Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет450/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

д е м о гр а ф
деп атаймыз. Демограф- 
гар негізгі үш мәселеге көңіл бөледі: олар - туу, өлім және миграциялық 
үлгілер. Біз осы үш мәселені, сонымен бірге қауымдастықтағы қоғамдық 
қарым-қатынасқа халық санының ықпалын қарастырамыз. Әсіресе туу, 
өлім және қауымдастық көлемінің әлеуметгік құрылымдарға және кері- 
сінше, әлеуметтік құрылымдардың туу, өлім және қауымдастық көлемі- 
не ықпалын назарға аламыз.
Қазіргі кезде дүниежүзіндегі халық саны 7 миллиард шамасында. 
Көрсеткіш 200 миллон шамасында артық не кем болуы мүмкін. Бүл 1950 
жылғы көрсеткіштен екі жарым еседей көп. Халық санының өсуіне екі 
себеп бар. Біріншіден, әрбір 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім корсет- 
кіші соңғы кезде едәуір азайған. Нәрестелердің шетінеп кетуі сиреді, ал 
ересектердің өмір жасы үзарды. Сонымен қатар әрбір 1000 әйелге шақ- 
қандағы фертильділік (бала тууга қабілеттілік) көрсеткіші өзгеріссіз 
қалды деуге болады. Түрғындар санына шаққандағы туу көрсеткіші де 
солай. Бір сөзбен айтқанда, туу көрсеткіші өлімнен әлдеқайда жоғары- 
лап, жыл сайын әлемде адам саны көбейді. Адам саны көбейген сайын 
миллиондаған халық кедейленіп, оларды азық-түлікпен қамтамасыз 
ету, білім беру қиынға соға бастады. Қоршаған орта ластанып, табиғи ре- 
сурстар сарқыла түсті.
Осы мәселелердің салдарынан миграция пайда болды: адамдар 
бір географиялық орыннан екіншісіне ауысады. Тұрғындардың жайлы 
қоныс табу мақсатындағы ел ішіндегі көші «ішкі миграция», ал мекен- 
жайын мемлекеттер арасында ауыстыруы «иммиграция» терминімен 
белгіленеді.
Миграция да біриеше әлеуметтік мәселелерді туындатады. Бұл - жа- 
ңадан қоныстанушыларға қатысты мәселелер. Айталық, АҚШ сияқты 
кейбір мемлекеттер иммигранттарға азаматтық алу құқығын береді. 
Ал енді бір елдер иммигранттардың өздерін былай қойғанда, олардың 
балалары мен немерелеріне де азаматтық бермейді. Мысалға, түрік 
иммигранттарының балалары қанша жерден Германияда туып-өсіп
оқып-тәрбиеленсе де ол елдің азаматтығын ешқашан ала алмайды. Им- 
миграцияның осындай бірқатар салдары бар және бұл - халық өсімі мен 
экономикалық дамуға ғана ықпал етпейді, азаматтығы, үлты сияқгы мә- 
селелерден де түйткілдер шығарады.
Халық саны және халық санының өзгеруі көпгеген маңызды әлеу- 
меттік мәселелермен байланысты. Келесі тарауда дүниежүзі халқының 
қазіргі деңгейге қалай жеткені қарастырылады.
Х а л ы қ с а н ы н ы ң ө с у і н т ү с і н у
Жер бетіндегі адам саны 14.1-кестеде көрсетілгендей күн сайын өсіп жа- 
гыр. Дүниежүзі бойынша 2011 жылы туу көрсеткіші әрбір 1000 адамга 
20-дан келетін, ал өлім көрсеткіші әлдеқайда томен еді: 1000 адамға 8-ден
Демография - халық санын, өсімін 
және құрамын зергтейтін ғылым.
Өлім көрсеткіші - белгілі бір 
уақыт аралығында әрбір 1000 
адамга шаққандағы өлім саны.
Туу коэффициент! - белгілі бір 
уақыт аралығында әрбір 1000 
әйелге шаққандағы туу саны.
Туу көрсеткіші - белгілі бір уақыт 
аралығында әрбір 1000 адамга 
шаққандагы туу саны.
Миграция - тұргындардың бір 
географиялық орыннан екіншісіне 
ауысуы.
Ішкі миграция - адамдардың 
мемлекет ішінде жаңа жерге 
көшуі.
Иммиграция - адамдардың басқа 
мемлекетке көшуі.
26 251




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   446   447   448   449   450   451   452   453   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет