Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет505/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   501   502   503   504   505   506   507   508   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Бұл бізге не береді?
Мейлі әлеуметтік қозғалыстарда болсын, мейлі жаңа технологияларда 
болсын, қай жерде жүріп жатса да кез келген әлеуметтік өзгерістердің 
қарсыластары болады. Әрбір жеңімпаздың жеңіліп қалуы ғажап емес. Де- 
мек, өзгерістер шиеленіске түрткі болар ахуал тудырады деген сөз.
1-бөлімде әлеуметтанушының әлеуметтік мәселелерді зерттеу- 
дегі тиісті рөлі талқыланған болатын. Олар қүнды болуы керек пе 
әлде тұрақты болуы керек пе? Әлеуметтік өзгерістер мен шиеленістер 
мәселелері бұл сауалдарға шұғыл назар аудартады. Көптеген әлеумет- 
танушылардың жұмысы білім берумен және зерттеумен шектеледі, 
алайда олар әлеуметтік өзгерістерді бақылауда, тіпті жасауда белсенді 
рөл атқаруы керек дейтіндер де бар. Олар адамдардың бәсекелестікті, 
теңсіздікті және әлеуметтік өзгерістерден туындайтын шиеленістерді 
түсінуіне және шешуіне әлеуметтанушылар белсенді түрде көмектесуі 
керек деп санайды.
Әлеуметтік өзгерістердің әлеуметтік әділеттілікті арттыруын 
қамтамасыз ету үшін әлеуметтанушылар не істей алады? Әлеумет- 
танушылар жасайтын үш пайдалы нәрсе:
• 
Ш и еленіст ерді ш еш у ж о л д а р ы н зер т т еу.
Университеттер шиеленісті 
шешуге үйрететін арнайы курстар мен бағдарламалар санын көбей- 
тіп жатыр. Мұндай бағдарламаларда әлеуметтік оң өзгеріске алып 
келетін дауларды реттеу және бейбіт мекен туралы келіссөз жүргізу 
әдістері әзірленеді. Сонымен бірге шағын топтарда шешім қабылдау 
және ұйымдастырушылық мәдениет сияқты тақырыптар бойынша 
әлеуметтік зерттеулердің жүргізілуі маңызды.
• 
Ә л е у м е т т ік ә д іл е т т іл ік п е р с п е к т и в а л а р ы н д а м ы т у .
Негізінде, 
әлеуметтану әлеуметтік топтардың өзара әрекетінен және билік- 
тің осы аралықта атқаратын рөлімен айналысады. Әлеуметтану- 
шылар өз зерттеулері мен оқытуы барысында адамдардың, топтар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   501   502   503   504   505   506   507   508   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет