналық ауданның аясы қала шеңберінен асады
және мысалға Нью-Йорктің үлкен ауданы сияқты аймақты қамтиды.
Астаналық емес статистикалық аудан дегеніміз - үлкен қаласы да, он
дай қаламен тығыз байланысы да жоқ аудан.
Астаналық аудан халқы орталықта (қала аумағында) және қала
маңында тұратындарға бөлінген. Тұрғындардың 60 пайызы орта-
лықта емес, қала маңында өмір суреді. Ол адамдар астаналық өмір
салтын сақтағанымен қала орталығынан 50 миль қашықта тұрады.
АҚШ-та астаналық емес халық 16 пайызға дейін қысқарып кетті.
Мұндай аудандар Нью-Джерсиден басқа барлық штатта болғанымен
олардың көпшілігі Оргалық Батыста немесе Оңтүстікте өмір сүреді.
5 пайызға жуығы - фермерлер. Ал қалғандары - ауылдықжерлер емес,
шағын қалалардың тұрғындары.
Достарыңызбен бөлісу: