Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет487/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Қурылымдық-функциялық теория:
салыстырмалы депривация
Салыстырмалы депривация 
теориясы бойынша әлеуметтік 
қозғалыстар адамдардың 
сұранысы мен алған марапаттары 
арасында аса үлкен айырмашылық 
болған жағдайда туындайды.
Кедейлік пен әділетсіздік - жан-жақты құбылыстар. Бұлардың әлеу- 
меттік қозғалысқа себеп болуы неге сирек? Салыстырмалы деприва­
ция теориясына сәйкес, біз қолдағы барымыздан көбірек нәрсеге ие 
болуымыз керек деп санаған кезде әсіресе ол әділетсіз әрекеттердің 
нәтижесінде болды деген ойға келгенде, қоғамдық қозғалыс туын­
дайды (Walker & Smith, 2002). Біздің не күтетініміз басқалармен са- 
лыстыру арқылы немесе өткенмен салыстыру арқылы анықталады. 
Өйткені теория абсолютті депривацияға емес, басқа жағдайларға не­
месе уақытқа байланысты айырылғандарымызды қарастырады, сол 
себепті де бүл теория салыстырмалы депривация деп аталады.
15.1-сызбада әлеуметтік қозғалысты өршітетін салыстырмалы де- 
привацияның үшжағдайы көрсетілген. «А» жағдайында салық немесе 
кедейлік барлық адамның өмір сүру деңгейін (немесе марапаттарын) 
кенеттен төмендетеді. Егер адамдар сұраныс деңгейін төмендетпесе 
өздерінің әлденеден айырылып қалуына наразылық білдіреді. «В» 
және «С» жағдайында өмір сүру жағдайы жақсарады, бірақ халықтың 
сұранысы да сонымен бірге өседі. Яғни адамдардың өздері тұрмыста- 
рын томен деп ойлайды. Салыстырмалы депривация теориясы өмір 
сүру жағдайы не жақсарғанда (С жағдайы), не бұрынғыдан анағұрлым 
жақсырақ болган кезде (В жағдайы) пайда болатын әлеуметтік қозға- 
лыстарды түсіндіре алады.


ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР
437
А жағдайы
Уақыт
Уақыт---------------► 
Уақыт---------------►
15.1-СЫЗБА. Болжал, марапаттау және 
сал ы сты р м ал ы депривация
Салыстырмалы депривация теориясы 
бойынша, болжал (Е) мен марапаттау 
(R) арасында айырмашылық шыққан 
кезде депривация пайда болады. Бұл -
адамдарға қолжетімді марапаттар 
азайған кезде (А жағдайы), марапаттау 
мүлде болмаған кезде (В жағдайы) 
немесе марапаттау тым көп болған 
кезде (С жағдайы) болуы мүмкін.
Салыстырмалы депривация теориясының негізгі құрылымдық-функ- 
циялық теориямен бірдей. Басқа да құрылымдық-функциялық теория- 
лар сияқты бұл теория да қалыпты жағдайда қоғам бірқалыпты қызмет 
етеді деп санайды. Осы теорияға сәйкес әлеуметтік қозғалыстар әлеумет- 
тік және мәдени ұйымдардың ықпалымен әлеуметтік өзгерістер әркел- 
кі болғанда ғана немесе өзгерістер қарқыны өте тез болғанда ғана пайда 
болады.
Салыстырмалы депривация теориясының негізгі екі сыни көз- 
қарасы бар (Walder, 2009). Біріншіден, эмпирикалық дәлелдер абсо- 
лютті немесе басқаларға қарағанда салыстырмалы депривацияға 
ұшырағандардың әлеуметтік қозғалыстарға қатысатыны анық деген 
болжамдарды растамайды. Шын мәнінде, әлеуметтік қозғалысқа қа- 
тысушылар өз тобының ең үздіктері болады. Мысалы, 2001 жылы Ха- 
лықаралық сауда үйін қиратқан 19 террористің бәрі білімді әрі ба- 
қуатты болған. Басқа да жағдайларда адамдар өзінің қатысы жоқ 
әлеуметтік қозғалыстарға араласып, оларды басқарады. Мысалы, Оң- 
түстік Африкада адамдарды нәсіліне қарай оқшаулауға қарсы күрес- 
кен «ақтарды» және жануарлар қүқығы үшін күресушілерді айтуға 
болады. Екіншіден, теория салыстырмалы депривацияның әлеумет- 
тік қозғалыс туғызатын жағдайларын анықтай алмайды. Салыстыр­
малы депривацияны бастан өткерген кейбір адамдар неге әлеуметтік 
қозғалысқа барады, ал кейбіреуі неге бармайды? Салыстырмалы деп­
ривация әлеуметтік қозғалыста белгілі бір рөл атқарады, бірақ оның 
дамытушы күші болып саналмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет